Оқытушының іскерлік қасиеттерінің сипаттамасы:
Оқытушы сабаққа жақсы дайындалған, сабақ тақырыбын, ғылыми және тәжірибелік ақпараттарды, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды толық меңгерген. Оқытушының білім деңгейі ЖОО оқытушысына қойылатын талаптарға сай.
Оқу процесінің материалды-техникалық жарақтандырылуы
Ноутбук, слайд, баяндама. Дәріс материалы слайдпен көрсетілді. Сабаққа қатысу және бағалау журналы болды.
Жалпы нәтижесі
Сабақ жоспары толығымен қарастырылды;
Сабаққа қойылған мақсаттар мен міндеттер орындалды;
Сабақ тақырыбы студенттердің кәсіби білімін жетілдіру үшін өзекті болып табылады;
Сабақ барынша жоғары әдістемелік деңгеде тиімді өтті.
Достарыңызбен бөлісу: |