Педагогикалық практика жұмыс бағдарламасы



Дата18.02.2017
өлшемі122,34 Kb.
#10189
түріЖұмыс бағдарламасы
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі І

С. Торайгыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті



ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

Жұмыс бағдарламасы



050609 - «География» мамандығының студенттері үшін


Павлодар



Бекітемін

Оқу бөлімінің проректоры



______________ Н.Э. Пфейфер

«____»______________ 2005 ж.

Құрастырушы: доцент Сапаров Қ.Т.

«Экология және география» кафедрасы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРАКТИКА

ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ

050609 - «География» мамандығының студенттері үшін



Жұмыс бағдарламасы 050609 - География Мемлекеттік стандарт негізінде құрастырылған 3.08.108-2004. Білім және ғылым министрлігінің 2004 ж 29 мамырындағы 671 бұйрығы.

және С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің ғылыми кеңесінің мәжілісінде бекітілді



2004 ж. «_29_» _қыркүйек_ №_2__ хаттама
Кафедра мәжілісінде ұсынылды 2004ж. «29» тамыз 1 хаттама

Кафедра меңгерушісі _____________________ Ұ.Қаманұлы
Биология-химия институтының оқу- әдістемелік кеңесінің келісімімен өтті.

2004 ж. «31» тамыз №1 хаттама


ОӘК төрайымы _______________________ Ұ.Д.Буркитбаева
КЕЛІСІЛДІ

Институт директоры _________________ К.У. Базарбеков

Жақталған ОӘБ

ОӘБ басшысы __________________________ Л.Т. Головерина

1.Практиканың мақсаты мен міндеттері
Кіріспе

«География» мамандығы 050609 мемлекеттік жалпы міндетті стандартында екі бағыт бойынша географиялық бакалавриат, география және экология мұғалімдерін дайындау қарастырылған. 050609 мамандығының типтік бағдарламасында педагогикалық практика 7 семестрде өткізіледі. Барлығы 2 апта берілген педагогикалық практика Павлодар қаласы мектептерінде университет бұйрығы бойынша жүргізіледі.



Практика мақсаты
: студентерді мектеп оқушыларына сабақ жүргізіп, тәрбиелеу әрекетінде, болашақ географ мұғалімдерін дайындау болып табылады.

Практика міндеті:

  1. оқушыларды жаңа технологиялармен таныстырып, география пәнінен дағды алу мүмкіндіктерін қарастыру.

  2. кәсіптік-әдістемелік икемділіктерді дамыту.

  • Гностикалық

- жоғары оқу орындарының пәндерінен алған ақпаратты мектептік география курсында қолдану.

- мектеп оқулықтарының мазмұны және бағдарламаға талдау жасау.



- өз білімін жетілдіру тәсілдері:

  • Конструктивті

- дидактикалық материал, көрнекі-құрал және оларды жасауға үйрену.

- қажетті әдебиеттер, мектеп ішілік міндеттерді шешу жолдары.



  • Жобалық

- сабақ кезендерінде тақырыптық жоспарды құрастыра білу.

- оқу процесінде тиімді әдістерді, нақты педагогикалық жағдайда тандап алу.

- оқушылардың үй тапсырмаларын және өздік жұмыстарды жіктеулік тұрғыдан жоспарлау.


  • Ұйымдастырушылық

- экскурсияны ұйымдастыру және өткізу, оқыту методтарын белсенді өткізуге үйрету.

- психолого-педагогикалық талаптарға мектепішілік және сыныптан тыс іс-шараларды жүргізуге үйрету.



  • Аналитикалық

- балалардың білімін дұрыс бағалау.

- басқа мұғалімдермен тәжірибе алмасып өзінің қызметінің нәтижелерін бағалау.

Педагогикалық практиканы өткізген уақытта келесі пәндерді студенттер менгеру қажет:

- педагогика

- психология

- жалпы жертану

- мұхиттар және материктер географиясы

- Қазақстанның физикалық географиясы

- Қазақстанның экономикалық географиясы

-дүние жүзінің әлеуметтік және экономикалық саяси географиясы



Педагогикалық практиканың мазмұны




Мазмұны

Өткізу мерзімі

1

Практика объектілерін қала мектептерін анықтау

Оқу жылының басталуына дейін

2

География, экология пәндерінен методистерді анықтау; тәрбие жұмысына (педагог-психолог)

Педпрактикаға дейін 1 ай бұрын

3

Методисттер кафедрада практиканттарға бірынғай талаптар талқылау мақсатында кеңес өткізеді

Педпрактикаға дейін 2 жұма бұрын

4

Студенттерге педпрактины өткізу шарттарын және есеп құжаттарын толтыру талаптарын түсіндіру мақсатында нұсқау конференция өткізу

Педпрактикаға дейін 3 күн бұрын

5

«Енжар жұмада» (пассивті) студент практиканттың қызметін ұйымдастыру:

- мектепте педагогикалық кеңес өткізу

- мектептің педагогикалық ұжымымен танысу, студенттерді сынып бойынша .

- оқушылармен танысу және пысықтау сыныптарының сабақтарына қатысу және бекіту



Практиканың 1 жұмасында

6

2-5 жұма аралығында студент практиканттардың қызметін ұйымдастыру

- география пәні бойынша 4 сынақты сабақ экология пәні бойынша 4 сынақты сабақ өткізу

- мектеп методистері мен мұғалімдері студенттерге әрбір сабаққа дайындалу және сыныптан тыс шара (бұхаралық, топтық, дербес) өткізу үшін конференция өткізу

- студенттердің сабаққа дайындаған конспектілерін тексеру



Практиканың 1
жұмасында



7

Практиканттар қызметінің бағасы бойынша мектептің қорытынды педагогикалық кеңес өткізу

Практиканың 2 жұмасында

8

Практика бойынша студенттердің құжаттарды толтыру

- жұмыстың дербес жоспарын ұйымдастырушылық жұмыс, сынып жетекшілік оқу жұмысы, СҒЗЖ

- практика күнделігін

- практика есебін (мектептің және сыныптағы оқу тәрбие жұмысыны жалпы мінездеме, өзінің педагогикалық қызметінің анализы, практиканың қорытындысы және оны дамытудағы ұсыныстар



Практиканың 2 жұмасында

9

Мұғалімдер мектеп директорымен мен ЖОО-ң методистерінің студенттің мінездемесін құрастыру

Практиканың 2 жұмасында

10

Педпрактиканың нәтижесі бойынша қорытынды конференция өткізу

Практиканың 2 жұмасында (практика аяқталғаннан кейін)


Педагогикалық практиканың бағыттары

Кәсіптік дайындыққа жатады:

- сабақ конспектісін құрастыру.

- сынақ сабақтарын өткізу(әртүрлі сабақ типтері)

- дидактикалық материалдарды дайындау

- сабақты талқылауға қатысу.

- практикант-студент 2 сабаққа дайындаған жазбаша анализі.

Жалпы педагогикалық дайындыққа жатады:

- педагогикадан сынақ алу іс-шарасы.

- география және экологиядан сынақ алу іс-шарасы.

- сынып жетекшісінің бағасы.

- әдіскер педагогтын бағасы.



- әдіскер географтың бағасы.
Педагогикалық практиканы басқару

  • Педагогикалық практика «географ» мамандар дайындап шығаратын педагогика және психология кафедраларымен бірігіп ұйымдастырылады.

  • Практиға дейін 1 ай уақыт бұрын, кафедра педагогикалық практика өткізу жөнінде мектепті анықтап, оқу бөліміне хабарлайды.

  • Практиканы ұйымдастырылуы және өткізілуіне институт директоры және кафедра меңгерушілері жауап береді. Практикаға шығар алдында студенттермен бағдар беру конференциясы өткізіліп, онда практика мазмұны өткізілу тәртібі жөнінде мәселелер қарастырылады. Практика аяқталғаннан кейін қорытынды конференция өткізіледі.

  • Практика жетекшілері кафедрада практиканың нәтижелері жөнінде есеп береді. Университеттің педагогикалық практика жетекшісі өзінің міндетің, университеттің нұсқамасын қатаң тәртіппен орындайды.


Педагогика және психология кафедрасының педагогикалық практиканы басқаруы.

  • Топтың жетекшісі және әдіскер студенттермен практика жөнінде қорытынды конференция өткізеді.

  • Студенттердің сыныптан тыс жұмыстарды, сабақ жүргізу және біліктілігін арттыру мақсатында әдіскер көмек көрсетіп тексеріп отырады.

  • Тәрбие жұмысы жөнінде консультация береді.

  • Мектеп мұғалімі(сынып жетекшісі) мен бірге сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларды бағалап талқылайды.

  • Студенттер өздерінің есептерін топ жетекшісіне береді.

  • Мектепке ғылыми-методикалық тұрғыдан көмектеседі.



Экология және география кафедрасының педагогикалық практиканы басқаруы:

  • Бағдар беру және қорытынды конференцияға қатысу.

  • Студенттерді мектеп оқушыларының жұмыстарымен таныстырады

  • Студенттерге сабақ тақырыптарын береді.

  • Көрнекі құрал және әдебиеттерді таңдап алуға көмектеседі.

  • Студенттерге сабақты дайындауға және сыныптан тыс сабақ өткізуге мектеп мұғалімімен бірге көмектеседі.

  • әртүрлі сабақ түрлерінің үлгісімен таныстырып, оны өткізуге көмек береді.

  • Студенттер практика жөнінде есеп береді және оны практика жетекшісіне береді.

  • әдістемелік комиссияға қатысып, мектепке ғылыми-методикалық тұрғыдан септігін тигізеді.


Практика жетекшісінің міңдеттері

  • мектептегі практика жетекшісіне міндеттері жөнінде нұсқама береді.

  • Бағдар беру және қорытынды конференцияны ұйымдастыруға көмектеседі.

  • Мектеп әкімшілігімен оқушыларды сыныптарға бөледі.

  • Оқу және тәрбие жұмыстарын басқарады.

  • Студенттердің жеке жоспарларын тексеріп, бекітеді.

  • Студенттердің сабақтарына талдау жасау үшін график бойынша барып отырады.

  • Студенттердің жинаған құжаттары бойынша практиканың аяқталғаны жөнінде кафедрада есеп береді.

  • Студенттерге практика сынағы жөнінде баға қояды.

Мектеп директорының міндеттері(оқу ісі жөніндегі меңгерушісі)

  • Студенттердің педагогикалық практиканы өткізілуіне көмектесіп, жағдай жасайды.

  • Мектептегі ұжыммен таныстырып, студенттерге оқу-тәрбие жөніңде қажетті құжаттар және методикалық бірлестікке қатысуға мүмкіндік береді.

  • Практика жетекшісімен бірге студенттерді сыныптарға бөледі.

  • Студенттердің сабағына кіріп, талқылауға ат салысады.

  • Студенттердің педагогикалық практикада біліктілігін арттыруға көмектеседі.


Мектептегі географ мұғалімнің міндеттері.

  • Студенттерді өзінің оқу тәрбиелік жұмысының жоспарымен таныстырып, ашық сабақтар, сыныптан тыс сабақтар өткізеді.

  • Практика жетекшісімен бірге сабақ студенттердің атқаратың жұмысын тексеріп, бағдар береді.

  • Студенттердің сабақтарына талдау жасау.

  • Студенттерге оқушылардың дәптерлерін, үй жұмыстарын қалай орындағанын тексертеді.

  • Практика аяқталғаннан кейін, студенттерге өткізілген сабақтарына баға береді.


Сынып жетекшісінің міндеттері.

  • Студенттерге сыныптың құрамы, жеке құжаттар олардын үлгерімі сабақ қатысу журналы және алға қойған міндеттер бойынша сабақ өткізеді.

  • Педагогика және психология кафедрасының мұғалімдерімен бірге студенттерге тәрбие сабақтарын өткізу және оның мақсаты мен бағдарламасын талқылап бекітеді.

  • Тәрбие жұмыстарына қатысып, студенттердің өткізген ашық сабақтарына, тәрбие сабақтарына қатысады.

  • Студенттерге сыныптағы балалар тәрбиесі жөнінде мағлұматтар береді.(кезекшілік үйлерге бару, ата-аналармен сөйлесу).

  • Кафедра оқытушыларымен бірге оқушыларға психологиялық-педагогикалық мінездеме береді.

  • Практика соңында студенттерге баға қойылып, мінездеме беріледі.

  • Университете өткізілетін қорытынды конференцияға қатысады.


Студент практиканттың міндеті.

  • Практика бағдарламасы бойынша берілген тапсырмаларды орындайды.

  • Мектепішілік тәртіпті бұлжытпай орындайды.

  • Практика кезеңінде күніне мектепте 6 сағат болуы керек.

  • Мектептің директоры оқу ісі және тәрбие жөніндегі орынбасарлары және сынып жетекшісі, пән мұғалімі берген нұсқаулар мен тапсырмаларды бұлжытпай орындау.

  • Сыныпта тәрбие жұмыстарын өткізіп, мектепішілік іс-шараларға қатысуы керек.

  • Сабақ өткізуге 2 күн қалғанда, сабақ жоспарын пән мұғалімі мен практика жетекшісіне тексертеді.

  • Практика барысында педагогикалық бақылау күнделігіне өткізген сабақ, сыныптан тыс тапсырмаларды басқа да құжаттарды жинап, есеп береді.



Негізгі әдебиеттер

    1. Петрова Н.Н. Методика преподавания географии в дифференцированной школе. М.,2000

    2. Пидкасистый П.И., Портнов М.Л. Искусство преподавания.-М.,1999

    3. Пидкасистый П.И. Самостоятельная деятельность учащихся. –М., 1980

    4. Коротков В.М. Идущему на первые уроки. _М.,1971.

    5. ШамоваТ.И. Исследовательский подход в управлении школой.-М.:АПП ЦИТП,1992

    6. Поспелов Н.Н., Поспелов И.Н. Формирование мыслительных операций у старшеклассников. М.: «Педагогика»,1989

    7. Понурова Г.А. Проблемный подход в обучении географии в средней школе.-М.,1991

    8. Герасимова Т.П. Формирование мировоззрения учащихся средней школы в процессе изучения географии.-М.,1982


Косымша әдебиеттер

  1. Коринская В.А. География в 6 кл.-М.,1985

  2. Максимов Н.А. География в 5 кл.-М.,1972

  3. Коринская В.А. География в 7 кл.-М.,1972

  4. Пантилеева Т.А.и др. География Павлодарской области (8-9 кл). Павлодар,2001

  5. Джаналеева Г.С. Физическая география Казахстана.Алматы,1999

  6. Ярмухамедов М.Ш. Экономическая и социальная география Казахстана Алматы,1993

  7. Баринова И.И. Внеурочная работа по географии.-М.,1987

  8. Коринская В.А. География в 6 кл.-М.,1985


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет