в) 2012 жылғы ҚР МЖМББС «Білім мазмұнына қойылатын талаптар» тарауын салыстырыңыз
ҚР МЖМБС 2018 ж Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып, жаңартылған негізгі орта білім беру мазмұнына қойылатын талаптар
Негізгі орта білім беру мазмұнында айқындалған негізгі құндылықтар
Негізгі орта білімнің мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыру, тұлғаны қоғам өміріне бейімдеу, кәсіпті, мамандықты саналы түрде таңдауға және меңгеруге негіз жасау, оның ішінде білім алушылардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескеру.
Негізгі орта білім берудің негізгі міндеттері білім алушылардың:
1) рухани-адамгершілік қасиеттерін;
2) ғылым негіздері бойынша базалық білім жүйесін;
3) өздігінен білім алу және тұлғалық өзін-өзі дамыту дағдыларын;
4) оқу, жобалау, зерттеушілік іс-әрекеттерін жүзеге асыру дағдыларын;
5) сын тұрғысынан және шығармашылық ойлау дағдыларын;
6) қауымда өзін-өзі іске асыру және өзара әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру мен дамыту болып табылады.
19,20 және 21 тармақтары: (2018 ҚР МЖМББС)
19. Білім алушыларға үй тапсырмасы олардың орындау мүмкіндіктері ескеріле отырып беріледі. 2-сыныпта 50 минуттан, ал 3-4 сыныптар 1 сағат 50минуттан (астрономиялық сағат) аспайды.
21. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау формативті және жиынтық бағалау нысанында жүзеге асырылады.
39 – тармақ бойынша:
39. «Жаратылыстану» пәнінің мазмұны «Адам-Табиғат» жүйесі шеңберіндегі ғылыми білімнің қарапайым деңгейін түзетуі тиіс. «Жаратылыстану» оқу пәні – білім берудің кейінгі деңгейлерінде дербес пән ретінде оқытылатын «Биология», «Физика», «География», «Химия» оқу пәндерін оқып-меңгеруге жол бастайтын , сондай-ақ білімнің барлық салаларындағы маңызды орын алатын зерттеу дағдыларының іргетасын қалайды.
Жалпы көптеген тарауларға өзгеріс енгізудің себебі, заман ағымына сай қажеттіліктердің туындауы деп ойлаймын. Ол оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де тиімді болуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |