Пән бағдарламасының (syllabus) титул парағы


 Дәріс сабақтарының мазмұны



Pdf көрінісі
бет5/31
Дата11.05.2020
өлшемі154,9 Kb.
#67071
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
6. Дәріс сабақтарының мазмұны

1 Тақырып. Кіріспе. Елтану ғылым ретінде.

Жоспар: 

1. Кешенді елтану және елдерге кешенді сипаттама беру әдістемесі

2. Елдердің географиялық сипаттамасы.

Географияда  және  күнделікті   өмірде   «ел»ұғымы   көбінесе  «мемлекет»ұғымымен  мазмұндас

болады, бірақ бұл ұғымдар мағыналық жағынан айырмашылық жасайды. Ғалымдар ел мемлекеттің

кеңістіктік үлгісі, ал мемлекетелдің құқықтық негіздегі үлгісі деп түсіндіреді. 

Ел   -   табиғи   кешеннің   негізінде   қалыптасқан   және   кеңістікте,   уақыт   кезеңінде,   ішкі   және

сыртқы байланыстарда мемлекет түрінде көрінетін, құрлықішілік деңгейдегі әлеуметтік-шаруашылық

кешені. 

Елтануелдерді кешенді түрде зерттейтін, олардың табиғаты, халқы, шаруашылығы, мәдениеті

мен   әлеуметтік   ұйымдасуы   туралы   әртүрлі   мәліметтерді   жүйелейтін   және   жалпылайтын

географиялық 

пән болып табылады. 

Елтану географияның біртұтастығының кепілі болып табылады: оның зерттеу объектісі алуан

түрлі   процестер   болып   жатқан,   құрылымы   күрделі   аумақ   болып   табылады.   Басқаша   айтқанда,

аумақтың біртұтастығын зерттеу үшін география ғылымдары жүйесінің 

біртұтастығы қажет болады. Кешенді елтануда  жекелеген аймақтар, елдер және олардың бөліктері

табиғаты, халқы және шаруашылығы жағынан ішкі айырмашылықтар жасайтын біртұтас аумақтық

күрделі жүйе ретінде қарастырылады. 



Бұл жағдайда аумақтарды кешенді зерттеу үшін географияның басты салалары (физикалық,

әлеуметтік-экономикалық,   саяси   география)   түгел   «жұмылдырылады».Кешенді   елтанудың   басты

мақсаты – әртүрлі аумақтардың (елдер мен аудандар) біртұтас және кешенді сипаттамаларын беру.

Мұндай сипат-тамаларда географиялық ғылымдардың әдістері көмегімен аумақтың бейнесін жасау

қажет. 

Елтану   бағытының   негізін   салған   ресейлік   ғалым   Н.   Н.   Баранскийдің   анықтауынша,   бұл

сипаттамаларда «геологиядан бастап идеологияға дейінгі» мәселелер қамтылады. Жалпы алғанда, кез

келген ғылым саласының маңызды міндеті әлемді танып-білу болып табылады. Кешенді елтанудың

география ғылымының саласы ретінде ұдайы өзгеріп жатқан әлемнің географиялық келбетін танып-

білуі ең алдымен ел аумағы деңгейінде жүзеге асады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет