Пән атауы Мектептегі оқыту мен бағалаудағы жаңа тәсілдемелер Семестр


Білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалау жүйесі



бет26/29
Дата20.12.2021
өлшемі284 Kb.
#103853
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
Силлабус МОБжТ

8 Білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алуды бағалау жүйесі
Тапсырмалардың барлық түрлерінің бағалануы 100-баллдық жүйе бойынша жүзеге асырылады. Ағымдағы бақылау пән бойынша ағымдық және межелік бақылауды өткізу кестесіне сәйкес жүргізіледі және оған дәрістерге, семинар/практикалық сабақтарға қатысуды, зертханалық жұмыстарды және БОӨЖ, БӨЖ тапсырмаларын қорғауды бақылау кіреді. Білімді межелік бақылау семестрдің 7-ші және 15-ші апталарында коллоквиум түрінде өткізіледі.

Сабақта баға қою критерийлері

Балл

Сабақта баға қою критерийлері

А

95-100

Тақырып, оқылған сұрақ бойынша терең және толық білім деңгейін, қарастырылған түсініктер, құбылыстар, заңдылықтардың мағынасын толық түсінетіндігін көрсетеді. Оқылған материал негізінде сұраққа толық және дұрыс жауап бере алады, басты қағидаларды бөліп көрсете алады, жауапты өз бетінше нақты мысалдармен, фактілермен толықтырады, аргументтелген талдау, қорытындылар жасай алады. Алдыңғы білім негізінде пәнаралық және пәнішіндік байланыстарды көрсете біледі.

А-

90-94

Сұрақтың қойылуына байланысты проблема анық тұжырымдалған. Оқу бағдарламасы қоятын талаптарға сәйкес жауап жеткілікті деңгейде толық берілген. Жауап реттілікпен мазмұндалған. Айтарлықтай қателер жоқ. Қорытындылар сенімді және белгілі фактілік материалға негізделген. Бірақ сұрақ ұсынған тақырыптан 1-2 маңызды емес ауытқу бар, 1-2 фактілік мардымсыз қате бар, сонымен қатар басқа типтегі критерийлер талабын бұзатын аздаған қателіктер бар

В+

85-89

Тақырып бойынша негізгі бағдарламалық материалды біледі. Жауап толық және дұрыс; оқылған материалды айтып беруде, түсініктердің анықтамаларында аздаған қателіктер мен ескермеушіліктер бар, ғылыми терминдерді пайдалануда немесе қорытындылар жасауда дәлсіздіктер бар; материал белгілі бір логикалық реттілікпен баяндалады. Бірақ осы кезде бір өрескел емес қате немесе екіден көп емес дәлсіздік жіберіледі және білім алушы талап бойынша оларды өз бетінше немесе оқытушының аздаған көмегімен түзете алады; негізінен оқу материалын меңгерді; жауапты нақты мысалдармен дәлелдейді.

В

80-84

Оқылған материалдағы басты қағидаларды өз бетінше бөліп көрсете алады; фактілер мен мысалдар негізінде жалпылай, қорытындылай алады, пәнішіндік байланыстарды көрсете алады. Алған білімді практика жүзінде қолдана алады, ғылыми терминдерді пайдаланады. Бірақ анықтамалық әдебиетпен, оқулықпен, білімнің алғы көздерімен жұмыс істеу дағдылары жеткілікті деңгейде емес (дұрыс бағытта, бірақ баяу жұмыс істейді). Баяндауда өрескел емес қателер жібереді.

В-

75-79

Кейбір маңызды фактілер айтылмай қалады, бірақ қорытындылары дұрыс; фактілер кейде салыстырылмай қалады және олардың бір бөлігі проблемаға жатпайды; түйінді проблема айтылғанмен, терең түсінілмейді; сұрақтардың бәрі бірдей орынды (сәтті) емес; қайшылықтар түгел көрсетілмейді.

С+

70-74

Жауапта тақырыптан айтарлықтай ауытқулар бар. Сұрақ арқылы беріліп отырған проблеманы талдау фрагментті, толық емес сипатта.

С

65-69

Студент оқылған қағиданың жалпы проблемамен байланысын; қойылған сұрақтың жауабы үшін маңызды негізгі түсініктерді және оларды жауап кезінде пайдалана білуді жеке бір жағдайда ғана көрсете алады.

С-

60-64

Себеп-салдарлық байланыстар ішінара бұзылады; аздаған логикалық дәлсіздіктер, кейбір түйінді фактілерде және барлық дерлік детальдерде қателер бар; детальдер келтіріледі, бірақ талданбайды; фактілер пікірлерден әрдайым ажыратыла бермейді, бірақ студент олардың арасындағы айырмашылықты түсінеді.

D+

55-59

Маңызды фактілердің көпшілігі келтірілмейді, қорытындылар жасалмайды; фактілер қарастырылатын проблемаға сәйкес келмейді, олар салыстырылмайды; түйінді проблеманы көрсете алмайды (тіпті қате түрде); негізінен өрескел фактілік қателер орын алады. Жауаптан зерттелетін проблеманың фундаментальді проблемамен байланысын түсінетіндігі көрінбейді

D-

50-54

Қойылған сұрақтар аясында бағдарламалық материалдығ маңызды және негізгі бөлігін түсінбейді және білмейді, оларды нақты сұрақтарды шешуде пайдалана алмайды. Жауапта өрескел қателер бар, оларды студент жетелеуші сұрақтардың көмегімен де түзете алмайды.

Fx

25-49

Жауап толық емес, сұрақтың тақырыбы бойынша бөлшектенген білім көрсетеді, анықтамаларында айтарлықтай қателер бар. Баяндауда фрагменттілік, логиканың жоқтығы байқалады. Студент берілген түсініктің, теорияның, құбылыстың пәннің басқа объектілерімен байланысын түсінбейді. Қорытындылар, баяндаудың нақтылығы және дәлелділігі жоқ. Сөйлеу сауатсыз сипатта. Оқытушының қосымша және нақтылаушы сұрақтары тек осы қойылған сұраққа ғана емес, сонымен қатар пәннің басқа да сұрақтарына жауаптың түзетілуіне әкелмейді.

F

0-24

Материалдың негізгі мазмұны меңгерілмеген және ашылмаған; Қорытындылар және түйіндеулер жоқ. Жауапта өрескел қателер бар. Жауап беру барысында тақырыптан және оқытылатын бағдарламадан айтарлықтай ауытқиды. Жауаптан бас тартады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет