Эксперименттің мәні – зерттеу құбылыстарын бақылап, дәйектерін айқындау үшін нақты жағдайларды жасаумен анықталады.
Эксперимент жүргізуде төмендегі әрекеттерді орындау қажет.
Экспериментті жүргізу техникасын таңдау және негіздеу:
а) міндеттердің қойылуы;
ә) көрсеткіштерді таңдау;
б) өзгермелі факторларды таңдау;
в) сандық, сапалық деңгейлерді таңдау.
2. Жоспарлау:
а) бақылау сандарын анықтау;
ә) эксперименттің жүргізілу тәртібі;
б) қолданатын реттеу әдісі;
в) эксперименттің математикалық модель негізінде сипатталуы.
3. Талдау:
а) мәліметтерді жинақтау және өңдеу;
ә) ғылыми болжамды статистикалық есептеу арқылы тексеру және
статистикалық есептердің өзін де тексеру;
б) нәтижелердің түсіндірілуі (интерпретациясы).
Педагогикалық эксперимент мақсатына қарай 4 сатыға бөлінеді (2-сурет):
2-сурет Педагогикалық эксперименттің сатылары.
Анықтаушы эксперимент – күнделікті өмірдегі педагогикалық құбылыстарды зерттеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Қалыптастырушы эксперимент - жаңа педагогикалық құбылысты ғылыми идея негізінде қалыптастыру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Бақылаушы эксперимент – педагогикалық мәселені пайымдау үрдісінде жасалған ғылыми болжамды бақылау, тексеру мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Реттеуші эксперимент – педагогикалық үрдісте зерттеу барысында алынған нәтижелерді өңдеп рәсімдеу мақсатында жүргізілетін эксперимент.
Сонымен қатар, педагогикалық экспериментке мынадай талаптар қойылады:
эксперименттің мақсаты нақты, айқын болуы тиіс;
эксперименттің оңтайлы нәтижелі болуы үшін зерттеу әдісіне сәйкес эксперименталдық база ұйымдастырылуы тиіс;
зерттелетін мәселе жан-жақты қарастырылып, талданып, өңделуі тиіс;
эксперименттік топ қатысушылары оның мақсаты мен міндеттерін анық білуі тиіс;
экспериментке ғылыми болжам жасалуы және оның негізделуі анық болуы керек;
экспериментті жүргізуде жоспарлы, жүйелі іс-әрекет ұйымдастырылуы тиіс;
экспериментті ұйымдастырушылар экспериментті жүргізуде әрбір қадамын бақылап, үнемі талдау жүргізіп отыруға тиісті;
экспериментке қатысушы сараптаушылар тобы зерттеушіге және зерттеу мәселесіне тәуелсіз болуға тиіс;
эксперимент барысында алынған мәліметтер мен нәтижелер нақты қағазға жазылып алынуы тиіс;
эксперимент барысында алынған нәтижелер мұқият талдануы тиіс;
эксперимент нәтижесі бойынша соңғы қорытынды пікір нақты, жан-жақты сипатталынып берілуі тиіс.
Қазіргі таңда білім беру жүйесінің басты мақсаты – ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру.
Осыған орай зерттеушілер отбасындағы, мектептегі педагогикалық процесті ұйымдастырудың тиімді жолдарын терең зерттеуге міндетті.
Педагогикалық теорияны іс-тәжірибемен ұштастыру негізінде жүргізілетін зерттеулерде эксперименттің алатын орны ерекше. Олай болса, зерттеуші педагогикалық эксперименттің мақсаты мен мәнін ұғыну арқылы ақиқатты нәтижеге жетуі мүмкін. Осы бағытта дайындалған баяндама педагогикалық эксперимент ұйымдастырушыларына өз септігін тигізеді деп ойлаймын.
Тарихи даму тенденцияларын талдау – педагогика ғылымындағы маңызды әрі өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Өйткені білім беру жүйесін дамытуда және қордаланған мәселелерді шешуде өткеннің тәжірибесін пайдалану ғылыми негіздеу үшін аса қажет.
Педагогика тарихы педагогикалық ғылыми-зерттеулердің ішіндегі дәстүрлі бағыты болып табылады және міндетті пәндер қатарына кіреді. Сондықтан тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогика ғылымы үшін маңызы жоғары және соңғы уақытта тарихи-педагогикалық мәселелерге деген қызығушылық та артуда.
Педагогика тарихы әлемдегі педагогикалық ойлардың дамуы, оның тәжірибедегі мәні жайлы іргелі білім қалыптастыруға және өткен тарихи дәуірдегі жетістіктерді қазіргі заман талаптарына сай пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогика тарихын ғылыми-педагогикалық тұрғыда жете меңгерген маман, алған білімін іс жүзінде шығармашылықпен қолдана алатын, ой өрісі кең, жаңа қоғамдық ахуалдарға жылдам бейімделгіш, ауқымды педагогикалық көзқарасқа ие, жоғары сапалы маман ретінде қалыптасады.
Педагогика тарихы болашақ педагог мамандарды педагогиканың ғылым ретінде дамып, қалыптасу жолымен таныстыра отырып, өткендегі озық тәжірибелерді меңгеру, оны бүгінгі күн жағдайларында пайдалана білуге үйретеді және теориялық білімін тарихи-педагогикалық ақпарлармен толықтыра алады.
Болашақ педагог мамандар педагогика тарихын оқу арқылы төмендегідей біліктерді меңгеруге мүмкіндік береді:
қоғам мен тәрбие арасындағы байланысты ашып көрсету;
тарихи кезеңдердегі тәлімдік ойлардың қазіргі кездегі мәні мен маңызын талдау;
тарихи-педагогикалық мәліметтер жинау және оларды өңдеу;
алған білімі негізінде ой жүргізу, пікірлесуге үйрену;
Мынадай дағдылар қалыптасады:
тарихи-педагогикалық материалдарды іздестіріп, жинақтау;
белгілі бір кезеңдерге байланысты материалдарды талдап, пікір жүргізу;
әлеуметтік-педагогикалық бейімделу;
тесттер, конспект, білім көздері, құжаттар т.б. жұмыс істеу.
Жалпы әдіснама дегеніміз барлық ғылымдарды зерттеу, танып-білуге мүмкіндік беретін жалпы және жекелеген әдістер жиынтығы, оны ұйымдастыру тәсілдері. Кез келген ғылымның әдіснамасы диалектиканың заңдылықтарына негізделеді. Олар мыналар:
1.Санның сапаға және сапаның санға өтуі;
2.Қарам қайшылықтар арасындағы күрес;
3.Терістеуді, терістеу.
Сонымен қатар бұл заңдылықтар диалектиканың манадай ұстанымдарына негізделеді:
1.Жалпы және өзара байланыс;
2.Қайшылық арқылы дамуы.
Осыдан келіп диалектикалық санаттардың тарихи даму ықпалының төмендегідей сипаты айықындалады:
1.Маңыз бен құбылыс арасындағы байланыс;
2.Бірыңғайлық, ерекшелік, жалпылық;
3.Форма мен мазмұн арасындаы байланыс;
4.Себеп пен салдар арасындағы байланыс;
5.Қажеттік пен кездейсоқтық;
6.Мүмкіндік пен нақты жағдай немесе шынайылық
Педагогика тарихы тәлім-тәрбие пәнін ғылыми танудың бір түрі дейтін болсақ ол жалпы педагогикалық теорияның шығуын хронологиялық ретімен, кезеңдермен дамуын, бір күйден екінші бір күйге өтуін қарастырады.
Педагогика тарихы қазіргі кезде қалыптасып орныққан негізгі ұғымдар, түсініктер, ұстанымдар, ережелер, қағидалары т.б. тарихи дамуын қарастырады. Мысалы, оқытудың мазмұны, формалары мен әдістері қалай болып еді, қазір қандай, болашақта қандай болмақ – деген сұрақтарға жауап беруде тарихи тәжірибелерді ескереді. Сол тұрғыда зерделейді.
Педагогика тарихы жалпы тарих, философия, әдебиет, психология, әлеуметтану, саясаттану т.б. пәндермен тығыз байланыста.
Педагогика тарихын зерттеуде тарихи деректердің маңызы зор. Осыған орай қазіргі кезде мұрағат құжаттарымен танысу, ғылыми, тарихи әдебиеттерді зерттеу, білім мен тәрбиеге байланысты құжаттарды зерделеудің орны бар. Оның басты әдістері жинақтау, топтастыру, талдау, салыстырмалау т.б. болып табылады.
Ресей ғалымы З.И Равкиннің пікірінше дұрыс құрылған проблемалық зерттеу педагогика тарихындағы түйінді мәселелерді анықтауға, тарих пәні мен теориясының арасында тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Мұндай зерттеулер негізгі педагогикалық ұғымдар мен заңдылықтарды және өткеннің тәжірибесін тарихи тұрғыдан терең түсінуге жағдай туғызады.
Жоғары теориялық деңгейде жүргізілетін проблемалық зерттеулер, ғалымдардан проблемалы-генетикалық әдіс сынды кешенді танымдық құралдарды пайдалануды талап етеді. Аталған әдісті қолданудың мәні тарихи кезеңнің белгілі бір бөлігінде пайда болған мәселені ретроспективті түрде қарастыруында.
Аталған әдісті қолдану арқылы зерттеушілер проблеманың пайда болу негізін, себеп-салдарын, қарама-қайшылықтарын анықтайды, яғни проблемалы-генетикалық талдау педагогикалық процесті немесе ққұбылысты көп қырынан зерттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Проблемалы-генетикалық талдау тарихи-педагогикалық зерттеу әдісі бірнеше принциптерге сүйенеді, мәселен:
Тарихилық принцип – зерттеу нысанының бүгінгі жағдайын объективті түрде зерттеуге, оның шығу генезисін, тарихи кезеңдерін қарастырады.
Объективтілік принципі – талдауға алынған мәселені жан-жақты, барлық факторлар мен жағдайларды есепке ала отырып мәнін түсінуді талап етеді.
Белсенділік принціпі – зерттеушінің процеске деген жеке тұлғалық қатынасын есепке алу.
Жүйелілік принціпі – зерттеу мәселесін біртұтас жүйе ретінде қарастырады.
Проблемалы – генетикалық талдау әдісінің ерекшеліктері туралы ойымызды түйіндейтін болсақ, бұл әдісті педагогикалық білім жүйесінде, тарихи-педагогикалық зерттеулерде дұрыс қолдана білсек, зерттеу пәнін терең тануға сол арқылы педагогика ғылымының теориясы мен тәжірибесін дамытуға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |