13 тақырып. «Ата-аналар» мектебі. Отбасылық дағдарыстар.
Жоспары:
“Ата-аналар мектебінің мақсаттары мен міндеттері”.
“Ата-аналар мектебі” іс-әрекетінің мазмұны мен бағыттары.
Отбасылық қалыпты дағдарыстар.
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыстар.
2005 жылы Қазақстан психологтарының Ұлттық Ассоциясы қызметкерлері, ОҚО білім беру департаменті мен әкімшілігінің, Балалар фондының БҰҰ ЮНИСЕФ қолдауымен “О:Қ:О балаларын” күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау” жобасы жүзеге асырылады және “О.Қ облысында отбасыларын қолдау орталығы құрылды”.
2006 жылы аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде О.Қ облсында отбасын қолдау орталығының негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары құрастырылды. Осы қызметтің көлемінде асырап алушы ата-аналармен жұмыс жасау бағдарламасы өңделді.
2007 жылы Тәжірибелік Психология және психотерапия Еуразиялық Институтінің және Қазақ Психологтар қауымдастығының мамандарымен біріге отырып, жұмыс тәжірибесін қортындылады. Бұл тәжірибе ата-аналармен жұмыс жасау барысында асырап алушы отбасы туған отбасында кеңейтіліп, қолданысқа енді.
“Ата-аналар мектебі” құрылды, оның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір-бірімен өзара тиімді әрекеттесуін қаматамсыз ететін ата-аналық және ерлі-зайыптылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізілуде. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар ұйымдастыру, ол отбасында бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас тиімділігін арттырады.
Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрамма, қимыл-қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терапияның тәсілдерін қолдануға негізделген.
“Ата-аналар мектебі” өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады.
Бағдарлама қатысушыларға (ата-ана баласын, жұбайын) өзін жұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласын ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: |