Пән бағдарламасының Нысан (Syllabus) титулдық пму ұс н 18. 4/19



бет2/2
Дата06.07.2018
өлшемі158,5 Kb.
#47565
1   2

БЕКІТЕМІН


ММжК факультетінің

деканы________

Т.Т. Тоқтағанов

«___»_____________2013 ж.



Құрастырушы: ________аға оқытушы, магистр,Усенбаева З.А.


Пән бағдарламасы (Syllabus)
Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері OGKR 3309

5В090100 – Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру мамандығы бойынша күндізгі оқу нысанындағы студенттеріне арналған

Бағдарлама 2013 ж. «___» _____ бекітілген жұмыс бағдарламаға негізделіп құрастырылған.
2013 ж. «___»______ кафедраның мәжілісінде ұсынылған №___ хаттама
Кафедра меңгерушісі ______________ Қ. Қ. Абишев «___»______ 2013 ж.

Факультеттің Оқу әдістемелік кеңесінде құпталған «___»______2013 ж.

№___ хаттама
ОӘК төрағасы ________________ Ж. Е. Ахметов «___»______2013 ж.

1. Пәннің оқу құжаты
Пәннің атауы Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері
Кредиттер саны және оқытылу мерзімі

Барлығы – 2 кредит

Курс: 3

Семестр: 5


Аудиториялық сабақтар саны, барлығы – 30 сағат

Дәріс - 15 сағат

Тәжірибелік /семинарлық сабақтар - 15 сағат

СӨЖ – 60 сағат

соның ішінде СӨЖМ – 30 сағат

Жалпы еңбек сыйымдылығы - 90 сағат


Бақылау түрі

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан – 5 семестр
Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет:

«Жоғары математика», «Информатика», «Метрология, стандартизация және сапаны басқару», «Өміртіршілік қауіпсіздігі».


Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

«Біртұтас көлік жүйесі», «Көліктік құралдар», «Тиеу-түсіру жұмыстарының технологиясы мен механизациясы», «Көліктік логистика», «Көлік құралдары мен құрылыстарды жобалаудың негіздері», «Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорны менеджменті».


2. Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Усенбаева Зауре Аликқызы

Ғылыми дәрежесі және лауазымы, қызметі: аға оқытушы, магистр.

«Көліктік техника және логистика» кафедрасы, аудитория Б-220, Б-204,

 Тел. (8-7182) 67-36-23.  Сотовый 8-771-189-42/45; e-mail: usenbaeva.15@mail.ru


3. Нысандары, мақсаттары мен міндеттері
Пәннің нысаны

"Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері" пәні тасымалдау үрдісіне қатысты келесі сұрақтарды қарастырады: бастапқы және соңғы операциялар - тиеу және түсіру: прогрессивті тасымалдау түрлерін ұйымдастыру - пакетті, контейнерлі және бағытты; вагондар мен контейнерлердің жүк көтерімділігін толық пайдалану, көліктің басқа түрлерімен қатынасы; жүк тасымалдау ережелері мен шарттарын ұйымдастыру; жүктің сақтығын қамтамасыз ету, тиеу - түсіру механизациясын және т.б.




Пәнді оқыту мақсаты:

студенттердің жүк коммерциялық жұмыстарды басқару және ұйымдастыру негіздерін меңгеруі; студенттердің жүк және коммерциялық операциялары мен жүк тасымалдау технологияларын орындау бойынша жұмыстарын ұйымдастыруды істей білуі; жүк және коммерциялық жұмыстарында математикалық әдістер мен ақпараттық технологияларды қолдану.


Пәнді оқыту міндеттері:

көліктің жүк және коммерциялық жұмыстар негіздерін оқу.


4. Білімге, іскерлікке, дағдыға, біліктілікке қойылатын талаптар
"Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері" пәні бойынша пәнін оқу нәтижесінде студент төмендегілерді білуі керек:

- Жүк және коммерциялық жұмыстың техникалық құралдары, тасымалдың ұйымының озық әдіс-айлалары транспорт логистикалық жүйелерде соның ішінде контейнерлік және пакетті, мамандардың коммерциялық қызметінің негіздерін ұйымдастыру және басқармаға тасымалдау; транспорт құқықтың негізгі ұстанымдары, тарифтің және басқарманың ұйымдық құрылымының құрылыстары жүк және коммерциялық жұмыстың темір жолы, тасымалдың шұғыл жоспарла- негіздері, қазіргі әдістер транспорт-экспедициялық күту кәсіпорын, ұйымдардың және елдің азаматтары, жүктің тасымалдарының тура, дүрегей және халықаралық хабарламаларда;

істей білуі керек:

-жүк және коммерциялық жұмыстың ұйымын бас негіз озық технологияны пайдалану, автоматтандырылған басқару жүйелері және кешенді механизацияның және автоматтандырудың тиеу түсіру жұмысы, есептеуші техниканың ақы-пұлдарымен ара шарттар АСУ қолдану, объективті бер көзқарас іс-шараның экономикалық нәтижесінің ал- бағала техникалық жаблықтаудың және жүк және коммерциялық жұмыстың технологиясының жетілдіру, поездың қозғалысының қауіпсіздігін қорғау, бұзылмаушылықтың және қоршаған ортаны жүктің тасымалында іс-шараларды жасау, айрықша ауыр салмақты жүктің тасымалында қауіпті, және құйылма жүктің тасымалында;

дағдылануы қажет:

- транспорттық есепті шығару;

- жүк және коммерциялық жұмыстың техниканы сауатты қолдану;

- тасымалдың шұғыл жоспары



біліктілік деңгейі:

тоқулы тасымалдың және басқарманың сұрақтарында ұйыммен қозғалыспен көліктің түрлі көріністері



5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлеріне байланысты академиялық сағаттарды бөлу


№ п/п

Тақырыптардың атауы

Сабақ түрлері бойынша аудиториялық сағаттар саны

СӨЖ

дәріс

Тәж. жұмыс

Барл

СӨЖО

1

1 тақырып.

1




5

2

2

2 тақырып.

1




10

4

3

3 тақырып.

1

3

5

3

4

4 тақырып.

1




5

3

5

5 тақырып.

1

4

5

3

6

6 тақырып.

2

4

5

3

7

7 тақырып.

2




5

3

8

8 тақырып.

2




5

3

9

9 тақырып.

2

4

10

3

10

10 тақырып.

2




5

3

Барлығы 90 сағат (2 кредит)

15

15

60

30



6. Дәріс сабақтарының мазмұны



1 тақырып. Кіріспе

Жоспар

1 «Жүк және коммерциялық жұмыстар негіздері» пәнін оқыту мақсаты және басқа пәндермен байланысы. [2, 1-15с, 3, 1-15с.]

2 Көліктік жүйедегі жүк және коммерциялық жұмыстардың ролі. [2, 1-15с, 3, 1-15с.]

3 Жүк және коммерциялық жұмыстардың орындаудың техникалық негіздері. [1, 1-10с, 4, 9-25с.]

4 Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру аймағы.

5 Жүк және коммерциялық жұмыстар мақсаты. [5, 16-56с, 3, 20-42с.]


2 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

Жоспар

1 «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ. Жол бөлімшесі. Станса. Жүк және коммерциялық жұмыстарды басқару құрылымын ұйымдастыру.

2 Қатынас түрлері және жүк тасымалдау түрлері. Жергілікті, тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық теміржол – су қатынасы. Ұсақ, азтонналы, вагондық және маршруттық тасымал. [2, 6-27с, 3, 1-15с.]

3 Жүк тасымалдау үрдісін реттеу. «Теміржол көлігі туралы» заң. Жүк тасымалдау ережелері.

4 Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері. Тасымалдау жоспарының негізгі көрсеткіштері. Жүк айналымы. Вагонға тиелетін жүк саны. Статистикалық жүктеме. Динамикалық жүктеме. Тасымалдаудың орташа қашықтығы. Жеделдетілген жоспарды құрастыру тәртібі. [3, 7-18 б.]
3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі

Жоспар

1 Жүк жұмыстарының концентрациясы. Жүк жұмыстарын жоспарлау. Жүк стансаларының түрлері. Жүк стансаларын басқару құрылымын ұйымдастыру. [3, 23-25 б.]

2 Көліктік – қоймалық кешен және жүк фронттары. Көліктік – қоймалы кешендердің құрылғыларының түрлері. Жүк фронттарын есептеу теориясы. [3, 29 - 30 б.]

3 Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері. Таразылардың түрлері. Таразылардың құрылымы. Салмақты, мөлшерді өлшеу жұмысын автоматтандыру. [3, 23-25 б.]

4 Жүк фронттарының құрылғыларының экономикалық – математикалық тиімді модельдерін құрастыру. [3, 23-30 б.]
4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Жоспар

1 Стансаның жүкті қабылдау және тиеу жұмысының технологиясы. Жүкті тасу мерзімі. Вагонға жүкті тиеу тәртібі. Вагонда пломбылау. [3, 62-65 б.]

2 Тарифтер, тасымалдау құнын анықтау және коммерциялық операцияларды автоматтандыру. Жүк тарифін құру және түрлері. Жүк тасымалдау құнын анықтау (АЖО ТВК). [3, 89-98 б.]

3 Жүктерді тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар. Вагондарға коммерциялық тексеріс жүргізу. Жүктерді қайта тиеу. Сұрыптау. Комерциялық ақауларды жөндеу. [3, 95-98 б.]

4 Жүкті жеткізу мерзімін анықтау.

5 Стансалар мен жүк кешендерінің ақпараттық жүйелері. Коммерциялық операцияларды орындаудың автоматты түрі. Жүк стансаларының автоматты басқару жүйесі. [3, 95-98 б.]

6 Жүктерді ұсақ, аз тонналы қатынастарда тасымалдау; пакеттерде және контейнерлерде. Тасымалдау мінездемесі. Тасымалдауды ұйымдастыру.

7 Көліктік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Көліктік – экспедициялық қызмет көрсету түрлері.

8 Жүк вагондарының паркі. Вагонның жүк көтерімділігін пайдалану. Вагонды пайдалану сипаттамасы. Вагонның жүккөтерімділігін және сыйымдылығын арттыру шаралары. [3, 32-39 б.]

9 Ашык жылжымалы құрамда жүктерді бекіту және орналастыру. Вагонның көлденең тұрақтылығы. Жүкті бекіту түрлері. Көлденең, тік және біріңғай инерциялық күштер. Күштің есептік мәні. Арнайы вагондарда жүкті бекіту және орналастыру ерекшеліктері. [3, 32-39 б.]


5 тақырып. Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

Жоспар:

1 Өндірістік көліктің түрлері, кірме жолдар және оларды пайдалану ережелері. Пайдалануға ашық кірме жолдар. [3, 70-77 б.]

2 Кірме жолдар мен станциялардың жетілдірілген технологиялық үрдістері. Кірме жолдар мен станциялардың біріңғай технологиялық үрдісі. [3, 42-52 б.]

3 Кірме жолдарындағы жүк және коммерциялық операциялар.

4 Кірме жолдарды пайдалану шарттары. [3, 81-85 б.]
6 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

Жоспар:

1 Жанатын рудно-металликалық жүктерді тасымалдау технологиясы. Жанатын, металлургиялық жүктердің сипаттамасы. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезіндегі ерекшеліктер. [3, 25-40с.]

2 Сусымалы жүктерді тасымалдау технологиясы. Сусымалы жүктердің сипаттамасы. Сусымалы жүктерді маршруттармен тасымалдау ерекшеліктері. Стансада мұнай өнімдерін құю технологиясы. Төгу стансасының жұмысы. [3, 45-60с.]

3 Орман жүктерін тасымалдау технологиясы. Орман жүктерін тасымалдау шарттары мен сипаттамасы. Орман жүктерін тиеу, түсіру және сақтау. Орман жүктерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрам түрі.

4 Нан жүктерін тасымалдау технологиясы. Нан жүктерінің сипаттамасы және тасымалдау шарттары. Астық өнімдерін тиеу-түсіру жұмысын ұйымдастыру.

5 Тасымалдауды маршруттау. Маршруттар түрі. [3, 60-75с.]


7 тақырып. Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Жоспар:

1 Қауіпті жүктерді тасымалдау. Қауіпті жүктердің түрлері. Жүкті қабылдау, тиеу, құжаттар толтыру. Жеке қауіпті жүктерді тасымалдаудың ерекше шарттары. Апат жағдайларын жою. [3, 7-18с.]

2 Габаритсіз жүктерді тасымалдау технологиясы. Теміржол габариттері. Габаритсіз жүктердің бөлінуі. Габаритсіздікті есептеу.

3 Жолаушыларды, жүкті және почтаны тасымалдау кезінде көрсетілетін операциялар. Жолаушылар тарифі және жиналымдар. [3, 141-142б.]


8 тақырып. Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Жоспар:

1 Тікелей аралас теміржол-су қатынасы. Өсудің қалпы мен болашағы. Тасымалдау шарттары. Тасымалдау құжаттарын толтыру. [3, 28-32б.]

2 Ауыстыру пунктінің жұмыс технологиясы, олардың жұмыс технологиясын жоспарлау және ұйымдастыру. Ауыстыру пунктінің өңдеу қабілеттілігі. [3, 32-39б.]


9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

Жоспар:

1 Халықаралық қатынаста нормативті-құқықтық бақылау. Халықаралық теміржол қатынастарында келісім жасау. [3, 41-49б.]

2 Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру және орындау. Қайта тиеу және қайта тиемеу қатынасы. Вагондарды бірге пайдалану және ауыстырма парктер. Қайта тиеу құжаттары, тарифтер. [3, 52-65б.]

3 Шекаралы стансалардың жұмыс технологиясы. Шекаралы стансалардың сипаттамасы. Шекаралы стансалардағы АБЖ. Тасымалдау шарттарын өзгерту, жеткізу мерзімі.

4 Кедендік операциялар.
10 тақырып. Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары

Жоспар:

1 Тасымалдау кезіндегі теміржол мен жүк жөнелтушілердің жауапкершілігі.

2 Сақталмаған тасымалдау түрлері. Сақталмаған тасымалдаудың анализдері, оларды құжаттандыру. Актің жалпы түрі. Коммерциялық акты. Сақталмаған тасымалдау кезінде жүргізілетін анализдер мен санақтарға ақпаратты жүйелерді пайдалану. [3, 70-85б.]

3 Сақталмаған шағымдарды қарау шарттары. Шағымдарды қарау және беру мерзімі. [3, 89-100б.]



7. Тәжірибелік сабақтардың мазмұны, олардың көлемі



3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі 3 сағат

Жоспар:

1 Жүк жұмыстарының концентрациясы.

2 Көліктік – қоймалық кешен және жүк фронттары.

3 Салмақты өлшеу құрылғылары, тасымалданатын жүк мөлшері.

4 Жүк фронттарының құрылғыларының экономикалық – математикалық тиімді модельдерін құрастыру.

Тапсырма:

1 Жүк жұмыстарын жоспарлау.

2 Жүк стансаларының түрлері.

3 Жүк стансаларын басқару құрылымын ұйымдастыру.

4 Көліктік – қоймалы кешендердің құрылғыларының түрлері.

5 Жүк фронттарын есептеу теориясы.

6 Таразылардың түрлері.
5 тақырып. Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері - 4 сағат

Жоспар:

1 Өндірістік көліктің түрлері, кірме жолдар және оларды пайдалану ережелері.

2 Кірме жолдар мен станциялардың жетілдірілген технологиялық үрдістері.

3 Кірме жолдарындағы жүк және коммерциялық операциялар.

4 Кірме жолдарды пайдалану шарттары.

Тапсырма:

1 Пайдалануға ашық кірме жолдар.

2 Кірме жолдар мен станциялардың біріңғай технологиялық үрдісі.
6 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы - 4 сағат

Жоспар:

1 Жанатын рудно-металликалық жүктерді тасымалдау технологиясы.

2 Сусымалы жүктерді тасымалдау технологиясы.

3 Орман жүктерін тасымалдау технологиясы.

4 Нан жүктерін тасымалдау технологиясы.

5 Тасымалдауды маршруттау. Маршруттар түрі.



Тапсырма:

1 Жанатын, металлургиялық жүктердің сипаттамасы.

2 Сусымалы жүктердің сипаттамасы.

3 Орман жүктерін тасымалдау шарттары мен сипаттамасы.

4 Орман жүктерін тиеу, түсіру және сақтау.

5 Орман жүктерін тасымалдауға арналған жылжымалы құрам түрі.

6 Нан жүктерінің сипаттамасы және тасымалдау шарттары.

7 Астық өнімдерін тиеу-түсіру жұмысын ұйымдастыру.


9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

Жоспар:

1 Халықаралық қатынаста нормативті-құқықтық бақылау.

2 Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды ұйымдастыру және орындау.

3 Шекаралы стансалардың жұмыс технологиясы.

4 Кедендік операциялар.

Тапсырма:

1 Халықаралық теміржол қатынастарында келісім жасау.

2 Қайта тиеу және қайта тиемеу қатынасы.

3 Вагондарды бірге пайдалану және ауыстырма парктер.

4 Қайта тиеу құжаттары, тарифтер.

5 Шекаралы стансалардың сипаттамасы.

6 Шекаралы стансалардағы АБЖ.

7 Тасымалдау шарттарын өзгерту, жеткізу мерзімі.


8. Өздік жұмысының тапсырмасы

1 тақырып. Кіріспе

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Жүк және коммерциялық жұмыстардың орындаудың техникалық негіздері.

2 Жүк және коммерциялық жұмыстарды ұйымдастыру аймағы.

3 Жүк және коммерциялық жұмыстар мақсаты.

2. Реферат жазу


2 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Қатынас түрлері және жүк тасымалдау түрлері.

2 Жергілікті, тікелей, тікелей аралас, тікелей халықаралық теміржол – су қатынасы. 3 Ұсақ, азтонналы, вагондық және маршруттық тасымал.

2. Реферат жазу
3 тақырып. Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Жүк тасымалдау ережелері.

2 Тасымалдау жоспарын ұйымдастыру негіздері.

3 Тасымалдау жоспарының негізгі көрсеткіштері. Жүк айналымы.

2. Реферат жазу


4 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Жүк тарифін құру және түрлері.

2 Вагонға жүкті тиеу тәртібі.

3 Вагонды пломбылау.

2. Реферат жазу


5 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Жүктерді қайта тиеу.

2 Сұрыптау. Комерциялық ақауларды жөндеу.

3 Жүкті жеткізу мерзімін анықтау. Коммерциялық операцияларды орындаудың автоматты түрі.

2. Реферат жазу


6 тақырып. Жүк және коммерциялық операциялардың орындалу технологиясы. Жүк тарифтері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Көліктік – экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру.

2 Вагонды пайдалану сипаттамасы.

3 Арнайы вагондарда жүкті бекіту және орналастыру ерекшеліктері.

2. Реферат жазу



8 тақырып. Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Пайдалануға ашық кірме жолдар.

2 Кірме жолдарындағы жүк және коммерциялық операциялар.

3 Кірме жолдарды пайдалану шарттары.

2. Реферат жазу


9 тақырып. Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезіндегі ерекшеліктер.

2 Сусымалы жүктерді тасымалдау технологиясы.

3 Нан жүктерін тасымалдау технологиясы.

2. Реферат жазу


10 тақырып. Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

Тапсырма:

1 Сұрақтарға жауап беру:

1 Габаритсіз жүктерді тасымалдау технологиясы.

2 Жолаушылар тарифі және жиналымдар.

2. Реферат жазу
Оқу бағдарламасының ең ауыр мәселелері

Сұрақтарды әзiрлеу:
8 тақырып. Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару

1 Тасымалдау шарттары.

2 Тасымалдау құжаттарын толтыру.

3 Ауыстыру пунктінің өңдеу қабілеттілігі.

Ұсынылатын әдебиет: [3, 5, 7, 8].


9 тақырып. Тасымалдау жауапкершіліктері

1 Шекаралы стансалардың жұмыс технологиясы.

2 Тасымалдау шарттарын өзгерту, жеткізу мерзімі.

3 Кедендік операциялар.

Ұсынылатын әдебиет: [9, 10, 11].
10 тақырып. Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары

1 Сақталмаған тасымалдау түрлері.

2 Актің жалпы түрі.

3 Сақталмаған шағымдарды қарау шарттары.



Ұсынылатын әдебиет: [3, 4, 5, 6].
9. СӨЖМ кеңестерінің графигі (СӨЖМ-нің 25% СӨЖ құрайды)
Барлық сұрақтар бойынша кеңес ағымдағы семертрдің СӨЖМ графигіне сәйкес жүзеге асырылады
10. Тәлімгерлердің білімін тексеру кестесі
Дәріс пен тәжірибелік сабақтарға қатысу 0-100 баллмен бағаланады
Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру графигі




Жұмыс түрі

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Жүк және коммерциялық жұмысты басқару негіздері. Жүк және коммерциялық жұмыстардың техникалық құралдарды және концентрация беруі. 




2 апта



5-апта

2

Реферат

Кірме жолдардың жұмысын ұйымдастырудың жалпы негіздері Жаппай тасымалданатын жүктерді тасымалдау технологиясы




2 апта




5- апта

3

Реферат

Жүктерді аралас қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару




1 апта




7-апта

4

Межелік бақылау

Тақырып 1-7










8- апта

5

Реферат

Жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдаудың жүк және коммерциялық операцияларын басқару Тасымалдау жауапкершіліктері

Темір жол көлігінде жүк және коммерциялық жұмыстарын жетілдіру жолдары




5 апта




14- апта




Межелік бақылау

Тақырып 7-13










15- апта



11. Студенттердің білімін бағалау өлшемдері

Пәнді оқу барлық өткен материалды қамтитын аралас (тестілеу+жазбаша) формада өтетін емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберудің міндетті шарты бағдарламада қарастырылған тапсырмаларды орындау болып табылады.

Әр тапсырма 0-100 баллмен бағаланады.

Жіберу рейтингі ағымдағы сабақтардағы (дәріске қатысу, үй тапсырмасы, СӨЖ тапсырмасы, тәжірибе тапсырмалары және межелік бақылау.) барлық орындалған тапсырмалардың орташа арифметикалығымен есептеледі.

Пән бойынша қорытынды бақылауға (ҚБ) оқу жұмыс бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру) және жіберу рейтингін жинаған (50 баллдан кем емес) студенттер жіберіледі.

Әр пән бойынша студенттердің оқу жетістіктерінің дәрежесі қорытынды бағамен (Қ) анықталады, ол жіберу рейтингі (ЖР) және қорытынды баға (ҚБ) қосындысынан және бардық салмақтық үлестерді (СҮ) есепке алып анықтайды:


Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4
Салмақтық үлестер жыл сайын университеттің Ғылым кеңесімен бекітіледі және ЖР үшін 0,6 артық емес және ҚБ 0,3 кем емес болуы қажет.

Пән бойынша қорытынды баға студенттің жіберу рейтингі және қорытынды бақылау бағалары дұрыс болған кезле ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға дәлелсіз себеппен келмеу «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға тең келеді.

Пән бойынша емтихан және аралық аттестаттау нәтижелері студенттерге сол күні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында босла келесі күні жеткізіледі.

Межелік бақылау (рейтинг) және қорытынды емтихандағы студенттің бідім бағасын 0-100 дейнгі % саналады.

Рейтинг бағасы ағымдағы баға мен межелік бақылау бағасыларының қосындысына тең болады:
Р1(2)=АҮ(2)*0,5+МБ1(2)*0,5
«Мамандыққа кіріспе. Көлік түрлері» студенттердің оқу жетістіктері, яғни білімі, ептілігі, икемділігі және құзыреттіліктері көп баллды әріптік жүйе бойынша анықталады:


Әріптік жүйесі бойынша баға

Балдың цифрлық баламасы

Пайыздық эквивалент

Дәстүрлі жүйемен баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағат

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

12. Оқытушының талаптары, саясат және құзыреттіліктер
Студенттердің барлық аудиториялық сабақтарға қатысуы және қалып келмеуі міндетті болып табылады. Сабақ босатқан жағдайда деканатпен белгіленген тәртіп бойынша адалдайды (отрабатывает). Сабақты максималды екі рет босату рұқсат етіледі. Сабаққа екі рет қалып келі бір сабақ босатқанға тең болады. Егер екіден коп босату болса әкімшіліктің шешімі қабылданғанша оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Жұмысты белгіленген уақыт мерзімінде тапсыру қажет. Емтихандық сессия басталуына 3 күн қалғанда – барлық тапсымаларды тапсырудың соңғы мерзімі болып табылады.

Барлық тапсырмаларды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағында өткен материалдарды қайталау және адалдау міндетті. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тесстік және жазбаша жұмыстармен тексеріледі. Студенттерді тестілеу ескертусіз жүргізілуі мүмкін.



Оқытушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын (ОСӨЖ) орындаған кезде келесі төрт негізгі қағидаларды ескеру қажет:

Бірінші – оқытушының пән бойынша бағыттау мақсатында жүргізген сабақтары кезінде берілген мәліметті студенттердің белсенді түрде қабылдауын қамтамасыз ему.

Екінші – оқытушының ақыл-кеңесін ескере отырып, студенттер өз бетінше оқу-әдістемелік әдебиет пен оқулықтарды зерделейді және үй тапсырмаларын, бақылау, курстық т.б. жұмыстарды орындайды. Бұл кезеңде студенттердің жұмыс әдісін білуі және қажырлы болуы маңызды.

Үшінші – оқу барысында кездесетін қиындықтарды талдап, оның себептерін анықтауға тырысу, оқытушыға сұрақтар қойып, оған өзінше жауап табу.

Төртінші – оқытушымен әрдайым байланыста болып, ақыл-кеңес, нұсқаулар алу.

13 Әдебиеттер тізімі

Негізгі


1) Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдалануы. Оқулық.– Астана: Фолиант, 2007-360бет.

2) Пайдаланудағы вагондарға техникалық қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық, Астана 2009.– 95 бет.

3) Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. 7 маусым 1999ж.

4) ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2008ж. 18 наурыздағы 125 бұйрығы. «Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қортынды мемлекеттік аттестаттауды жүргізудің үлгі ережесі.»

5) Нормативті құжаттар жинағы 2009г. – 183с.

6) ҚР МЖ МБС 3.08.367–2006.


Қосымша

1) Алиев Б. Тракторлар мен автомобильдер (теориясы) Алматы, 2005.–296 бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет