Тәрбиелеуші ортаның ашықтығы ұстанымы.
Ұстаным бастауы. Тәрбиелеу жүйесінің табиғи және ашық болуының маңызын ашып, негізделен В.Н.Сорока-Росинский мен А.С.Макаренко. Мұны құруда олар әлеуметтік-мәдени орта үшін қажетті бейімделу мен өз қабілеттерін іске асыруда әлеуетті күшке ие болуға мүмкіндік туғызатын баланың жеке басын қалыптастырушы аса маңызды факторды көре білді. Тәрбиелеудің жабық жүйесі алысқа апармайтын еді. Жабық жүйеде тәрбиелеу үдерісінде туындайтын барлық жағымсыз сипатты үрдістер сақталады және оған сәйкес тәрбие ісіне кері әсерін тигізеді.
Ұстанымның мәні. Өсу үстіндегі бала өмір сүретін қоғамның әлеуметтік-мәдени өзгешелігін даму мен тәрбиенің табиғи ашық ортасы неғұрлым толығымен бейнелейді. Ол оның біртіндеп дамып, жеке тұлға ретінде қалыптасуын, тиісті әлеуметтік-мәдени ортаның құндылықтарын, қағидаларын, нормалары мен ережелерін, әлеуметтік мінез-құлықтар мен қызметтің тәжірибесін игеруге мүмкіндік береді. Білім беру (арнаулы білім беру) мекемесіндегі тәрбие үдерісінде баланың тәрбие ортасы өзімен-өзі тұйықталып, жабық кеңістікке айналмас үшін, оның өмір қаракетінің әлеуметтік-мәдени ортасының өзгешелігін мейлінше көрсету талап етіледі.
Ұстаным талаптары:
- тәрбие қоғамға және онымен өзара әрекет етуге мүдделі тұлғаларға қолжетімді ашық сипатты ортада іске асырылады;
- тәрбиешілер мен тәрбиеленушілер өмірінің бірлігін қамтамасыз ету;
- тәрбиеленушінің тіршілік қарекетінің табиғи ортасымен өзара әрекет ету, әлеуметтік тәжірибені сіңіруі және көрсетуі үшін неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер туғызу;
- тәрбиеленушінің ұлттық және аймақтық мәдениет көздеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету;
- әрбір балаға білім алу мүмкіндігін ұсыну;
- баланың да, тәрбиешінің де құқықтары мен жеке бастарының қадір-қасиеттерін қорғау.
4. Технологиялық фактормен байланысты әлеуметтік педагогика ұстанымы. Технологиялық фактор – бұл шынын айтқанда, әлеуметтік-педагогикалық қызметтің заңдылықтарын есепке алуды анықтайтын фактор. Ол тікелей әлеуметтік-педагогикалық қызмет технологиясының мүмкіндіктерін есепке алуды талап етеді. Өзінің мәніне қарай, оның ұстанымдары – бұл жалпы педагогиканың тәрбиелеу қағидалары. Оларда тәрбие технологиясы заңдылықтарының есебі елеулі дәрежеде сипатталады. Осы топқа мыналар жатады:
- мақсаттылық қағидасы;
- тәрбиелеудің саналылық және белсенділік ұстанымы.
Барлық ұстанымда арасында өзара тығыз байланыс пен өзара шарттылық орын алған. Олардың бірде-бірі немесе қайсыбір топ әлеуметтік-педагогикалық қызметтің тиімділігін анықтамайды. Олар тек қызметтің бір немесе бірнеше жағына көңіл бөліп, орындалуы қызметтің тиімділігін қамтамасыз ететін неғұрлым маңызды талаптарды анықтайды. Әлеуметтік-педагогикалық қызметте ұстанымдар көбірек ескерілсе, одан соғұрлым биік нәтижелерге қол жеткізуге болады.
Ұстанымдардың өзара байланысы әлеуметтік педагогикада белгілі бір жүйені (қағидалар жүйесі) көрсетеді. Қайсыбір қағиданы болмасын, бағаламау, қолданбау, елемеу қалайда нашарлаған немесе болжанбаған қызмет нәтижесіне алып келеді. Нақ қағидалар жүйесі әлеуметтік педагогикалық қызмет заңдылықтарының негізгі талаптарын есепке алуды қамтамасыз етеді және оның тиімді болуына мүмкіндік