«Педагогикалық психология» курсының мақсаты: «Педагогикалық психология» курсының мақсаты


Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері



бет16/18
Дата31.03.2022
өлшемі1,49 Mb.
#137464
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
пед. психология
stud.kz-5559 (1), 1.СӨЖ (копия), Педагогикалық шеберлік, инклюзив 8-15, Документнункнк
Педагогикалық психологияның зерттеу әдістері
Іс-әрекет (шығарамашылықтың) өнімінің талдауы – адамды оның іс-әрекетінің материалдық және идеалдық өнімдерін интерпретациялау, талдау, заттансыздыру арқылы эмпирикалық зерттеу әдісі. Бұл әдіс педагогикалық тәжірибеде оқушылардың мазмұндамаларын, шығармаларын, түсініктемелерін, жасаған баяндамаларын, суреттерін және т.б. талдау түрінде кеңінен пайдаланылады. Алайда, ғылыми зерттеу барысында іс-әрекет өнімінің талдау әдісі әрбір ерекше өнімнің мақсатын, болжамын және талдау тәсілдерін ұйғарады.
Педагогикалық психологияның зерттеу пәнінің ерекшелігіне байланысты жоғарыда аталған әдістердің бірі жиі, басқалары сирек қолданылады. Оқушылардың іс-әрекеті өнімінің, олардың шығармашылығының талдауы, әңгімелесу, сауалнама, қалыптастырушы эксперимент байқаумен қатар, педагогикалық психологияда ең көп қолданылатын әдістер болып табылады.
Сонымен қатар, педагогикалық психологияда тестілеу әдісін пайдалану кеңінен таралып келеді.
Тестілеу - психологияда адамның жеке басындағы психологиялық ерекшеліктері мен қабілетін, ақыл-ой деңгейін беліілі нормалар тұрғысынан іздестіретін әдіс. Сынақ әдісі арқылы адамның меңгерген білім деңгейі мен ықылас ынтасы да зерттеліп, оның нәтижелері салыстырмалы түрде қорытындыланады.
Қазіргі күнде тест әдісі кеңінен қолданылады. "Тест" — ағылшын сөзі, мағынасы "сынақ" дегенді білдіреді. Тест — адам психологиясы мен қылықтарының сапалық және сандық қасиеттерін, алдын ала берілген стандартты нормалармен салыстыра отырып бағалайтын психологиялық зерттеулердегі әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет