3. Өзіндік жұмысты орындауға арналған ұсыныстар
«Типологиялық зерттеулер» пәні бойынша студенттерге ұсынылатын ӨЖ түрлері мен формалары:
1) Реферат – әдебиеттерге міндетті түрде шолу жасай отырып, мәселені жазбаша мазмұндау немесе ғылыми жұмыстың, кітаптің мазмұнын талдай отырып баяндау.
Рәсімдеу тәртібі: Times New Roman, шрифті – 14, жоларалық интервал - 1. Параметрлері барлық жағынан – 2см.
2) Коллоквиум – оқу материалын меңгеру сапасын анықтау мақсатымен пәннің оқылған тақырыптары бойынша сұхбаттасу түрінде өткізілетін білім алушының өзіндік жұмысын бақылау формасы.
3) Эссе – сын, публицистика және сол сияқты т.б. жанрдағы өзекті мәселе бойынша өзінің жеке көзқарасының жазбаша тұрдегі мазмұндамасы.
4) Презентация – белгіленген мәселе бойыншанегізгі қағидаларды слайд,бейнеролик және т.б материалдар арқылы көрсете отырып жасайтын ауызша баяндама.
5) Топтық жоба – 3-5 білім алушыдан тұратын топтың жоба жасауына арналған тапсырма.
6) Жеке жоба – дайындық деңгейі жоғары білім алушылар үшін өзекті тақырып бойынша зерттеу жобасын әзірлеуге арналған тапсырма.
7) Глоссарий (тізбек сөздер) – берілген тақырып бойынша терминдер мен түсініктердің қысқаша анықтамасы.
Білім алушының өзіндік жұмысын қабылдап бағалау кезінде қойылатын шарттар:
- қойылған мақсат-міндеттерге сәйкес тақырыбы көрсетілген жұмыс мазмұнының толықтығы мен тереңдігі бағаланады;
- әдеби дереккөздерге шолужасау дәрежесі бағаланады; - жұмысты орындаудағы дербестілік дәрежесі бағаланады;
- материалды нақтылығы мен сауаттылығы бағаланады; - жұмыстың қорытындысы мен талдау дәрежесі бағаланады;
- пәннің теориялық мәселелерін қорытындылау қабілеті бағаланады;
- тапсырманы рәсімдеудегі техникалық талаптардың сақталуы бағаланады;
- қорғау кезіндегі жауаптың толықтығы бағаланады;
-қосымша сұрақтарға берген жауабы бағаланады;
- өз көзқарасын дәйектей алуы бағаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |