Педагогиканың пәні – арнайы әлеуметтік институттарда (жанұяда,
білім беру, мәдени, тәрбиелеу орталықтары) ұйымдастырылатын педагогикалық үрдіс.
Осы мағынада, педагогика-адам дамуының факторы және құралы болып табылатын педагогикалық үрдістің мәнін,
заңдылықтарын, дамуын зерттейтін ғылым.
Осы негізде педагогика педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориясы мен технологиясын жасайды.
Педагогика ұғымдарының бірі - тәрбие. Тәрбие - қоғамның негізгі жеке адамды мақсатты жүйелі қалыптастыру принципі больш табылады. Тәрбие жайында осы уақытқа дейін әр түрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіңдірушілерде бар. Бұл жағдайда бала пассивті обьект түріңде қарастырылады. Ол субъекті бола алмайды, яғни, өздігінен ойланып, белсенді іс - әрекет жасау рөлін атқармайды.
Тәрбие баланың өздігінен табиғи және еркін дамуы үшін жасалатын жағдай деп анықтама берушілер де кездеседі Бұл жерде балаға толық ерік беру мәселесіне ерекше көңіл аударылып, ал тәрбиенің рөлі бүркемеленіп, елеусіз қалып отыр.