«Педагогикасы» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар


Жоспары “Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi



бет13/15
Дата08.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59716
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Жоспары

  1. “Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi.


  2. Оқу-тәрбие процесіне жетекшілік пен ұйымдастырудағы мектеп жетекшілерінің қызметтері.

  3. Педагог кадрлардың әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы.

Мектептi басқару мен басшылық ету” ұғымының мәнi және оның негiзгi принциптерi. Педагогика ғылымында мектепті басқару – бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол жайлы ғалым-педагог Н.Д.Хмель өзінің зерттеулерінде: «педагогикалық процесті басқару дегеніміз әлеуметтік жүйені басқару» -деп көрсеткен [1.77]. Қазiргi заман мектебi – күрделi де кіріктірілген жүйе, ол оқушылардың, оларды оқытып, тәрбиелейтiн мұғалiмдердiң, мектеп әкiмшiлiгiнiң (директоры, оның оқу және тәрбие жұмысы бойынша орынбасарлары), оқу-тәрбиелiк және қызмет көрсететiн адамдардың іс-әрекетiнен, мектеп алдында тұрған жалпы мiндеттердi шешуге белгiлi бiр жағдай жасайтын материалдық базадан тұрады. Сонымен қатар, мектеп дегенiмiз – мұғалiмдер мен онда қызмет ететiн адамдар ұжымы, олар бiлiм беру жүйесiн мемлекеттiк т?р?ыдан басқарудың объектiлерi болып табылады. Қазiргi мектептi өзара байланысы бар, iшкi құрылымы және социуммен белгiленетін тұтас әлуметтiк-педагогикалық жүйе ретiнде қарастыру керек. Ол өзара тығыз байланысты екi жүйеден тұрады: басқарушы және басқарылушы. Бұл қазiргi кез-келген оқу-бiлiм беру мекемесiнiң алдына өмiрдiң өзi қойып отырған мiндеттердi жүзеге асыру бойынша барлық жұмыстың басты ұйымдастырушысы ретiндегi мектеп директорының тiкелей басқару іс-әрекетiнде көрiну керек. Мектеп басшылығы мен мұғалiмдерден тұратын басқару жүйесi жетекшi болып келедi. Басқарылушы кiшi жүйеге оқушылар мен олардың ұйымдары жатады.

Мектептi басқарудың басты мәнi – оқыту мен тәрбиелеудегі оңтайлы нәтижені алу мақсатында оқушылар мен олардың ата-аналарына педагогтардың мақсатты бағытталған ықпал етуінен тұрады.

Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г.Афанасьевтiң пайымдауынша: “Басқару – қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiк табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады” [2,38].


ХХ-ХХI ғасырлар тоғысында?ы басқару бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Ғылыми басқарудың теориялық негізі кеңестік әдіснамалық мектепте жасалған дәл осылар болады [3].

“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс жайған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдық қарым-қатынас теорияларының” орнына, басқарудың жүйелiк теориялары, жағдайаттық теориялар, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтың жағымды жақтарын бiрiктiруге ұмтылған, ұйымдастырушылық даму теориялары келдi.


Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулер бар: оларда мектептi басқарудың (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) мәнi ашылады. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, Г.А. Уманов т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (А.А. Бейсенбаева, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың мамандығын көтеру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б.А. Альмухамбетов т.б.) жұмыстар жүргiзiледi. Мектеп басқарудың жаңашылдық аспектiлерi М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талданған. Алайда, мектеп басшыларын ұйымдастыруға және мектепке жаңалық ендіруді басқаруға даярлаудың әдiснамасы және маңызы педагогика ғылымында жеткiлiктi баяндалмаған.

Басқарудың қызметтерiн тек дидактикалық тұрғыдағы аспектiлермен шектеген қате болар едi. Бiлiм беру мектептерiндегi педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқаруға келеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбиелiк жұмыстың тәрбиенiң қалыптасқан стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды өте қатты қажет етедi.

Қазақстан Республикасында беделдi азаматты тәрбиелеу мәселесi ерекше мәнге ие болып отыр, яғни бұл процесс педагогикалық басқару практикалық маңызды мәселе болып табылады.

Г.И. Щукинаның пiкiрi бойынша, басқару– мектеп iшiндегi “психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк” сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу. Алайда басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту тек материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi. Материалдарда, көбiнесе, негiзгi идеялар мен тәжiрибенiң талдауы болмайды және оларды қолданудың кеңес-ұсыныстары берiлмейдi, оны енгiзудiң шарттары да көрсетiлмейдi. Ал кейбiр жағдайларда, тұтас жұмыс жүйесi емес, керiсiнше, жекелеген тәсiлдер ғана суреттелiп таратылады. Кейде, мектеп басшылары мен бiлiм беру органдары үшiн ешқандай тәжiрибелiк құндылығы жоқ көптеген материалдар жинақталады. М.М. Поташник былай дейдi: ”Басқару – мектептiң қалыптасуын, тұрақтануын, тиiмдi қызмет етуiн және дамуын қамтамасыз ететiн барлық субъектiлердiң мақсатты іс-әрекетi”. Бұл анықтама маңызды екi нәрсеге назар аудартады: бiрiншiден, кез-келген басқарудың мақсатты іс-әрекет болып табылатынына; екiншiден, ол басқалардан өзiнiң мiндеттерiмен ерекшеленетiніне. К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: ”Басқару – нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi”.

Педагогикалық басқару әлеуметтiк мақсатта жүзеге асады, ол адамдардың іс-әрекетiн басқару мен олардың бiрiгуiне қатысты. Алайда, ол жалпы әлеуметтiк басқарудан өзiнiң объектiлерiмен (оқушылар, мектептер, мектептен тыс мекемелер, халыққа бiлiм беру бөлiмшелерi, т.б.), олардың заңдылықтарымен ерекшеленедi.

Практикалық іс-әрекет ретiндегi педагогикалық басқару – оқушылардың оқуы мен тәрбиесiн басқару. Педагогикалық басқару теориясы – мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар жүзеге асыратын тәрбие мен оқыту процестерiн басқару туралы бiлiмдер.

“Педагогикалық басқару” ұғымы “бiлiм берудi басқару” ұғымынан кең, өйткенi ол тәрбие мен оқытуды жүргiзетiн басқа мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдарда (жанұя, қоғамдық ұйымдар, мамандықты көтеру жүйесiнiң мекемелерi, т.б.) қызмет етедi. Шындығында, педагогикалық басқарудың кез-келген “адам – адам” жүйесiнде орны бар. Бұл жағдайда педагогикалық мақсаттар басқарудың негiзгi түрiне бағынады – педагогикалық процесс субъектi іс-әрекетiн басқару.



Педагогикалық басқарудың бiлiм беру жүйесiндегi басты объектiсi –жеткіншек жас ұрпақтар болып табылады. Оларды оқыту мен тәрбиелеудi басқару не тiкелей (мұғалiмдер, тәрбиешiлер арқылы), не жанама – мемлекеттiк қоғамдық ұйымдар арқылы жүргiзiледi.

Басқару субъектiсiнiң қызметтер жиынтығын басшылық дейдi.

Бiлiм беру мекемесiн басқару іс-әрекетiнiң басқа мекемелер немесе өнеркәсiп орындарындағы басшылықтың жұмысынан едәуiр айырмашылығы бар. К.Д. Ушинский былай деп жазған: “Егер қаржы немесе әкiмшiлiк әлемде олардың идеяларының орындаушыларға ұнайтын-ұнамайтынын ескермей, ұйғарыммен, жарлықпен қызмет етуге болатын болса, қоғамдық тәрбие беру әлемiнде ашық айтылып, ашық қабылданған пiкiрден басқа идеяны жүзеге асырудың басқа амалы жоқ”. М.И. Кондаков: “Мектеп жұмысын басқару өндiрiстiк және қоғамдық өмiрдiң басқа салаларын басқарудан айтарлықтай ерекше, өйткенi мұнда күштердi орналастыру мен үйлестiру, байланыс пен өзара тәуелдiлiк жүйесiн жүзеге асырудан басқа, оқу-тәрбие процесiнiң барлық жақтарына бағытталған ұйымдастырушылық-педагогикалық ықпал ету мәселелерi басты мәнге ие болады”, - дейдi.

Бiлiм беру жүйесiнiң белгілі бір ретпен жасалған (иерархиялық) құрылымының әрбiр элементiнде, министрлiк болсын, облыстық, аудандық басқарушы ұйым (департаменттер, бiлiм беру бөлiмдерi) немесе мектептер болсын, бәрiнде, тек педагогикалық қана емес, басқарудың басқа да түрлерi кездеседi, мысалы: әкiмшiлiк, шаруашылық, құқықтық. Басқарудың барлық түрлерi бiлiм беру жүйесiнiң шеңберiнде бiр-бiрiмен байланысты, олардың бәрi жалпы тәрбиелiк және бiлiм беру мiндеттерiн шешуге бағытталған. О.С. Анисимов: “Бiлiм берудi басқаруды жiктегенде мынаны ескеру керек: басқару – адам іс-әрекетiнiң ең маңызды түрлерiнiң бiрi. Бұл іс-әрекет қатал шектеу мен бөлуге көнбейдi” - деп, дұрыс айтқан.

Егер бiлiм беру жүйесiн қарайтын болсақ, педагогикалық басқару мен басқарудың басқа түрлерiнiң үлес салмағы мен қатынасы әртүрлi екенiн бай?ау?а болады. Мысалы, министрлiк, облыстық, аудан және қалалық бiлiм беру басқармасы деңгейiнде кешендi процесс ретiндегi басқару жүйенiң арнайы құрылымын құруға, ведомстволық мекемелер мен адамдар қызмет-әрекетiне қажеттi материалдық, ұйымдастырушылық, кадрлiк және басқа да жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған. Мектеп директоры, деңгейiнде педагогикалық басқарудағы мұғалiмдер практикалық қызмет-әрекеттерiндегi педагогикалық талаптарды тiкелей жүзеге асыру ретiнде толығырақ көрiнедi. Педагогикалық басқаруға қызмет көрсету (мектептiң материалдық базасы, құрал-жабдықтар, оқу-техникалық құралдары, т.б.) маңызды, бiрақ бағынушылық мәнге ие.

Әдетте, бiлiм беру жүйесiндегi басқару туралы сөз еткенде, көбiнесе, иерархиялық тұрғыдан: министрлiктi, облыстық, аудан, қалалық бiлiм беру басқармалары бiрiншi болып аталады. Оқу-тәрбие процесін тікелей басқару мектеп әкімшілігі деңгейінде және мұғалімнің қатысуымен жүзеге асырылатыны жиі ұмытылып қалады. Мектептi басқару теориясы (мектептану) арасында ғылыми іс-әрекет пен практикалық іс-әрекет ретiнде объектiлерi, басқарудың тәсiлдерi мен нәтижелерiнде айырмашылықтар бар.


Мектептi басқару теориясының объектiсi –оның барлық құрамды элементтерiмен алынған процес болып табылады. Практиканың объектiсi – мектептiң әртүрлi құрылымдық топтары (ұжым, сынып, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң құралдары – басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң құралдары – ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiлдер, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру мекемелерінің жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру және т.б.

Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi – тәжірибені к?бейту, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi – практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын жаңа білімдер, заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.

Мектептегi практикалық басқару іс-әрекетiнiң бағыттары, құндылығы жағынан бiрдей емес. Мектептiң негiзгi әлеуметтiк мiндеттерiне сәйкес, ол өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мен оқытуды жүзеге асырады, осыған байланысты, басқарудың барлық бағыттарының iшiнде оқу-тәрбие жүйесін басқару бiрiншi орында болу керек.

Осылайша, педагогикалық басқару практикалық іс-әрекет ретінде - ол педагогикалық ұжымының тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруы (Сурет 1.).





Сурет 25. 1 Мектепті педагогикалық басқарудың құрылымы
Мектеп директоры оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк атқарады. Оның мiндеттерiне кіретіндер:

  • кадрларды дұрыс таңдау мен орналастыру, мектептiң педагогикалық ұжымына басшылық ету, мұғалiмдердiң кәсiби, ғылыми-теориялық және психологиялық-педагогикалық деңгейiн көтеруге жағдай жасау, олардың педагогикалық шығармашылығына жол ашу және оқыту мен тәрбиенiң озат педагогикалық тәжiрибесiн енгiзу;

  • оқу-тәрбие процесiнiң барысын, оқушылар бiлiмiнiң сапасы мен жеке тұлға ретiнде дамуын, сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен ұйымдастыруын бақылау;

  • оқушылардың кәсiби бағыты бойынша тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру және оларға өмiрде өз жолын табуға кеңес беру;

  • оқушылардың өзiн өзi басқару органдарына практикалық көмек көрсету және оның іс-әрекетiн белсендiру, мектептегi оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру бойынша мұғалiмдер мен оқушылардың қоғамдық ұйымдарымен iскерлiк ынтымақтастық қатынас жасау;

  • Еңбек туралы Заңға, мектептiң iшкi тәртiп ережелерi мен жарғысына сәйкес мектеп қызметкерлерiнiң мiндеттерiн анықтау мен нақтыландыру;

  • ата-аналар қоғамдастығы ұйымдарының жұмысын ұйымдастыру мен оларға басшылық жасау;

  • жергiлiктi қоғамдық ұйымдар, мекемелер және негiзгi кәсiпорындармен iскерлiк байланыс орнату;

  • мектептегi қажеттi санитарлық-гигиеналық тәртiптi орнату, оқушылардың, мұғалiмдер мен мектептiң қызмет көрсету адамдарының сабақтағы және іс-әрекеттiң басқа да түрлерi барысындағы еңбектi қорғау мен қауiпсiздiк шараларын сақтау;

  • мектептiң қазiргi заманғы оқу-материалдық базасын нығайту мен дамыту;

  • мектеп қызметкерлерiн жұмысқа алу мен жұмыстан шығару;

  • мектептiң педагогикалық кеңесiмен келiсiп, мұғалiмдердi және мектептiң басқа да қызметкерлерiн мадақтау мен марапаттауға ұсыну.

Сонымен, педагогикалық басқаруды ұйымдастыру - ол мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдар жүйесi, ұжымдар мен жеке адамдар, сондай-ақ жалпы бiлiм беретiн мектептер жүзеге асыратын педагогикалық жүйені басқару, өсiп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу, оқыту және дамыту.

Бiлiмнiң бұл саласының мiндеттерi – педагогикалық басқаруды зерттеу, оның теориялық және практикалық мәселелерiн жете зерттеу, оны жетiлдiрудiң ғылыми ұсыныстарын жасау. Сонымен қатар, педагогикалық басқару мектептiң барлық жұмысымен қатар басқа жұмыстың түрлерiн жоққа шығармайды. Бiлiм берудi басқару теориясы ағарту саласындағы ерекшелiктердi ескере отырып, әлеуметтiк басқарудың жалпы заңдылықтарына негiзделедi.

Мектеп басшылары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруы мен жетекшілігі бойынша қызметтері.

Мектеп басшылығының қызметтерi Қазақстан Республикасының Бiлiм беру Министрлiгi бекiткен арнайы ережелер жиынтығымен анықталады, бұл ережелер мектеп директорының, оқу-тәрбие жұмысының әртүрлi мәселелерi бойынша орынбасарлары мен басқа да педагогикалы? кадрларды? іс-әрекетiн реттейді.

Төменде тұтас педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша мектепте қызмет атқаратын адамдарды? жұмыстары келтiрiлген (Сурет 2).

Суретте мектеп директорының, орынбасарларының оқу-тәрбие жұмысы бойынша қызметi мен мiндеттерi көрсетілген:



  • мектептегi сабақтарды және оқыту процесiндегi тәрбиелiк жұмысты ұйымдастыру;

  • оқу бағдарламаларының орындалуын, сабақтардың барысы мен оқушылар үлгерiмiнiң сапасын бақылау;

  • әртүрлi пәндер бойынша сыныптан тыс оқу жұмысын ұйымдастыру (пәндiк үйiрмелер, қоғамдар, олимпиадалар, жарыстар, т.б.);

  • оқушылардың оқу көлемін реттеу;

  • мектептiң оқу-тәрбие жұмысын талдау және педагогикалық ұжым іс-әрекетiнiң нәтижелерi туралы сандық және жазбаша есеп беру;

  • оқу-тәрбие жұмысын жетiлдiру мәселелерi бойынша бiлiм беру департаментінің нұсқауларын жүзеге асыру мен олардың орындалуын бақылау;


Оқу-тәрбие мәселелерін талдау


Сурет 25.2 Педагогикалық кеңестің қызметтері мен міндеттері


  • оқу-тәрбие жұмысының сапасын жоғарлату үшін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;

  • мұғалiмдердiң пәндiк әдiстемелiк комиссияларының (секциялары) жұмысына басшылық ету.

Мектеп директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасарының мiндеттерiне:

  • оқушылармен сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен үйлестiру;

  • оқушылар тәрбиесiн жетiлдiру бойынша сынып жетекшiлерi мен ұзартылған күн топтары тәрбиешiлерiмен әдiстемелiк жұмысты жүргiзу;

  • оқушылар ата-анасымен, мектептен тыс балалар ұйымдарының басшыларымен iскерлiк байланыс орнату;

  • мектептегi сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына ғылыми-әдiстемелiк талдау, озат педагогикалық тәжiрибенi қорытындылау және ендіру.

Мектептi жаңарту мен оған өзгерiстер енгiзу жағдайларында жоғарыда аталған қызмет мiндеттерiн орындау үшiн мектеп директоры мен оның орынбасарларының жоғары педагогикалық бiлiмдiлiгi, адамгершілік мәдениетi болуы, жұмыста iскерлiк пен жауапкершiлiк көрсетулерi, оқыту мен тәрбиенi жетiлдiрудiң т?сілдері мен шығармашылық әдiстемесiне ие болуы керек, мұғалiмдер мен сынып жетекшiлерiнiң жаңашылдық ынтасы мен озат тәжiрибесiне қолдау көрсету керек.Мектеп басшыларының қызметтерi әдiстемелiк жұмысты нақты ұйымдастырғанда ғана нәтижелі болмақ.

Педагогикалық кадрлердің әдiстемелiк жұмысы мен аттестациясы. Әдiстемелiк жұмыс – ғылым және озат педагогикалық тәжiрибе жетiстiктерiне, оқу-тәрбие жұмысының нақты талдауына негiзделген, әрбiр мұғалiмнiң, ұстаздың, тәрбиешiнiң, оқу мекемесi басшысының, бiлiм беру жүйесiнiң басқа да қызметкерлерiнiң педагогикалық мамандық дәрежесін және кәсiби шеберлiгiн көтеруге (педагогтардың кәсiби өзiдігінен бiлiм алуды, өзiн өзi тәрбиелеудi, өзiн өзi жетiлдiрудi басқару бойынша шараларды да есептегенде), тұтас педагогикалық ұжымның теориялық мұмкіндігін дамытуға және көтеруге, оқушыларға нақты бiлiм берудің, тәрбиелеудің, дамытудың үйлесiмдi деңгейiне жетуге бағытталған өзара байланысты шараларының, қызметтерiнің жүйесi.

Әдiстемелiк жұмыс – педагогикалық кадрлердiң идеялық, ғылыми-теориялық, кәсiби, әдiстемелiк және мәдени деңгейiн көтеру бойынша ұжымдық, топтық, жеке-дара жүйелiк жұмысынан құралған күрделi шығармашылық. Ол оқу-тәрбие процесiн басқарудың, педагогтарды жоғары әдiстемелiк мәдениет пен өз еңбегiнiң сапасы мен нәтижесiне талабы негiзiнде тәрбиелеудiң маңызды амал-тәсiлi болып табылады. Оның стратегиялық бағыттарының бiрi – бiлiм беру тәжiрибесiндегi оқушылардың танымдық, ойлау әрекетiн белсендiретiн, терең бiлiм, бiлiк және дағдыларды қалыптастыратын ұтымды және нәтижелi әдiстердi шығармашылық түрде меңгеру.

Әдiстемелiк жұмыс педагогикалық тәжiрибемен тығыз байланысты. Халық ағартушылығының көрнектi өкiлдерi Н.К. Крупская, А.В. Луначарский педагогикалық тәжiрибенi өсiп келе жатқан ұрпақ тәрбиесiнiң теориясы мен практикасы дамуының бастаулары деп есептеген. А.С. Макаренконың, С.Т. Шацкийдiң, С.М. Ривестiң, В.Н. Сорока-Росинскийдiң және көптеген басқа да көрнектi педагогтардың ұлы гуманистiк идеялары негiзiнде құралған тәжiрибелерi тәрбиенiң теориясы мен практикасының бiрлiгi, мектептiң қоғамдық мақсат-мүдделерi негiзiнде қызмет етiп, осы мақсат-мүддеге жетудiң дұрыс жолдарын табудың үлгiсi бола бермек.

Әдiстемелiк жұмыстың мазмұны келесi бағыттар бойынша нақтыланады: мұғалiмнiң жалпы мәдени дайындығы, кәсiби-адамгершілік мәдениетi, жалпы мәдениеттiлігі, әдіснамалы? мәдениетi, зерттеушiлiк мәдениетi, диагностикалық мәдениетi, басқару мәдениетi ұзақ уақыт аралығында күрделі мәселе бола алады. Мұғалiмдердiң әдiстемелiк, жаңашылдық іс-әрекетке қатысуы, болаша?та жеке педагогикалық жүйенiң, іс-әрекеттiң дара стилiнiң қалыптасуына жағдай туғызады.

Қазiргi уақытта педагог-практик ғалыммен авторлық бірлестікте бола алады, олардық қатынасы екі жа?ты құқығы мен мiндеттерiн айқындайтын арнайы келiсiм-шартпен анықталады. Зерттеушi педагогтар мен жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң белгiлi бiр бөлiгi арасында жаңа байланыстар орнай бастады. Ғылым мен практика арасындағы ара қашықтықты азайту қажеттiгi туындады, ал ол, өз кезегiнде, нақты қызмет жасап отырған оқу мекемелерiнде ғылыми лабораториялар құру процесiне жағдай жасайды. Сөйтiп, Қазақстанда Ақтөбе қаласындағы № 12, Тараз қаласындағы № 58 мектеп-лабораториясы, Өскемен қаласындағы дамытушы бiлiм беру Орталығы жанындағы мектеп-лабораториясы құрылды. Осылайша педагогикалық қоғамдастық өз назарын ғылыми бағыттағы практикаға және практикалық бағыттағы ғылымға аударып отыр.

Жаңашыл педагогтар тәжiрибесi, ең алдымен, оқыту әдiстемесiне ғылыми оқытудың нақты бiр бағытының және оны жүзеге асырудың технологияларына үлкен үлес қосады. Дидактикаға бұл тәжiрибе, бiрiншiден, баяндаудың әртүрлiлiгiн нақтылай түсуге, екiншiден, жаңашыл мұғалiмнiң тәжiрибесiн зерттегеннен кейiн кемшіліктерді түсiнуге көмектеседi: оқыту процесiнде оқу материалының мазмұны мен оқушылар бiлiмiн есептеу мен бақылаудың керi байланысы да бар.

Қазiргi жағдайларда қазақстандық мектептiң жаңа моделiн жасау жүрiп жатқан кезде өткеннiң және қазiргi уақыттың жаңашыл педагогтарының тәжiрибесiн арнайы зерттеу керек: олардың тәжiрибесiндегi жаңа бiлiмнiң мазмұны қандай (сапасы, деңгейi), педагогиканың әртүрлi саласы мен тұтас педагогикалық ғылым үшiн педагог жаңашылдардың қосар үлесi қандай. Педагогика әдіснамасының, дидактиканың, тәрбие теориясының, педагогикалық психологияның, жеке әдiстемелердiң жаңашылдық тәжiрибелердің басты назарында болуы керектiгiн анықтау қажет.

Тәжiрибеде жаңа бiлiм болса (оқыту теориясы) тәжiрибенiң мамандандырылған дидактикалық талдауы ғылымды нығайтып, оны анық жетiстiктерi деңгейiнде ұстап тұратынын ескеру керек. Өйткенi, ғылымда iске асырылып жатқан, бiр бiрiне қарсы, сондай-ақ бiрiн бiрi толықтырып тұрған әртүрлi тұжырымдар, ғылыми болжамдар, теориялар, принциптер, қазiргi заманғы және моральды? тұрғыдан ескiрген көзқарастар, ғылыми ережелер және дәстүрлі түсiнiктер, на?ты бiлiмдер мен белгi-шарттары сияқтылар кездеседі. Жаңа педагогикалық құбылыстарды түсiндiрiп, негiздегенде терең және кең көлемде ғылымның өзiндiк рефлексиясы, шынайы, “әрекеттегi” бiлiмді бекітеді. Бұл орайда, теориямен тиянақталған жаңашылдық тәжiрибе дамудың бастауына айналады.

Мектептегi әдiстемелiк жұмысты ұйымдастыру формалары динамикалық. Олар көптеген факторларға байланысты өзгерiп, жаңарады, олардың негiзгiлерi: мемлекеттiң бiлiм беру саласындағы саясаты, заң актiлерi мен құжаттары; мұғалiмдердiң педагогикалық мәдениетiнiң деңгейi, оларды жеке тұлғалық және кәсiби-қызмет көрсеткiштеріні? диагностикалық өлшеуімен анықталған әдiстемелiк сауаттылығы; мектеп ұжымындағы моралды?-психологиялық жағдай, әдiстемелiк жұмысты ұйымдастырудың материалдық-технологиялық мүмкiндiктерi; мектеп iшiндегi педагогикалық тәжiрибенi зерттеу, мұғалiмдердiң жаңашылдық ашықтығы мен белсендiлiгi, мектеп басшыларының әдiстемелiк жұмысты орындауға кәсiби дайындығының деңгейi; мектеп ұжымындағы нақты моральды? жағдай (мұғалiмдер арасындағы, мұғалiмдер мен оқушылар арасындағы, мұғалiмдер мен басшылық арасындағы қатынастар).

Осылайша, әдiстемелiк жұмыстың мазмұны қазiргi мектептiң өзектi мiндеттерiмен анықталады. Бұл мiндеттер мұғалiмдердiң әдiстемелiк жағынан жетiлуi және олардың өздігінен білімін көтеруі, маман педагогтардың шығармашылық өсуiнiң барысында жүзеге асады.

Мұғалiмдердi мерзiмді аттестациялау олардың әдiстемелiк деңгейiнiң өсуiне, шеберлігіне жағдай жасайды. Аттестациялау – бiлiм беру мекемелерi қызметкерлерiнiң мамандығының, педагогикалық кәсiбилiгi мен іс-әрекетi деңгейлерiнiң жалпы бағасы. Аттестация мақсаты – бiлiм беру қызметкерлерiнiң кәсiби, мамандығының өсуiн, еңбегiнiң нәтижелі болуына жағдай жасайтын, еңбек ақысын саталауды бағалаудың тиiмдi жүйесiн құру. Мұғалiмдер аттестациясы педагогикалы? еңбектiң нәтижелiлiгi және оқу-тәрбие процесiнiң сапасының сараптамалық бағасы негiзiнде жүргiзiледi.

Аттестацияның келесi принциптерi: сараптамалық бағалардың ерiктiлiгi, ашықтығы, жүйелiлiгi және тұтастығы, ол педагогикалық қызметкерлерге деген объективтi, дұрыс, ұқыпты және игi ниеттi қатынасты қамтамасыз етедi.

Аттестация нәтижесiнде мұғалiмге белгiлi бiр категория берiледi. Сондай-ақ, мұғалiмнiң мамандықты көтеру курсындағы педагогикалық бiлiм алуы және ұстаздық іс-әрекетi де ескерiледi.


Өзiн-өзi бақылауға арналған сұрақтар

  1. “Мектептi басқару” ұғымы ненi бiлдiредi?

  2. Мектептi басқару қызметтерiне сипаттама берiңiз.

  3. Педагогикалық қызметкерлердi аттестациялаудың негiзгi мақсаты қандай?


Өзiндiк жұмысқа арналған тапсырмалар

1) Әртүрлi оқулықтар бойынша “мектептi басқару” ұғымының түсiндiрмесiн оқып шығыңыз.

2) Мектептi басқару мәселесiнiң қазiргi әдiстемелерiн талдаңыз, өз көзқарасыңызды бiлдiрiңiз.

3) Жаңашыл мектептiң басқару тәжiрибесiн талдап, қортындылаңыз.


Әдебиеттер


    1. Афанасьев В.Г. Научное управление обществом: Опыт системного анализа. М., 1973.

    2. Альмухамбетов Б.А., Бенцион Я.С. Методическая работа с педагогическими кадрами: подходы, проблемы, поиски, решения. Алматы, 1999.

    3. Бабанский Ю.К. Методическая работа в школе. М., 1986.

    4. Бейсенбаева А.А., Мендигалиева Г.К. Теоретические основы интеграции и практики в инновационных типах школ. Алматы, 1999.

    5. Каракулов К.Ж. Школоведение. Алматы: Ғылым, 2005

    6. Конаржевский А.А. Педагогический анализ учебно-воспитательного процесса и управление школой. М., 1988.

    7. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: методологи, теория и практика формирования. Алматы, 2000

    8. Файоль А. Общее и промышленное управление. М., 1992

    9. Хмель Н.Д. Педагогический процесс в общеобразовательной школе. А., Мектеп, 1984,

    10. Хайруллин Г. О понятийном аппарате педагогики // Педагогика. 1991, № 5.

    11. Хмель Н.Д. Теоретические основы профессиональной подготовки учителя. Алматы, 1998.

12.Худоминский П.В. Методическая работа в школе. М., 1979.
Тақырып 27 Мектеп жұмысын жоспарлау жүйесі (1сағат)
Мақсаты: жалпы білім беретін мектептің жұмыс жоспарын құрастыруға қойылатын маңызды талаптардың, мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі мазмұнын ашу, мектеп ішіндегі құжаттамалар түрлерімен танысу.

Міндеттері:

а) тиімді басқару іс-әрекетінің негізі ретінде жоспарлаудың мәнін ашу.

ә) мектептің жылдық жұмыс жоспарының негізгі тарауларын сипаттау.

б) жылдық жоспардың сыртқы көрінісінің ерекшеліктерін ашу.

в) мектепті басқаруды ақпаратпен қамтамасыз етудің мәнін ашу.

г) мектеп ішіндегі құжаттардың негізгі түрлерімен таныстыру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет