«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


Педагогикалық әдіснаманың теориялық негіздеріне



бет86/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

Педагогикалық әдіснаманың теориялық негіздеріне келесілер жатады: әдіснаманыанықтау; ғылым әдіснамасыныңң, оның деңгейлерінің қызмет жүйесі мен білім жүесі ретіндегі сипаты (жалпы философиялық, жалпы ғылыми, нақты ғылыми, зерттеу техникасы мен әдістерінің деңгейі); педагогика саласындағы зерттеу қызметін әдіснамалық қамтамасыз ету көздері; педагогика саласындағы әдіснамалық талдаудың объектісі мен пәні.
Педагогика әдіснамасының нормативтік негіздеріне келесілер жатады: педагогикадағы ғылыми таным; педагогика саласындағы ғылымға жататын жұмыстардың анықтамалары: мақсаттың сипаты, зерттеудің арнайы объектісін анықтау; педагогикалық зерттеулердің типологиясы; танымның арнайы құралдарын пайдалану; педагогика саласындағы ғалым өзінің ғылыми жұмысын бағалай алатын зерттеудің сипаттары.
Бұл негіздер арқылы әдіснамалық зерттеудің объективті салалары бейнеленген. Олардың нәтижелері педагог-зерттеушінің педагогика әдістемесі мен әдіснамалық рефлексиясының мазмұнын толықтыратын көздер ретінде қызмет етуі мүмкін. Нормативтік бөлімінде олар білім берудегі нақты зерттеудің сапасы мен тиімділігін бағалауда қолданылады. Жалпы алғанда алған білімдер педагогтың әдіснамалық мәдениетін қалыптастырудың негізін құрайды, оның құрамы мыналарды қамтиды: әдіснамалық рефлексия (өзінің ғылыми қызметін талдау қабілеті), ғылыми негізділікке қабілеті, критикалық талқылауға және нақты тұжырымдамаларды, танымның, басқарудың, құрастырудың формалары мен әдістерін шығармашылық пайдалануға қабілеттілік.
Жетекші компонент әдіснамалық рефлексия табылады, ол зерттеушіге өзінің ғылыми жұмысын талдап, жетілдіруге мүмкіндік беретін, ал ЖОО оқытушысына болашақ оқытушыларды даярлауды алып жүретін заманауи ғылым деңгейінде мүмкіндік береді. Педагогикалық зерттеулердің сапасын арттыру үшін екі бағытта әрекет ету қажет: әдіснамалық білім бар ғылым саласын жетілдіру қажет және осындай білімдерді педагог-зерттеушілерді даярлаудың мазмұны ету қажет.
Зерттеушінің әдіснамалық рефлексиясының мазмұны оның сапасын бағалауға мүмкіндік беретін педагогикалық зерттеудің келесідей сипаттарында көрінеді: мәселе, тақырып, өзектілік, зерттеу объектісі, оның пәні, мақсаты, міндеттері, гипотеза, жаңалық, ғылым үшін маңызы, тәжірибе үшін маңыздылығы[10].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет