Педагогикалық-психологиялық қызметтің 2015-2016 оқу жылында жасалған жұмыстарға жылдық есебі



бет2/2
Дата22.08.2017
өлшемі356,01 Kb.
#24103
1   2


Алғашқы қадам топ балаларына жүргізілген диагностика қорытындыларын салыстыра келе балаларда өсу динамикасын байқауға болады. Балалардың жас шамаларының дамуларына сәйкес келеді. Дегенмен де жыл басында бала саны -24, жыл соңында- 32 бала болғаны, салыстырмалы көрсеткішке әсер ететіні сөзсіз.

«Зерек бала» топ балаларына жыл басында және жыл соңында таным үрдістерін зерттеуге арналған әдістемелер жүргізілді.

Балалардың заттарды толық қабылдау қабілеттерін анықтауға мақсатында «Суреттерге қандай заттар жасырылған?», «Мына суреттерде не жетіспейді?» әдістемелер алынды. (хаттама №3, 14)



Балалардың зейінінің шоғырлану деңгейін анықтауда «Ненің құйрығы қайда?», «Суреттерді салыстыр» әдістемесі алынды. (хаттама №5, 16)



Есте сақтау қабілеттерін және ақпаратты дыбыстап айтуын анықтау үшін «Суреттерді есіңде сақта» және «Сөздерді жаттап ал» әдістемесі жүргізілді. (хаттама 7, 18) Әдістеме қорытындысы төмендегідей



Образды-логикалық ойлау, ақыл-ой операциясын талдауы мен біріктіруі қабілеттерін анықтау үшін «Қисынсыздықтар», «Жыл мезгілдері» атты әдістемелері жүргізілді. (хаттама №9,№20) . Әдістеме қорытындысы төмендегідей:



Балалалардың қиялдай білу қабілеттерін анықтау мақсатында «Суретті аяқта», «Суретке қарап әңгіме құрастыр» әдістемелері жүргізілді. (хаттама №11, №21)



Әдістеме қорытындысы төмендегідей:

Зерек бала топ балалары жыл басында -27, жыл соңында -23 баламен аяқтады. Балалардың көп бөлігі мектепалды даярлық тобына баратынын ескерсек даму көрсеткіштері жоғары екенін атап өтуге болады. Топ балаларының диагносика қорытындысы бойынша көрсеткіштері жас шамаларына сай деп қорытынды жасауға негіз болды.

Сонымен қатар тәрбиешілер арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама мақсаты тәрбиешілердің ой-пікірін білу, болатын. Сауалнамада 11 сұрақ берілген. Тәрбиешілер толығымен жауап берді. Мекемеде тәрбиеші санының көп еместігін ескерсек нәтиже толық шықпайтынын көруге болады. Дегенмен де тәрбиешілердің жауаптары оң нәтиже берді. (Хаттама №12)
Педагогикалық-психологиялық қызметтің коррекциялық түзету-дамыту бағыты бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

«Алғашқы қадам» және «Зерек бала» топ балаларына арнайы коррекциялық түзету-дамыту жұмыстары жүргізілді. «Алғашқы қадам» топ балаларына сейсенбі күні, «Зерек топ» балаларына сәрсенбі күні психологиялық ойын ретінде оқу іс-әрекет жүрді. Әр топр балалары диагносика қорытындысы бойынша 2 топқа бөлінді. Оқу іс-әрекет жоспар бойынша балалардың танымдық үрдістерін, сөйлей білуге, тілдік қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыруға, өз ойын жеткізе білуге және жан-жақтылыққа бағытталған. Жыл бойына коррекциялық түзету-дамыту бағыты бойынша 42 сабақ жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың жоспары және балалардың жасаған жұмыстары тіркеліп, жинақталды.


Педагогикалық-психологиялық қызметтің ағартушылық жұмыс бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

Қыркүйек айында педагогикалық кеңесте педагогтарға тренинг өткізілді. Тренинг барысында «Ну ормандағы жаңбыр» релаксациялық жаттығу, «Атом және молекула» жаттығуы, «Болашақтан хат» тесті жүргізілді. Тренинг барысында педагогтар бойларындағы эмоциялардан арылып, жақсы көңіл-күйде болды.

Ата-аналар жиналасында «Көңіл –күйдің сан қырлы сырлары» атты ата-аналарға арналған тренинг жүргізілді. Тренинг мақсаты: ата-аналардың көңіл-күйлерін көтеру, бір-бірімен қарым-қатынастарын нығайту. Тренингте: «Есімдер аллитериясы», «Орын ауыстыру» ойыны, «Оркестр» ойыны ойнатылды. Тренингке ата-аналар белсенді қатынасып, өз ризашылықтарын білдірді.

Қараша айында педагогтарға «Мектепке дейінгі балалардың жасерекшеліктері» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада балабақша мен отбасы арасындағы байланыс туралы, балалардың дамуы туралы айтылады.

Желтоқсан айында ата-аналарға «Жанұядағы тәрбие ерекешеліктері» тақырыбында баяндама оқылды. Баяндамада ата-ана бала тәрбиесіндегі басты тұлға.әке де, шеше де балаларының жан дүниесіне үңіліп, мінез құлқындағы ерекшеліктерді білгені жөн. Бала- әр жанұяның бақыты туралы айтылды.

Қаңтар айында педагогтарға «Мен ғажайыппын» атты психологиялық тренинг өткізілді. Педагогтардың эмоционалды және көңіл-күйлерін көтеруге, кәсіби жанудың алдын-алу, топтасып жұмыс істеу жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында жүргізілді. Тренингте «Хор» жаттығуы, мен ғажайыппын, «Кезекпен сурет» арт терапиялық жаттығу, «Комплимент» жаттығуы жүргізілді.

Наурыз айында «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудағы жаңа тәсілдер» атты аудандық семинарда «Бес саусақ» әдісі бойынша психологиялық рефлексия жүргізілді. Рефлексияда семинарға қатысушылар семинар туралы өз ой-пікірлерін білдірді. Сонымен қатар ата-аналарға «Бала тәрбиесінің негізгі қайнарлары» тақырыбында баяндама оқылды.

Сәуір айында педагогтарға «Жіптік курс» психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты педагогтардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өзіне деген сенімділік білдіру. Тренинг барысында жаңадан еніп жатқан жаттығулар ойнатылды.

Құстар күніне арналған «Зерек бала» топ балаларына «Құстарды қарсы алайық» тақырыбында тәрбиешілермен бірлесе отырып тренинг жүргізілді.

Мамыр айында педагогтарға «Психологиялық марафон» атты тренинг жүргізілді. Тренинг барысында педагогтардың бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға арналған жаттығулар пайдаланылды.



Педагогикалық-психологиялық қызметтің кеңес беру жұмыс бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

Педагогикалық-психологиялық қызметте кеңес беру жұмысы тұрақты түрде жұмыс жасады. Жүргізілген диагностикалар қорытындысы нәтижесінде тәрбиешілерге, ата-аналарға бірқатар ұсыныстар берілді. Кеңеске келген ата-аналарға, педагогтарға кеңеске келу себебі бойынша кеңестер беріліп, кеңес беру журналында тіркелді.


Педагогикалық-психологиялық қызметтің ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

Ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмыс бойынша педагог-психологтың жеке өзіндік сайыстарға қатынасты. Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Ең қажетті мамандық» бейнеролик байқауына қатысып алғыс хат; копилька уроков интернет сайтына «көңіл-күйдің сан қырлы сырлары» (ата-аналарға арналған тренинг) материалын жіберіп, сертификат; облыстық «Педагогикалық шолу» журналына «Таңғажайып көбелектер» тақырыбындағы сабақ жарияланды; Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы «Мен психологпын» атты облыстық сырттай эссе байқауына қатысып сертификат иегері және жинаққа енді; Психология пәні бойынша республикалық қашықтықтан олимпиадаға қатысып үздік нәтиже көрсетіп, сертификат; «Мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудағы жаңа тәсілдер» атты аудандық семинарда рефлексия жүргізді; Аманғосова Мадина халықаралық Үркер зияткерлік турнирына қатынасып сертификат иегері; Үркер зияткерлік орталығынан диплом иегері.


Педагогикалық-психологиялық қызметтің эксперимент жұмыс бойынша келесідей жұмыстар атқарылды:

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ-нің 2014 жылғы 9-шы желтоқсанынағы №1174 бұйрығы және Ойыл аудандық білім бөлімінің 2014 жылғы 22-ші желтоқсанынағы №598 бұйрығы негізінде «Жолшы» балабақшасы» МКҚК-да «Алабота өсімдігінің ерекшеліктері мен халық тұрмысындағы маңызы» тақырыбына эксперимент алаңы ашылды. Эксперимент жұмысына балаларға, педагогтарға, ата-аналарға арналған жұмыс жоспары құрылды. Жоспар бойынша жұмыс жүрді. Экспериментке қатысушы балаларға жеке педагогикалық-психологиялық карта толтырылып, мінездеме берілді. Жүргізілген жұмыстар жинақталып, эксперимент бөлімінде сақтаулы.


Қорытынды. 2015-2016 оқу жылы барысында балалармен, педагогтармен, ата-аналармен жоспарланған және жоспардан тыс қажет етілген жұмыстар белсенді түрде жүргізілді.

Педагогикалық-психологиялық қызметтің негізгі бағыттары бойынша жұмыстар толығымен атқарылып, хаттамалар, анаықтамалар жинағы жинақталды.



Ұсыныс. 2016-2017 оқу жылында педагогтарға және ұжым мүшелеріне арналған ағартушылық жұмыстарды көбірек жоспарға енгізу арқылы жұмыс жасау.

«Жолшы» балабқшасы» педагог-психологы: Таттигалиева З.С.



Педагогикалық-психологиялық қызметтің 2015-2016 оқу жылында жасалған жұмыстарға аналитикалық есебі

Диагностика жұмысы

Кіммен жүргізілді

Адам саны

«Алғашқы қадам» тобы

236

«Зерек бала» тобы

230

Ата –аналар

38

Педагогтар

4

Жалпы адам саны

508


Коррекциялық түзету-дамыту жұмысы

Кіммен жүргізілді

Адам саны

«Алғашқы қадам» тобы

184

«Зерек бала» тобы

184

Жалпы адам саны

368


Ағартушылық жұмыс

Кіммен жүргізілді

Адам саны

Ата –аналар

91

Педагогтар

51

Ұжым

10

Балалар

20

Жалпы адам саны

172


Кеңес беру жұмысы

Кіммен жүргізілді

Адам саны

Ата-ана

9

Педагог

9

Кіші қызметкер

1

Жалпы адам саны

19


«Жолшы» балабқшасы» педагог-психологы: Таттигалиева З.С.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет