Педагогиканың шығуы және дамуы



Дата25.12.2021
өлшемі33,14 Kb.
#105433
Байланысты:
Педагогиканың шығуы және дамуы


Педагогиканың шығуы және дамуы

  Жоспар:

Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары.

Педагогиканың шығуы және дамуы.

   1.   Педагогика деген сөз,яғни термин,көне грек тілінен шыққан,ол балаларды ертіп жүруші,баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс- балалар және эгейн- баланы басқару,тәрбиелеу,жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика -бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе түсуде. Сондықтан педагогика- бала тәрбиесі жайындағы ғылым , - деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы- тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие- жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап,оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі. Педагогика пәнін толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.

         Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін  саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы: философиядағы ұғымдарға болмыс , материя , қозғалыс ; ал педагогикада – тәрбие,білім беру, оқыту жатады.

         Педагогикалық ұғымдар арқылы  педагогикалық құбылыстарды, олардың  байланысын танимыз.

         Педагогикалық ұғымдардың бірі- тәрбие.

          Тәрбие дегеніміз- адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тжірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын,атап айтсақ : отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу- тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары,баспа орвындарын  қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық,мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.

          Кең мағынада деген ұғымда  бүкіл сыртқы әсерлердің, адамдарды  қоршап тұрған, табиғи және әлеуметтік  ортаның, тәрбиешілердің мақсатты  іс- әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.

           Тәрбие терминін тар мағынада  Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада  Өмір тәрбиелейді деп қолданудың  тәрбие жайлы ұғымды анықтауда  зор мәні бар.

           Тәрбие – тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның белгілі бір қасиетін қалыптастыруға, мәселен, эстетикалық талғамын тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.

           Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке  дайындау арқылы қоғамның алға  қарай дамуын қамтамасыз ететін  процесс. Тәрбие – педагогикалық  кең мағынада қоғамның арнайы бөлінген адамдары- мұғалім, педагог, тәрбиешілердің басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын ұйымдастырып,жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық факторларды пайдалана отырып ерекше әді- тәсілдерді қолданады.

           Тәрбие жайлы әр түрлі теориялар  мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені ересек адамдардың балаларға  ықпал жасауы деп түсіндірушілер  де бар. Ол педагогикалық процестің  субъектісі бола алмайды.Бұдан  тәрбиеге бір жақты анықтама  беру байқалады.

           Білім беру- табиғат пен қоғам  жайында жинақталған білім жүйесін  жеке адамның меңгеруі және  оны өмірде тиімді етіп қолдана  білу.

           Білім беру ұғымын педагогикаға  тұңғыш енгізген И.Пестолоцци.

           Білім беру- оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың дамуына ықпал жасайтын процесс.

            Оқыту- білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, біртекті процесс.

1.Оқытушы оқушыларға  білім беріп ,іскерлік ,дағдыға  үйретеді.

2.Оқушы таным міндеттерін  жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.

            Ал адамның білім алуы тек  оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім алуына көпшілік  ақпарат құралдары кино , радио,  телхабар, т.б. ықпал  жасайды.

            Сонымен бірге дамның жетілуі, даму, өзін -өзі тәрбиелеу ұғымдары да педагогиканың зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.

            Жеке адамның дамуы- бұл ішкі  және сыртқы, басқарылатын, басқарылмайтын  және факторлардың ықпалымен  жеке адамның қалыптасып жетілу  процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсатты түрде жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.

            Жеке адамның қалыптасуында өзін- өзі тәрбиелеудің маңызы зор.  Өзін - өзі тәрбиелеу- адамның  саналы түрде ,белгілі бір мақсат  көздеп өзінің бойына қалыптастыратын  қасиет,мінез-мқұлық дағдысына бағытталған жұмыс.

           Негізгі педагогикалық ұғымдар-  тәрбие,білім беру, оқыту біріне  бірі тәуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты  құралы.

   2. Педагогиканың шығуы мен дамуы. Қандай да болмасын ғылым салаларының дамуы қоғамның өмірлік мұқтажынан ,талабынан туады. Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады.Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті.

            Алғашқы педагогикалық ой- пікірлер  ертедегі шығыс елдерінің ( мысыр,  Вавилония, Үнді,Қытай ) философиялық  жүйесінде дамып,кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады.

             Ежелгі дүние философиясы ертедегі  шығыс елдерінің қорытып жиыстырған  білім мұрасын дамытқан еді.Сократ,Платон,Аристотель,Демокрит саясат,тәрбие,мемлекет,жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады.Феодалдық қоғамда  орта ғасырда тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді.Ерте дүние педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы көзқарасының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер қалыптасты.

        15- 16 ғасыр  педагогикасы орта ғасыр педагогикасын  сынады. Адамның жеке басының  тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды, мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталды ( Ф. Рабле , Т. Мор, Т. Кампанелла) Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажеттігін дәлелдеді.

        Феодализмнен  капитализмге өту дәуірінде дін  шырмауындағы ғылымдар дамып,  жеке бөлініп шыға бастайды. Осы  кезде педагогика да өз алдына  ғылым ретінде бөлініп шықты.  Сол ғасырда педагогиканың жеке ғылым ретінде мәртебесі чех халқының ұлы педагогы Ян Коменскийдің ( 1592-1670) Ұлы дидактика еңбегімен беки түсті. Батыс Еуропада ағылшын философы Джон Локк (1632- 1704) Тәрбие туралы ойлар деген еңбегінде тәрбиенің психологиялық негіздеріне ,адамгершілік тәрбиесіне көбірек көңіл бөлді. Ол баланы таза тақтаға теңеді . Францияда  Жан- Жак Руссо (1712- 1778 ) баланы табиғат арқылы, табиғаттай жетілдіре тәрбиелеуге көңіл бөліп ,баланы жазалауға қарсы болды, қатаң таяқ тәртібіне қарсы еркін тәрбие идеясын ұсынды. Швецияраның педагог- демократы И.Пестолоцци Лингарг и Гертруда деген еңбегінде білім беруге демократиялық көзқарасты, тәрбиенің гуманитарлық сипатын балаға шын пейілмен көңіл бөлуді жақтады.

          Ресейде революциялық – демократияшыл ойдың негізін салушылар:

     А.Н. Радищев, В.Г.Белинский,  А.Н.Герцен; 19 ғасырдың 60-жылдарында  Н.Г.Черневский, Н.А. Добролюбов, 19 ғасырдың 2 жартысында демократияшыл тәрбиенің  идеяларын ұсынушылар: Н.И.Пирогов,  К.У. Ушинский,Л.Н.Толстой,т.б. болды.

         (1869-1939) кеңестік педагогика ғылымын дамытуға зор үлес қосып, еңбек және политехникалық білім беру, идеялық – саяс тәрбие мәселелерін ғылыми- теориялық негізде талдады. Н.К.Крупскаяның айырықша көңіл бөлген мәселелерінің бірі- оқыту теориясы. Сонымен қатар кеңес мектебінде оқушылардың өзін өзі басқарудағы мақсаты мен міндеттерін белгіледі. Оның еңбектерінде отбасы тәрбиесі,балалардың қоғамдық ұйымдарының қоғамда алатын рөлі және міндеттері көрсетілді.

         Көрнекті кеңес педагогы Антон Семенович Макаренко (1888- 1939) жастарды қайта тәрбиелеудегі өзінің бай тәжірибесіне сүйеніп, оқу- тәрбие жұмысын жүргізудің жүйелі теориясы мен әдәстемесін құрды.

        Макаренконың тәрбие мен оқу жайлы еңбектері, оның 7 –томдық педагогикалық шығармаларында жинақталған. Олар:  Ата- аналар кітабы, Балаларды тәрбиелеу жайлы дәрістер, Тәрбие жұмысын ұйымдастыру әдістемесі, Кеңестік мектеп тәрбиесінің мәселелері, Педагогикалық поэма , Мұнара үстіндегі турлар. Бұл еңбектерінде Макаренко тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін ,әдістері мен негізгі принциптерін , балалар ұжымы мен оқушыға қойылатын бірыңғай педагогикалық талаптарды зерттеп жинақтады.

        Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918- 1970) өзінің педагогикалық жүйесінде әрбір оқушының жеке басының жан- жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің жетілуіне бағыттылған оқу- тәрбие процесін ұйымдастырды.Павлыш орта мектебі, Балаға жүрек жылуы, Ұжымның құдіретті күші, Мектептің жас директорымен сырласу, Ұлыма Хат , т.б. құнды еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.

        Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі – Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов ( 1835- 1865).Ағартушы – ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады.Діни бағыттағы медреселер мен ел билеушісі әкімдер,тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сына келіп , жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді. Тек ақиқат білім ғана адамға күдік туғызбайды,ол өмірді бағалауға , тұрмыс құруға үйретеді,- деді Шоқан.

            Қазақтың аса көрнекті ағартушы  – педагогы Ыбырай Алтынсаринің (1841-1889) демократиялық – ағартушылық бағыты оның педагоикалық көзқарастарынан көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға , дүние ғылымдарын үйретуге , оқу құралдарын жазуға , тәлімгер- ұстаз дайындауға , оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеніндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси- әлеуметтік мәселелерді жан- жақты қамтып жазуға жұмсады.

            Ы. Алтынсарин қазақ жастарының мамандық алуына жол ашты. Торғайда –қолөнер, Қостанайда- ауыл шаруашылығы училищелері, Ырғызда – қазақ қыздарына арнап мектеп- интернат ашылуына зор ықпал жасады.

            Қазақ халқының ұлы ойшыл ақыны  Абай Құнанбаевтың (1845-1904) поэтикалық шығармалары мен ғақлия сөздері педагогикалық ой – пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатының түйсік пен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі ғылымның ақылмен, жан құмары мен алынатындығы оның көрінісі.Ақынның педагогикалық көзқарасының қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері,жастарды халқының әдеп- ғұрпы, салт- санасы,дәстүрінен тәлім- тәрбие алуға шақыруы дүниежүзілік педагогика классиктерінің ой-пікірлерімен үндеседі.

               Ағартушы – педагог   ( 1873- 1937) мол педагогикалық мұра қалдырды.А.Байтұрсынов бүкіл саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымының дамуына, мектеп ағартушылық ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштайды.Ол ауыл мектебінде,семинарияларда бала оқытты,оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.

              А.Байтұрсынов қазақ газетіндегі  (1914 жылы) мектеп керектері,- деген  мақаласында : Ең әуелі мектепке  керегі-білімді , педагогика, методикадан  хабарлар оқыта білетін мұғалім.  Екінші- оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы әмсайлы болуы.Үшінші-  мектепке керегі белгленген бағдарлама. Әр іс көңілдегідей болып шығуы үшін оның үлгісі, я мезгілді өлшеуіші болуы керек. Үлгісіз я өлшеусіз істелген іс- ол я артық, я кем шықпақшы- деп оқытудың дидактикалық принциптерін ғылыми тұрғыдан белгілеп берді.

               А.Байтұрсынов ұсынған жаңа әліпби 1913 жылдардан бастап мұсылман  медреселері мен орыс- қазақ мектептерінде  қолданыла бастады.

               Міржақып Дулатов (1885- 1935) Ы. Алтынсариннің ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып , А. Байтұрсынов сияқты оқу- тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкіттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, мұғалімдердің ғылыми  дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуіне ерекше мән берген педагогтардың бірі.

           М.Дулатовтың Есеп құралын (1921 жыл) қазіргі кездегі математикадан оқу кітаптарын құрастырушылар үшін теңдесі жоқ үлгі деуге болады.

           Мектепке дейінгі тәрбие мәселесіне  қозғау салып негізін қалауға  қатысқан педагог – Назипа Құлжанова ( 1887-1934 ). Оның мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу атты педагогикалық жинақ – нұсқау кітабы 1924 жылы жарық көрді . Раиса Григорьевна Лемберг ( 1888-1975 ) педагог , ғалым. Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор. Ленинград университетін бітірген. Политехникалық оқу мәселелері деген , т.б. еңбектер жазды. 1938 жылдан бастап Абай атындағы қазақ педагогикалық институтында жұмыс істеді. Осы кезден бастап дидактикамен жете шұғылданды. Осыған байланысты Сабақ құрылысының  мәселелері (1941 ), Сабақта оқушылардың білімі мен іскерлігін жетілдіру (1942 ), т.б. ірі еңбектері жарияланды.

              Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931 ) педагогика, психология саласында құнды ғылыми – зерттеу еңбектері мен қатар бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Тәрбиеге жетекші атты еңбегінде ( 1924 жыл)  педагогиканың дидактика саласын ғылыми негіздеген.

             Қазан төңкерісінен кейін тәлім-тәрбие  ғылымына терең үңілгендердің  бірі – Мағжан Жұмабаев (1893- 1938). Оның  Педагогика атты еңбегі сол кезеңдегі ана тілімізде жазылып, ғылыми әлемді елең еткізген туынды болды.

            Қазақ педагогика ғылымының тұңғыш  профессоры Шәрапи Әлжановтың ( 1901-1938 ) тәлім –тәрбие саласында әр түрлі тақырыптың төңірегінде жазған 20 –дан  астам еңбегі жарық көрді. Ол Ес және Есте сақтау мәселелері, Ой мәселелері , Дағдылану мәселелері атты еңбегінде  (1936) шәкірт психологиясының жас және дара ерекшеліктері жайлы сөз қозғайды.

             Қазақтың белгілі педагогы Әбдіхамит Сембаевтың ( 1905- 1989 ) қаламынан 80-нен астам қомақты ғылыми – педагогикалық еңбектер шықты .

Қазақстанда Советтік мектептің  даму тарихы ( 1962 ж. ) атты монографиялық  еңбегінде мектептердің көптеп ашылуын , оқулықтармен оқу -әдістемелік құралдардың  жасалу жолдарын, мұғалім кадрларын даярлау ісіндегі қол жеткен табыстарды нақтылы деректермен  ғылыми тұрғыда дәлелдеді.

            Сұлтанбек Қожахметов (1910-1945) дидактика мәселелерімен жан –жақты айналысқан педагогтардың бірі. Өзінің педагогика мәселелері (1940 ж),- деген атпен шыққан кітабында шәкірт меңгеретін білімнің саналылығы мен  жинақтылығының өлшемдері, оның алған білімі мен дағдысын ,іскерлігін бағал Қартбай Бержанов (1924-1976)- педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Педагогика ғылымының дамуына елеулі үлес қосқан ғалым –ұстаз.



Қорыта айтқанда, Қазақстанда педагогика ғылымын 20 ғасырдың 2-ші жартысынан бері тез қарқынмен дамыды.ай білудің ғылыми негіздерін қарастырды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет