Диспансеризация – ауруханадан шыққаннан кейін бір тәуліктің ішінде шала туылған баланы қарау. Бірінші айында жергілікті педиатр апта сайын, бір рет бөлім меңгерушісі нәрестені қарап бақылайды. Диспансерлік бақылау кезінде шала туылған нәрестенің физикалық және нервтік-психикалық дамуы бағаланады. Реабилитация: Емшекпен емізуді жалғастыру;
Организмнің иммунологиялық реактивтілігін жоғарылату (гимнастика, массаж, шынығу, таза ауада серуендеу);
Рахит және теміртапшылық анемияның алдын алу;
Инфекцияның алдын алу (екпелер күнтізбесі);
Әлеуметтік.
Нәрестені үй жағдайында күту
Сәбиді үйіне шығармастан бұрын дәрігер анасына сәбиін үй жағдайында қалай күту керектігін айтады.
Үй ішінде де қалыпты температураны сақтауыңызға тиістісіз, сәби бөлмесінде 22-23 градус болуы керек. Бірақта, сәбидің терморегуляциясы жұмысын жасап отырады, сонда да өзінің жылуын сақтап ол көп күш жұмсайды.
Сондықтан сіз сәбиіңіз үшін ең қолайлы шарттарды ұйымдастыруыңыз керек, әйтпесе тамақтан алынған калориялар салмақ жинауға емес, дененің жылуын сақтауға кетіп қалады. Бірақ сәбиді қатты ыстық боп кетуден сақтаңыз!
Сәбиді тамақтандыру үшін берілетін бөтелкелер мен сосоктарды залалсыздандырып отырыңыз! Шала туылған нәрестені шомылдырғанда өте абай болу керек.Дене саламағы 1500 г төмен нәрестелерді 2-3 аптадан кейін шомылдырады.Ал, 1500 г жоғары салмақты нәрестелерді өмірінің алғашқы 7-10 күндері щомылдырады.Оларды арнайы ванналарда, бөлме температурасы 25 градус болатын жерде шомылдырады.Алғашқы 3 айында шала туылған нәрестелерді тұзды суға 5 минут шомылдырады (38 градус). Біткен соң нәрестені құрғатып, тез арада жөргекке орайды.30-40 мин өткеннен кейін қайтадан таза жоргекке орайды.
Дене салмағы 1500 г төмен нәрестелерді өмірінің 2 аптасынан бастап далаға шығарып серуендетуге болады, тек далада ауа температурасы 25 градустан төмен болмаған жағдайда ғана.Алғашқы серуен тек 10-15 минутқа созылу керек.Содан кейін біртіндеп күніне 1,5 сағаттай далада ұстауға болады.