Жасалынған жұмыс нәтижесі және қорытынды
Ғылыми жұмыс:
(курстық, дипломдық) талаптары:
Таңдаған пәнінен тақырыпты анықтағаннан кейін, студент өз – бетімен тақырыпты зерттеумен айналысады. (әрине,жетекші кеңес береді).
Теориялық бөлімін дайындау: а) ғылыми әдебиеттер мен басылымдармен жұмыс. (оқу, зерттеу).
Жоспар құру, тезис жазу.
Тезисті ашып жазу дәлелдеу, мысалдар, салыстырулар келтіру.
Қорытындылау.
Осы теориялық бөлімге педагогикалық практикада жүргізген зерттеу, тәжірибе жұмыстарыңды байланыстырып, жұмыс нәтижесін анықтап (диаграмма, схема арқылы) теорияны дәлелдейтіндей өз қорытындысын жазу.
6. Қосымша материалдар топтамасы бөлек жинақталады.
Қорытындылау
Түйіндеме
Айтпақшы!
Ғылыми жұмыстың құрылымына талаптар:
Титул беті;
Тақырып қысқа, мазмұнға лайық болуы тиіс.
Мазмұны: реттік номерлері көрсетілген тақырыптар, тақырыпшалар көрсетіледі.
Егер қысқартылған сөздер кездессе, оған түсінік бөлек тізімде беріледі.
Кіріспе: Қорғағалы тұрған проблеманың (міндеттің) қазіргі жағдайы; бұл тақырыпты неліктен таңдағаның; өзектілігі, жаңалығы; басқа зерттеу объектілерімен, жұмыстарымен байланысы, зерттеу болжамы, көрсетіледі.
Негізгі бөлім.
Жұмыстың маңызы, мазмұны, әдістері және нәтижесі көрсетіледі.
-қойылған міндеттер айқындалып, қарама-қайшылықтар мен шешілмеген мәселелер көтеріледі;
-теориялық зерттеулер және эксперимент нәтижесі; зерттеу әдістері, принциптері, жеткен нәтиже көрсетіледі.
Негізгі бөлім-бөліктер, пунттерге бөлінеді, әр бөлік аяқталған хабарды беруі тиіс.
7.Қорытынды:
Ғылыми-зерттеу жұмысының қысқа қорытындысын, шешімін көрсетеді. Ұсыныс айқындалады, жұмыстағы нәтиже мен ұсыныстан шығатын нәтиженің тиімділігіне баға беріледі.
8.Пайдаланған әдебиет тізімі.
Достарыңызбен бөлісу: |