Эксперимент барысындағы нақты әдістерді қолдану. Экспериментің бастапқы кезеңінде экспериментатор оқушылардың білім деңгейін, жеке тұлғаның қасиеттерін, тәртібін білуі тиіс. Педагог – экспериментатор алдын-ала оқушыларды оқу жоспарымен бағдарламамен баулуы тиіс. Мысалы: олардың жаза алуы және оқуы: жоғарғы дәреже – оқу дәрежесінің жылдамдығы, жазу денгейі осы оқушыларда жоғары.
Орта денгей-оқу және жазу денгейі сол сияқты.
Төмен денгей-оқу жылдамдығы жазу дәрежесі төмен (80 сөз – 1 мин.)
Оқу материалдарын оқу барысында бағасы өзіндік даму дәрежесі былай көрсетіледі:
Жоғарғы дәреже - оқу өзіндік бақылау әдет, оқушы материалды түсінгенін анықтау үшін белгілі бақылау сұрақтарын қарайды, кері әркеттеріне арифметикалық тексеріс жүргізеді.
Орта денгей-осы жағдайларды қайталайды.
Төмен денгей-оқушы жүйелі түрде қателіктер жібереді.
Әрбір нақты жағдайда белгілі әдістер топтамасын алады, яғни олар басты информацияны (мәліметті) тура дәл беру үшін.
Зерттелуші құбылыстың сапалық және сандық көрсеткіштерін анықтау.
Эксперименттің қорытындысы негізінен зертелетін факторларды тексерумен, оның заңдылығымен, бір-біріне әсер етуіне байланысты. Ғылыми зерттеулерде эксперимент бағалау өлшемінде сандық формада болады. Барлық эксперименттерде өлшеу әдістері мен өлшеушілер анықталады:
бағалау критерийлерін құру, өлшеуге байланысты қажетті құралдармен әдістерді қолдану.
өлшеу әдістерінің селекциясы
өлшемді сандық форма немесе өлшеушінің шарттары бойынша.
алдын-ала тексеру, нақтылығын эксперименттің мақсат міндетіне сәйкес.
өлшеу жүргізу.
алынған мәліметтің маңызын тапсырмамен салыстыру.
Ғылыми эксперименттің сандық және сапалық деңгейі бірдей көрсеткіш болып табылады. Ғылыми эксперименттің дәрежесі:
а) шек қою
б) өлшеуге байланысты құралдарды, алынған мәліметтерді өңдеуге байланысты әдістерді белгілеу.
в) дәлелді кең тараған құбылысты немесе процестердің белгілерін анықтау.