«педагогиканың философиясы және әдіснамасы» ПӘні бойынша дәрістер мазмұНЫ


-сурет. Проблемалық жағдаятты өрістету және шешу логикасы



бет109/162
Дата16.09.2022
өлшемі0,98 Mb.
#149713
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162
Байланысты:
ПФжӘ дәріс

1-сурет. Проблемалық жағдаятты өрістету және шешу логикасы
Қандай да бір зерттеу проблемасының пайда болуы белгілі бір зерттеу саласының теориясы мен практикасында тағайындалады (8 кесте).
8-кесте. Дидактикалық проблема элементтерінің сипаты





Проблема элементтері

Мазмұнды сипаттама

1

Проблеманы
тұжырымдау



  • Орталық мәселені ұсыну;

  • проблеманың негізі болатын қарама-қайшылықтың айқындалуы;

  • Күтілетін нәтижені алдын-ала сипаттау.

2

Проблеманы құру

  • Проблеманың зерттеудің жеке міндеттері мен сауалдарына бөлінуі;

  • Композиция – проблеманы құрайтын мәселелерді реттеу;

  • Зерттеу шекарасын анықтау.

3

Проблеманы бағалау

  • Проблеманы шешудің барлық шарттарының айқындалуы: зерттеудің әдіст-тәсілдерін, әдістемесін, сонымен бірге эксперимент жүргізудің мүмкіндіктерін таңдау;

  • Проблеманы шешудің мүмкіндіктері, алғышарты

болып табылатын қолда бар мүмкіндіктерінің айқындалуы;

  • Проблеманы шешу үшін пайдаланылуы талап етілетін белгілі және белгілі емес ақпараттардың проблемалық дәрежелерінің айқындалуы.

  • Проблеманың саралануы.

4

Проблеманың негіздемесі



  • Таңдалған проблеманы басқалармен салыстырмалы шешудің ұтқыр әдістерін таңдау ерекшеліктерін анықтау;

  • Өзектілік - проблеманы пайдалы шешуге айналдыру үшін дәлелдер келтіру;

  • Проблеманы таңдау бойынша қарсылық көрсету;

  • Экспликация немесе шешілетін проблеманың түсіндіру анықтамасы;

  • Қайта кодтау, яғни проблема мазмұнын пәндік-ғылыми тілге айналдыру.

Проблеманың жіктелуі әртүрлі негіз бойынша жүргізілуі мүмкін: теориялық және эмпирикалық, жалпы және жеке, іргелі және қолданбалы, жалған және шынайы. (9-кесте).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   162




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет