Ғылыми мектептің теориялық нәтижелері:
- шетелдерде және Ресейде салыстырмалы педагогиканың дамуының тарихи кезеңдері анықталды және сипатталды;
- салыстырмалы педагогиканың әдіснамалық негіздері жасалды, педагогикалық компаративистиканың әдістері жетілдірілді;
- шетелдердегі замануи педагогиканың дамуын ұйымдастыру жайы сипатталды;
- Батыста және Ресейде жастарға адамгершілік және азаматтық тәрбиенің өзекті мәселелерді салыстырмалы түрде қарастырды;
- әлемдік білім беру кеңістігіндегі шетелдік білім беру жүйесінің трасформациясы зерттелді;
- шетелдердегі оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйелері талданды және сипатталды;
- шетелдердегі педагогикалық білім беруді жаңарту үрдістері зерделенді;
- шетелдердегі білім беруді басқаруды оңтайландыру жолдарын талқылады;
- инклюзивті білім беру жолдары анықталды;
- жалпы орта білім беру мазмұнын стандарттау үдерісінің ерекшеліктері сипатталды
Салыстырмалы педагогиканың ғылыми кеңесі (төрағасы – профессор С.В. Иванова), РБА білім беру философиясы мен теориялық педагогика бөлімінің жанынан құрылды. Бұл кеңес Ресейдегі
салыстырмалы педагогикалық зерттеулерді үйлестірумен айналысады.
Салыстырмалы педагогиканы зерттеу әдіснамасы ТМД елдері ғалымдарының атсалысуымен дамуда. Олардың ішінде С.В. Иванова, Г.Қ. Нұрғалиева, А.Қ. Құсайынов, К.С. Мусин сияқты профессорларды айрықша атап өткен жөн.
И ванова Светлана Вениаминовна 2011 жылдан бері РБА Білім беруді дамыту стратегиясы Институтын басқарып келеді. Профессор, философия ғылымдарының докторы (2008), Ресей Федерациясының 1-сыныптағы кеңесшісі.
Көптеген мемлекеттік құжаттарды жасауға белсене атсалысты.
Ғылыми бағыты – дидактикалық білімнің философиялық-әдіснамалық мәселелері.
Кәсіптік педагогика – үздіксіз білім беру теориясы.
1998 жылы РБА Педагогиканың теориясы мен тарихы институтының құрамында Үздіксіз білім беру Орталығы ашылды. Ол орталықты РБА академигі А.М. Новиков ашылды. Бұл жәйт зерттеу тақырыптарын байытты.
Достарыңызбен бөлісу: |