«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет11/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#54517
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71
Білім беру кұндылық ретінде. Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды кажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:
- білім беру құндылық ретінде;
- білім беру жүйе ретінде;
- білім беру процесс ретінде;
- білім беру нәтиже ретінде
Білім беруді қалайша құндылық ретінде қарастыруға болады? Әуелі құндылық дегеніміз не? Құндылық - кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Қазіргі кезде ұлттык кұндылықтар, жалпы адамзаттық кұндылыктар деген ұғымдар калыптасып отыр. Әр ұлт үшін не кұнды? Әрине, ол тілі, ұлтық мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық кұндылықтарды менгеру негізінде жалпы адамзаттык кұндылықтарға деген көзқарастар қалыптасады. Олардың қатарына қай елдегі, қай жердегі болмасын адамдарға құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның бас бостандығы, денсаулығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Сондықтан да білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі.
Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.
1) Білім беру - мемлекетік қңұлдылық;
2) Білім беру - қоғамдық құндылық;
3) Білім беру - жеке тұлғалық құндылық.
Неліктен білім беру мемлекеттік құндылық болып саналады? Себебі кез келген қоғамның адамгершілік, интеллектуалдық, экономикалық, мәдени әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіншілігіне тікелей байланысты болады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту - оның стратегиялык міндеттерінің біріне айналған. Мемлекеттің ғылыми-техникалық прогрессі, экономикасы, саясаты, мәдениеті оның білім беру саласының даму деңгейіне тікелей байланысты.
Білім беру саласы болашакқа бағытталган. Білім берудің мемлекеттік маңыздылығын күшейтуге бағытталған нақты материалдық және моральдық міндеттер мемлекет тарапынан қарастырылуы қажет. Білім беру саласы мемлекет тарапынан басқарылады, және толығымсн мемлекет бақылауында. Сондықтан ҚР «Білім туралы» заңы (2007), ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасы, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасы (2004) сияқты негізгі құжаттарда жоғарыда аталған мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат, мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізеді. Қоғам мүшелері кезекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігі,олардың өз мүдделерін қорғай алулары, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуы білім беруді дамытудың негізгі жолдарының бірі және оның қоғамдық маңыздылығының көрсеткіші.
Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық болып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын көрсетпейді. Б.С.Гершунскийдің пікірі бойьнша білім беруді дамыту саясаты жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта болуы керек.
Әрине білім беру үнемі ұжымдық сипатта болатыны анық. Бірақ сол ұжым ішінде әрбір адам өзінің дербестігін, даралығын, жеке «Менін» жоғалтып алмауы өзекті педагогикалық мәселе.
Қорыта келіп,тұжырымдайтын болсақ,білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан-жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзіреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет