2 тақырып. Қазіргі отбасының құрылымы мен дамуы, қызметтері.
Жоспары:
1. Отбасы қызметтері.
2. Отбасының құрылымы.
3. Отбасының дамуы.
Отбасы – жалпы шаруашылықта бірге жүруші, әйел мен ердің, балалар мен ата-аналардың, ағалар мен қарындастардың қарым-қатынастары, сондай-ақ ерлі-зайыптылық одақ және туыстық байланыстарға негізделген жекелік болмыстың негізгі формасы, қоғамдық ұйым (кіші әлеуметтік топ) болып табылады. Отбасы жалпы қоғамда да, жеке өмірде де маңызды ролі атқарады.
Отбасының тіршілік аумағы, оның жекелеген мүшелеріне ғана емес барлық қоғамда тұтастай маңызды.
Қоғамдық ортадағы отбасылық қызметтердің жекелік және қоғамдық маңыздылығы былайша сипатталады:
-отбасының тәрбиелік қызметі;
-отбасының тұрмыстық-шаруашылық қызметі;
-отбасының эмоционалдық қызметі;
-отбасының рухани-мәдени қатынас қызметі;
-отбасының бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі.
Уақыт өте келе отбасылық қызметтерді бірнеше өзгерістер болады, мысалы жаңа әлеуметтік жағдайларға байланысты жойылады, өзгеріске ұшырайды. Біздің қоғамдағы жаңашыл отбасылар тұқымқуалаушылық, мұра арқылы берілген қызметтерді арттырумен айналыспайды. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі де өзгереді. Некелік – отбасылық қатынас аумағында бұзылушылық деңгейі де жоғарылады, мысалы некесіз бала босану, ерлі-зайыптылық ұрыс-керіс. Ажырасу отбасындағы лайықсыз қасиеттің жазасы ретінде қарастырылмай қойды.
Жаңашыл отбасында эмоционалды, рухани қатынас, жыныстық-эротикалық, тәрбиелік қызметтердің маңыздылығы арта түсуде. Неке көбіне шаруашылық-материалдық емес эмоционалды байланысқа негізделген бірлестік ретінде қарастырылады.
Отбасылық қызметтердің бұзылуы – тіршілік әрекеттегі отбасылық қызметтердің орындалуының қиындауы немесе мүлде орындалмау ерекшеліктері.
Отбасы құрылымына – отбасы құрамы мен саны, сондай-ақ оның мүшелерінің өзара байланысының жиынтығы кіреді. Отбасы құрылымының талдаулары бірнеше сұрақтарға жауап береді, мысалы отбасылық қызмет қалай жүзеге асады, отбасында кім жетекші, кім орындаушы ролін атқарады, отбасы мүшелерінің құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген. Отбасы құрылымы бойынша отбасылардың әр түрін бөліп көрсетуге болады. Бір отбасыларда барлық қызметтерді ұйымдастыру мен жетекшілік ету бір адамның қорында, ал кейбір отбасылардың басқаруында барлық мүшелері теңдей қатысады. Бірінші жағдайда авторитарлы жүйе, ал екіншіде демократикалық жүйеде айтылады.
Достарыңызбен бөлісу: |