Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Гуманитарлық-педагогикалық факультет
Қазақ филологиясы кафедрасы
«Әлеуметтік лингвистика» пәнінен
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының
студенттеріне арналған
ПӘННІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
Павлодар, 2013
Пән бағдарламасын (Syllabus) бекіту парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.4/19
|
|
БЕКІТЕМІН
ГП факультетінің деканы
_______ Ж.Т.Сарбалаев
2013ж.«___»___________
|
Құрастырушы: ___________ ф.ғ.к., доцент Б.М.Қадырова
Қазақ филологиясы кафедрасы
5В020500 «Филология: қазақ филологиясы» мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған «Әлеуметтік лингвистика»
пәнінің бағдарламасы (Syllabus)
Бағдарлама 2013 ж. «___» _________бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 2013 ж. «___»____________
№___ Хаттама
Кафедра меңгерушісі __________ Н.Қ. Жүсіпов 2013 ж. «____» ________
Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің оқу-әдістемелік кеңесімен
талқыланды 2013 ж. «_____»____________ №____ Хаттама
ОӘК төрайымы _________ С.К. Ксембаева 2013ж. «_____»___________
1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы «Әлеуметтік лингвистика»
Кредит саны мен оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс:
Семестр:
Аудиториялық сабақтар – 30 сағат
Дәрістер – 15 сағат
Тәжірибелік – 15 сағат
СӨЖМ – 15
Соның ішінде СӨЖ - 45
Еңбек сыйымдылығы барлығы – 90 сағат
Бақылау формасы
Емтихан – 1 семестр
Пререквизиттер
Тіл біліміне кіріспе
Лексикология
Диалектология
Әлеуметтану
Психология
Постреквизиттер
Жалпы тіл білімі
Тіл білімінің тарихы
Қазақ тілінің стилистикасы
Қазақ әдеби тілінің тарихы
2 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Аты-жөні: Қадырова Бақытжан Масалимовна
Ғылыми дәрежесі, атағы, қызметі: ф.ғ.к., доценті
«Қазақ филологиясы» кафедрасында «А» корпусында (Ломов к-сі, 64) 324 аудиторияда орналасқан.
Байланысу телефоны: Тел. (12-55) 324 кабинет
3 Пәні, мақсаты мен міндеттері
Пән: «Әлеуметтік лингвистика»
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінің жаңа бағыттары психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, социолингвистика сияқты ғылымдар дүниеге келді. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сияқты ұғымдарды бір-бірімен тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. «Әлеуметтік лингвистика» атты теориялық курс бүгінгі таңдағы тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі – тілдердің әлеуметтік себептеріне арналған. Әлеуметтану мен лингвистика ғылымдарының сабақтастығына негізделген әлеуметтік лингвистика ғылымы тіл білімінің жоғарыда аталған жаңа ағымдарымен тығыз байланысты. Аталмыш ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Әлеуметтік тіл білімі – тілдің әлеуметтік табиғатымен байланысты тіл білімі. Әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнографиямен қатар дамитын жалпы тіл білімінің бір саласы.
Пәнді оқыту мақсаты:
Студенттерге тілдің әлеуметтік мәні, қоғаммен ара қатынасы, олардың бір-біріне тигізетін әсері жайлы толық мағлұмат беріп, әлеуметттік лингвистикалық бағыттың паййда болу, даму тарихы туралы негізгі көзқарас- тұжырымдармен таныстыру.
Пәннің міндеттері:
- студенттерді пәннің методологиялық негізімен, тарихымен, синхрондық және диахрондық әлеуметтік лингвистикамен таныстыру;
- әлеуметтік лингвистиканың ұғымдық аппаратын анықтау;
- осы саладағы ғылымның жетістіктерімен таныстыру.
4 Білім, икемділік және дағды-машықтарға қойылатын талаптар
Пәнді оқу нәтижесінде студенттердің:
- пәнді оқу барысында бағдарлама бойынша алған білімдерін толық меңгеріп, өздігінен ғылыми тұжырымдар жасауға, білімдері негізінде лингвистикалық талдауға, өз ойын дәлелдей алу шеберлігіне дағдылануы қажет;
- жалпы тіл білімінде, лексикология, диалектология, стилистика салаларында қарастырылатын мәселелерді бір-бірінен бірден ажырата алатындай дәрежеде болуы қажет;
- ғалымдардың пікірлеріне сүйене отырып, әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысандары жайлы тұжырымды пікір айта алулары керек.
5 Пәнді оқудың тақырыптық жоспары
Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды бөлу
№р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттардың саны
|
Дәріс
|
Практи-калық (сем)
|
Барлығы
|
СОӨЖ
|
1
|
2
|
3
|
4
|
6
|
7
|
1
|
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны
|
1
|
1
|
4
|
1
|
2
|
Әлеуметтік лингвистика тарихы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
3
|
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің әдістері
|
1
|
1
|
4
|
1
|
4
|
Адамның коммуникативтік қызметі
|
1
|
1
|
4
|
1
|
5
|
Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
|
1
|
1
|
4
|
1
|
6
|
Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттың қалыптасуы мен дамуы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
7
|
Тіл және қоғам
|
1
|
1
|
4
|
1
|
8
|
Тілдің дамуы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
9
|
Тіл және дін
|
1
|
1
|
4
|
1
|
10
|
Тіл мен мәдениеттің байланыстылығы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
11
|
Тілдік жоспарлау және тілдік саясат
|
1
|
1
|
4
|
1
|
12
|
Тілдік жағдай және оның типтері
|
1
|
1
|
4
|
1
|
13
|
Тілдердің қарым-қатынасы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
14
|
Тілдің өмір сүру формалары
|
1
|
1
|
4
|
1
|
15
|
Тілдің әлеуметтік саралануы
|
1
|
1
|
4
|
1
|
Барлығы:
|
15
|
15
|
45
|
15
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
1-тақырып. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны
Жоспар
1. Әлеуметтік лингвистика – тіл білімі, әлеуметтану, әлеуметтік психология, этнография сынды аралық пәндер негізінде қалыптасқан пәнаралық бағыт.
2. Пәннің мақсаты мен міндеттері.
3. Әлеуметтік лингвистиканың метатілі.
ХХ ғасырдың соңғы ширегінде тіл білімінің жаңа бағыттары психолингвистика, статолингвистика, паралингвистика, лингвомәдениеттану, этнолингвистика, социолингвистика сияқты ғылымдар дүниеге келді. Өйткені ұлттық мәдениет, болмыс, таным, дін сияқты ұғымдарды бір-бірімен тоғыстыратын ұлттық тілдің табиғатын өзінің ішкі заңдылықтары негізінде ғана танып білу жеткіліксіз. «Әлеуметтік лингвистика» атты теориялық курс бүгінгі таңдағы тіл білімінің өзекті мәселелерінің бірі – тілдердің әлеуметтік себептеріне арналған. Әлеуметтану мен лингвистика ғылымдарының сабақтастығына негізделген әлеуметтік лингвистика ғылымы тіл білімінің жоғарыда аталған жаңа ағымдарымен тығыз байланысты. Аталмыш ғылымдардың тығыз қарым-қатынаста болуы тілдің құрылымдық, функционалдық жүйесінің кешенді үлгілерін айқындауды мақсат етеді. Әлеуметтік тіл білімі – тілдің әлеуметтік табиғатымен байланысты тіл білімі. Әлеуметтану, әлеуметтік психология және этнографиямен қатар дамитын жалпы тіл білімінің бір саласы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
2-тақырып. Әлеуметтік лингвистика тарихы
Жоспар
Әлеуметтік лингвистика тарихы
Тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт ХІХ-ХХ ғасыр аралығында пайда болған. Тілде әлеуметтік сипат барлығын қайта өркендеу дәуірі мен ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірсыпыра ойшылдары айтып кеткенімен, бұл мәселе ХІХ ғасырдың 2-жартысына дейін жүйелі зерттелмеді.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында тілдің әлеуметтік сырын ашумен көбірек шұғылданған француз ғалымдары болды. Сол себепті тіл білімі тарихында тілді зерттеудегі әлеуметтік бағыттың отаны – Франция деп санап, оны Франция социологиялық мектебі деп атаушылық бар. Ал, әлеуметтік (социологиялық) лингвистика термині 1952 жылдан бері қолданылып келеді. Алғаш қолданушы американдық зерттеуші Х.Карри. Әлеуметтік бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері: Поль Лафарг (1842-1911), Фердинанд де Соссюр (1857-1913), Антуан Мейе (1866-1936), Жозеф Вандриес (1875-1960), Эмиль Бенвенист (1902), т.б.
Ұсынылатын әдебиет: [2], 1-56 беттер; [7], 1-23 беттер.
3-тақырып. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің әдістері
Жоспар
1. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің әдіс-тәсілдері.
2. Тілдік сауалнамаларды социолингвистикалық талдау әдісі.
3. Корреляциялық талдау.
Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің әдіс-тәсілдері: анкета толтырып байқау, интервью алу, анкета және интервью мәліметтерін талдау, әлеуметтік сұрақ, статистикалық әдіс және т.б. Сонымен қатар тіл білімінде кең тараған лингвистикалық әдістер қолданылады.
Анкеталық, сұхбаттастық, сырттай бақылау өрістік зерттеулерге (полевой) жатады.
Тілдік сауалнамаларды социолингвистикалық талдау әдісі. Корреляциялық талдау.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-25 беттер; [7], 1-34 беттер.
4-тақырып. Адамның коммуникативтік қызметі.
Жоспар
1. Тіл мен сөйлеудің функциясы.
2. Адам дамуындағы тілдік қатынас.
3. Адамзат пен жануарлардың қарым-қатынасы.
4. Тілдің экспрессивті-эмоционалды қызметіндегі тілдік құралдар.
5. Тілдің эстетикалық қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-12 беттер; [5], 1-41 беттер.
5-тақырып. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт.
Жоспар
1. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт.
Тілдің әлеуметтік мәні орыс тіл білімінде 1900 жылдың бас кезінен бастап кеңінен қарастырылып келеді.
Әлеуметтік лингвистика кеңестік тіл білімінде тілдің қоғамдық қызметінің заңдылықтары туралы ғылым ретінде пайда болды. Р.О.Шор, В.М.Жирмунский, В.В.Виноградов, Б.А.Ларин, Ю.Д.Дешериев сияқты ғалымдар әлеуметтік факторлардың тілге әсерін, көптілділік мәселесі, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілдің нормалық теориясын қалыптастыру тәрізді мәселелерді қарастырды. Әлеуметтік линвистиканың мақсаты – тілдің қоғамдық қызметін, әлеуметтік табиғатын, қоғамдағы орнын, қоғам мен тіл арасындағы қарым-қатынасты жан-жақты зерттеу деп көрсетеді.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
6-тақырып. Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттың қалыптасуы мен дамуы
Жоспар
Әлеуметтік лингвистика туралы алғашқы пікірлер.
Қазіргі кездегі зерттеу еңбектері.
Әлеуметтік лингвистика туралы алғашқы пікірлерді ХІХ-ХХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының еңбектерінен байқаймыз. Оған Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов және т.б. пікірлерін келтіруімізге болады.
Қазақ тіл білімінде әлеуметтік лингвистикалық бағытты теориялық тұрғыдан алғаш негіздеген – академик Б.Хасанұлы. Академик Б.Хасанұлының бірнеше кітаптары жарық көрген. 1987 жылы жарық көрген «Қазақ – орыс қостілділігі (әлеуметтік-лингвистикалық қырлары)», 1989 жылы жарық көрген «Қазақстандағы қостілділік» атты еңбектерін айтуымызға болады. Ғалымның бұдан басқа да бірнеше кітабы әлеуметтік лингвистика мәселелеріне арналған.
Ұсынылатын әдебиет: [6], 1-22 беттер; [4], 1-47 беттер.
7-тақырып. Тіл және қоғам
Жоспар
1. Тілдің қоғамдық табиғаты.
2. Тіл – адамзат қоғамының негізгі құралы.
3. Тіл – ойды жарыққа шығару.
4. Тіл және қоғамдық сана.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
8-тақырып. Тілдің дамуы
Жоспар
1. Тілдің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері.
2. Тіл дамуына әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар.
3. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тілдің даму ерекшеліктері.
4. Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылуы.
Тілдің дамуына қоғам саналы түрде әсер етіп отырады. Тіл қоғамның қажеттілігі бойынша дамиды. Тілді өзгертуге бола ма? Егер өзгертсек, қандай дәрежеде өзгерте аламыз? Ол қоғамға қандай әсер етеді? деген сауалдарға жауап беру үшін Н.Б.Мечковская бірнеше фактілерге тоқталады. Тілді өзгерту барысында ол бастапқы тазалығы мен әсемдігін жойып алуы мүмкін. Бұл тіл мамандарына үрей туғызған еді. Олар тілдің тазалығын сақтап қалғысы келді. Солай тырысқанмен де кейбір факторлар тілге әсер етпей қала алмады. Жеке адам мен әлеуметтік ұжымның сөйлесуі барысында тіл қоғам қажеттілігіне байланысты өрбіп дамыды.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-33беттер; [7], 1-21 беттер.
9-тақырып. Тіл және дін
Жоспар
1. Тіл, дін және ұлттық менталитет.
2. Халықтың тіл мәдениетіндегі қостілділік қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-11 беттер; [3], 1-26 беттер.
10-тақырып. Тіл мен мәдениеттің байланыстылығы
Жоспар
1. Тілдегі мәдениет пен табиғилық.
2. Тіл семантикасындағы жалпы адамилық мәселе.
Ұсынылатын әдебиет: [4], 1-77 беттер; [7], 1-42 беттер.
11-тақырып. Тілдік жоспарлау және тілдік саясат
Жоспар
1. Мақсаттары мен міндеттері.
2. Тілдердің әлеуметтік мәртебесіндегі өзгерістер.
3. Тілдік саясат.
Ұлттық тілдік саясат дегеніміз – көпұлтты және көптілді қоғамдағы қызмет етіп немесе өмір сүріп отырған тілдерге қоғамның саналы түрде дамуына ықпал етуге, әсер етуге жасаған қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 10-56 беттер; [7], 21-45 беттер.
12-тақырып. Тілдік жағдай және оның типтері
Жоспар
1. Көптілді қоғамдағы тілдік қолданыс.
2. Ұлттық тіл: даму жолдары мен өзекті мәселелері.
3. Мемлекеттік тіл, ресми тіл және жергілікті тіл.
4. Әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.
Тілдік жағдай – әлеуметтік лингвистиканың негізгі ұғымдарының бірі. Тілдік жағдай дегеніміз белгілі бір географиялық немесе саяси-әкімшілік құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-әлеуметтік және қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 10-22 беттер; [7], 21-33 беттер.
13-тақырып. Тілдердің қарым-қатынасы
Жоспар
1. Қостілділік және мультилингвизм туралы түсінік.
2. Қостілділіктің түрлі типтері.
3. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, тілдік одақтың құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б.
Тілдік қатынастардан ажырамайтын және онымен тығыз байланысты тілдік құбылыстардың бірі – билингвизм. Бұл қостілділік деген терминге балама ретінде қолданылады. Қостілділікті әлеуметтік лингвистиканы зерттеушілер екіге бөліп қарастырады:
Туыстас тілдердің қостілділігі.
Туыстас емес тілдердің қостілділігі.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 22-56 беттер; [7],33-45 беттер.
14-тақырып. Тілдің өмір сүру формалары
Жоспар
1. Тілдік дифференциация мәселелері, тілдік варианттар: әлеуметтік, территориялық, функционалдық және тарихи аспектілер.
2. Тілдің өмір сүру формалары.
Әлеуметтік лингвистиканың қарастыратын мәселелерінің бірі – тілдік болмыстың формалары мен тілдің әлеуметтік саралануы. Тілдің өмір сүру формалары дегеніміз – тілдік бірліктердің ортақтығына қарай, табиғи түрде іріктеле келіп, белгілі бір иерархиялық топқа бірігетін, дербестік қасиеті танылатын тілдік құрылымдар. Бұл топтар түрлі әлеуметтік қабаттардың қажеттілігіне сай іріктелгенмен, белгілі бір ұлттың шеңберінен шықпайды. Сол ұлттағы барлық әлеуметтік топқа бірдей түсінікті лексикалық қор болып саналады.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 10-53 беттер; [7], 25-42 беттер.
15-тақырып. Тілдің әлеуметтік саралануы.
Жоспар
1. Жаргон.
2. Арго.
3. Кәсіби тілдер.
Әлеуметтік диалектілер көп жағдайда диалектизмдермен, профессионализмдермен байланысты болып келеді. Тіл білімінде әлеуметтік лексикаға әр түрлі топқа, мәселен, оқушылар мен студенттер, спортшылар және т.б. сияқты кейбір жастар тобы, сондай-ақ қолөнершілер, аңшылар, саудагерлер, ұры-қарылар қолданатын сөздер, кейбір «құпия тілдер», варваризмдер, түрлі жаргондар мен арголар сөздері мен сөз қолданыстарын жатқызады. Ә.Хасенов орыс тілі саласында шет тілдерімен байланысты болып келетін пиджиндер мен креоль тілдеріне қатысты сөздер мен сөз тіркестері де әлеуметтік лексиканы құрайтынын айтады.
Ұсынылатын әдебиет: [5], 10-66 беттер; [6], 21-78 беттер.
7 Тәжірибешілік сабақтардың мазмұны
1-тақырып. Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны
Жоспар
Әлеуметтік лингвистиканың зерттеу нысаны не?
Пәннің мақсаты мен міндеттері қандай?
Әлеуметтік лингвистика қандай ғылымдармен байланысты?
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-56 бет, [3], 1-38 беттер, [4] 6-85 беттер.
2-тақырып. Әлеуметтік лингвистика тарихы
Жоспар
ХІХ-ХХ ғасырдағы әлеуметтік бағыт.
Франция социологиялық мектебі.
Әлеуметтік бағыттың Франциядағы көрнекті өкілдері.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-87беттер; [7], 2-56 беттер.
3-тақырып. Әлеуметтік лингвистикалық зерттеудің әдістері
Жоспар
Өрістік зерттеулер түрлері.
Тілдік сауалнамаларды социолингвистикалық талдау әдісі.
Корреляциялық талдау.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-85 беттер; [7], 1-55 беттер.
4-тақырып. Адамның коммуникативтік қызметі
Жоспар
Тіл мен сөйлеудің функциясы.
Адам дамуындағы тілдік қатынас.
Адамзат пен жануарлардың қарым-қатынасы.
Тілдің экспрессивті-эмоционалды қызметіндегі тілдік құралдар.
Тілдің эстетикалық қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-56 бет, [3], 1-38 беттер, [4] 6-85 беттер.
5-тақырып. Орыс тіл біліміндегі әлеуметтік бағыт
Жоспар
Орыс тіл біліміндегі тілдің әлеуметтік мәні туралы алғашқы зерттеулер.
Әлеуметтік лингвистиканың кеңестік тіл білімінде зерттелуі.
Ю.Д.Дешериевтің зерттеуі
В.Д.Бондалетовтің 1987 жылы жарық көрген «Әлеуметтік лингвистика» атты еңбегі.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-85 беттер; [7], 1-44 беттер.
6-тақырып. Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік бағыттың қалыптасуы мен дамуы
Жоспар
Қазақ тіл біліміндегі әлеуметтік лингвистика туралы алғашқы пікірлер.
Қазіргі кездегі зерттеу еңбектері.
Б.Хасанов зерттеулеріне тоқталу.
Қ.Жұбанов еңбектерінде әлеуметтік лингвистика мәселелерінің көтерілуі.
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
7-тақырып. Тіл және қоғам
Жоспар
1. Тілдің қоғамдық табиғаты.
2. Тіл – адамзат қоғамының негізгі құралы.
3. Тіл – ойды жарыққа шығару.
4. Тіл және қоғамдық сана.
Ұсынылатын әдебиет: [10], 1-55 беттер; [9], 1-42 беттер.
8-тақырып. Тілдің дамуы
Жоспар
1. Тілдің дамуы: дивергенция және конвергенция үрдістері.
2. Тіл дамуына әсер ететін лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар.
3. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі тілдің даму ерекшеліктері.
4. Тілдердің туыстығын айқындайтын салыстырмалы-тарихи әдістің қолданылуы.
Ұсынылатын әдебиет: [1], 1-56 бет, [3], 1-38 беттер, [4] 6-85 беттер.
9-тақырып. Тіл және дін
Жоспар
1. Тіл, дін және ұлттық менталитет.
2. Халықтың тіл мәдениетіндегі қостілділік қызметі.
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
10-тақырып. Тіл мен мәдениеттің байланыстылығы
Жоспар
1. Тілдегі мәдениет пен табиғилық.
2. Тіл семантикасындағы жалпы адамилық мәселе.
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
11-тақырып. Тілдік жоспарлау және тілдік саясат
Жоспар
1. Тілдік жоспарлау және оның мақсаттары мен міндеттері.
2. Тілдердің әлеуметтік мәртебесіндегі өзгерістер.
3. Тілдік саясат.
4. Қазақстандағы тілдік саясат.
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
12-тақырып. Тілдік жағдай және оның типтері
Жоспар
Тілдік жағдай.
Көптілді қоғамдағы тілдік қолданыс.
Ұлттық тіл: даму жолдары мен өзекті мәселелері.
Мемлекеттік тіл, ресми тіл және жергілікті тіл.
Әлемдік тіл, дәнекер-тіл, аймақтық тіл.
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
13-тақырып. Тілдердің қарым-қатынасы
Жоспар
1. Қостілділік және мультилингвизм.
2. Қостілділіктің түрлі типтері.
3. Тілдік қарым-қатынастың нәтижелері: кірме сөздер, интерференция, тілдік одақтың құрылуы, креоль тілдер, пиджин және т.б.
Ұсынылатын әдебиет: [10], 1-55 беттер; [9], 1-42 беттер.
14-тақырып. Тілдің өмір сүру формалары
Жоспар
1. Тілдік дифференциация мәселелері, тілдік варианттар: әлеуметтік, территориялық, функционалдық және тарихи аспектілер.
2. Тілдің өмір сүру формалары (барлық түрлеріне тоқталу).
Ұсынылатын әдебиет: [9], 1-55 бет, [4], 13-28 беттер, [1] .
15-тақырып. Тілдің әлеуметтік саралануы
Жоспар
Әлеуметтік лексика (жаргон, арго, варваризмдер және т.б.).
Кәсіби тілдер.
Ұсынылатын әдебиет: [3], 1-200 бет, [4], 1-55 беттер, [6] 1-120 беттер, [10], [11].
8 СӨЖ тапсырмалары
Әлеуметтік лингвистика пәнінің методологиялық негізі.
Тақырып бойынша тапсырмалар
Әлеуметтік мектептер мен бағыттар.
Тақырып бойынша тапсырмалар
3. Тілдік сауалнамаларды социолингвистикалық талдау әдісі.
Тақырып бойынша тапсырмалар
4. Адам дамуындағы тілдік қатынас.
Тақырып бойынша тапсырмалар
5. Ю.Д.Дешериевтің «Әлеуметтік лингвистика» атты зерттеуі.
Тақырып бойынша тапсырмалар
6. Б.Хасановтың әлеуметтік лингвистика мәселелеріне арналған зерттеу еңбектеріне шолу.
Тақырып бойынша тапсырмалар
7. Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс.
Тақырып бойынша тапсырмалар
8. Тілдегі тарихи өзгерістер және тарихи фонетика мен фонологияның, тарихи лексикология мен тарихи грамматиканың пәні.
Тақырып бойынша тапсырмалар
9. Ұлт және ұлттық тіл.
Тақырып бойынша тапсырмалар
10. Тілдік құбылыстың ұлттық-мәдени көрсеткіштері.
Тақырып бойынша тапсырмалар
11. Қазақстандағы тілдік саясат.
Тақырып бойынша тапсырмалар
12. Билингвизм және полилингвизм.
Тақырып бойынша тапсырмалар
13. Тілдік дамудың басты себептері – тілдердің өзара әсері.
Тақырып бойынша тапсырмалар
14. Сөйленістің түрлері, оның әлеуметтік көріністері мен ерекшеліктері.
Тақырып бойынша тапсырмалар
15. Тілдің әлеуметтік жағдайларға тәуелділігі, сөйлеушілердің әлеуметтік ерекшеліктері.
Тақырып бойынша тапсырмалар
9 Реферат тақырыптары
1. Әлеуметтік лингвистика пәнінің методологиялық негізі.
2. Адам дамуындағы тілдік қатынас.
3. Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс.
4. Ұлт және ұлттық тіл.
5. Қазақстандағы тілдік саясат.
6. Билингвизм және полилингвизм.
10 СӨЖМ кеңестерінің кестесі
№
|
Сабақ түрлері
|
дүйсенбі
|
сейсенбі
|
сәрсенбі
|
бейсенбі
|
жұма
|
сенбі
|
1.
|
Дәріс бойынша кеңестер
|
|
|
10.00
11.00
|
|
|
|
2.
|
Тәжірибелік сабақтар бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
12.00
13.00
|
|
3.
|
СӨЖ бойынша кеңестер
|
11.00
12.00
|
|
|
|
|
|
4.
|
Реферат бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
10.00
11.00
|
5.
|
Тест сұрақтары бойынша кеңестер
|
|
|
|
|
|
11.00
12.00
|
11 Пән бойынша тапсырманы орындау және тапсыру кестесі
№
|
Жұмыс түрі
|
Тапсырманың мазмұны, мақсаты, тақырыбы
|
Қолданылатын әдебиет
|
Орындалу ұзақтығы
|
Бақылау түрі
|
Бақылауды тапсыру мерзімі
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1
|
Реферат
|
Әлеуметтік лингвистика пәнінің методологиялық негізі
|
|
3 апта
|
|
4-апта
|
2
|
Реферат
|
Адам дамуындағы тілдік қатынас
|
|
2 апта
|
|
6-апта
|
3
|
Межелік бақылау
|
1,2 Модуль
|
|
|
коллоквиум
|
8-апта
|
4
|
Реферат
|
Тіл – ерекше қоғамдық құбылыс
|
|
2 апта
|
|
9апта
|
5
|
Реферат
|
Ұлт және ұлттық тіл
|
|
2 апта
|
|
11-апта
|
6
|
Реферат
|
Қазақстандағы тілдік саясат
|
|
8 апта
|
|
14-апта
|
7
|
Межелік бақылау
|
3,4 Модуль
|
|
|
коллоквиум
|
15-апта
|
12 Курс саясаты
Оқу процесіне қатысу дегеніміз – сабаққа қатысу, пікірталаста және топ жұмысында белсенділік көрсету, топтастарының оқуына әсер ету. Студент аудиториялық сабақтарға, міндетті түрде дәріс сабақтарына, тәжірибешілік сабақтарға қатысып, кешікпей, берілген тапсырмаларды уақытында орындауы керек, сондай-ақ ішкі ережелерді сақтап, өздеріне тиісті жүктелген міндетті дұрыс атқаруы керек. Сабақты босатқан жағдайда деканаттың шешімімен босатқан сабақты қайта толықтырады. Сабаққа екі рет кешігу – бір рет босату болып есептеледі. Сабақты екі реттен артық босатса, оқытушы студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.
Студентке берілген тапсырманы уақытында тапсыру керек. Емтихан сессиясына үш күн қалған кезде тапсыру ең кеш тапсыру болып саналады.Берілген тапсырманы және курстық жұмысты тапсырмаған студенттер емтиханға кіре алмайды.
Қойылған талаптар орындалмаса, жаза қолданылады. Сабаққа 100 пайыз қатысып, берілген тапсырмаларды уақытымен және дұрыс орындаса – ең жоғарғы балл 100 б. қойылады.
Студенттердің білімін аралық бақылау тест немесе жазбаша бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Осы көрсеткіштер орындалмаған жағдайда жеткіліксіз немесе айып санкциялары қолданылады:
сабақты босату (себепсіз);
тапсырмаларды уақытымен орындамау;
тапсырмаларды орындау барысында қателіктер жіберу, яғни,студент материалды толық меңгермеген жағдайда.
Егер студент сабаққа себепті жағдаймен келе алмаса, келесі аптада сол сабаққа өтеу (отработка) жасайды. Бірақ ұпай азайтылады.
13 Қолданылатын әдебиеттер тізімі
Негізгі:
Қадырова Б.М. Әлеуметтік лингвистика. – Семей, 2009.
Қосымша:
Хасенов Ә. Тіл білімі. – Алматы, 2003.
Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы, 2003.
Салқынбай А.Б. Тіл және мәдениет. – Алматы, 2001.
Момынова Б. Қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика: әлеуметтік-бағалауыштық, сөзжасам. – Алматы, 2005.
Мечковская Н.Б. Социальная лингвистика. – М., 1996.
Дешериев Ю.Д. Социальная лингвистика. – М.,1977.
Хасанов Б.Х. Ана тілі – ата мұра. – Алматы, 1992.
Кодухов В.И. Общее языкознание. – М.,1982.
Тіл білімі. Жинақ. – Астана.
Оразалиева Э. Когнитивтік лингвистика: қалыптасуы мен дамуы. – Алматы, 2007.
Қордабаев Т. Жалпы тіл білімі. – Алматы, 1982.
Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 1999.
Ф.де Соссюр. Заметки по общей лингвистике. – М., 2000.
Бенвенист Э. Общая лингвистика. – М., 1983.
Гумбольдт В. Язык и философия культуры. – М., 1985.
Сүлейменова Э.Д. Актуальные проблемы казахстанской лингвистики: 1991-2001. – Алматы, 2001.
Журнал. Вопросы языкознания.
Жирмунский В.М. Марксизм и социальная лингвистика // «Вопросы социальной лингвистики». – Л.,1969.
Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. – Алматы, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |