1. Рефлексия педагогтың өзін-өзі дамытуының негізі
2. Өзін-өзі дамыту тетіктері
3. Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
Лекцияның қысқаша мазмұны.
Педагогтың кәсіби өзін-өзі тануы: мақсаттары, уәждері, тәсілдері, қалыптасу үдерісі, нәтижелері. Рефлексия педагогтың өзін-өзі дамытуының негізі ретінде. Өзін-өзі дамыту тетіктері: өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Педагогтың өзін-өзі жетілдіруінің кезеңдері. Өзін-өзі тану және Педагогтың кәсіби өзін-өзі дамытудағы кедергілер, оларды жою жолдары.
Қазір дамыта оқыту идеясының оқыту үрдісіне енуіне, жаңашылдықтың артуына байланысты рефлексияның педагогикадағы алатын орнының мәні арта түсіп, адамды, білімді дамытудың шарттарының бірі болып отыр. Соңдықтан бұл қазіргі кездегі білім саласындағы көкейтесті мәселелер қатарына жатады. Рефлексияның мәні – адамның өзінің білімін, білімінің негізін, оларды меңгерудің жолдарын анықтау. Мұғалімнің рефлексиялық қызметінің мақсаты: педагогикалық әрекеттің негізгі компонентерін есіне түсіріп, олардың мәнін, алынған нәтиженің «дұрыс» не «бұрыс» болғанын дәлелдей алу, қолданылған әдіс пен құралдардың тиімді не тиімсіз болғанына байланысты өзіндік көзқарасын білдіру, орындалып өткен әрекеттің нәтижесін зерттеу. Тек сонда ғана алдағы жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжудың жобасын жасау мүмкін болады.
Психологтар мұғалімнің шығармашылығын дамытудың қысқаша формуласын
«Тәжірибе+сол тәжірибенің рефлексиясы=даму» түрінде ұсынады. Г.С.Сухобская мен Ю.В.Кулюткин екеуі бірлесе жазған педагогика оқулығында бұл үрдісті сипаттай отырып, оның мұғалімнің кәсіби әрекетінің өн бойында мына төмендегідей жағдайда байқалатындығы айтылады: біріншіден – мұғалімнің оқушының ойын, сезімдері мен іс-қимылдарын түсіну бығытындағы әрекеттесуінде; екіншіден – оқушылардың жас ерекшеліктері, даму мүмкіндіктерін ескере отырып, оқыту үрдісінің мақсаттарын аңықтау мен жобалауда; үшіншіден – оның өз әрекетін,сол әрекеттің субъектісі ретіндегі өзін талдауда. Тек сонда ғана мұғалімнің педагогикалық әрекетінде шығармашылыққа жол ашылады.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б.З.Вульфов пен В.И.Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.
Рефлексияны адамның рухани әлеуетін ашу мен анықтаудың инновациялық жолдарының бірі деп тани отырып, Б.З.Вульфов пен В.И.Харькин «Рефлесияны ешкім және еш нәрсе алмастыра алмайды» деген пікір білдіреді.
Рефлексия білімдік әрекет ретінде екі салаға қатысты:
2) психологиялық - әрекеттің өзіне арналған. Оның екеуінде де білім алушы өзінің білімдік-танымдық әрекетін талдай отырып әрекеттің өнімі мен сол нәтижеге әкелген істің жүру барысын ой елегінен өткізеді.
Мұғалім рефлексиялық тәжірибені меңгере отырып, өзі үшін қажетті шығармашылық біліктер мен дағдыларды да дамытады. Рефлексиялық талдау жасаудың өзіндік жеке рефлексиядан да басқа да жұпта жасалатын рефлексия - бірлесіп жұмыс жасап отырған жұбымен немесе тәжірибелі тәлімгердің көмегімен атқарылатын, бірнеше адамдардан тұратын топтарда жасалатын тәсілдері бар. Олардың әрқайсысын орнымен тиімді пайдалана білу қажет. Мұндай рефлексияларда ішкі күштерді шоғырландыру – басқа бөгде ойлардың негізгі мәселеден алшақтауына жол бермеу, тереңдеу – талдап отырған мәселенің тереңіне бойлай алу, басқаның емес өз әрекеті мен сезімдеріне ерік беру сияқты қарапайым ережелер ескерілуі тиіс.
Өзін-өзі дамыту тетіктері
Өзін-өзі қабылдау және өзін-өзі жорамалдауы. Бұл өзін мойындаудың және өзінің бітім-болмысына сөзсіз сүйіспеншілігін білдіреді, «өзі-өзіне құрметтеуге лайық, өз бетімен таңдау жасай алатын тұлға ретінде қарау» (Роджерс К.) өзіне, өзінің мүмкіндіктеріне сену, өз табиғатына, өзінің организміне сенімдік таныту. Әсіресе соңғысын ерекше атап өткен жөн, себебі бұл жерде өзіне өзі сену деген тек қана өзінің мүмкіндіктеріне сенуді білдірмейді (әсіресе өз зердесі тұрғысынан ғана) тұтас организм санадан көрі мәнді, парасатты болуы мүмкіндігін және жиі солай болып шығатынын түсінуді де білдіреді.
Өзін-өзі қабылдау немесе басқаша айтқанда өз-өзіне сүйіспеншілік. Бұл туралы соңғы кездері өте жиі айтылады. Өзін-өзі қабылдау адам өмірінің кез келген саласында, әсіресе, адамдармен қарым-қатынасында маңызды рөл атқарады. Себебі, адам өзіне қандай қатынас жасаса, басқалармен де нақ сондай қатынас орнатады. Сондықтан да өзін-өзі қабылдауға мән беріп, өз-өзіңе салауатты да жағымды көзқарас қалыптастырған жөн.