Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:
1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
2. Оларға сенім білдіру;
3. Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.
Антропоцентрлік (грек сөзінен «antropos» - адам деген ұғымды білдіреді). Көзқарас дегеніміз басқару ісінің мақсаттары мен міндеттеріне мәнді түзетулер ендіруді білдіреді. Басқару қызметінің негізгі өзегі болып адамдардың творчестволық мүмкіндігін мейлінше өнімді пайдалану болып табылады. Осыған байланысты менеджменттік стратегиялардың жаңа қызметтерін жүзеге асыруда мына төмендегі базалық негізге арқа сүйейді.
1. Творчестволық топтарды іске тарту арқылы қабылдаған шешімдердің сапасын арттыру
2. Қызметкерлердің жауапкершілік сезімін күшейту.
3. Инженер – педагог қызметкерлер арасында ақпарат жариялылығы мен өзара сенімділікті арттыру арқылы оқу орнында дұрыс ахуал қалыптастыру.
4. Оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің еңбектерін дер кезінде бағалап, олардың шығармашылық идеялары мен инновациялық іс - әрекеттеріне қолдау көрсету.
5. Студенттер мен оқушыларды шешім шығаруға қатыстырып, олардың оған жауапкершілігін арттыру.
Қазіргі заманның білім жүйесінің басты ерекшеліктерінің бірі – мемлекеттік басқарудан мемлекеттік қоғамдық басқаруға өту. Білім беруді мемлекеттік – қоғамдық басқарудың негізгі идеясы – білім проблемаларын шешуде мемлекет пен жұртшылықтың күш-қуатын біріктіру, мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналарға оқу процесінің мазмұны мен түрін ұйымдастыру әдістерін және білім беру мекемелерін таңдауға барынша кең құқық пен еркіндік беру.