Байланысты: Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары №561бұйрық
Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 12.11.2021 № 561 бұйрығы
Педагогтерді аттестаттау "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бес жылда бір реттен
сиретпей,
білім беру ұйымдарының басшылары – "Білім туралы" ҚР Заңының 44-бабының 5-тармағына сәйкес үш жылда бір рет,
білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары – осы Қағидалардың 130-тармағына сәйкес
үш жылда бір рет өткізіледі.
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) ҚР Еңбек кодексінің 139-бабының 7-тармағына, "Педагог мәртебесі туралы" ҚР Заңының 14-бабына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының 10-бабының 1) тармақшасына (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес әзірленді, педагогтерді аттестаттау және педагогтерге біліктілік санаттарын беру ( растау) тәртібін айқындайды
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
аттестатталушы – осы Қағидаларға сәйкес аттестаттаудан өтетін және біліктілік санатын алуға (растауға) үміткер адам;
2) аттестаттау – осы Қағидаларға сәйкес педагогтердің біліктілік деңгейін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім, оның нәтижелері бойынша біліктілік санаттары беріледі (расталады);
3) аттестаттау комиссиясы – педагогтерді аттестаттау рәсімін жүргізуге уәкілетті алқалы орган (бұдан әрі – Комиссия);