Дұрыс тамақтандырудың тәртібі мен ұйымдастырылуы,таза ауада серуендеу,массаж жасау,дене шынықтыруға арналған жаттығулар ,тәрбие жөніндегі жағдайлар,мешелдің арнайы алдын-алуы,анемияныңалдын-алу,табылған бұзылыстарды емдеу ;
Диспансерлік бақылаудың тиімділігінің критерилері: жүйке –психикалық және физикалық дамудың көрсеткіштері, өзін-өзі ұстауына,клиникалық зерттеудің нәтижелерінің талдауына,аурулардың жиілігіне.
37.Денсаулық шектері. Балалардың денсаулық деңгейін жиынтықты бағалау, денсаулық топтарына бөлу.
Денсаулық жағдайын әрбір қарау кезінде педиатр 5 негізгі белгілері бойынша бағалайды:
- анамнезінде ауытқулар бар немесе жоқ (тұқым қуалаушылық, биологиялық, социалды)
- жүйелер мен ағзалардың функционалды жағдайы
- ағза резистенттілігі мен реактивтілігі
- физикалық және нервті-психикалық дамудың деңгейі мен гормониясы
- созылмалы ауруы және туа пайда болған патологиясының бар жоқтығы.
1-ші критерий — денсаулықты анықтайтын белгілері, ал қалғандары денсаулық жағдайын сипаттайтын белгілері.
Бірінші белгілері бойынша бағалау: - Анамнезінде ауытқулар жоқ
-Биологиялық анамнезінде өзгерістер бар
-Әлеуметтік анамнезінде өзгерістер бар.
-Гениологиялық, әлеуметтік және биологиялық анамнезінде өзгерістер бар.
2-ші критерий бойынша бағалау — ағзаның функционалды жағдайы.
-Функционалды жүйелердің қалыптымен салыстыру арқылы анықталады (жүрек соғу жиілігі, тыныс алу жиілігі, артариалды қан қысымының көтерілуі, қандағы гемоглобин) және де тәртіп сипатына қараймыз.
Екінші критерилерді бағалау: - Қалыпты — көрсеткіштер жасына сай, өзгеріссіз.
- Нашарлауы – жастық нормалардың ең жоғарғы немесе ең төменгі шегінде (көрсеткішке байланысты) , тәртібінде аздаған ауытқулар.
- Нашар – көрсеткіштер деңгейі жоғары немесе төмен (көрсеткішке байланысты); тәртібіндегі айқын ауытқулар .