Әдебиеттер тізімі: (1, 2, 3, 4)
4 Тақырып. Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
Жоспар:
1. Елдің тарихи-географиялық даму кезеңдері.
2.
Дүние жүзінің саяси картасының қалыптасуы.
Дүние жүзінің саяси картасы – дүние жүзі елдерін, олардың басқару формалары мен
мемлекеттік құрылымын бейнелейтін географиялық карта. Саяси картада жаңа тәуелсіз
мемлекеттердің пайда болуы, олардың мәртебесінің өзгеруі, мемлекеттердің қосылуы мен бөлінуі,
егемендігін алуы немесе жоғалтуы, мемлекеттердің ауданының өзгерістері, олардың астаналарының
ауысуы, мемлекеттер мен астаналар атауларының өзгерістері, мемлекетті басқару үлгілерінің
өзгерістері және т.б. басты саяси-географиялық өзгерістер көрініс табады
Саяси картадағы өзгерістер сандық (мемлекетке жаңа жерлердің қосылуы, соғыстар
барысында жерінен айрылуы немесе керісінше жаңа аумақтарды қосып алуы, мемлекетаралық
келісімдер негізінде жер үлескілерін айырбастауы, мемлекеттердің қосылуы немесе бөлінуі, және т.б.)
және сапалық(елдің егемендігін алуы, басқару формасы мен мемлекет құрылымының,
мемлекетаралық одақтардың құрылуы және т.б.) болуы мүмкін. Қазіргі кезде сандық өзгерістер
біртіндеп азайып, негізінен саяси картаның сапалық өзгерістері жүріп жатыр.
Дүние жүзінің саяси картасы тарихи кезеңдерде әртүрлі фактор-ларға байланысты ұдайы
өзгеріске түсті. Дүние жүзінің қазіргі заманғы саяси картасының қалыптасуына қатысты оқиғаларды
шартты түрде
Жаңа кезең (XVІІ ғасырдан Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін) және Ең жаңа кезең (Бірінші
дүниежүзілік соғыстан қазіргі кезге дейін) деп аталатын екі дәуірге топтастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |