«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет58/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#54517
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71
Интерактивті қарым-қатынас адамдардың өзара тығыз әрекетте болуларын, тығыз байланыста, көпшілік ішінде жұмыс істей алуға бейімделуін қарастырады. Интерактивтік қарым-қатынас қазіргі педагогикалық технологиялардың негізін құрайды, оның барысында оқушылардың да, педагогтардың да өздерін дамытуға, іске асыруға тиімді, қолайлы жағдай жасалуы көзделеді.
Өзара әрекеттесу барысында тұлға аралық қатынастардың бекуі, өзара түсінісуі, көпшілік арасында адамның жеке қабілеттерін таныта алуы маңызды. Барлық ұжымдарда аса беделді мүшелері болады, бірақ оған қарамастан оқушылардың барлығының белсенділігін арттыруға мұғалім колайлы жағдай жасауды көздейді. Өзара қарым-қатынастары бекіген, ауызбіршіліктері бар ұжым өте ұйымшыл больтп келеді, және әрқашан да бірі бірімен ынтымақтастықта жұмыс істеуге бейімделеді.
¥жым ішінде бір адамның екінші адамға оң, жағымды көзқарасының қалыптасуы симпатия деген ұғыммен анықталады. Ал антипатия - бір адамньң басқа адамға теріс көзқараста болуы, жақтырмауы.
Әр адамға топ ішінде, ұжым ішінде жұмыс істегендіктен басқаларға үнемі жақсылық жасау, бір-біріне деген сенімділік, түсінушілік, сыйластық орнатуға үйрену керек.
Осындай қарым-қатынасқа балаларды мектеп жасынан бейімдеу үшін мұғалім сыныптағы оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін ұйымдастырудың ерекшеліктерін жете зерттеп оны ұйымдастыра алуы керек, Әрқашанда балалардың жақсы жақтарына, оң қылықтарына көп көңіл бөлініп, көпшілік алдында оқушының жағымды қасиеттері бағаланып отырса, ондай бала басқаларға үлгі көрсете отырып одан әрі жақсы жетістіктерге жетуге ынталанады.
Интерактивті қарым-қатынастың негізгі ерекшелігінің бірі ретінде оның бір топтағы адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі бірлескен іс-әрекеттерін қарастыруға болады. Яғни, бұл жерде адамдардың өзара әрекеттестігі маңызды болып көрінеді. Интерактивті қарым-қатынастың екі түрі болады:

  1. Кооперация - топ ішіндегі адамдар бір-біріне көмектесе отырып ортақ мақсатқа жетуді көздейді.

  2. Конкуренция - топ ішіндегі адамдар бәсекелестік жағдайында бірі біріней озып шығуға тырысады. Бұл бәсекелестікке таласуды шиеленіске бармайтындай қылып ұйымдастыру мұғалімнің құзырында.

Интерактивті қарым-қатьнасты ұйымдастырудың мақсаты -адамдар арасындағы қарым-қатынас құлықтарын жақсарту. Ал қарым-қатынастар тек жақсылық жасау арқылы жаксарады, сондыктан топ_ ішінде өзара көмек, өзара сыйластық, өзара қолдау, өзара түсіністік
сияқты ізгі әрекеттердің көп орындалуы табысты нәтижеге жетудің кепілі.
Бұл қатынастарды дұрыс басқара алу үшін мұғалім оқушылар ұжымының құрылымын, даму сатылары мен ерекшеліктерін терең зерттеп, олардың темперамент типтерін (меланхолик, сангвинник, холерик, флегматик) жетік білгені абзал.
Перцептивтік қарым-қатынас - басқа адамның ішкі жан дүниесін сезіне алу (perceptio - қабылдау, сезіну, психикалық түйсіну қызметі). Перцепция - сезім органдары арқылы алынған ақпараттарды өңдеу мен танудьң, түйсінудің психикалық қызметі. Әрине, даму үстіндегі тұлғаның ішкі жан дүниесін түсіну күрделі процесс. Бұл қабілет көбінесе психологтарда, дәрігерлерде, педагогтарда байқалады. Адамның өзін басқаның орнына қоя алып оны сөзсіз түсіне алуы, сезінуі эмпатия деп аталады. Әсіресе мұғалім мен шәкірт арасындағы қарым-катынаста эмпатия арқылы балалардың тұлғалық қасиеттерін бағалауға болады. Сонымен педагогикалық іс-әрекеттегі эмпатия - мұғалімнің өз шәкіртінің ішкі жан дүниесн сезіне алуынан, өзін оның орнына қоя алуынан байқалады. Педагогтың эмпатиялығы оқушылармен тығыз қарым-қатынастағы кикілжің, шиеленіс жағдайлардан тиімді жол тауып шығуына көп септігін тигізеді.
Ал адамның өзін-өзі түсінуі, өзін басқалардың қалай қабылдайтыны жайлы өзін талдап бағалауы рефлексия деп аталады. Адамның «Мен қандаймын?», «Мені басқалары қалай қабылдайды екен?» деген сұрақтарға жауап іздеуі рефлексиялық процесс болып табылады.
Перцептивті қарым-қатынасты ұйымдастыру үшін окушылардың психофизиологиялық, жас және дербес ерекшеліктерін меңгеру қажет. Неғұрлым мұғалім шәкірттерін түсінуге ұмтылған сайын оқушылар да мұғалімге түсінушілікпен қарайтын болады. Бұл жағдайда педагогикалық процестің екіжақтылық сипаты байқалады.
Өкінішке орай, өз әрекеттеріне рефлексиялық талдау жасай алмайтын мұғалімдер де кездеседі.
Ондай адамдар педагогикалык процестегі кез келген сәтсіздікте тек оқушыларға кінә тағады және үнемі өзінің іс-әрекеттерін дұрыс деп есептейді. Олар бала жанын түсінуге тырыспай, оның пікірлерімен санаспай, керісінше оның айтқандарьн елеп-ескермей, сөздерін аяғына дейін тыңдамай, өз еріктері бойынша шешім қабылдай береді. Бұл жағдайда бала педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі емес, тек объектісі ретінде қала береді.
Сонымен педагогикалық қарым-қатынастың тұлға дамуындағы маңыздылығын атай отырып оның атқаратын мынандай негізгі қызметтеріне (функцияларына) тоқталып өтейік:
/. Қарым-қатынастың коммуникативтік қызметі арқылы ақпараттармен алмасу процессі іске асырылады. Оқушыларды тәрбиелеу, оқыту, олардың тұлғаларын дамытып қалыптастыруда маңызы зор.

  1. Қарым-қатынастың интерактивтік қызметі арқылы оқушылардың өзара бірлескен ынтымақтастық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, реттеу, басқару іске асырылады.

  2. Қарымқкатынастың перцептивтік қызметі аркылы оқушылардың психикалық жағдайын сезіне алу, олардың көңіл-күйін түсіне білу іске асырылады.

Қарастырылып отырған қаръм-қатынас қызметтері нақты педагогикалық іс-әрекетте өзара бір-бірімен тығыз байланысып жатады. Себебі ақпараттармен алмасу барысының өзінде мұғалім оқушылардың ішкі жан дүниесін сезініп және олардың өзара бірлесіп оқу-танымдық жұмыстарға қатысуын іске асыра береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет