Педагогикасы



Дата07.02.2022
өлшемі17,58 Kb.
#86797
Байланысты:
руханият бекіту сұрақ

1.Қазақ руханияты туралы философиялық тұжырымдарды айтардың алдында философиялық әдебиеттегі рух, руханилық, руханият ұғымдары жөнінде кейбір пайымдауларға, пікірталастарға тоқтала кетелік. Ежелден жалпы әлемдегі материалдық дүниенің өзге сипаты оның рухани жағы деп түсінілгені белгілі. Руханият – қоғамда тарихи қалыптасқан рухани әлем, қоғамның рухани өмірі мен мәдени кеңістігі. Сондықтан оған оң және теріс мағынадағы рухани элементтер мен түсініктер енуі толық мүмкін екені анық. Дегенмен, «Рух абсолютті мағынада алғашқы» деген Гегель, адам рух арқылы ғана өзінің табиғи шектеулі әлемінен жалпылық дүниесіне, әмбебап қатарға өрлей алатындығын ескертеді [3, 24 б.]. Трансценденттілік әлеміне қарай адами танымдық қадам жасау, әртүрлі процестерді сыни рефлексиядан өткізу субъекті үшін рухты болмыстық іргетас ретінде қабылдаудан басталады. Сондықтан, қазіргі кезеңдердегі кейбір философиялық зерттеулердегідей «рухты руханилықтың онтологиялық негізі ретінде» түсінудің өнімді тұстары бар екенін атап өту керек [4, 69 б.]. Шынымен де рухтың маңызды құбылыс екенін мойындау арқылы адам әлеміндегі қатынастарға ендейміз. Руханилық – еркін шығармашылық белсенділік арқылы, әлемге деген адамгершілік қатынас арқылы қалыптасады және сол құрылымдардың нәтижесінде дамиды, адам өмірінің мәніне айналады. Сондықтан, «руханилық – адамның түпкі мәндік негіздеріне сәйкес келетін дүниеге деген оң мағынадағы ыстық ықыласынан туындаған қатынастар жиынтығы» деген тұжырымға тоқтам жасауға болады.


2. Қазақ халқының дәстүрлі педагогикасы тарихи-мәдениет тәжірибесі ретінде де, рухани мұра ретінде де аса қызығушылық туындатады, өйткені халықтың және халық арасынан шыққан ұлы ғұламалардың дүниетанымдық көзқарастары мен құнды идеяларын дәстүрлі педагогикалық мәдениетті зерттеу арқылы ғана танып білуге болады. Бұл тұрғыда тұлға тәрбиесінің күрделі міндеттерін шешудегі мұғалімнің рөлін, оның этнопедагогикалық мәдениетін көтеруге ықпал ететін қоғамның дәстүрлі педагогикалық мәдениетінің құндылықтарын шығармашылықпен тарататын білімнің маңыздылығы артады. Халықтың дәстүрлі педагогикалық мәдениетін түрлі қырынан және «халық педагогикасы», «этнопедагогика» ұғымдары негізінде талдап, қарастырған зерттеу жұмыстары ТМД елдерінде де, Қазақстанда да баршылық. Олардың бірі халық педагогикасы мен этнопедагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздерін, идеялық мәнін, ондағы тәрбие мазмұнын (Г.Н.Волков, А.И.Ханбиков, А.Э.Измайлов, Л.Христова, С.Ұзақбаева, С.Қ.Қалиев, К.Ж.Қожахметова, Ж.Асанов, Қ.Шалғынбаева, Р.Жанабаева және т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдар мен ағартушы-педагогтардың халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларына (Д.Лордкипанидзе, Н.Сафаров, Қ.Б.Жарықбаев, А.Кубесов, Т.Әлсатов, И.Халитова және т.б.) жан-жақты сипаттама береді.


3. Қазақ хандығы-сөзсіз кешегі ата-бабаларымыз сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігінің алуына әкеліп соқты. Шыңығысхан мен Алтын Орда империяларынан асяси тәжірибе жинақтаған Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы –қайта өрлеу дәуіріне (14-16 ғ.ғ.) дөп келді.Қазақ халқының өзіндік мәдени, рухани, әдеби ұлттық дәстүрі қалыптасты. Қазақ ұлтының дамуы мен қалыптасуына зор қосқан хандар мен сұлтандар, билер мен жыраулар, батырлар мен ақындар: Жәнібек, Керей, Асан қайғы, Мұхаммед-Хайдар Дулати , Қадырғали Жалаыри, Қасым, Есім, Хахназар, Тәуекел, Тәуке, Қазтуған, Ақтанберді, Шал, Әнет, Төле, Қазыбек, Әйтеке, Әбілхайыр, Абылай, Бұқар, Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Райымбек, Сырым т.б. көптеген адамдар болды. Аузы дуалы ақылгөй жыраулар мен шешен билер жалпы жұтқа өнегелі сөздерімен, өлең –жыр толғауларымен зор ықпал етіп, халықты ел болуға, берекелі бірлікке шақырып, қоғамдық өмір сахнасына шыға бастады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет