Педагогикалық тәжірибенің объектісі. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып бүкіл педагогикалық процесс арнайы ықпалмен және де арнайы білім беру процесі мен тәрбиелеу және оқушылардың дамыуына мақсатты бағытталған әрекет болып табылады. Педагогикалық тәжірибенің объектісі болып табылады.
Педагогикалық процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу-танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.
Белгілі шарттар процестегі білімдердің, қабілеттердің және дағдылық, іс-әрекет тәсілі (оқу –танымдық, коммуникативті, операциялық-әрекетті т.б.) пайда болуы.
Белгілі шарттар мен бағыттардағы мұғалімнің қызметі (оқушы қызметін құрастырудағы жаңа тәсілдерді белгілі пән бойынша білімдерді, дағды мен білікті басқару, әртүрлі дидактикалық амалдар арқылы оқушыларда өз бетімен жұмыс істей алуға дағдыландыру)
Оқушылардың барлық түрлеріндегі әрекеті (қызмет түрлері, мінез, бағытталуы, дегейлері т.б.)
Жеке оқушының жүріс-тұрыс нормасы, жұмысқа қарым-қатынасы, айналадағы заттарға қатынасы, адамдарға, тәрбиеге, үйретуге деген ықпалы, білім алу және дағдылану жолдары
Оқушылар коллективті (жүйе, бағытталу, топтық жұмыс, жеке адамдар арасындағы іс-жөніндегі қарым-қатынасы);
1. Эмпирикалық әдістеріөзінің қолдану аясына қарай жіктеледі. Оның ішінде тәжірибеде көп қолданылатыны педагогикалық бақылау және эксперимент. Сондықтан эмпирикалық зертету әдістері төмендегідей болып жіктеледі: бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест, сұхбаттасу, эксперимент, іс-құжаттарды талдау, тәрбиешілердің тәжірибесін жинақтау.
2.Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі
әдістемесі. Педагогикалық бақылау – педагогикалық үдерісті, құбылысты табиғи жағдайда мақсатқа бағыттап қабылдау. Бақылаудың алғашқы кезеңінде зерттеуші қандай мақсатта, оның ұзақтығы қандай нәтиже күтетінін білуі керек. Тек қажетті білімі, зерттеу аймағында біліктілігі болып, бақылау әдістемесін білгенде ғана әрекетке түсуге болады. Бақылау алдын ала құрастырлған нақты жоспар болған кезде тиімді болады. Зерттеушіге оны дұрыс жүргізуге, объективті фактілерді таңдауға, нәтижені тіркеу, себеп-тергеуге байланысты анықтау, қорытынды мен тұжырымды дұрыс жасауға көмектеседі. Бақылаушы зерттеу объектісі, шарттары, құралдары, бейнеаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары болуы қажет. Бақылау барысында жинақталған материалдарды тіркеу: күнделік жүргізу, хаттамаға түсіру, стенография жасау, бейнетаспаға, суретке түсіру жүргізіледі
Зерттеу объектісін бақылау түрлері: 1) тікелей және жанама;
2) ашық және жабық.
Уақытына қарай: үздіксіз және үздік-үздік, монографиялық( өте ұзақ) түрлері бар. Тікелей бақылау – тәрбиеші-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы болған жағдайда іске асады. Сонымен қатар тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам. Оның рөлінде байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады.
Жанама бақылап-зерттеу тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы жүзеге асады. Бақылап зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керектерін мен құбылыстарды іздеген кезде қолданады. Практикада бақылаудың араласа бақылау түрі тиімділігін көрсетіп келеді. Араласа бақылау зерттеуші зерттелушілердің әрекетіне және өміріне өзі белсене араласады. Мәселен, оқу-тәрбие үдерісіндегі балалардың мінез-құлқын бақылау үшін, зерттеуші олардың тәрбиеші немесе топ жетекшісі болып араласады. Зерттеушінің бұлай араласуы бақылаудың табиғи түрде жүруіне әсерін тигізеді.
Бүгінгі таңда жабық түрде бақылау көбірек қолданылып келеді. Жабық түрде бақылау арнаулы белгіленген топта айналы қабырға және жасырын камера арқылы бақыланады. Бұл түрі де зерттелетін мәселені табиғи түрде бақылауға мүмкіндік беріліп, зерттеушіден такт сақтауды талап етеді. Кей жағдайда өзін-өзі бақылау қолданылады. Бақылау жүргізуге қолданылатын талаптар: мақсатқа бағытталған, жүйелілік, ұзақтық, әртүрлілік, объективтік, жаппай, такті сақтау. Бақылау әдісінің құныдылығы табиғи жағдайда зерттелетін құбылыс пен үдерісті зерттеуге мүмкіндік жасайды. Бірақ бақылау ұзақ уақытты талап ететіндіктен, зерттелетін құбылыс барлық уақытта лайықты бола бермейді, бір зерттеушілер көп объекті санын қамти алмайды, фактілерді тіркеу, түсіндіруде субъективтік келу жолдары болып, тек сыртқы жағынан көрінеді.
Педагогикалық бақылауды өткізу әдістемесі. Әңгімелесу- алдын ала құрастырылған бағдарлама бойынша зерттеуші мен зерттелушінің арасындағы диалогтік сөйлесуі. Арнаулы құрастырылған сұрақтар бойынша әңгімелесу зерттелетін құбылыстың бірнеше аспектілерін, оған баға беріп, позициясын түсіндіруге, кез келген әрекетінің мотивін, сезімін, көңіл-күйін анықтауға көмектеседі.
Оның тиімділігі зерттеушінің әңгімелесушісімен достық қарым-қатынасына, ашылуына мүмкіндік жасауына байланысты. Әңгімелесу негізгі зерттелетін бағытта жүргізіле отырып, жеке әсері алынады. Әңгімелесуді диктофонға түсіруге болады. Бірақ байқап қалса, өзгеріп кетуі мүмкін. Сондықтан есте сақтап, кейін жазып алу керек. Әңгімелесу әдісі өте күрделі, кез-келген зерттеуші тиімді қолдана бермейді, себебі әңгімелесуші өзінің ақиқат ойын, сезімін жасыруы мүмкін, бұл зерттеушіні адастырады.
Ашық жазба –стенографиялау тәсілі әңгімелесушіні абыржытып жабырқаңқы қылады. Әңгімелесу кезінде жауаптарды тікелей жазып алу айтарлықтай кедергі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |