«Педагогиканы оқыту әдістемесі» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ



бет69/71
Дата06.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#76580
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71
Байланысты:
6f937c3d-39bc-11e3-9713-f6d299da70eeПедагогикалық мамандыққа кіріспе

5 СТУДЕНТТЕРДІҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ
5.1 Студенттердің өздік жұмыстарының ұйымдастырылуына әдістемелік нұсқаулық

Педагогика пәні бойынша өзіндік жұмыстың әр түрлі тапсырмаларын орындау үшін студенттерге ұсынылатын нұсқаулар


1. Ақпараттық хабарлама әзірлеу – семинар, практикалық сабақтарда баяндау үшін әзірленген, көлемі жағынан шағын болып келетін өзіндік жұмыстың түрі.


Хабарлама мақсаты – оқу материалын белгілі бір тақырып бойынша жинақтау. Хабарлама қысқа болғанымен, фактілік, статистикалық ақпараттармен толықтырылады. Жазбаша рәсімделіп, көрнекілік элементтерін қамтуы мүмкін. Хабарламаға сапалы дайындалу үшін мына ұсыныстарды орындау керек:
-мәселе бойынша әдебиеттерді оқу;
-хабарлама жоспарын құру (оқу материалының күрделілігіне қарай жай (қарапайым) немесе күрделі жоспар құруға болады);
-негізгі түсініктерін таңдап, анықтама беру;
-қарастырылып отырған құбылыстың (үдерістің, нысанның т.б.) себеп-салдарлық байланысын көрсету;
-оқу нысанын жан-жақты сипаттайтын қосымша мәліметтерді қолдану;
-томендегі берілген үлгі бойынша хабарлама мәтінін дайындау:
Тақырып (мәселе) атауы: «Педагогикалық зерттеу әдістері»



  1. Түсініктің мәні:




  1. Зерттеу әдістерінің классификациясы




  1. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы






  1. Зерттеу әдістерін таңдау жолдары




  1. Хабарлама бойынша қорытындылар

Ақпараттық хабарламаны бағалау критерилері:


-мазмұнның тақырыпқа сай келуі;
-материалды өңдеудің негізі мен тереңдігі;
-оқуға міндетті (негізгі) әрі қосымша әдебиеттерді пайдалану;
-көрнекілікті қолдану;
-хабарлама жасауға бөлінген уақыт регламентін сақтау (5 минут).

2. Глоссарий (сөздік) құрастыру – педагогика тақырыбы бойынша кездескен терминдерді жинақтау мен жүйелеуден тұратын өзіндік жұмыс түрі.


Глоссарийді құру мақсаты – басты терминдер мен олардың анықтамаларын көрсету. Терминдер мен олардың анықтамалары жазбаша рәсімделіп, әліпби тәртібімен беріледі.
Студент келесі нұсқауларды ұстануына болады:
-тақырып бойынша материалды оқу;
-басты терминдерді таңдау;
-негізгі анықтамаларды жазу;
-анықтамаларды талдау, ең нақты және қысқа анықтаманы шығару;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, глоссарий құрастыру:



Терминдер

Анықтамасы

Алынған жері

1.

Анализ (талдау)

Құбылыстардың жекелеген жақтарын, белгілері мен қасиеттерін анықтап қарастыру

Философиялық-энциклопедиялық сөздік - М.: Инфра-М., 1997. – 376с.

Глоссарийді бағалау критерилері:
-терминдердің тақырыпқа сәйкестігі;
-терминдердің көп аспектілігі және оларды оқылып отырған пәннің ерекшелігіне сай ықшамдаудың нақтылығы;
-талапқа сай рәсімдеудің сәйкестігі;
-жұмыстың көрсетілген мерзімінде тапсырылуы.
3. Алғашқы дереккөздерден конспекті жазу (мақалалар, оқулықтар, монографиялар және т.б.) – ақпаратты қысқаша үлгіде конспектілеуге бағытталған өзіндік жұмыстың бір түрі.
Жұмыстың бұл түрінің мақсаты деректемелердің негізгі ережелерін анықтау, автор теорияға қандай жаңалық енгізгеніне талдау жасау. Жұмыс жазбаша рәсімделеді.
Тапсырманы орындауға арналған нұсқаулар:
-деректеменің оқу матералын оқып шығуы, бастысын, жаднамасын анықтау;
-жоспар құру;
-тақырып бөлімдерінің арасында байланыс орнату;
-басты түсініктер, сөздерді, ұғымдарды айқындау;
-күрделі сөйлемдерді жай, қарапайым, қысқа сөйлемдерге ауыстыру;
-шартты қысқартулар жүйесін әзірлеу және қолдану;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, конспект жазу:

1. Дереккөздер конспектісі (оқулық, монография тарауы)
______________________________________________________________________
2. Автордың толық аты-жөні, жұмыстың толық атауы, басылып шыққан уақыты______________________________________________________________________
3.Жоспары
1.______________________________________________________________________
________________________________________________________________________

    1. ____________________________________________________________________

    2. ____________________________________________________________________

2. ______________________________________________________________________
2.1_____________________________________________________________________
2.2_____________________________________________________________________

  1. Жоспардың әр сұрағын толығымен ашып көрсету

Дереккөздерді конспектілеуді бағалау критерилері:


-мазмұн жоспарға сай келуі;
-автор жұмысының нәтижелерін, негізгі ережелерін дәлелді беруі;
-негізгі жайттарды бірізділік пен нақтылық арқылы беруі;
-ерекше мәнге ие ақпаратты белгілеп көрсету үшін графикалық және басқа да шартты таңбаларды қолдану;
-баяндаудың сауаттылығы;
-талаптарына сай рәсімделуі;
-конспектіні мерзімінде тапсыруы.

4. Эссе жазу – тақырыбы субьективті түрде ғана ашылған өзекті тақырыпқа еркін түрде шағын көлемді шығарма жазудағы өзіндік жұмыстың бір түрі.


Эссе мақсаты – мәселенің мәнін ашу, логикалық ойлаудың нәтижесінде өз пікірін жазбаша түрінде беру және әр түрлі көзқарасты ұстану.
Тапсырманы орындауға келесі нұсқаулар беріледі:
-эссе тақырыбын мұқият оқып, ондағы мәселені анықтап алу;
-эссе тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысып, іріктеп алу;
-эссе жоспарын құру;
-мәселенің мазмұнын және оны шешу жолдарын қысқа, тұжырымды етіп көрсету;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, эссені рәсімдеу:
Эссе тақырыбы мен мақсаты________________________________________
Эссе мазмұны:
-тақырыптың теория мен практика үшін өзектілігі;
-мәселені шешу үшін дәл келетін жолдарды талдау («артықшылықтары», «кемшіліктері»);
-мәселені шешудің өзіндік жолын ұсыну;
-ұсынылған жолдың шынайылыққа айналдыру (жоспары, ресурстары және т.б.);
-ұсынылған жолдың, тәсілдің «күшті» және «әлсіз» жақтарын көрсету.
Эссені бағалау критерилері:
-мазмұн эссе тақырыбына сәйкес келуі;
-мәселенің қазіргі жағдайын нақтылы бағалау;
-ұсынылған идеяның тиімділігі мен мәні;
-мәселені шешудегі ерекше жолдың, амалдың бар болуы;
-баяндаудың айшықтығы, бейнелілігі;
-баяндау сауттылығы.

5. Рецензия (сын пікір) жазу – рефератқа, кітапқа, мақалаға, шығармаға және т.б. пікір жазатын өзіндік жұмыстың бір түрі.


Рецензияны жазудағы мақсат – жұмысқа талдау жасау: оның мазмұны, «артықшылықтары» мен «кемшіліктері», зерттелініп отырған мәселеге автордың қосқан үлесі, амалдардың өзіндік ерекшелігі.
Тапсырманы орындауға арналған ұсыныстар:
-рецензияланатын дереккөзді мұқият оқып шығу;
-рецензия жоспарын құру;
-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;
-жұмысқа баға беру;
-төмендегі үлгіні пайдалана отырып, рецензияны рәсімдеу:

Дереккөзге (реферат, мақала және т.б.)
Рецензия (Сын пікір)

Автордың аты-жөні, жұмыс атауы, басылған жылы


Жоспары:

  1. Автор туралы қысқаша мәлімет

  2. Басылым түрі (реферат, мақала, кітап және т.б.)

  3. Басылымның мақсаты мен міндеттері

  4. Басылым құрылымы және жұмыстың қысқаша мазмұны

  5. Аталған басылымның осыған ұқсас басылымдардан ерекшелігі

  6. Басылымның артықшылықтары мен кемшіліктері

  7. Басылымның практикалық мәні

  8. Баяндау стилі (қол жетімділігі, анықтылығы, бейнелілігі, көрнекілік және т.б.).

  9. Басылымның жалпы бағасы

Рецензияны бағалау критерилері:


-рецензияланатын жұмыстың толық талдауы;
-рецензияланатын дереккөздің «артықшылықтары» мен «кемшіліктерін» айқындау;
-студенттің рецензияланатын дереккөзге өзінің жеке пікірін білдіру;
-рәсімдеу талаптарына сәйкестігі;
-мазмұндаудың сауаттылығы;
-көрсетілген мерзімде өткізілуі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет