Байланысты: Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары №561бұйрық
114. "Педагог-зерттеуші" біліктілік санатын мерзімінен бұрын алуға мынадай
талаптардың кемінде алтауына сәйкес келетін педагогтер қатысады:
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық, халықаралық деңгейлерде кәсіби шеберлік конкурстарының жүлдегерлері немесе жеңімпаздары болып табылатын адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес республикалық,халықаралық деңгейлерде олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған адамдар;
білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың тізбесіне енгізілген, басып шығарылған оқулықтардың, оқу-әдістемелік құралдардың авторлары (тең авторлары) болып табылатын адамдар;
ғылым кандидаты/докторы немесе PhD докторы ғылыми дәрежесі және кемінде үш жыл педагогикалық жұмыс өтілі бар тұлғалар;
кәсіпорыннан, бейінді ұйымнан педагогикалық жұмысқа ауысқан, кемінде үш жыл
жұмыс өтілі бар адамдар;
Білім беру мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының « Сарапшылардың электрондық базасына" сәйкес немесе Техникалық және кәсіптік білім департаменті жанындағы Республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптау жөніндегі сарапшылардың құрамына кіретін адамдар;
еліміздің, облыстың телевидениесінде трансляциялау үшін енгізілген бейне -,телесабақтар дайындаған адамдар;
облыстық деңгейдегі "Үздік педагог" атағына ие болған адамдар;
"Қазақстан мұғалімі" ұлттық сыйлығының қатысушысы немесе жүлдегері немесе жеңімпазы болып табылатын адамдар;
Уорлд скилс (WorldSkills) республикалық немесе халықаралық чемпионаттарының жеңімпаздарын немесе жүлдегерлерін дайындаған тұлғалар.