Романтизм (ағылш. romantіcіsm, фр. romantіsme, нем. romantіk) – 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың алғашқы жартысында Еуропа мен Америка елдерінің рухани мәдениетінде: музыка, театр, бейнелеу өнері, эстетика, т.б. әдеби-көркем салаларда тараған идеялық көркемдік бағыт.Романтизм бағытында туған туындылардың кейіпкерлері әдетте болмыстың ырқымен келіспейтін, жақсы өмір, бақыт, азаттық үшін күресетін күшті жандар болып келеді. Романтизм туындаларының тілінде әсірелегіш суреттер мол ұшырайды. Адамның бас бостандығын, ірі іс-әрекеттерге ұмтылыстарын мадақтау — Романтизм туындыларына ортақ қасиет. Романтиктер ауыз әдебиеті, тарих, дін, өнер мәселелерін өз идеяларын насихаттау құралы ете білді. Олар дүние жүзі өнерінде тұңғыш рет адам жанының иірімдерін, тұңғиық тереңін ашып көрсетті.Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады; оның неоромантизм деп аталған соңғы кезеңі 19 ғасырдың соңғы он жылын қамтиды. Романтизм алғаш Австрия (Ф.Шуберт), Германия (К.М. Вебер, Ф.Мендельсон-Бартольди, Р.Шуман, Р.Вагнер, т.б.) және Италияда (Н.Паганини, В.Беллини, Дж.Верди, т.б.), кейінірек Франция (Г.Берлиоз, Д.Ф. Обер), Польша (Ф.Шопен) мен Венгрияда (Ф.Лист) пайда болды. Романтизм бағыты кейбір елдерге толық таралмағанымен жеке композиторлар шығармашылығынан (Ресейде А.А. Алябьев, Н.А. Римский-Корсаков, т.б. “құдіретті топ” композиторлары, П.И. Чайковский, А.Н. Скрябин, Чехияда Б.Сметана, А.Дворжак, Норвегияда Э.Григ, т.б.) орын алды. Романтизм Австрия мен Германияда (И.Брамс, А.Брукнер, Р.Штраус) жоғары сатыда өркендеді. Музыкадағы pомантизм антирационализм, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесіне үңілу сияқты жалпы романтизм ағымына тән қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Ән, баллада, опера (тұңғыш романтикалық опера – Э.Т.А. Гофманның “Ундинасы”) жанрлары романтикалық сипат алды. Аспаптық музыка (симфония, камер. ансамбльдер; Шуберт пен Роберт Шуманнның сонаталары) жаңа бояу, өзіндік өрнекке ие болды. Асқан орындау шеберлігі (Паганини, Шопен, Лист), бай эмоция, айқын контрастағы нәрлі бояу музыкалық орындаушылық өнердегі романтизмнің басты белгілері болып табылады. Романтикалық музыка өзінен кейінгі дәуірге нәрлі бастау, құнды қазына болып қалды.
Романтизм театр өнеріндеТеатрда романтизм 1810 — 40 ж. қалыптасты. Белгілі романтик актерлер: Э.Кин (Англия), Л.Девриент (Германия), Г.Модена, А.Ристори (Италия), М.Дорваль, А.Л. Фредерик-Леметр (Франция), П.С. Мочалов (Ресей), П.Адамян (Армения), Г.Араблинский (Әзірбайжан), Э.Форрест, Ш.Кашмен (АҚШ), Г.Эгрешши (Венгрия), т.б. Дүниедегі әділетсіздік атаулыға қарсы болу, терең гуманизм бұл актерлерді бір идеяға жұмылдырды. Романтизм кезінде театр эстетикасының негізі актерлік қиял мен сезімге құрылды. Романтикалық театр тұңғыш рет актерлік өнердің негізі болып табылатын сахналық толғанысты туғызды. ТМД елдерінің театр өнерінде М.Н. Ермолова, А.И. Южин, Ю.М. Юрьев, А.А. Остужев, В.К. Папазян, М.Қасымов, Ш.Бұрханов, А.Хорава, А.Хидоятов, Н.Д. Мордвинов, Ш. Айманов, Ы.Ноғайбаев, Ш.Мусин, т.б. шығармашылықтар асқақ, қаһармандық романтизм дәстүрімен тығыз байланысты. Бейнелеу өнеріндегі романтизм мүсін өнеріне қарағанда кескіндеме мен графикадан айқын көрініс тапты. 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың бас кезінде У.Блейк (Англия), Ф.Гойя (Испания), Ж.Л. Давид (Франция) еңбектерінен романтизм белгілері аңғарылды. Романтизмнің іргелі мектебі Францияда өркен жайды. Ол академиялық классицизм өнеріндегі догматизм мен буалдыр рационализмге қарсы күрес үстінде қалыптасты. Романтикалық мектептің алғаш негізін салушы – Т.Жерико. 1820 жылдардағы романтизм мектебінің басты өкілі ретінде төңкерісшіл пафостағы бірнеше картиналар салған Э.Делакруаны атауға болады. Романтизм суретшілерінің өзіндік ерекшелігі портрет, пейзаж, графика (О.Домье) жанрларынан айқын көрінді. Композицияны асқақ динамикаға құру, буырқанған қимыл-әрекетті форма тұтастығына бағындыра отырып, көлем мен кеңістік құбылысын ұтымды пайдалану, сәуле мен көлеңке алмасуына негізделген алуан ырғақтағы қанық та бай колорит романтик суретшілердің классицизм өкілдеріне қарағанда негізгі ерекшелігі болып табылады.Романтизм әдебиеттеӘдебиеттануда: 1) көркем шығармада өмір шындығын бейнелеудің бір тәсілі, көркемдік әдіс;2) 18 ғасырдың аяғы мен 19 ғасырдың басында Еуропа мен Америка елдерінде пайда болған, осы әдісті қалыптастырған әдеби бағыттағы 18 ғасырдың ортасында “романтика” сөзі ағылшын поэзиясында шығармашылық пафосты таныту мақсатында қолданылды, сол кездегі эстетикалық түсінік бойынша ол поэзияның, әсемдіктің ажырамас бөлігі болуға тиісті ғажайып, құпия, жұмбақ нәрсе ретінде қабылданды. Ал 18 ғасырдың аяғында Германияда “романтикалық поэзия” жаңа әдеби бағыттың шығармашылық принциптерінің тұтастығын танытатын термин ретінде қолданылып, “Иен мектебінің” теоретиктері (ағайынды Шлегельдер, Новалис, Ваккенродер, Тик) алғаш рет романтизмнің біршама толыққанды теориясын жасады. Бұл поэзия ереже мен дәстүрді, өмір заңдылығын мүлде мойындамайтын еркін поэзия ретінде қабылданды. Романтизмнің даму кезеңдеріне ортақ
Достарыңызбен бөлісу: |