«Педагогикасы» пәнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет3/15
Дата08.03.2020
өлшемі1,55 Mb.
#59716
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

3. Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту – көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін немесе сапасын бөліп алу процесі.

Дәріптеушілік – (идеолизациялау) дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін емес жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.

4. Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қортындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады.

5. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6. Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен жинақтау әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель, модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Модельдеу логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.



7. Болжау әдісі зерттеушінің қатысуынсыз педагогикалық жүйе немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, ұғымдарға мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстракциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылы?тары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең ойланудағы талпындыруды.

8. Математикалық және статистикалық әдістер педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті айқындау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.

Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеушінің объектісінің белгілі бір қасиеттерін айқындап, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет. Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жа?сы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.

Ранжерлеу әдісі деректердің, құбылыстардың, сапалардың, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объетілері немесе құбылыстары нақтыланған бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық (интегративті) тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін ?олданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлар және олардың ішкі мазмұнының фаторларын түсіндіруге бағытталған. Егерде эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, онда теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Болжауды бұл ретте екі әдіс те объектіні таңудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір бірімен өзара байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір бірімен дилектикалық өзара байланысты және бір бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.

Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей – әдіснамалық деңгей.Танымның теориялық және эмпирикалық деңгейлері негізінде өзгеше ғылыми ұстанымдар қалыптасады және ғылыми педагогикалық зерттеудің жаңа әдістері айқындалады; таным іс-әркетінің іргелі әдіснамалық теориясы құрылады.




Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар

  1. Ғылыми зерттеу әдісі дегеніміз не?

  2. Ғылыми зерттеу әдісінің әдіснама мен гносеологиямен өзара байланысын көрсетіңіз.

  3. Зерттеудің эмпирикалық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

  4. Зерттеудің теориялық әдістер тобының мазмұнын ашыңыз.

  5. Зерттеудің эксперименталды-эмпирикалық және теориялық деңгей әдістері тобының өзара байланысын көрсетіңіз.


Әдебиеттер.

  1. Введение в научное исследование по педагогике М., 1988.

  2. Монахов Н.И. Изучение эффективности воспитания: теория и методика – М.: Педагогика, 1981.

  3. Педагогическая диагностика (Под ред. А. И. Кочетова – Минск: Нар. асвета,

  4. 1987).

  5. Радугина А.А. Психология и педагогика. М.: Издательство Центр. 1999.

  6. Скалова Я. Методология и методы педагогических исследований. М., 1989.

  7. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогических исследований - М. 1986.

  8. Успенский В.Б., Чернявская А.Г. Введение в психолого-педагогическую деятельность. М.:Издательство Владос – Пресс. 2003.


Тақырып 3 Жеке тұлғаны қалыптастырушы факторлар – тұқым қуалаушылық, орта және іс-әрекет (1сағат)
Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы бiлiм жүйесiн қалыптастыру.

Мiндеттерi:

а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi және қалыптасуының өзара байланысының негiзгi ұғымдарын ашу.

ә) жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерiн сипаттау.

б) жеке тұлғаның дамуына әсер ететiн факторларды анықтау.

в) субъектiнiң іс-әрекетi рөлiн жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жетекшi факторы ретiнде негiздеу.

Жоспар


  1. Жеке тұлға туралы түсiнiк.

  2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық- әдіснамалық негiздерi.

  3. Тәрбие – жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы.

  4. Субъектiнiң іс-әрекетi – жеке тұлғаның дамуының факторы.

Жеке тұлға туралы түсiнiк. Тәрбиенiң негiзгi мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтiк тәжiрибенi меңгеруi, оның жан жақты үйлесiмдi дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектiлi және әр түрлi ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегi грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума қабілет, қоршаған орта да әсер етедi деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесi дәуiрлердiң прогрессивтi философиялық және психологиялық-педагогикалық пiкiрлерiнде өз жалғасын тапқан (Э.Роттердамский, Я.А Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э. Торндайк, Н. К. Крупская, П. П. Блонский, А. С. Макаренко, Л. С. Выготский, Э. И. Моносзон. Л. И. Божович, С. Л. Рубинштейн, В. В. Давыдов т.б.)

Адам – өзiне тән биологиялық құрылысы бар тiршiлiк иесi, сондықтан табиғат заңдары оның дамуына да әсер етедi. Қоршаған ортаға бейiмделiп, өз тiршiлiгi үшiн дайын заттарды пайдаланатын жануарларға қарағанда, адам өзiне керектiнi өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруi адам өмiрiнiң әлеуметтiк жағдайларының әсерiнен болады, адамның тектiлiгi тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесiнде де пайда болады. “Әлеуметтiк мұрагерлiк” адамның қоғамдық тәжiрибеге ие болуы нәтижесiнде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты биологиялық және әлеуметтiк бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық тiршiлiк иесi болып туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтiк тiршiлiк иесiне айналады.

Психологияда “жеке тұлға” деген ұғымның әр түрлi түсiндiрмелерi бар, бiрақ олардың көбiсi мына түсiнiкке келiп тiреледi: жеке тұлға дегенiмiз әлеуметтiк қатынастар мен саналы іс-әрекеттiң субъектiсi ретiндегi индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгiсi – оның әлеуметтiк мәнiнiң болуы және оның әлеуметтiк функцияларды (қызметтердi) (болмысқа, адамдарға, өзiне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай-ақ, психологиялық дамудың белгiлi бiр деңгейiне ие (темперамент, мiнез-құлық, қабiлеттiлiк, ақыл-ой дамуының деңгейi, қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер).



Жеке тұлға – бұл интегративтi жүйе, әлдебiр ыдырамайтын тұтастық. Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықтың “өзегi” бар деп мойындайды, олар оны “Мен – жүйе” немесе жай ғана “Мен” деп белгiлейдi. Жоғарыда келтiрiлген жеке тұлға туралы түсiнiк жалпылама ұғым болып табылады.


Жеке тұлғаның ең маңызды белгiлерi – оның саналылығы, жауапкершiлiгi, бостандығы, қадiр-қасиетi, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның қасиеттерi мен іс-әрекеттерiнде қоғамдық прогрестiң тенденцияларының, әлеуметтiк белгiлер мен қасиеттердiң айқын және өзіне тән ерекшелігінің көрiнiс табуы, оның іс-әрекетiндегi шығармашылық қасиетiнiң деңгейi арқылы анықталады. Бұл орайда “адам”, “жеке тұлға” деген ұғымдардың қатары “даралық” деген ұғыммен толықтырылуы қажет.

Даралық бiр адамның басқа бiр адамнан, бiр тұлғаның басқа бiр тұлғадан айырмашылығын, оның ешкiмге ұқсамайтынын, өзiне тән ерекшелiгi бар екенiн сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мiнезi мен темпераментiнiң ерекше белгiлерi (мысалы, салмақты-жiгерлi және мақсатты адам), шығармашылық қызмет-әрекетi мен қабiлеттiлiгiнiң өзгешелiгi арқылы ерекшеленедi. Осылайша, мұғалiмнiң даралығы оның терең бiлiмдарлығы, педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниетi, т.б. арқылы көрiнедi. “Даралық” ұғымы бiр адамды басқа бiр адамнан, бiр тұлғаны басқа бiр тұлғадан ажыратып, оған өзiне тән сұлулық пен қайталанбас қасиет беретiн ерекшеліктерден тұрады.

Адам қасиетiн түсiндiретiн тағы бiр ұғым – “индивид”. Бұл сөз латын тiлiнен алынған және оның қазақша баламасы – “жекелiк”. Ұғым ретiнде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттерi ескерiлмеген бiр өкiлiн бiлдiредi. Бұл орайда әрбiр адам индивид болып табылады. “Жеке тұлға” ұғымы мен онымен байланысты бiр тектес ғылыми категориялардың мәнi осында.

Адамның жеке қасиеттерi өмiр жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке тұлғаның “дамуы” мен “қалыптасуы” ұғымдарының мәнiн ашу педагогика үшiн маңызды мәселе болып табылады.

Даму табиғатқа, қоғамға және әрбiр жеке тұлғаға тән жалпы қасиет болып табылады. Даму дегенiмiз – төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделiге қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе революциялық секiрiс түрiнде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесi. Даму барысында барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның сапаға ауысуы, бiр сапаның басқа бiр сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі,терiске шығарылуы мүмкін).Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама-қайшылық күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.



Жеке тұлғаның дамуы дегенiмiз, ең алдымен, оның қасиеттерi мен сапасындағы сандық өзгерiстер процесi. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейедi, яғни оның кейбiр дене мүшелерi мен нерв жүйесi өседi. Оның тiлi шығып, сөздiк қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтiк-тұрмыстық және моральдық бiлiктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретiнде дамуындағы ең бастысы – оның бойында болып жатқан сапалық өзгерiстер (танымдық, сезiм, моральдық-жiгерлiлік т.б.). Мiнез-құлықтың реактивтi формалары белсендi түрде қалыптасып келе жатқан іс-әрекеттiлiкке айналады, дербестiк пен өз мiнез-құлқын билей алу қабiлеттiлiгi артады. Осы және басқа да өзгерiстер адамның жеке тұлға ретiнде даму процесiн сипаттайды.

Сондықтан, даму дегенiмiздi адамның анатомиялық-физиологиялық жетiлуiндегi, оның жүйке жүйесi мен психикасының дамуындағы, содай-ақ танымдық және шығармашылық іс-әрекетiндегi дүниетанымы, өнегелiлiгi, қоғамдық-саяси көзқарастары мен сенiмдерiнiң кеңеюiндегi орын алатын сандық және сапалық өзгерiстердiң өзара тығыз байланысты процесi деп түсiнген дұрыс. Адамның дамуына iшкi және сыртқы, меңгерiлетiн және меңгерiлмейтiн факторлар әсер етедi, олардың арасында мақсатты тәрбие мен бiлiм беру жетекші рөл атқарады.



Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның “қалыптасуы” терминi жиi қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесi дегендi және оның пайда болып, тұтастыққа, бiр қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын бiлдiредi. Қалыптастыру (қалыптасу) дегенiмiз – бiр нәрсеге пiшiн (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бiр түр беру. Бұл арада тұқым қуалаушылықтың мәнi өте зор – баланың ата-анасынан немесе ата-бабаларынан қалған биологиялық ерекшелiктердiң жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетiндегi тiршiлiктiң тарихы және белгiлi бiр түрдiң (бiздiң жағдайымызда – адамның) өмiрiнiң тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екi түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тiк жүру бейiмдiлiгi, сана, ақыл, сезiм мүшелерi дамуының бейiмдiлiгi, шартсыз рефлекстер, нәсiлдiк және ұлттық белгiлер) және даралық (жүйке жүйесiнiң түрi, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).

Ағзаның тектiлiк негiзi немесе генотипi төмендегi суреттегідей болып бөлінеді (сурет 1). Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта: адам және қоғам өмiрiндегi әлеуметтiк-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Қоршаған орта макро және микро болып бөлiнедi. Макро-орта бұл – адамға қажетті әлеуметтiк-экономикалық ықпалдардың мол жиынтығы (өндiргiш күштер мен өндiрiстiк қатынастар деңгейi, өмiрдiң қаржы жағдайлары, мәдениеттiң даму деңгейi, бұқаралық ақпараттар құралдары). Микро-орта бұл – баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол – адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететiн өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемi. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгiлi бiр мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етедi. (Кесте 1).



Кесте 3. 1 Орта компоненттері және олардың бала дамуына әсері





Орта компоненттері

Олардың бала дамуына әсері.


1.

Табиғи және географиялық орта (климат, табиғат жағдайлары)

Бала организмінің мүмкін болатын күштерін оятады.

2.

Әлеуметтік орта (макро-орта)

а) өндіріс күштерінің деңгейі;

б) өндіріс қарым-қатынастарының деңгейі;

в) өмір сүрудің материалдық жағдайы;

г) мәдени даму дәрежесі;

д) көпшілік ақпарат құралдары;

е) техникалық құралдар.


Адамға талап қояды, мінез-құлық үлгісін береді, санаға әсер етеді, белгілі көзұарас енгізеді. Даму жағдайын қамтамасыз етеді.

3.

Микро –орта (үй-іші ортасы, баланы қоршаған жақындарының ортасы, аула, көше әсерлері.

Талап-тілектерді анықтайды, құндылықтырды қалыптастырады, қарым-қатынас негізін қалайды.

Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиенi белгiлi бiр әлеуметтiк қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретiнде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берiлетiн әлеуметтiк тәжiрибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегенiмiз – өсiп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшiн мұғалiм мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бiрлескен іс-әрекеттердiң педагогикалық процесiн ұйымдастыру.


Морфологиялық белгілер (сыртқы бет-әлпет көрінісі



Функциональдық ерекшеліктер (қан тобы т.б.)




Анатомиялық-физиоло-иялық тума қабілеттер (сезім мүшелері, ойлау тұрпаты, есту мүшелерінің орналасу ерекшеліктері)

Адами (нышан) тума қабілеттер тік жүруі,сөзі т.б.




Жеке тұлғаның тұқым қуалаушылық негізінің генотипі


Шартсыз рефлекстер



Жүйке жүйесінің типі


Сурет 3. 2 Жеке түлғаның тұқым қуалаушылық негіздері
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негiздерi. Ғылымда бұрыңғы заманнан берi келе жатқан жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының биологиялық және әлеуметтiк факторларының ара қатынасы туралы пiкiрталас бiтер емес. Осы бiр көпғасырлық айтыс нәтижесiнде әртүрлi көзқарастар пайда болды. Осы көзқарастардың бiрiн жақтаушылар адамның дамуын, негiзiнен, табиғи ерекшелiктер анықтайды деп санайды. Ал тәрбиенiң маңызы аз деп есептелiнедi. Жеке тұлғаның дамуын түсiндiретiн осындай (биологизаторлық) бағыт ерте заманнан бастау алады. Сонау Платон (427-347 ж.ж. б.з.б.) мен Аристотель (384-322 ж.ж. б.з.б.) өз кездерiнде-ақ адамдардың қоғамдық мiндеттерiн олардың табиғаты анықтайды деп санаған. Аристотельдiң пiкiрiнше, туылған сәтiнен бастап-ақ кейбiр адамдар бағыну үшiн, ал кейбiреулерi билiк ету үшiн жаралған.

XVI ғасырда пайда болған преформизм (латынша – қайта құру, өзгерту) деген философиялық ағым төмендегiдей ойды ұстанған: адамның ұрығында болашақ жеке тұлғаның барлық қасиеттерi бар, ал даму олардың тек сандық жағынан артуын ғана бiлдiредi. Бұл орайда әлеуметтiк факторлар мен тәрбиенiң маңызы жоққа шығарылған.

Бихевиоризм бағыты да жеке тұлғаның дамуының биологиялық бастауларын жақтайды. Осы бағыттың негiзiн салушы американдық психолог және педагог Э. Торндайктiң (1874-1949 ж.ж.) пiкiрiнше, жеке тұлғаның барлық қасиеттерiн (соның iшiнде сана-сезiмiн, қабiлеттiлiгiн) тек тектiлiк, тұқым қуалаушылық қана анықтайды. Оның ойынша, ақыл-ой қабiлетi балаға “көздерi, тiстерi және саусақтары” сияқты дүниеге келгенiнен-ақ берiледi. Ол адамды ұрпақтан ұрпаққа сол қалпында берiлетiн және жеке тұлғаның барлық қасиеттерi мен келешегiн толығымен анықтайтын “гендердiң жинағы немесе батареясы” ғана деп санаған. Жеке тұлғаның дамуын биологизаторлық жағынан түсiндiру прагматизм бағытына да тән. Прагматизм грекше – прагма дегенiмiз – iс-әрекет, тәжiрибе. Бұл бағыттың негiзiн салушы – Джон Дьюи (1859-1952 ж.ж.).

Ендiгi бiр көзқарастың негiзiн классикалық түрде ағылшын философы Джон Локк (1632-1704 ж.ж.) салып, француз материалистерi оны ары қарай дамытқан. Бұл бағыт бойынша адам өмiрiнiң жағдайлары мен тәрбие жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы деп есептелген. Д. Локктiң белгiлi бiр пайымдауы бойынша баланың жаны дүниеге келген сәтiнде таза тақтаға ұқсас (tabula rasa) болып келедi және тек оның өмiр жағдайлары мен тәрбие ғана жеке тұлғаның белгiлi бiр қасиеттерiнiң пайда болуына себепшi болады. Осыдан кейiн бұл көзқарас социологизаторлық бағыт болып қалыптасты, ал оның өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтiк ортаның әсерiн бiрiншi орынға қойып, оның дамуының iшкi заңдылықтарын жоққа шығарады. Олар адамның рөлін төмендетеді.

Жеке тұлғаның дамуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалын бiрiншi орынға қойып, тәрбиенiң күшiн жоққа шығаратын бұл теориялар XIX ғасырдың аяғында психологиялық-педагогикалық зерттеулердегi ерекше бiр бағыттың пайда болуына себепшi болды, бұл бағыт “педология”, яғни тура аударғанда “балалар туралы ғылым”, “балатану” деген атқа ие болды. Қазiргi уақытта ғалымдардың көбiсi педологияны индивидтiң сәби, жас өспiрiм, жастық шағындағы дамуының жалпы заңдылықтары туралы ғылым ретiнде қарастырады. Социалистiк құрылыс жағдайларында бiздiң елiмiзде педология өкiлдерi баланың дамуының биогенетикалық заңын белсендi түрде насихаттаған және соған сүйене отырып балалардың әлеуметтiк теңсiздiгiн түсiндiруге тырысқан. Осы мақсатта оқушылардың ақыл-ойының дамуын зерттейтiн кең көлемдегi жүйе құрылған болатын. 1936 жылы ОК БК(б)П “сол заманғы педологияның теориясы мен практикасын” “жалған ғылыми антимарксистiк ережелерге” сүйенген деп айыптаған. Бұндай ережелерге, ең алдымен, сол заманғы педологияның басты заңы – балалардың тағдырының биологиялық және әлеуметтiк факторлармен, тұқымқуалаушылықтың бiр тұрақты ортаның ықпалының фаталистiк түрде алдын ала анықталып қойылу заңы жатады.

Сол уақыттарда балалардың психологиялық дамуын зерттеуде сауалнама және тест жүргiзу сияқты ?дістер ерекше сенiмсiздiк туғызған. Шынында да тәжiрибесiз практик-педологтар қолданған бұл ?дістер сол уақыттарда көп зиян келтiрген. Алайда педологияны ғылым ретiнде түбегейлi шектеу қате болған едi. Педология баланы барлық жағынан және жанама зерттейдi, бұл туралы өз кезiнде К. Д. Ушинский: “Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегiсi келсе, онда оның адамды барлық жағынан тануы да керек”, – деген болатын.

Жеке тұлғаның даму факторлары туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ойдың тарихы материалистiк iлiмде және оның бiр бағытында – материалистiк диалектикада өз жалғасын тапқан. Бұл бағыттың өкiлдерi жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн факторларды тереңiрек зерттеп қана қоймай, сонымен қатар ол факторлардың өзара байланысымен олардың адамның даму процесiне ықпал ету тетіктерін де ашып көрсеттi. Қоғамның тарихын талдай отырып, олар адамдардың шығармашылық-қайта құру әрекетi өндiрiстiң дамуы мен көркеюiне, әлеуметтiк қатынастардың қалыптасуына, ғылыми бiлiмнiң молаюына, рухани өмiр мен өнегелiлiк-эстетикалық мәдениеттiң баюына себепшi болды деп көрсеттi.

Осылайша қоғамдық игiлiкке ие болып және оны дамыта отырып, адам әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде, жеке тұлға ретiнде қалыптасады.

Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәнi зор екендiгiне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады. Олардың ойынша, адам тiкелей табиғи тiршiлiк иесi, сондықтан ол бойына бiткен нышандар ретiнде көрiнiс тапқан табиғи күштерге ие деп сендi. Алайда ол нышандар оның бойында тек лайықты орта мен мақсатты тәрбие бар кезде ғана дами алады.

Сонымен қатар, адамды әлеуметтiк тiршiлiк иесi деп қарастыра отырып, философ-материалистер тұқымқуалаушылық бағдарламасымен еш байланысы жоқ индивидтiң “әлеуметтiк тұқымқуалаушылығы” туралы ойды ұстанады. Егер биологиялық нышандар адамға да, жануарларға да тән болса, әлеуметтiк тұқымқуалаушылық тек адамға ғана тән.

Материалистiк философия орта мен биологиялық нышандар қатарында тәрбиеге ерекше орын бөледi, тәрбие – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының үшiншi факторы. Бұндағы айта кететiн жағдайдың бiрi – материалистiк түсiнiкте жеке тұлға тек объект ретiнде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенiң субъектiсi ретiнде, өзiндiк қайта құру қызмет-әрекетiнiң субъектiсi ретiнде қарастырылады.

Тәрбие – жеке тұлғаның қалыптасуының шешуші факторы ретiнде. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi объективтi факторлары болып табылады. Бұл орайда тұқымқуалаушылыққа (биологиялық факторға) жалпы адамзаттықпен қатар тұлғалық гендік қордыда қамтиды. Іс-әрекеттiң кез-келген түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандар жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында ерекше рөл атқарады.(мысалы, есту мүшелерiнiң құрылысы, ойлау қабiлетiндегi ерекшелiктер, т.б.). Олар баланың қабiлеттiлiгi, дарындылығы және дарыны дамуының алғышарттары болып табылады. Кейбiр жағдайларда бұл нышандар өте ерте (сәби кезiнде және мектепке дейiнгi жасында), кейбiр жағдайларда кешiрек, ал ендi бiрде, ер жеткен кезде ғана көрiнiс бере бастайды.

Биологиялық нышандар мен қасиеттердiң дамуы адамның функционалды пісіп жетiлуі мен қалыптасу процесiн сипаттайды, содан кейiн оның сүйектерi, бұлшық еттерi, сонымен қатар iшкi мүшелерi мен жүйелерi дамиды. Адамның биологиялық пісіп жетiлуі мен өзгеру процесi оның дамуы мен мiнез-құлығының жас кезеңдерiнде көрініс табады. Адамға табиғи берілген белгілерді дамытуда ең маңыздысы, жанұяда болсын, қоғамдық тәрбиелiк-бiлiм беру орындарында болсын, оларға дер кезiнде сауатты диагностика беру болып табылады. Қазiргi уақытта баланың іс-әрекеттiң қандай түрiне бейiмдiлiгi бар екенiн анықтайтын алуан түрлi әдiстер бар. Олардың iшiнде тест әдiстерi кеңiнен қолданылады.

Тәрбие мен бiлiм беруде адамның табиғи қасиеттерiн ескеру қажет, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн анықтай отырып, олардың ары қарай дамуының амал-тәсiлдерiн, формалары мен әдiстерiн айқындау керек. Қызметтiң қандай да бiр түрiне деген анатомиялық-физиологиялық нышандарының одан ары жемiстi дамуы үшiн баланың оған деген ықыласын арттырып, оны сол іс-әрекетке араластыра отырып, сол салада тәжiрибе жинастыруға жағдай жасау қажет.

“Жеке тұлға” деген ұғымда адамның қоғамдық мәнi ашылады. К.Маркстiң айтуынша, адамның мәні жеке индивидке тән абстрактiлiк емес, өз болмысында ол барлық қоғамдық қатынастар жиынтығы. Сондықтан ортаның жеке тұлғаның дамуына әсерi туралы сөз болғанда, ең алдымен, кең мағынада қолданылған әлеуметтiк орта деп түсiну керек, өйткенi адамның жеке тұлғалық қасиеттерi әртүрлi орталық қатынастар әсерiнен, яғни, адамдармен және түрлi қоғамдық институттармен өзара-қатынасы арқасында қалыптасады.

Қоршаған ортаның адамның дамуына әсерiн қарастыра отырып, философиялық және педагогикалық ағымдардың көбiсi адамның жеке тұлға боп қалыптасуы үшiн, сөйлеу, ойлау, тiк жүру секiлдi адамға ғана тән нышандар дамуы үшiн адами қоғам, әлеуметтiк орта қажет дейдi. Сәби жасынан жануарлар ортасына тап болған балалар туралы оқиғалар олардың бойында осы адами нышандардың дамымағаны дәлел бола алады, ол қасиеттердiң қалыптасуына деген қабiлеттерiнiң табандалып қалғаны соншалықты, олар адамдармен қарым-қатынас жасаудың ең қарапайым формаларын үлкен қиыншылықпен үйренiп, заманына сай адамның тұрмыс қалпын қабылдай алмады.

“Әлеуметтiк орта” деген ұғым, кең мағынасында, қоғамдық өмiрдiң материалдық жағдайлары, әлеуметтiк және мемлекеттiк құрылыс, өндiрiстiк, қоғамдық қатынастар жүйесi және олар анықтап отырған әлуметтiк жүйе сипаты мен қоғамда пайда болған әртүрлi мекемелер қызметiн қамтиды. Шынында да, жеке тұлғаның әлеуметтiк бейнесi, белгiлi бiр мөлшерде, оның қай мемлекетке жататыны арқылы көрiнедi, адам дүниеге келгеннен соң қандай да бiр қоғамның азаматы болады. Адамның дамуына барынша әсер ететiн әлеуметтiк орта, әсiресе қазiргi уақытта, ең алдымен, экономикадағы өзгерiстер, идеологияның өзгеруi, қала мен ауылдағы өмiр жағдайлары, миграциялық процестер (яғни, адамдардың белгiлi бiр мемлекет территориясы аясында көшiп-қонуы, сонымен қатар, одан көшiп кетуi), демографиялық процестер, сәбилердiң дүниеге келуiндегi, өмiр ұзақтығындағы өзгерiстер, т.с.с. жатады. Жеке тұлғаның қалыптасуында географиялық орта белгілі рөл атқарады. Баланың айналасы- үйдегі ортаға көп көңіл бөлінеді.

Қоғамдық мекемелердегі оқу-тәрбие процесін ұйымдастырғанда мұғалiмдер мен тәрбиешiлер балаға кең әлеуметтiк ортамен қатар, мектептен тыс ең жақын айналасының әсерiн ескерулерi тиiс, өйткенi кейде аулада, көшеде, оқушыларға, әсiресе жасөспiрiмдерге белгiлi бiр мөлшерде әсер ететiн жағымсыз (қоғамға қарсы) топтар пайда болуы мүмкiн. Бұл орайда, оқушыларды жақын айналасының қоғамдық-экономикалық өмiрiнiң әртүрлi саласына белсендi әлеуметтiк іс-әрекетке араластыру қажеттiлiгi туындайтынын ескеру керек. Тұқымқуалаушылықпен, ортамен қатар тәрбие үшiншi шешушi фактор болып табылады, тәрбие – педагогтардың басшылығымен әлеуметтiк тәжiрибенi меңгерудегi баланың саналы мақсатты басқарылатын іс-әрекетi. Тәрбиенiң зор күшiн көптеген өткен кезеңнің прогрессивтi педагогтары мойындаған. Мысалы, ұлы славян педагогы Ян Амос Коменский табиғат адамға дүниеге келген сәтiнде бiлiм игеруге мүмкіндік бередi, бiрақ бұл тек тәрбие мен бiлiм арқасында ғана дами алады деп оқытқан. Белгiлi педагог А. С. Макаренко педагогикалық теория мен тәжiрибеде “қиын”, тiптi “т?рбиесі ?иын” балалармен жұмыста тәрбиенiң игiлiктi күшiн дәлелдеген болатын.

Тәрбие – бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелiк-бiлiм беру мекемелерiнен өтедi, ол мекемелер педагогикалық процестi сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетiн нәтижелі ұйымдастырады, өйткенi ол жеке тұлғаның дамуының шешушi шарты болып табылады.

Тәрбие жеке тұлғаның тәрбиелiлiгi нәтижесiнiң белгiлi бiр эталонының болуын талап етедi. Тәрбие мен оқыту адамның қоғамдық қажеттi бiлiм, бiлiк, дағдылардың белгiлi бiр жиынтығымен қарулануын, оның қоғам өмiрi мен еңбегiне дайындығын, осы қоғамдағы нормалар мен мiнез-құлық ережелерiн сақтауын, адамдармен қарым-қатынасын, оның әлеуметтiк институттармен ара қатынасын алдын-ала болжайды Тек тәрбие ғана жеке тұлғаның дамуының әлеуметтiк бағдарламасын жүзеге асыратын, оның нышандары мен қабiлеттiлiгiн жетiлдiретiн шешушi құрал.

Тәрбиенiң оның мақсаттылығынан басқа ерекше өзгешелiктерiнiң бiрi оның осы бiр әлеуметтiк қызметтi орындау үшiн қоғамның арнайы дайындаған адамдары арқылы жүзеге асырылуы. Педагогиканың ұлы классигi К. Д. Ушинский жеке тұлғаның қалыптасуындағы тәрбиешiнiң ерекше орны туралы былай деген: “Тәрбиешi тұлғасының жас жанға әсерi оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесiмен де алмастыруға болмайтын тәрбиелiк күштi құрайды”.

Осылайша жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының жемiстi болуының шарты тарихи анықталған және әрдайым өзгерiп отыратын үш фактор: тума қасиеттері, орта және тәрбие болып табылады.

Жеке тұлғаның қалыптасуында тәрбиеге шешушi мән бере отырып, өзара күрделi байланыста болып отырған мақсатты тәрбие мен баланың дамуының ара қатынасының мәнiн дұрыс түсiне бiлу керек.

Психологиялық-педагогикалық теорияда бұл мәселеге қатысты әр түрлi көзқарастар бар. Олардың бiрi баланың дамуы, тәрбие мен оқытудың тәуелсiз, яғни тез түрде жүзеге асады дейдi (Э.Мейман. А.Ф.Лазурский, Ж.Пиаже). Бұл орайда тәрбие мен оқыту дамуға бейiмделедi, “баланың дамуының соңында бірге жүредi” (Л.С.Выготский). Келесi бiр көзқарас бойынша даму іс-әрекеттiң тарихи қалыптасқан формаларын меңгеруi арқылы жүзеге асырылады (яғни, оқыту мен тәрбие көмегiмен), бұл орайда оқыту мен тәрбие баланың дамуының қол жеткiзген деңгейiнде ғана тоқтап қоймай, сонымен қатар алдағы міндетін шешу (К.Д.Ушинский, П.П.Блонский, Л.С.Выготский). Л.С.Выготский оқыту мен дамудың ара қатынасын зерттей отырып, оқытуды ұйымдастыруда баланың “дамудың ең жақын аймағына” сүйену керектiгiн айтқан. Ол былай деп жазған: “Дамудың алдында болған оқыту ғана жақсы болып табылады”. Сондықтан, тәрбиенiң ең маңызды құралы – табиғи нышандар жиынтығын мұқият айқындау, сол арқылы оларға және қоршаған орта жағдайларына сүйене отырып, баланың соған сай іс-әрекетін арнайы ұйымдастыру.

“Бала дамуының ең жақын аймағы” туралы сөз ете отырып, Л.С.Выготский оқушының тапсырманы өздігінен орындауға әзiрлiгiнiң дәрежесiн айтқан болатын. Осылайша ол бұл әзiрлiктi екi деңгейге бөлген болатын: оқушы тапсырманы мұғалiмнiң көмегiнсiз орындайды (ол осы кезеңдегi өз дамуының деңгейiне жеттi), ары қарай оған мұғалiмнiң көмегiн қажет ететiн қиынырақ тапсырма беру керек, яғни жаңа танымдық мәселе қойылады (қиындық, қарама-қайшылық), бұл оқушының ақыл-ойының дамуын ынталандырады.

Субъектiнiң іс-әрекетi – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенiң орны ерекше екенiн баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивтi объектiсi деп қарастыруға болмайды. Кей кездерде қолданылатын педагогиканың “баласыздық” деген сөздiң астарында тәрбие туралы кейбiр еңбектерде балаға сыртқы педагогикалық әсерлердiң әр түрлi формалары мен әдістері туралы айтылып, осы әсерлердiң арқасында пайда болатын баланың iшкi дүниесі ескерiлмей келетiнi туралы мағына жатыр. Жеке тұлға өзiнiң қалыптасу барысында өзiндiк дамуының объектiсi ғана емес, сонымен қатар субъектiсi де екенiн ескеру керек.

Сана мен іс-әрекеттiң тұтастығы материалистiк диалектика мен психологияның ең маңызды заңдылығы болып есептелiнедi. К. Маркс адам жағдайдың пассивтi жемiс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзiн белсендi түрде өзгерте алады деп жазған болатын. Демократиялық педагогиканың классиктерi де (И. Г. Песталоцци, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин, т.б.) жеке тұлғаның өзiнiң белсендiлiгiне, оның шығармашылық-қайта құру іс-әрекетiне үлкен мән берген.

Белсендiлiк адамның табиғи қасиеттерiнiң бiрi болып табылады. Психологияда белсендiлiктi іс-әрекет деп атайды. Жеке тұлғаның белсендiлiгi оның қажеттiлiктерiнен туады (материалдық және рухани, жеке немесе қоғамдық қажеттiлiктер). Адамның белсенділігінің жануарлардан айырмашылығы оның қажеттiлiктерi сәби жасынан бастап-ақ қоғамдық қажеттiлiктермен реттелiнедi. Адамның белсендiлiгi (немесе оның іс-әрекетi) оның себеп-салдарымен, мақсат пен мiндеттерiн дұрыс қоя білуімен, оларды орындау құралдарын дұрыс таңдай алуымен байланысты.

Белсендiлiктiң өзiне және жеке тұлғаның қоршаған орта мен тәрбиелiк (сыртқы) әсерлерге қатысты iшкi ұстанымдарына байланысты ол әр түрлi бағыттарда қалыптасуы мүмкiн. Егер оқушының осы әсерлерге деген көзқарасы терiс болса, ол тәрбиешiсi қалағанынан қайшы бағытта дамиды. Мысалы, мұғалiм оқушылардың бiлiмiн тексеру кезiнде оқушының бағасын төмендетiп қойса да, оқушы оған ренжiп қалады. Мұндай жағдайда мұғалiмнiң үлгерiмдi жақсартуға шақырған әрбiр сөзi оқушыда жасырын, кейде тiптен ашық қарсы әрекет тудырады. Тәрбиешi, оның педагогикалық әсерi iшкi өрiсте, яғни тәрбиеленушiнiң санасы мен сезiмiне оң әсерiн тигiзбесе, барлық жағдайларда әрдайым осылай болып отырады.

Осының нәтижесiнде, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуында көрiнiс табатын барлық әсерлер мен ықпалдар екi топқа – iшкi және сыртқы болып бөлiнетiн болды. Ортаның әсерi мен тәрбие жеке тұлғаның дамуының сыртқы факторларына жатады. Табиғи әсерлер – бейiмдiлiк пен әуестiк, сонымен қатар, адамның сезiмдерi мен күйзелiстерi, оның сыртқы әсерлердiң ықпалымен пайда болатын сылтаулары мен қажеттiлiктерi – барлығы iшкi факторларға жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы осы екi фактордың өзара байланысының нәтижесi болып табылады.

Егер тәрбие жеке тұлғаның өз өзiмен жұмысы кезiндегi белсендiлiгiне деген iштей ықпалына әсер ететiн болса, онда оның жеке тұлғаның дамуында шешушi рөл атқара алатыны түсiнiктi. Осы бейiмдiлiк пен өсiп келе жатқан адамның жеке тұлға ретiнде жетiлуiне деген өзiндiк ынтасы ғана түбiнде оның дамығанын анықтайды. Осылайша бұл шын мәнiсiнде, өзiн-өзi дамыту, өзiн-өзi тәрбиелеу сипатына ие болады. Л.Н.Толстойдың адамның дамуын жемiстi ағаштың өсуiмен салыстыруы тегiн емес. Өйткенi, сөздiң тура мағынасында оны ешкiм өсiрмейдi, ол өздiгiнен өседi. Адам тек қана топырағын қопсытады, тыңайтқыштар себедi, артық бұтақтарын кеседi, яғни оның өзiндiк дамуына мүмкiндiк беретiн қажеттi сыртқы жағдайларын жасайды, ынталандырады. Ал өзiндiк даму өзiнiң iшкi заңдары бойынша жүредi.

Жеке тұлғаның өзiндiк дамуына қоршаған орта мен тәрбие секiлдi сыртқы факторлар әсер етсе де, бұл факторлар оның iшкi дүниесiне оң әсер еткенде ғана және оның өз өзiмен жұмысы кезiндегi өзiндiк белсендiлiгiн ынталандырған жағдайда ғана жеке тұлғаны дамытып, қалыптастыра алады. Осы бiр аса күрделi процесс тәрбиенiң персонификациясы (лат. – жеке тұлға) деген атауға ие болды. Тәрбиенiң персонификациясы дегенiмiз – ақпараттық мазмұндағы, адамның тұтас модусын (модус – қажеттiлiктер, мақсат-мүдделер, наным-сенiмдер, бағалау критерийлерi, ынта-ықыластар) құрайтын саналық-психологиялық және идеологиялық процестердiң, қасиеттер мен қатынастардың әр алуан түрлерi бар жеке тұлғалық факторлардың мiнез-құлығын әлеуметтендiрiп, реттейтiн өзара әрекет күрделi де қарама-қайшылыққа толы болады. Персонификация әлеуметтенудiң антиподы ретiнде оған қарама-қайшы емес, ол әлеуметтенудiң бар болуының iшкi механизмi болып табылады. Осылайша, жеке тұлғаны әлеуметтендiретiн сыртқы факторлар, соның iшiнде тәрбие де, жеке тұлғаның өз өзiмен жұмысы кезiндегi өзiндiк белсендiлiгiнiң iшкi механизмдерiмен, яғни оның қажеттiлiктерiмен, сенiмдерiмен, мақсат-мүдделерiмен өзара тығыз байланыста болғанда ғана оның дамуы мен қалыптасуына әсер етедi.

Баланың, оқушының белсендiлiгi іс-әрекеттiң әр алуан түрлерiнде көрiнетiнi психологияда дәлелденген. Өмiр барысында қарым-қатынас, таным белсендiлiктерi, өзiн-өзi жетiлдiру мен қоршаған өмiрдi түрлендiру, өзгерту белсендiлiктерi дамиды. Кiшкентай баланың өзi де пассивтi емес түрде өмiрдiң жағдайларына бағынады. Ол өзiнiң талаптарын орындатқанда (үлкендерге) белсендi, ол қоршаған адамдарға қатысты өз түзетулерiн енгiзедi. Ол адамдарға деген (ұнату, ұнатпау) және заттарға деген (керек, керек емес, жақсы көретiн, жақсы көрмейтiн) өзiндiк жеке тұлғалық қатынасын көрсетедi. Бұл қатынастар оның іс-әрекетiнде жеке тұлғаның өзгешелiгiн жасай отырып пайда болады.



Қарым-қатынас – генетикалық түрде баланың белсендiлiгiнiң ең ерте белгісі. Адамның әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiндегi ерекшелiктерi осы қарым-қатынаста көрiнедi. Онда адамдарға деген қатынастың көптеген алуан түрлi реңктерi бар: ата-анаға, мұғалiмдерге, таныстарына, таныс емес адамдарға, құрдастарына, өзiнен кiшкентайларға, достарына. Бала өзiне дос таңдайды, ол адамдардың белгiлi бiр шеңберiмен қарым-қатынас iздейдi, ол басқаларға ықпал етедi. Ұжымда ол кейде ұйымдастырушы, кейде орындаушы болады. Қарым-қатынас белсендiлiгi жеке тұлғаның ең маңызды жақтарының дамуына жағдай жасайды, олар – адамгершiлiк, қайырымдылық, қамқорлық, өз өзi үшiн, адамдар алдындағы өз iстерi үшiн жауапкершiлiк.

Баланың дамуы барысында жеке тұлғаның танымдық белсендiлiгiнiң өрiсi кеңейiп, тереңдей түседi. Кейбiр заттардың қасиеттерiн тану үшiн оларды қолына ұстап көргеннен кейiн бала “Бұл не? Бұл кiм? Қалай аталады?” деген сияқты сұрақтар сұрай бастайды. Бұл сұрақтардың жауабы балаға заттар мен құбылыстардың жалпы мәнiн ашып бередi. Мектептегi жүйелi оқыту баланың таным белсендiлiгiнiң қалыптасуы мен тереңдеуiне мүмкiндiк жасайды, сыныптан сыныпқа көшкен сайын оқушы өз бетiнше бiлiм игеруге, оларды практикалық іс-әрекетте еркiн пайдалану қабiлетiне ие болады. Оқыту барысында бiртiндеп оқушының ойлау қызметiнiң әдiс-амалдары қалыптасады. Орта және жоғары сынып оқушыларының танымдық белсендiлiгi зерттеу жұмыстарында, тәжiрибелiк ұйымдастыруларда, iскерлiк қызметте көрiнiс табады.

Адамның белсендiлiгi қоршаған өмiрге ықпал етедi, болмысты қайта құру мен өзгертуге бағытталады. Әлеуметтiк белсендiлiк дегенiмiз осы. Жеке тұлғаның белгiсiне айналып, бұл белсендiлiк қоғамдық өмiрдiң барлық саласындағы ғылыми жаңалық, өнертапқыш, жаңашылдықтың бастауы мен қозғаушы күшiне айналады.

Жеке тұлғаның белсендiлiгiнiң аталмыш бағыттары оқушының әр алуан іс-әрекеттерiнде көрiнiс табады: оқу-танымдық, еңбек, қоғамдық-пайдалы жұмыстар, ойын, эстетикалық, спорттық-сауықтыру. Оқушының іс-әрекетiн парасатты, педагогикалық дәл және дұрыс ұйымдастыру оның белсендiлiгiнiң барлық бағытта дамуының бастауы болып табылады. Әрбiр баланы белсендi қайраткер орнына қойып, оны баланың барлық күшiн белсендi жұмсауға, іс-әрекеттегi баланың жеке тұлғаға сай өзгешелiгiн зерттеуге, жеке тұлғаның потенциалды мүмкiндiктерiнiң ашылуына барынша көмектесуге мүмкiндiк туғызатын іс-әрекеттi ұйымдастырудың әдiс-тәсiлдерiмен қаруландыру – осының бәрi баланың дамуының нәтижелiлiгiн қамтамасыз ететiн тәрбиенiң басты қызметі.

Сондықтан жеке тұлғаның белсендiлiгiн жан-жақты қалыптастыра отырып, тәрбиешi сол баланы өзiне одақтас етiп алады. Оқушының қажеттiлiктерiне негiзделген тәрбие мен өзiндiк тәрбие процестерi – ең жағымсыз деген сыртқы жағдайларды жеңе алатын күш.

Жеке тұлғаның дамуы үшiн баланың қарқынды іс-әрекетi қажет. Алайда кез-келген іс-әрекет баланың қабiлетiн, дарынын, мiнез-құлық белгiлерiн, бiлiк пен дағдыларын дамыта алмайды. Мысалы, мыңдаған балалар күнi бойы музыкалы? гаммаларды ойнайды, бiрақ музыкант бола алмайды. Баланың қабiлетiн оята алмайтын репетиторлық жұмыстар қаншама. Немесе тағы бiр мысал, төменгi сыныптарда балалардың көбiсi едәуiр ынталы, бiрақ жоғары сыныптарда ондай балалардың саны аз.

Қабiлеттiлiктiң дамуы үшiн өз барысында баланың бойында жағымды сезiмдер туғызатын іс-әрекет қажет (В. Е. Чудновский, В. С. Юркевич). Ал мұндай көңiл-күйге түсу (немесе басқа да) жұмыстан пайда болған сүйсiну сезiмiмен сипатталатын танымдық қажеттiлiктермен байланысты. Дарынды бала белгiлi бiр жұмыспен мiндет үшiн емес, баға үшiн емес, жарыста немесе олимпиадада жеңу үшiн емес, сол жұмыспен айналысқысы келетiн болғандықтан жетістікке ұмтылады, яғни ол балада жағымды сезiмдермен байланысты қажеттiлiк бар. Осыған байланысты әдебиеттерде өте сирек айтылып жүрген жеке тұлғаның дамуының тағы бiр бастауы өзiне көңiл аудартады. Бұл – жеке тұлғаның мәдени ұстанымдарынан бастау алатын өз-өзiне деген қалыптастырушылық, жасампаздық ықпал-әсерi. М. Князеваның ойынша, адамның өзiн өзi дамыту күштерi жеке тұлғаның дамуының ең маңыздысы болып табылады. Оның пiкiрiнше өткен ұлы адамдардың өмірбаяны, күнделiктерi, естелiк жазулары, сырлары, хаттары өзiн өзi қалыптастыру, өз өзiне талап қою жұмысында аса зор күш жұмсағандарының дәлелi бола алады, ал ол қасиеттер олардың кәсiби еңбектерiнiң бастауы болып, өмiр жолында әрдайым серiк болған:”... адам тек қоршаған дүниенi, табиғатты, қоғамды ғана қалыптастырып, түрлендiрмейдi. Адамзаттың бүтiн тарихы – өзiн-өзi қалыптастыру мен қайта құру».

Сонымен, жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесi, қалыптасуының өзара байланысы мәселесiнiң көп ғасырлық тарихы бар. Ғылымда жеке тұлғаның мәнi, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететiн факторларды түсiндiретiн әр түрлi көзқарастар кездеседi. Ғалымдардың жеке тұлғаның қалыптасуында биологиялық (тұқым қуалаушылық) және әлеуметтiк факторлардың ( орта, тәрбие), сонымен қатар іс-әрекет пен қарым-қатынастың орны ерекше деген қорытындысы еш дау туғызбайды. Сонымен жеке тұлғаның дамуны және қалыптастыруына әсер ететін факторлар төмендегідей болып келер. (сурет 2)









Сурет 3.3 Тұлғаның дамуына және қалыптасуына әсер ететін факторлар
Қазiргi ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенiң объектiсi ретiнде де, субъектiсi ретiнде де қарастырылады. Оның объект болу себебi оның қалыптасуы сыртқы ықпал-әсерлерге, әсiресе, тәрбие мақсатты әсерлерге тәуелдi. Субъект болу себебi жеке тұлғаның белсендiлiгiнсiз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсендi ы?палынсыз даму ілгері жүрмейді; тағы бiр себебi: адамның дамуы өзiн- өзi дамыту процесiнде ғана жүзеге асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзiн-өзi тәрбиелеудiң де алар орны ерекше (сол субъект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгiлi бiр қасиеттерiн қалыптастыру мақсатында өз бетiнше жұмыс).

Қазiргi заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалау арқылы берілмейді дейдi. Н. И. Дубининнiң айтуы бойынша, дарындылық болу үшiн “жөндi универсалды генетикалық бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшiн, әсiресе жеке тұлғаның дамуының өте ерте кезеңiнде, қолайлы жағдайлардың болуы.

Бала өмiрiнiң алғашқы үш-бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды. Адам психикасының сырттай көрiнiстерiнiң қасиеттерi өмiр барысында қалыптасады, сондықтан оларды ата-ана, педагогтар және баланың өзi қадағалап, реттей алады.
Өзiн өзi бақылауға арналған сұрақтар;


  1. “Жеке тұлға” деген ұғымды және оның құрылымдық компоненттерiнiң мағынасын ашыңыз.

  2. Жеке тұлғаның қалыптасуымен байланысты негiзгi ұғымдарды сипаттаңыз.

  3. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негiзгi теориялық-?діснамалық амал-тәсiлдерiнiң сипаттамасын берiңiз.

  4. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететiн негiзгi факторларды атаңыз.

  5. Тәрбие мен дамудың өзара байланысты екенiн дәлелдеңiз.

  6. Субъектiнiң іс-әрекетi жеке тұлғаның қалыптасуының басты факторы екенiн дәлелдеңiз.


Әдебиеттер

  1. Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования. Алматы: Гылым, 1998.

  2. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  3. Измайлов А.З. Народная педагогика: педагогические воззрения народов Азии и Казахстана. М., 1991.

  4. Керимов Л.К. Педагогические основы индивидуализации перевоспитания трудных подростков. Алматы. 1994.

  5. Кон И.С. Психология подростка. М., 1981.

  6. Кон И.С. Психология ранней юности. М., 1989.

  7. Костюк Г.С. Движущие силы развития и воспитания. Хрестоматия по педагогике /Под ред. З.И.Равкина. М., 1976.

  8. Петровский В.А. Личность – феномен субъективности. Ростов на Дону. 1993.

  9. Рысбаева А.К. Успешность деятельности как категория педагогики. – Алматы: КНПУ им. Абая, 2003.

  10. Узакбаева С.А., Кожахметова К.Ж. Использование материалов казахской этнопедагогики при изучении педагогических дисциплин. Алматы. 1996

  11. Фридман Л.М., Пушкина Т.А. Изучение личности учащихся и ученических коллективов. М., 1988.


Тақырып 4 Оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне психологиялық-педагогикалық сипаттама (1 сағат)

Мақсаты: мектеп оқушыларының жас мөлшеріне қарай және жеке басына тән ерекшеліктер туралы түсінік қлыптастыру және осы ерекшеліктерді оқу-тәрбие процесінде ескеру.

Міндеттері:

а) мектеп оқушыларының жас мөлшерінің кезеңдеріне сипаттама беру;

ә) мектеп оқушысының жеке тұлғасының өзіндік ерекшеліктерін ашу;

б) педагогикалық процесте мектеп оқушысының жас мөлшерінің психологиясын есепке алу.

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский, «Егер педагогика адамды барлық жағынан тәрбиелегісі келсе, онда оның адамды абрлық жағынан тауны да керек» - деген болатын. Осындай ережеге байланысты, жұмыс барысында педагог балалардың психологиялық, физиологиялық және жас ерекшеліктерін міндетті түрде білу керек.

Барлығына мәлім, балалардың жас ерекшеліктерін есепке алу және бала тұлғасына арнайы қтынас, тәрбие мен оқытудың басты принциптері болып табылады. Сондықтан мектептің педагогикалық ұжымы, оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас және дербес ерекшеліктерін есепке алу маңызды.

Мектеп жасындағы балалар бастауыш, орта (жеткіншек) және жоғары буынға бөлінеді. Жеткіншек кезең кіші және жоғары деп бөлінеді.
Кесте 4.1 Оқушылардың дамуының жас кезеңдері


Кезеңдер

Жылдар

Сыныптар

І. Бастауыш оқушылар

6- 10

I – IV

ІІ. Орта (жеткіншек)

11-14-15

V- IX

ІІІ. Жоғары

15-18

X – XII



Бастауыш сынып жасындағылардың ерекшеліктері мен дамуы.

Адамның белгілі сипаты мен сапасын қалыптастырудағы тәрбиешілердің мақсат тәрбиесі белгілі бір жас мөлшеріндегі топқа бағыталған, осы арқылы сол топта тәрбиенің мүмкінідктері мен міндеттері, әдістемелері қолданылады. Адам өмірінің мектепке дейінгі кезінде, есейген шақ кезеңдеріндегі, жасөспірім шақта, әлеуметтік ортада, мектепте қлыптасқан мінез-құлқы ерекшеленеді.

Жас мөлшерінің психологиясы курсында оқылатын жоғарыда айтылған жас мөлшерлік топтардың әрқайсысының сипаттамасын бұл тұста нақтылап қарастырмай-ақ, педагогтың әрбір жас мөлшері тлбымен жүргізетін оқу-тәрбие жұмысында ескерілуі тиісті кейбір тірбие ерекшеліктеріне тоқталамыз.

Жастарды өмірге және ұжымдық еңбекке тәрбиелеудің, әрбір жас адамның жеке тұлғасының өмірлік бағыт-бағдарын анықтайтын дүниетанымын қалыптастырудың қоғам алдындағы зор міндеттері мектепке жүктелген. Тәрбие, шын мәнінде, жек етұлғаның дамуы мен жалпы қоғамның негізгі мақсты болып табылады және ол қоғамның әрбір мүшесінің жан-жақты дамуына жағдай жаасуға бағытталған.

Белгілі бір жастағы балалардың жас мөлшері дегенде олардың көпшілігіне тін ерекшеліктер мен сипаттардыф айтамыз. Бұл еркшеліктерді педагогикалық процесте ескеру қажет және осған сәйкес оқыту, тәрбие берудің тиісті түрін, әдістемесін және тәсілін пайдалану керек.

Бастауыш сынып жасындағы баланың салмағы бір жылда 2-2,7 кг өседі. 6 жастан 12 жасқа дейінгі аралықта бала денесінің салмағы екі есе артып, 18 килограмнан 36 килограмға дейін ртады. Осы жаста бала миының көлемі де ұлғаяды, яғни, ол 5 жаста үлкен адам миының 90 пайызындай болса, 10 жаста 95 пйызына тең болады.

Жүйке жүйесінің жетілу де жалғасады. Жүйке жасушалары арасында жаңа абйланыстар түзіліп, мидың жарты шарында икемділік күшейеді. 7-8 жаста жарты шарды жалғап тұрған нерв талшықтары жетіле түседі және олардың өзара қарым-қатынасының арта түсуін қамтамасыз етеді. Жүйке жүйесіндегі бұл өзгешеліктер баланың ақыл-ойы дамуының келесі кезеңінің ірге тасы қалануына негіз болады.

Бала мектеп табалдырығын аттағаннан кейін, оның әлеуметтік жағдайы өзгереді, бірақ ішкі әлемі, психологиясы әлі мектепке дейінгі қалыпта болады. Баланың ең негізгі іс-әрекеті әлі де ойын, сурет салу, ойыншықтарды құрастыру болып қала береді. Оқу іс-әрекеті әлі де дамуды қажет ететін деңгейде болады. Оқу іс-әрекетнідегі, тәртіп сақтаудағы қажетті іс-әрекетке еріктілік беру алғашқы кездерде ғана мүмкін болады, бұл кезде балаға жақын арада істелінуі тиіс мақсатар және оның күшс алуын қажет ететін тапсырмалардың мөлшерінің аздығы түсінікті болады. Оқу іс-әрекетіне ерікті түрде назар аударту ол балаға жеңіл тиеді.

Мектеп оқушыларында болатын ерекше белсенді\ліктің себебі әлі күнге дейін толық анықталған жоқ, бірақ көптеген жағдайларда байланысты белгілі бір пайымдаулар айтылып жүр. Мысалы, сарапшылар мұндай жағдайды орталық нерв жүйесінің генетикалық әсерімен түсіндіреді. Көптеген зерттеушілер оның себептерін күнделікті ішіп жүрген тағамынан, баланың өзінің ерік-жігерінен, оның өрескел қылықтарына қолдау көрсетушіліктен іздейді. Бүгінгі таңда мұндай келеңсіз жайттардың алдын алу мен емедудің түрлі әдістемелері қолданылып жүр. Кейбір дәрі-дәрмектер бесленді балаларды тыныштандырады. Сондай-ақ кең таралған әдістің бірі – тағамның құрамынан қантты, жасанды дәмдеуіштер мен тағамға қосылатын затарды алып атстау арқылы диета қолдану. Баланың мінез-құлқына ата-ана мен мұғалімдер тарапынан үнемі және табанды бақылаудың жасалуы және срытқы әсерді, мысалы, қоғамдық орындарда көңілді тыныштандыратын көгілдір жарықтың түсірілуі жақсы нәтиже береді.

Бастауыш мектеп жасындағы бала үшін ең маңыздысы – педагог. Балаға қарап жылы жүзбен жымиюдың аса маңызды әсері туралы И.М.Юсупов былай дейді: «Педагогикалық қарым-қатынаста балаға қарап жымию баламен диалогтың ең қажетті құралы болып табылады. Сөйлесетін адамың неғұрлым кішкентай болса, ол өзінің іс-әрекетіне үлкнедердің соғұрлым үнсізде жылы жымиысына баға беруін қажетсінеді. Тек қана оқу процесінде емес, жай қарым-қатынастарда да бастауыш сынып жасындағы баалар мен жасөспірімдерді жылы жымиыспен ынталандырудың маңызы зор. Сондықтан да педагогтың вербальды емес қарым-қатынаста өз бет әлпетінің жылығымен әсер етуге сараңдығы бала мен педагог арасындағы, онсыз да үлкен жас айырмашылығын оданс айын қашықтатпайық».

Үлкендердің баламен әр түрлі қарым-қатынасы және олардың балаға беретін бағасының сипататмасы оның бойындағы өзіне баға бере алу қасиетін дамытады. Бір жағдайда оның өзінің ақылды еендігіне сенімі артса, басқа бір жағдайларда өзінің көріксіз немесе қателігін мойындайды. Үлкендердің тікелей әсер етуімен баланың бойында пайда болатын осныдай өзіне өзі баға берушілігінен оның басқа адамдарға да баға беруінің негізі қаланады.


Модуль 2 Тұтас педагогикалық процестің теориясы мен практикасы.
Тақырып 5 Тұтас педагогикалық процесс педагогиканың пәні және мұғалім іс-әрекетінің объектісі (1сағат)
Мақсаты: Тұтас педагогикалық процестің ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері:

а) «Объект» және «пән» деген ұғымдардың мәнін ашу

б) педагогикалық процесс-педагогикалық теорияның объектісі болатындығын көрсету.

в) Тұлғаның тұтас педагогикалық процесте дамуына сипаттама беру.

Педагогикалық процесс мұғалім іс- әрекетінің объектісі. Адамның қандай да болмасын іс-әрекетінің заттық саласы қалайда білімдер жүйесінде көрінеді. Сондықтан синтетикалық спатының біртұтастық объектілері жасалмайынша субъектінің іс-әрекетінің сәтті болуы мүмкін емес. Санның тұтастық объектілері белгілі бір шындық саласындағы білімдерді меңгерудің нәтижесінде пайда болған объектілері, субъектінің іс-әрекетінің сыртқы талаптарды орындау тәсілдері мен адамның субъекті тұлғалық құндылықтарына бағыт табу болып табылады.

Педагогикалық іс-әрекетте еңбек субъектісі мұғалім болады. Мұғалімнің еңбек құралдарының өзіндік сипаттары – ол оның білімі, білігі, тұлғалық қасиеттері. Осыған байланысты, білім «сананың біртұтастық объектісі» болып есептелуі керек, мұғалімнің іс-әрекеті, оның білім және тәжірибесі кәсіби шеберліктің деңгейіне тікелей қатысты екендігі анық.

Қажетті тәжірибені жинақтауға әкелетін іс-әрекет мұғалім тұлғасын қалыптастырудың шарты болады, ал ол «оқу-әдістемелік» құралдарының өзінде орныққан. Бірақ бұл іс-әрекет тиімді болуы мүмкін емес, егер еңбек объектісі толық айқын болмаса, еңбек субъектісінің зейіні теріс түсініп объектіге аударылса, бұндай жағдайда еңбек субъектісінің әрекеті объективті өмір сүретін кәсіби іс-әрекеттің объектісіне сәйәкес болмайды.

Қазіргі кезеңдегі тұтас педагогикалық процестің мәні туралы түсінік ғалымдардың бірнеше ұрпақтарының күш салуларының арқасында жинақталады, өйткені педагогикадық құбылыстар компонентетрінің, қасиеттері, заңдылықтар туралы дербес білімдері бірте-бірте жинақталады. Бірақ, бөлік туралы білім әлі біртұтас туралы білім емес. «Педагогикалық процесс» деген сөздік (термин) ғылыми айналымға ХІХ ғасырдың екінші жартысында (П.Ф.Каптерев) енгізілгенімен, ұғымның мазмұндық сипаттамасын тек қана тұлға теориясы, іс-әрекет теориясының дамуы арқылы құбылыстарды зерттеуде жүйелілік тәсіл қолдануды қалыптастыру арқасында мүмкін болды.

Педагогикалық процестің белгілері, спалары мен қасиеттері.

Тұлғаны қалыптастыру ұзақ процесс, ол қарама-қайшылықтарды шешумен бұл іс-әректетегі ересектердің мәдениеттердің заттық өзгерілген формасын субъектінің әрекеттік қабілеттеріне өзгерту мен көзқарас формасындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуының бірлігі. Демек, егер педагогикалық процестің түпкі мақсаты адамның тұлға ретінде қалыптасуы болса, онда педагогиклық процестің элементар бірлігі, оның «кереге көзі» бастапқы абстракция болып «қалыптасудың қас қағым сәті» болуы керек.

Бұл процестің ең кіші бірлігі, одан әрі оны тану сапалық қасиеттерін жоғалтпай мүмкін болмайды.

Тұлғаның қалыптасуы даму барысында негізгі қайшылықтарды жеңуде жүзеге асады. Бірақ бұл үшін, бөліну болған жөн- ересектер қызметін алады, яғни. әлеуметтік тәжірибеде алынған іс-әрекет тәсілдерін айқындаушы. Сонымен бірге қозғалыс формаларындағы адамзаттың әрекет күштері мен қабілеттерінің заттық формаға ауысуы жүзеге сасады. Тұлғаның іс-әрекет субъектісне алмасуы, оқушының даму процесінде қалай болатындығы көрінеді.

Барлық мәдени байлықтарды және іс-әректтер түрлерін меңгеру пәндік оқыту арқылы жүргізген тиімді. Бұнымен тағы бер жүйенің пайда болуы байланысты, оған мұғалім «сынып ұстаздары» элементі ретінде кіреді. Сынып ұстаздарының балалардың бастапқы ұжымы мен өзара әрекетері барыснда жоғары деңгейдегі жүйе «сынып оқушылары» пайда болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет