«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері



бет102/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

1. Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері.
Педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негіздері. Педагогика әдіснамасы жалпы әдіснама ғылымы мен қоғам дамуының үдерісін талдаудан туындайды, теориялық талдау және жинақтау, сонымен қатар, педагогика, психология, әлеуметтану, кибернетика және басқару теориясының зерттеу нәтижелерін, қисынды жалпылау әдістерін қолданады. Педагогика әдіснамасы зерттеушінің ғылыми жұмысына бағытталған. Сонымен бірге, педагогика әдіснамасының басты міндеттерінің бірі зерттеу жұмысын әдіснамалық негіздеу болып табылады. Ғылымда әдіснамалық негіздің келесі түрлерін бөліп қарастырады:

  • ғылымның философиялық негізі (әлемнің философиялық бейнесі, философиялық–дүниетанымдық, логикалық–гносеологиялық, құндылықты–нормативті ұстанымдар, философияда құрастырылған теориялар мен категориялар);

  • теориялық негіз (ғылымның белгілі бір саласының тұжырымдамалық идеялары);

  • әдіснамалық негіз (зерттеудің әдіснамалық тұғырлары мен ұстанымдары, ғылымилық идеалы мен нормалары);

  • логикалық негіз (формалды және диалектикалық логика заңдары, дәлел және аргумент ережесі);

  • эмпирикалық негіз (ғылыми айғақтар, эксперимент нәтижелері, тәжірибелік-ізденушілік жұмыс).

Бұл негіздер өзара біріге отырып ғылыми зерттеудің теориялық-әдіснамалық базасын құрайды және оны негіздеу қызметін атқарады. Педагогика және білім беру саласында философиялық негіздердің маңызы зор. Философиялық негізге ғылыми ізденістің теориялық негіздері, педагогиканың тұжырымдамалық ойлары мен ұстанымдары сүйенеді.
Әдіснамалық негізде автордың дүниетанымдық және зерттеушілік тұжырымдамасы сипатталады, зерттеу құбылыстарын талдауға объективті, ғылыми тұрғыдан келуді ойластырды, сонымен қатар, білім беру теориясы мен тәжірибесіне қажетті одан шығатын қорытынды мен ұсыныстар, алынған нәтижелердің ғылыми құндылығы да маңызды болмақ. Зерттеушілер зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін анықтау барысында педагогика әдіснамасы қорына, педагогикалық ойларға, тұжырымдамалар мен теорияларға сүйенеді, олардың зерттеу болжамы негізінде ғылыми теория құру мен педагогикалық дәлелдерді ашу мен түсіндіру үшін қажетті және жеткілікті болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет