Педагогикалық зерттеулер методологиясының мәселелері


Қажетті эксперименталды объектілерді сандық таңдау



бет54/175
Дата27.10.2022
өлшемі2,12 Mb.
#155202
түріСеминар
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175
Байланысты:
ППЗәәдіснамасы

Қажетті эксперименталды объектілерді сандық таңдау
Педагог зерттеушінің алдында мынандай сұрақ тұрады:
Экспериментке қанша оқушы қажет?
Қанша мұғалім қатысуы тиіс?
Таңдау негізінен оқушылардың қатысуымен тығыз байланыста болады. Егер зерттеуші жаңа жүйені тексергісі келсе, яғни оны кейін бүкіл барлық типтегі мектептерге тарату туралы мақсатында, олай болса бұл экспериментті күндізгі, кешкі, қалалық, ауылдық мектептердің барлығы қабылдау қажет. Егер педагог бұл кең түрдегі экспериментті жүзге асыра алмайтынын білсе, онда ол нақты зерттеу сандық таңдау жасайды: қалалық мектептерді немесе ауылдық мектептерді, тек қана кіші мектеп немесе жоғарғы сыныптарды. Кейіннен зерттеушіге эксперименталды объектілерді ең қажетті санға дейін таныту. Мысалы: Ауылдық мектептердің ішінен онын емес біреуін немесе екеуін алу, кіші сыныптардың үшеуін немесе екеуін алу. Егер жағдай, мысалы: әйтеуір бір пәннің (тарих, физика) оқытылу әдісін зерттейтін болса, онда жағдайда экспериментальды сыныптарды алуға болады. Егер зерттеуші педагог қазіргі мектептердегі оқушылардың үлгермеушілік себептерін көрсеткісі келсе, онда оған қалалық, ауылдық мектептің жасына қарай, ұл-қыздардың санына қарай мәлімет жинау қажет. Егер зерттеу экспериментті тәрбие жағдайына байланысты болса, оған 30-40 адам ғана көніл аударған. Әдетте бұндай зерттеуде қалыпты ұжымдардың қатысуы қажет. Кей кездері эксперимент, тақырыбы лабороториялық экспериментке сәйкес кішігірім мектеп оқушыларының топтарымен шектеледі. Әдетте бұл жағдай педагогикалық жағынан қараусыз қалған оқушылардың, өзіндік тәрбие индивидуальды тұлғалық, дамуы қабілетінің дамуына, дарындылықтарына т.б. байланысты. Осы барлық жағдайларға сәйкес экспериментальды немесе бақылау сыныптары немесе топтары тандалады.
Экспериментке қажетті уақытының ұзақтығын белгілеу. Эксперименттің ұзақтығы өте маңызды эксперименттің қысқа уақыт аралығында өтуі педагогикалық факторлардың жеке тура мағынасы ғылыми қате шешімдерде өтуі мүмкін. Өте ұзақ эксперимент жүргізу экспериментаторды басқа міндеттерді шешуден назарын аударып, жұмысқа көп еңбек сіңіруін қажет етеді. Бұны былай жасауға болады. Біріншіден аналогиялық экспериментке байланысты осыған дейінгі тәжірибеге байланысты талдау. Екіншіден эксперименттің мақсат міндеттеріне байланысты қажетті уақытты белгілеу.
Жеке тұлғалық қасиеттер сапаларына байланысты да осыны айтуға болады. Бұл жерде жақсы жағына деген дамуды көру үшін 1-2 жыл қажет. А.С.Макаренко айтуы бойынша экспериментатор бәрібірде бақылауға ұзақ уақыт бөлуі тиіс, өиткені алынған нәтижелерді бекіту үшін және тәрбиелік жүйеде қолданылған жақтарының беріктігін көрсету тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   175




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет