Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланысы ұстанымы



бет108/175
Дата27.10.2022
өлшемі2,12 Mb.
#155202
түріСеминар
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Әлеуметтік педагог қызметінің кәсіби біліктілігі мен нәтижелілігінің өзара байланысы ұстанымы.
Ұстаным бастауы. Тәрбие қызметінің ықпалдылығы тәрбиешінің шеберлігіне байланысты екені жақсы мәлім. Кәсіби біліктілігі қаншалықты биік болса, соғұрлым ол әлеуметтік-педагогикалық қызметтің оңтайлы нұсқасын таңдап алуға және оның кәсіби түрде іске асырылуын қамтамасыз етуге қабілетті болмақ. Ежелден-ақ балалардың тәлімгері ретінде, оларға жақсы және нәтижелі тәрбие беретін, неғұрлым тәжірибелі және беделді адамды белгілейтін болған.
Ұстанымның мәні арнаулы түрде айқындап беруді қажет етпейді. Ол әлеуметтік педагогтың кәсіби даярлығы мен жинақтаған тәжірибесін ескерудің қажеттігіне негізделеді. Бұл өлшемдер мына жағдайларда:

  • кәсіби іріктеуде (талапкерден қандай дәрежедегі маманды

қалыптастыруға болады);

  • жас маманмен жұмысты ұйымдастыруда;

  • болжамды нәтижені қамтамасыз етуде;

  • мамандардың кәсіби қызметтегі жауапкершілігін көтеруде маңызды.

Әлеуметтік педагогтың кәсіби дайындығы оның нақтылы жағдайда және белгілі бір объектіге байланысты, әлеуметтік-педагогикалық қызметте өзін-өзі танытуға деген ішкі дайындығымен анықталады.
Ұстанымның негізгі талаптары:

  • субъект әлеуметтік-педагогикалық қызметтің болжамды

мақсаттарына, оны іске асыру жағдайларына, объектінің өзгешелігіне байланысты анықталады. Практикада бұл талап ылғи да орындала бермейді (бұл ретте жұмыс тәжірибесі жоқ маман бұл қызметке жіберілмеуге тиіс);

  • әлеуметтік-педагогикалық қызметтің субъектісін анықтауға

сараланған тәсілдеме;
- Жұмыс тәжірибесі жоқ маман оны меңгеру және өзін-өзі кәсіби
- әлеуметтік-педагогикалық қызметте тәжірибесі бар мамандармен жұмыста кәсіби қызметіне жауапкершілігін ынталандыратын индивидуалдық тәсілдеме қажет.


3. Орталық факторға негізделген әлеуметтік педагогика ұстанымдары
Орталық факторы педагогтың әлеуметтік-педагогикалық қызметінің ұтымдылығын не күшейтеді, не әлсіретеді. Әлеуметтік педагогика орталық факторлардың әлеуметтік педагогикалық қызмет үдерісіне оң әсерін пайдалануға ұмтылуды немесе олардың жағымсыз әсерін бейтараптандыруға немесе елеулі түрде азайтуға бағытталған әрекеттерді ұсынады.
Орталық фактордан туындайтын неғұрлым маңызды қағидалар: мәдениетке сәйкестік, әлеуметтік шарттылық, орталық шарттылық, ортаны педагогикаландыру, өмір мен тәрбие бірлігі, тәрбиелеу ортасының ашықтығы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет