Педагогтың кәсіби қызметіндегі психологиялық-педагогикалық диагностика



бет16/22
Дата07.02.2022
өлшемі81,08 Kb.
#96848
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Тәжірибе № 1

5.Психодиагностика тарихы.
Ғылыми психодиагностиканың қалыптасуы психологиялық ғылымға эксперименттің, өлшеу идеясының енуімен байланысты. XIX ғ. 30 ж.ж. неміс зерттеушісі Вольф психометрия түсінігін енгізді. бірақ философтардың, жаратылыстанушылардың, математиктердің ойлары тек ғасыр өтіп барып жүзеге аса бастады. психикалық құбылыстарды өлшеу идеясын жүзеге асыру Э.Вебер мен Г.Фехнердің психофизикасынан басталды. Осыдан кейін психология тек түйсіктерді ғана емес, одан күрделі психикалық функцияларды зерттеу барысында да «математика» тілінде сөйлеуге талпына бастады.
Жекелеген айырмашылықтарды зерттеуге тек психологтар, физиологтар, дәрігерлер ғана емес, басқа да ғалым-дар қызығушылық танытқан. 1816 ж. Кенигсбергтен шыққан астроном Фридрих Бессель «Астрономиялық журналдан» Гринвич обсерваториясындағы Король астрономының көмекшісі кәсіби жарамсыздығы үшін жұмыстан босатылғаны жөнінде оқиды. Ол жұлдыздың «ағып түсуін» өзінің басшысынан бір секунд кеш байқағаны үшін жұмыстан шығарылады. Бұл оқиғаға қызығушылық танытқан Бессель зерттеу жүргізіп, әр адамның жұлдыздың «қ .лауын» аң .ару реакциясыныңәрқилы екенін анықтайды. Ол жұлдыздарды бақылаушыларға арналған «бақылаушыны теңестіруді» есептеу қажет деп есептейді. Осылайша, астрономия физиологтар мен психологтарды реакция уақытының индивидуалдық айырмашылықтарын зерттеуге бет бұруына түрткі болды.
«Менталдық хронометрия» деп аталған бағытқа елеулі үлес қосқан голландтық физиолог Ф.Дондерс (1818-1889). Ол Гельмгольц анықтаған жүйке импульсының өту жылдамдығынан асатын реакцияға жіберілген уақытты психикалық үрдістерге жатқызу керек деп шешкен (бұлшықеттен түрлі қашықтықта тұрған жүйке ошақтарын тітіркендіру арқылы). Ол реакциялардың бірнеше типін бөліп көрсетті. А реакциясы – зерттелуші
қандай тітіркендіргіш әсер ететінін және қандай реакциямен жауап беру керектігін біледі. В реакциясы – түрлі тірікендіргіштерге түрлі қимыладр арқылы жауап береді. С реакциясы – бірнеше стимул ұсынылса, тек соның біреуіне ғана жауап береді. Дондерстің пайымдауынша, А-дан В-ны алғанда, тадау мен елестету тәрізді психикалық үрдістердің жылдамдығын есептеуге болады. Оның ішінде С-дан А алынғанда ажырату уақыты, С-дан В алынғанда таңдау уақыты белгілі болады. Бұл зерттеулердің негізгісі, психикалық, физиологиядан бөлек эксперименталдық зерттеулердің айрықша облысына айналды.
Индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу (Френсис Гальтон)
Френсис Гальтон 1822 жылы Бирмингем қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы бай отбасында өтеді. Анасы Чарльз Дарвиннің атасы болып келетін Эразм Дарвиннің қызы болған. Кембридж университетінің бакалавр дәрежесін (1844) алған.
Индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеудің негізін қалаушы ағылшын ғалымы Френсис Гальтон болып табылады. Ол оларды өлшейтін құрал – тестті ойлап тапты.
Ф.Гальтонның негізі идеяларының бірі – адамның қабілеттерін өлшеу. Оны қызықтырған негізгі мәселе – қабілеттердің тұқым қуалаушылығы. Адамзатты жақсарту идеясының негізінде Гальтон психометрияны немесе ақыл-ойды өлшеу үшін тиісті психологиялық, психофизиологиялық зерттеулер жүргізеді. Гальтонның алғашқы зерттеулерінің негізінде индивидуалдық психологиялық ерекшеліктер мен оларды өлшейтін ғылым пайда болды.
Өзінің бақылауларына және Дж. Локктың философиялық іліміне сүйене отырып, Ф.Гальтон сенсорлық ажырату ерекшеліктерінің көмегімен адамның ақыл-ойын (интеллект) бағалауға болады деп пайымдады. 1883 ж. ол өзінің ақыл-ойды өлшеу идеясын құрастырды: «Біз қабылдайтын сыртқы оқиғалар жайлы барлық ақпарат біздің сезім мүшелеріміздің жолымен келеді; адамның сезім мүшелері неғұрлым нәзік айырмашылықтарды қабылдай алатын болса, онда оның интеллектуалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру мен пайымдаулар құруына соғұрлым мол мүмкіндіктер туындайды».
Ф.Гальтон соған дейін белгілі болған сезімталдық табалдырығын, реакция уақытын анықтайтын эксперименталдық-психологиялық тәсілдерді жетілдіреді және жаңасын құрастырады. Олардың ішіндегі, дыбыс жоғарылығын қабылдау шегін анықтауға арналған ысқырғыш және ұзындықты көзбен ажыратуға арналған сызықша (линейка) әлі күнге дейін қолданыста және соның атымен аталады.
1884 ж. Лондонда өткізілген медициналық құрал-жабдықтар, денсаулық сақтау әдістері халықаралық көрмесінде Ф.Гальтон келушілерді өзі құрастырған тесттермен таныстырады. оның антропометриялық зертханасында кез-келген келуші өзінің «қабілеттерін» өлшей алатын болды. Тестілеу он жеті көрсеткіш бойынша жүргізілді, олардың ішінде саусақтар күші мен ұру күші, көру өткірлігі, өкпенің көлемі, түс айыру, нысандарды жаттау және т.б. болды. Көрме жабылған соң, Ф.Гальтон өзінің зертханасын Оңтүстік Кенсингтон Мұражайына көшіріп, алты жыл бойы 9000 адамға өлшеулер жүргізеді.
Ф.Гальтон психологиядағы статистикалық процедураларды қолданудағы жаңашыл ғалым болды. 1888 жылы корреляция коэффициентін есептеу әдісін ұсынды.
Гальтон антропометрия мен тұқым қуалаушылықты зерттеуде корреляция коэффициентін есептеді. Тұқым қуалаушылықтағы регрессия құбылысын статистикалық зерттеу корреляция түсінігімен тікелей байланысты: «Регрессия былайша түсіндіріледі. Бала жартылай ата-анасына, жартылай арғы ата-бабаларына ұқсайды. Жалпы айтқанда, оның генеалогиясы неғұрлым әрі кетсе, оның ата-бабалары да, тұтас нәсілден алынған, саны бірдей адамдар топтарынан бөлектенгенше, соғұрлым көп және алуан түрлі болады. Олардың орташа бойы нәсілдің бойындай болады, басқаша айтқанда, ол орташа». Гальтон ашқан регрессия заңы осы. Гальтонның бұл заңдары қазір тек тарихи дерек болса да, өз заманында олар жаңашыл зерттеулер болып саналды.
Гальтонмен бірге жұмыс жасаған математик және биограф Карл Пирсон корреляцияны есептейтін математикалық аппаратты жетілдірді. Нәтижесінде Пирсон бойынша корреляция коэффициенті пайда болды. Сондай-ақ ол d-квадрат параметриялық емес коэффициентін құрастырды. Ол коэффициенттер психодиагностикалық зерттеулерде кеңінен қолданылады, солардың негізінде психологиялық тесттерді құрастыру мен қолдануда сандық әдістерді қолдану дәстүрі орнады.
Ф.Гальтон тұлғалық ерекшеліктерді өлшеу туралы мәселе қойған ғалымдардың алғашқысы болып табылады.
Сондай-ақ, Ф.Гальтон «идеялар ассоциациясын» да зерттеушілердің басында тұрғандардың бірі.
Осылайша, интеллектіні зерттеудегі ағылшын мектебінің пайда болуы мен қалыптасуына ұлы ағылшын елеулі үлес қосты.
Джеймс Мак-Кин Кеттеллдің ақыл-ой тесттері
а) Джеймс Мак-Кин Кеттелл 1860 жылы АҚШ-тың Истон қаласында дүниеге келген (Пенсильвания штаты). Лафайет колледжінің бакалавры (1880), философия докторы (Лейпциг университеті, 1886). Дүние жүзіндегі ең алғашқы психология профессоры (Пенсильвания университеті, 1887-1891). Америкалық психологиялық ассоциацияның президенті (1895). 1917 ж. Америкалық психологиялық корпорация құрады, ол ең бірінші рет тесттерді басып шығарады.
Дж. Кеттелл Ф.Гальтонның ақыл-ойды өлшеу идеяларына ден қоя бастайды.
1890 ж. Дж. Кеттелл психодиагностикадағы ең атақты еңбек болып есептелетін «Ақыл-ой тесттері және өлшеу» жұмысын жариялайды. Бұл мақаласында ол қолданылып жүрген 50 тесттер ішінен онын іріктеп алады. олар жақсы танымал «динамометрия», «қозғалыс диапазоны» (белгілі бір ара қашықтыққа қолды қозғалтуға жіберілетін уақыт), «сезімталдық аймақтары», «салмақтың білінер-білінбес айырмашылығы», «дыбысқа жауап беру уақыты», «түсті ажырату уақыты», «50 см. сызықты екі еселендіру», «10 секундтық уақыт кесіндісін айыру», «әріптер қатарын айтудың бірізділігі». Кеттелл бұл тесттерді ақыл-ойды өлшеуге болатын қарапайым психикалық функциялар тесті деп атады.
Альфред Биненің интеллектіні зерттеуге қосқан үлесі
Альфред Бине 1857 ж. Ниццада дүниеге келген. Гипноз және истерия мәселелерімен айналысқан. 1894 ж. жәндіктердің жүйке жүйесін зерттегені үшін доктор дәрежесін алады. Осы жылы Сорбоннада психологиялық зертхананың директоры болып тағайындалады және Франциядағы алғашқы психологиялық журнал ашады.
Альфред Бине эксперименталдық психологияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Зерттеудің алғашқы кезеңдерінде Бине интеллект мен хиромантия және френология қарастыратын «айнымалылар» арасындағы өзара байланысты түсінуге тырысқан. Сондай-ақ ол Гальтон мен Кеттелл қолданған тесттерді қолданып эксперименттер жүргізді. Алайда 1890 ж.ж. Бине индивидуалдық айырмашылықтарды зерттеу үшін анағұрлым күрделі психикалық үрдістерге жүгіну қажет деген тұжырымға келеді. Бине мен Анри 1896 жылы зейінді, түсінуді, есте сақтауды, қиялды, эстетикалық бағалауды, моральдық пайымдауларды және кеңістікті визуалдық түйсінуді өлшеуге арналған тесттер топтамасына сипаттама берді.
1891 жылы Гарвард университетінен Хуго Мюнстерберг мектеп жасындағы балаларға қолдануға болатын 14 тест дайындады. Олардың ішінде оқу, вербалдық ассоциация, есте сақтау, сондай-ақ қарапайым арифметикалық тапсырмалар болды.
С ХХ ғ. индивидуалдық айырмашылықтарды өлшеу саласындағы елеулі қол жеткізген нәтижелерге А.Биненің тесттері жатады. Бине шкаласы неғұрлым кең ауқымда қолданыла бастайды.
Еуропадан келуші иммигранттарды зерттеуге арналған әдістемелер ішіне қосқан Генри Годдард оны алғашқы қолданушылардың бірі болды. Ағылшын тілін нашар білетін немесе мүлдем білмейтін адамдарды зерттеуде бейімделмеген тесттерді қолдану неге әкелетінін Годдардтың жұмысы анық көрсетті. Осы зерттеудің нәтижесі бойынша еврейлердің 83%, венгрлердің 80 %, итальяндықтардың 79%, Ресейден келушілердің 87% ақыл-есі төмен болып сипатталуы мүмкін еді.
Г.Годдард ұсынған Бине-Симон шкаласына (1908 ж.) көңілі толмаған америкалық психолог Льюис Мэдисон Термен мен Х.Д.Чайлдз бірігіп тестті жаңадан қайта бейімдеуге кіріседі. Ол шкала тапсырмаларының валидтілігі мен сенімділігін тексеруге мән береді. Тесттің көптеген тапсырмалары модификацияға ұшырады, сонымен қоса жаңа тапсырмалар қосылды. Ол шкала (Бине-Симон шкаласының Стэнфордтық нұсқасы) 2100 бала мен 180 ересектерге жүргізіліп стандартталды. Ол 3 жастан ересек жастағыларға дейін диапазонды қамтыды, бірақ 11 жасқа арналған тесттер болмады. Нәтижесі ақыл-ой дамуы мен жастың ара қатынасының көрінісі ретінде және интеллект коэффициентіне немесе IQ-ге ауыстырылуы мүмкін болды. Термен осы шкаланың көмегімен IQ – ді орналастыру негізінде мынадай классификациялық сызбаны ұсынды: 90 – 109 IQ – орташа ақыл-ой қабілеттері, 70-тен төмен IQ ақыл-есі кемдікті, 140-тан жоғары IQ данышпандықты білдіреді. Бұл жерде ол анықтаған шектеулер ерікті түрде таңдалғанын және осы классификациялық сызба жаңа өлшеу үшін жалпы басшылыққа алуға ғана арналғанын ескертті. Өкінішке орай ол сақтықты көптеген мамандар ескермеді.
т 1930 – 1939 ж.ж психодиагностиканың дамуы
1930 жж. көптеген жаңа тесттер пайда болды. Олардың көпшілігі АҚШ-да құрастырылды. 1936 ж. мына бес тест жайлы мақалалар өте көп жарияланды: Стенфорд-Бине – 141, Роршах тесті – 68 мақала. Келесі орынды Бернрейтердің тұлғалық сауалнамасы (Bernreuter Personality Inventory), Сишордың музыкалық талантты өлшеуіштер (Seashore Measures of Musical Talent) және Стронгтың кәсіби қызығушылықтар бланкісі (Strong Vocational Blank).
Екі жақсы құрастырылған вербалдық емес шкалалар он жылдықтың басында пайда болды. Кос кубиктері мен Портеус лабиринттері (Arthur Point Scale of Performance Tests) тәрізді белгілі тесттерден алып құрастырылған 6-дан 16 жасқа дейінгі балаларды зерттеуге арналған Грейс Артурдың шкаласы жарияланды. Бұл шкала Стэнфорд-Бине шкаласымен корреляциялануы қажет еді, алайда қажетті корреляция тек 12 жастағыларды зерттегенде ғана байқалды.
Стэнфорд-Биненің неғұрлым танымал шкаласы 1937 жылы шықты. 2 жастан бастап үлкен ересек жас деңгейлері үшін тесттер құрастырылды, олардың ішіне 1916 ж. редакциясына кірмеген 11 мен 13 жасқа арналған тапсырмалар да енді. Сол кезде шкаланың екі эквивалентті формасы L және M (авторлардың есімдерінің алғашқы әріптері: Льюис Термен және Мауд Мерилл) құрастырылды. Бұл нұсқа Америкада туылған бір жарым мен 18 жас аралығындағы ақ нәсілді 3000 балаға жүргізіліп, стандартталды, бұл жерде авторлар сыналушылардың тұрғылықты жерінің географиясы мен әлеуми-экономикалық мәртебесін бақылауға тырысқан.
1937 ж. шкаланың нұсқасын сынау 1916 ж. жарияланған шкаланың сыналуымен үйлес болды: вербалдық тапсырмалардың көптігі; ересектерді бағалау үшін құндылығының күмәнділігі, тапсырмалардың үнемі дұрыс құралмауы және т.б. дегенмен де бұл шкала алдыңғысына қарағанда анағұрлым жетілдірілген еді. Оны көптеген психологтар қабылдады.
1938 ж. Ұлыбританияда қазіргі күнге дейін бүкіл әлемнің психологтары қолданатын тест пайда болды. Ол тест – Равеннің прогрессивтік матрицалары, оны Л.Пенрос пен Дж.Равен жалпы интеллектіні зерттеу үшін құрастырды және одан алынған нәтижелерге мәдениет пен білімнің ықпалы өте аз болады деп саналды.
Бұл жылдары бұдан да басқа көптеген тесттер жариялана бастады.
1940 -1950 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл кезеңде диагностикалық әдістемелер көбейе бастады. Оскар Бурос 1940 ж. шығарған «Ежегодник психических измерений» журналында психологиялық тесттердің саны беріледі, оның тиісті шығарылымдарында 325 тестке шолу жарияланады және 200 тест беріледі. Әрине, ол тесттердің барлығы психологтар арасында танымал болған жоқ.
Бірінші дүниежүзілік соғыс тәрізді екінші дүниежүзілік соғыс та жаңа тесттерді құрастыруға түрткі болды. Екінші дүниежүзілік соғыстың басында АҚШ психологтары әскердің мұқтаждықтары үшін, тағы да топтық тесттер құрастыруға бет алады. Осылайша Әскери жалпы классификациялық тест деп аталған (The Army General Classification Test) – соғыс барысындағы шамамен 10 миллион әскери қызметкерлерге топтық тест жүргізіледі. Сонымен қоса, сыналушыға күшті стресстік факторлардың тікелей ықпал
етуін зерттейтін жағдаяттық тесттерді құрастыруда елеулі алға жылжу болды. Олар Екінші дүниежүзілік соғыста барлау-шпиондық іс-әрекеттерді орындауға неғұрлым қолайлы тұлғаларды іріктеу үшін қолданылды.
1942 ж. Векслер-Белльвью – II немесе «әскерлік Векслер» деген атпен танымал Векслер тестінің екінші редакциясы жарық көрді. Бұл он жылдықта АҚШ-тағы интеллектуалдық дамуы деңгейін анықтау үшін қолданылатын әдістемелердің ішіндегі көшбасшысы Векслер шкаласы.
1949 ж. Векслер ересектерге арналған шкаланың үлгісін бойынша балалардың интеллектуалдық дамуының деңгейін анықтауға арналған шкала жариялады. Ол 200 балаға зерттеу жүргізіліп стандартталды: 5-15 жасқа дейінгі 100 ұл және 100 қыз бала.
1960 - 1970 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
ХХ ғ. алпысыншы жылдары тесттер туралы пікірталастардың жылдары. Ол әсіресе АҚШ- да ерекше көрініс алды. Әлеумет азаматтық құқықтардың сақталуына алаңдай бастады, әсіресе жеке өмір құқығына қатысты, интеллектуалдық даму деңгейін бағалауға және тұлғалық сапаларға қатысты тесттерге күмәнмен қарау пайда болды.
1967 ж. мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп оқушыларының интеллект деңгейін бағалауға арналған жеке-дара жүргізілетін Векслер шкаласының жаңа нұсқасы жарияланды.
Екі жылдан соң Бэйлидің нәрестелер дамуының шкалалары ұсынылды, олар 2 айдан 30 айға дейінгі 1262 балаға жүргізіліп стандартталған.
Балалардың мектепте нашар оқуы жайлы мәселе осы жылдары жиі қойыла бастады. Сондықтан да оқып үйренуге байланысты дағдыларды бағалауға арналған қосымша тесттер құрастырылды. Олардың ішіндегі ең танымалдары Миннесоталық перцептивтік-диагностикалық тест, Фростингтің визуалдық даму тесті және Иллинойстық психолингвистикалық қабілеттер тесті. Аталған тесттердің біріншісі 1963 ж. ұсынылды және 1967 ж. 5 – 18 жасқа дейінгі аралықтағы балаларға зерттеу жүргізіліп, қайта стандартталды.
1970 жж. пайда болған тұлғалық сауалнамалар ішінде Д.Голдбергтің жалпы денсаулық сауалнамасын және Т.Миллон құрастырған Көп осьті клиникалық сауалнаманы атап өтуге болады. Голдбергтің сауалнамасы психикалық жайлылықты, эмоциялық тұрақтылықты диагностикалауға арналған.
1980 - 1990 ж.ж. психодиагностиканың дамуы
Бұл он жылдықта да тесттер саны өсе түсті. Тұлғалық ерекшеліктерді диагностикалауға арналған сауалнамалар көптеп шығарыла бастады. Бірақ кез-келген әдістеменің валидтілігі диагностикалық әдістемелердің ең осал тұстары болып қала берді. Алайда проективті тесттерінің мәртебесіне сын пікірлер аса ықпал ете алмады. АҚШ-та 1935-1982 жж. арасында неғұрлым танымал тесттер мыналар.
Тест
Рангтегі орны
Миннесоталық көп аспектілі тұлғалық сауалнама
1
Ересектерге арналған Векслердің интеллект шкаласы
2
Бендердің гештальт-тесті
3
Роршах тесті
4
Балаларға арналған Векслердің интеллект шкаласы
5
Тақырыптық апперцепция тесті
6
Сөйлемдерді аяқтауға арналған тесті
7
«Адамның суретін сал» тесті
8
«Адам-Үй-Ағаш» тесті
9
Пибода тесті
10
Сөйлемдерді аяқтауға арналған Роттер тесті
11
Векслердің есте сақтау шкаласы
12
1992 ж. психикалық өлшеулер жылнамасының он бірінші шығарылымы 477 коммерциялық тесттерді (бұлардың зерттеу тесттерінен ерекшелігі, олар мамандарға сату үшін шығарылған) жариялады. Ол тесттердің басым көпшілігі тұлғаны диагностикалауға (28,3%), ал интеллектіні зерттеуге жаңа тесттердің ішінен орта есеппен небәрі 4,6 % ғана арналған.
Интеллектіні диагностикалау тесттерінің ішінде танымалдығы бойынша түрлі жас топтарына арналған Векслер шкаласы бірінші орынды алады. 1991 ж. балаларға арналған шкаланың үшінші редакциясы (WISC-R), ал 1998 ж. – үлкендерге арналған шкаланың үшінші редакциясы (WAIS - III) шығады.
А.Кауфман және Н.Кауфман интеллектіні өлшеудің жаңа тесттерін құрастыруды әрі қарай жалғастырды. 1990 ж. бір вербалды және бір вербалды емес субтесттерден тұратын және 4 –тен 90 жасқа дейінгі диапазонды қамтитын «Кауфманның қысқаша интеллект тесті» шықты.
АҚШ-та тарала бастаған «Британдық қабілеттер шкаласын» да еске алған жөн. Оның қайта қаралып және кеңейтілген «Қабілеттердің дифференциалдық шкалалары» деген атаумен шыққан нұсқасын 1990 ж. Эллиот жариялады.
раница 1




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет