4. Өздік жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар
Өзіндік жұмыстың мазмұнына қойылатын талаптар:
- тапсырманы немесе ұжымдық жұмыстың бір бөлігін студент жеке өз бетімен орындау керек;
- белгілі тақырып немесе оның бір бөлігі бойынша өзекте мәселелер талқыланып шешімі шығарылатын толығымен аяқталған жұмыс (немесе бір сатысы) болып табылу керек;
- қарастырылып отырған мәселені шешудегі автордың құзыреттілігін көрсете білу керек;
- оқу, ғылыми және/немесе практикалық бағдар мен маңыздылыққа ие болу керек;
- белгілі бір ғылыми жаңалық элементтері (егер де ол ғылыми-зерттеу еңбек болса) болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |