4 Пәннің мақсаты және тапсырмасы
Пәннің мақсаты: студенттердің педагогикалық психология пәнін меңгеруі негізінде ғылыми білімдерін дамыту, семинар мен практикалық сабақтар үдерісінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдау біліктері мен дағдыларын қалыптасыру.
Пәннің тапсырмалары:
педагогикалық-психологиялық феномендер мен фактілерді оқыту;
дамудың әр түрлі теорияларын талдау үдерісінде студенттердің танымдық іс-әрекетінің біліктері мен дағдыларын дамыту, осы білімдерді, біліктер мен дағдыларды оқу және кәсіби әрекетте пайдалануды үйрету;
әлемдік және отандық педагогикалық психологияның теориялық бағыттарымен және практикалық жетістіктерімен таныстыру;
студенттерді жеке кәсіби іс-әрекеттегі педагогикалық психологияның білімін қолдануға ынталандыру.
5 Білімге, икемділікке және машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студент білуі тиіс:
психикалық дамудың жас ерекшеліктерін,
дамыта оқыту ерекшеліктерін,
білімді қалыптастырудың заңдылықтарын;
тәрбие психологиясын;
педагогикалық іс-әрекет психологиясын.
Пәнді оқу нәтижесінде студент мынадай біліктер мен дағдыларға ие болуы тиіс:
оқыту мен тәрбие үдерістерінде туындайтын практикалық мәселелерді шешуде теориялық білімді қолдану;
окыту және тәрбиелеудің жаңа технологияларын тәжірибеде пайдалану.
6 Пререквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: «Жалпы психология», «Педагогика».
7 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: мектептегі педагогикалық практика.
Достарыңызбен бөлісу: |