Құрылымы. Отбасы жүйесін – бірыңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады. Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы (жек адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада – ері-әйелінен құралады; үшінші топ – сиблингті, төртінші топ – ата-ана диадасы – баладан құралады. Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады. Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері топтармен; достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт. Отбасының түрлі жүйеде және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері: