Пән бағдарламасының титул парағы (syllabus)



бет3/3
Дата24.04.2017
өлшемі0,53 Mb.
#14667
1   2   3






БЕКІТЕМІН

ХТжЖФ деканы

_________К.К. Ахметов

«___»_____________20__ж.



Құрастырушы: аға оқытушы _________________ Тугамбаева Т.Б.



Пән бағдарамасы (Syllabus)

OPAHP 2208 Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары
5В072000 – Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығының күндізгі оқу түрінің студенттеріне арналған
Бағдарлама «___» _________20__жылы бекітілген жұмыс оқу бағдарламасы негізінде әзірленген.
Кафедра отырысында ұсынылды «___»_________20__ж. Хаттама № _____.
Кафедра меңгерушісі м.а. ________Несмеянова Р.М. «____» ______20__ж.

Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен ұсынылды

«__» ____________ 20__ж Хаттама № __
Факультеттің ОӘК төрайымы ______ Каниболоцкая Ю.М. «___» ___20__ж.

1. Пәннің паспорты
Пәннің атауы Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары
ЖОО компоненті пәні

Кредиттер саны және оқыту мерзімдері

Барлығы – 3 кредит

Курс: 3

Семестр: 6



Барлық аудиториялық сабақтар – 52,5 сағат

Дәрістер - 22,5 сағат

Практикалық /семинар сабақтары – 15 сағат

Зертханалық сабақ – 15 сағат.

СӨЖ – 82,5 сағат

Соның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы жұмыс сыйымдылығы - 135 сағат
Бақылау түрі

Емтихан – 6 семестр


Пререквизиттер

Бұл пәнді толық игеру үшін келесі пәндерді оқып игергенде алынған білімдер, икемділіктер және дағдылар қажет: Жалпы химиялық технология, Химиялық өндірістердің аппараттары мен процестері, Тұздар, негіздер және қышқылдардың химиялық технологиясы, БЗХТ теориялық негіздері.


Постреквизиттер

Пәнді оқып игеруде алынған білімдер, икемділіктер және дағдылар келесі пәндерді игеруде қажет:

- техникалық термодинамика және химия-технологиялық өндірістің энерготехнологиясы;

- жобалау негіздері мен зауыттарды жабдықтау.
2. Оқытушылар жайлы мәліметтер және хабарласу ақпараты

Дәрістерді оқитын аға оқытушы Тугамбаева Токжан Бабатаевна.

Қабылдау сағаттары кафедрада, аудитория № 509. С.Торайғыров атындағы ПМУ бас корпусы, тел. (8-7182) 673651
3. Мазмұны, мақсаттары және міндеттері
Пәннің мазмұны. «Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәнінде көптеген технологиялық өндірістердің құрамдық бөлімі болатын, процестер оқытылады. Курсты білу өндірістің оптималды режимдерін таңдауға, технологиялық аппараттарды конструкциялауға, материалдық және энергетикалық баланстарды орындауға, технологиялық процестерді модельдеуге көмектеседі.
Пәнді оқыту мақсаттары- химиялық өндірістердің жылу және масса алмасу процестерінің негіздері жайлы білімдерді жүйелеу, химиялық реакторлар мен химия-технологиялық жүйелерін есептеуді үйрету, студенттерде химия-технологиялық процестер жайлы білімдерді өздігінен табу, талдау және қорытындылау дағдысын дамыту.

Пәнді оқытудың міндеттері:

- химиялық өндірістерде қолданылатын негізгі процестерді, соның ішінде жылу және масса алмасу процестерін білуге қол жеткізу;

- студенттердің химиялық өндірістерде қолданылатын негізгі аппараттардың құрылысы мен оларды есептеу ерекшеліктерін игеруге қол жеткізу.


4. Білімдерге, икемділіктерге, дағдыларға және компетенцияларға қойылатын талаптар

Бұл пәнді оқып игеру нәтижесінде студенттерде:

келесі түсініктері болуы тиіс:

- химиялық технологияның негізгі процестерінің заңдылықтары мен аппараттар конструкциялары жайлы;

- технологиялық процестердің ерекшеліктерін, жылу және масса алмасу процестер негіздері жайлы;

білу:

- аса маңызды аппараттардың технологиялық есептеулерінің негізгі әдістерін;



- химиялық технологияның негізгі процестерін жобалауды.

орындай білу:

- компьютерлік графика және классикалық әдістермен нақты технологиялық мәселерді шешуді;

- химиялық өндірістердің жылу және масса алмасу процестерін және қолданылатын аппараттарды іс жүзінде есептеуді.


5 Пәнді оқып игерудің тақырыптық жоспары
Академиялық сағаттардың сабақтар түрлері бойынша бөлінуі




Тақырыптардың атауы

Аудиториялық сағаттардың сабақтар түрлері бойынша саны


СӨЖ

дәріс

тер

практика/ семинар

зерт

хана

Барлығы


Соның ішінде СОӨЖ

1

Кіріспе. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы

-

-




2

-

2

Конвекция, жылу беру және жылуөткізгіштік

1

-




3




3

Химиялық аппараттарға жылу жеткізу және жылуды алып кетудің өндірістік тәсілдері

2

2




5

4

4

Суалту процестері мен аппараттары

2

1

4

5

3

5

Масса алмасу процестері және аппараттары

2

2




5

3

6

Фазалар арасындағы еркін шекаралары (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) бар жүйелердегі масса алмасудың негіздері

2

1




5

-

7

Конвекция және масса беру.

2

1




5

2,5

8

Абсорбция

2

2




8

5

9

Сұйықтарды айдау

2

3

4

8

5

10

Сұйықтық экстракция

2

1




5




11

Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Адсорбция

2

1




5

-

12

Кептіру

2

1




8

-

13

Қатты дене – сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау

1,5

-

4

8,5

-

14

Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы

-

-

3

5

-

15

Мембраналы процестер

-

-




5

1




Барлығы: 135

(3 кредит)

22,5

15

15

82,5

22,5


6 Дәріс сабақтарының мазмұны


Тақырып 2 Конвекция, жылу беру және жылуөткізгіштік

Ағындағы температуралардың профилі. Жылулы шекаралық қабат. Ньютонның жылу беру заңы (жылу беру теңдеуі). Конвективті жылу алмасудың дифференциалды теңдеуі (Фурье-Кирхгоф теңдеуі). Жылу беру процестерінің ұқсастығы. Жылу берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Турбулентті ағындағы жылу беруді талдау. Турбулентті жылу өткізгіштік және температура өткізгіштік коэффициенттері. Температуралар өрісінің және турбулентті ағындағы жылдамдықтардың ұқсастық белгілері. Рейнольдс аналогиясы, жылу тасымалдау факторлары.

Жылу тасымалдағыштардың құбырлардағы және каналдардағы еріксіз қозғалысы кезіндегі жылу беру. Кіріс нәтижесі (салдары) және гидродинамикалық әрі жылулық тұрақталу аймағының ұзындығы. Құбырларды еріксіз көлденең ағып өту кезіндегі жылу беру. Табиғи конвекция кезіндегі жылу беру. Механикалық араластырғыштары бар аппараттардағы жылу беру. Сұйықтың қабықшасына жылу беру. Қаныққан будың конденсацияланудағы жылу беруі. Конденсацияның қабықшалы және тамшылы түрлері. Жылу беру коэффициентіне конденсацияланбайтын газдардың әсері. Қайнау кезіндегі жылу беру. Қайнаудың көпіршікті және қабықшалы түрлері (режимдері), аумалы температуралық тегеуірін. Радиациялық-конвективті жылу беру. Қоршаған ортаға таралған жылу шығынын есептеу. Жылу тасымалдағыштардың тікелей жанасуы кезіндегі жылу беру (газ-сұйық, газ-қатты дене жүйелеріндегі).

Жылу тасымалдағыштардың тұрақты температуралары кезіндегі жазық және цилиндрлі қабырғалар үшін жылу өту теңдеуі. Жылу өту және жылу беру коэффициенттерінің арасындағы байланыстылық (термиялық кедергілердің аддитивтік теңдеуі). Жылу тасымалдағыштардың айнымалы температуралары кезіндегі жылу өтудің теңдеуі. Жылу тасымалдағыштардың бір бағытты, қарама-қарсы, аралас және айқасқан бағыттары кезіндегі орташа қозғаушы күшін анықтау.

Жылу тасымалдағыштардың қозғалыс бағытын таңдап алу. Жылу өту процесінің орташа қозғаушы күшіне ағынның гидрадинамикалық құрылымының әсері. Қабырғаның температурасын анықтау Аппараттардың жылу оқшаулағыш қалыңдығын есептеу. Тұрақталмаған режим кезіндегі жылу өту. Жылу тасымалдағыштардың берілген температураға дейінгі қыздыру немесе салқындату уақытын анықтау Жылу беру процестерін қарқындатуының әдістері.

Әдебиет [1], 25 - 39 б.; [2], 23 - 75 б.; [4], 260 - 309 б.; [8], 209 - 284 б.


Тақырып 3 Химиялық аппараттарға жылу жеткізу және жылуды алып кетудің өндірістік тәсілдері

Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері. Жылу жеткізу әдістерінің классификациясы. Жылу тасымалдағыштарға қойылатын талаптар. Қолданылу салалары. Су буымен және жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту. Ыстық сұйықтармен ысыту. Оттық газдармен ысыту. Электр тогымен ысыту.

Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің өндірістік тәсілдері. Жылуды алып кету әдістерінің классификациясы. Сумен және төменгі температуралы сұйық салқындатқыш агенттермен салқындату. Ауамен салқындату. Химиялық өндірістердегі су айналымының циклдары.

Жылу алмастырғыш аппараттар. Негізгі бетті жылу алмастырғыштардың классификациясы және конструкциялары (қаптама құбырлы, ирек құбырлы, пластиналы және т.б). Араластырушы жылу алмастырғыштардың конструкциялары. Жылу алмастырғыштарды жобалау және тексеру мақсатымен есептеу, олардың оптималды режимдерін анықтау.

Әдебиет [1], 25 - 39 б.; [2], 23 - 75 б.; [4], 310 - 345 б.; [8], 209 - 284 б.
Тақырып 4 Суалту процестері мен аппараттары

Буландыру және оның қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Буландыруды жүргізудің әдістері. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғылары. Екіншілей буды термокомпрессиялау арқылы буландыру. Буландыру қондырғыларындағы температуралық шығындар. Біркорпусты және көпкорпусты буландыру қондырғылары матераиалдық, жылу баланстары. Темпаратуралардың пайдалы айырмасын аппараттарға бөліп тарату. Көпкорпусты буландыру қондарғысындағы аппараттардың шектік және оптималды сандары. Көпкорпусты буландыру қондарғыларын есептеу.

Буландыру аппараттары. Буландыру аппараттарының негізгі түрлерінің конструкциялары (табиғи және еріксіз циркуляциялы, қабықшалы, жанарғы батырылған және т.б.).

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 347 - 381 б.; [8], 293 - 321 б.


Тақырып 5 Масса алмасу процестері және аппараттары

Масса алмасу процестері туралы жалпы мәліметтер. Химиялық технологиядағы масса алмасу процестерінің маңызы. Масса алмасу процестерінің түрлері және жалпы сипаттамасы. Бұл процестердің экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы.

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 347 - 381 б.; [10], 301 - 353 б.
Тақырып 6 Фазалар арасындағы еркін шекаралы (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері

Жалпы мәліметтер. Фазалық тепе-теңдіктің заңдылықтары. Масса алмасу процестерінің өту бағыты. Молекулярлық және конвективті масса тасымалдау. Масса өтудің негізгі теңдеуі.

Материалдық баланс және жұмыс сызығының теңдеуі. Масса алмасу процестерінің қозғаушы күші.

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 382 - 430 б.; [10], 301 - 353 б.


Тақырып 7 Конвекция және масса беру

Турбулентті ағындағы концентрациялардың профилі. Гидродинамикалық және диффузиялық шекаралық қабаттар. Турбуленттік диффузия туралы түсінік. Масса тасымалдаудың теориялық моделдері. Масса беру теңдеуі. Конвективті диффузияның дифференциалды теңдеуі. Масса тасымалдаудың дифференциалдық теңдеулерін ұқсастық теориясының әдістерімен түрлендіру. Масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Масса өту коэффициентін масса коэффициенттері арқылы өрнектеу (фазалық кедергілердің аддитивтік теңдеуі), масса өту процестерінің орташа қозғаушы күшіне ағындардың гидродинамикалық құрылымының (структурасының) әсері.

Масса алмасу аппараттарының биіктігін есептеудің негіздері. Фазалары үздіксіз жанасатын (насадкалы, қабықшалы) масса алмасу аппараттарының жұмыстық биіктігін анықтау. Масса өтудің көлемдік коэффициенттері. Тасымалдау бірлігінің саны. Концентрациялардың өзгеруінің теориялық сатысы (теориялық табақша). Концентрация өзгеруінің сатысына эквивалентті биіктік. Фазалары сатылы түрде жанасатын (табақшалы) аппараттардың жұмыстық биіктігін анықтау. Табақшаның жұмыстық ауданы бірлігіндегі масса өту коэффициенті және тасымалдау бірлігінің саны. Колоннаның пайдалы әсер коэффициенті. Сатының Мэрфрише тиімділігі. Кинетикалық қисық сызықты салу. Табақшалы аппараттардың тамшыларды ұшырып әкету құбылысы.

Масса алмасу аппараттарының диаметрін есептеу. Колонналардағы (насадкалы, қабықшалы, табақшалы) гидродинамикалық режимдер. Аппараттағы біртұтас фазаның қозғалысының жұмыстық жылдамдығын таңдау.

Колонналы аппараттардағы масса алмасу процестерінің қарқындығын асыру жолдары.

Әдебиет [2], 112 – 146 б.; [4], 382 - 430 б.; [10], 301 - 353 б.



Тақырып 8 Абсорбция

Абсорбция және оның іс жүзінде қолданылу салалары туралы жалпы мәліметтер. Абсорбциядағы тепе-теңдік. Генри заңы. Абсорбцияның материалдық балансы. Жұмыстық сызығының теңдеуі. Абсорбенттің меншікті шығынының ең аз және оптималды мәндері. Төменгі температуралы абсорбция. Көпкомпонентті абсорбция.

Десорбция және оның тәсілдері. Абсорбция-десорбциялық қондырғылардың принципиалды схемалары.

Абсорберлердің конструкциялары және түрлері. Қабықшалы және насадкалы колонналар (насадканың түрлері, олардың сипаттамасы). Насадканы таңдау. Құйылу құрылғысы бар және жоқ табақшалы колонналар (тор тесікті, құлап ағатын және т.б.). Табақшаның конструкциясын таңдау. Шашыратпалы абсорберлер. Абсорберлердің салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары.

Әдебиет [2], 148 –169 б.; [4], 434 - 470 б.; [10], 355 - 377 б.; [11], 225 - 267 б.
Тақырып 9 Сұйықтарды айдау

Айдау және оның іс жүзінде қолданылуы туралы жалпы мәліметтер. Айдаудың түрлері: жай айдау және ректификация. Бу-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Рауль заңы. Тепе-теңдік сызығының теңдеуі.

Жай айдау. Дефлегмациялық жай айдау. Жай айдаудың материалдық балансы. Молекулалық дистилляция. Су буымен айдау. Айдау температурасын және су буының шығынын анықтау.

Ректификация. Ректификация принципі. Мерзімді және үздіксіз ректификация қондырғыларының схемалары. Бинарлы қоспаларды үздіксіз ректификациялаудың материалдық балансы. Ректификация колоннасының нығайту (жоғарғы) және тауысу (төменгі) бөліктерінің жұмыс сызықтарының теңдеуі. Ректификация колоннасының жылу шығынының флегма санына байланыстылығы. Ректификация кезіндегі бірлескен жылу және масса тасымалдау. Бинарлы қоспаларды мерзімді әрекетті ректификациялауды есептеудің негіздері. Көпкомпонентті қоспаларды ректификациялауды талдау және сепету принциптері.

Ректификациялық аппараттардың конструкциялары. Ректификациялық колонналардың құрылымының ерекшеліктері.

Экстрактивтік және азеотроптық ректификацияның физикалық-химиялық негіздері. Экстрактивтік және азеотроптық ректификация қондырғыларының схемалары.

Әдебиет [2], 148 –169 б.; [4], 471 – 519 б.; [8], 335 - 363 б.; [11], 271 - 299 б.
Тақырып 10 Сұйықтық экстракция

Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылу салалары. Экстракциялық процестердің негізгі схемалары, экстрагентті регенерациялаусыз және регенерациялау, экстракцияны реэкстракциямен бірге өткізу.

Сұйық-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік. Материалдық баланс. Бір сатылы және көп сатылы қарама-қарсы ағынды экстракция. Экстракция кезіндегі масса өту. Экстракциялық аппараттарды есептеудің ерекшеліктері. Экстракция процестерінің қарқындылығын арттыру жолдары.

Экстракторлардың конструкциялары және классификациясы. Фазалар үздіксіз жанасатын гравитациялық экстракторлар: шашыратпалы, насадкалы. Фазалар сатылы түрде жанасатын экстракторлар (араластырушы-тұндырғышты, табақшалы). Фазалар үздіксіз жанасатын механикалық экстракторлар (роторлы, пульсациялық және т.б.). Экстрактордың түрін таңдау.

Экстракторлардың салыстырмалы сипаттамасы және оларды жетілдіру шаралары.

Әдебиет [2], 173 –209 б.; [4], 520 – 562 б.; [8], 366 - 392 б.; [11], 302 - 320 б.


Тақырып 11 Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Адсорбция

Қатты фазалы жүйелердегі масса өтудің ерекшеліктері. Сыртқы фазадағы масса тасымалдау. Қатты фазадағы масса тасымалдау. Масса өткізгіштік. Кеуекті денелердің негізгі сипаттамалары (кеуектердің пішіні), олардың өзара орналасуы және қосылуы, кеуектік,кеуектердің өлшемдері бойынша таралуы, меншікті бет және кеуектердің иреңділік коэффициенті. Кеуекті денелердегі масса тасымалдаудың қарапайым процестерінің негізгі түрлері. Масса өткізгіштіктің теңдеуі. Қатты фазада масса тасымалдау үшін масса берудің ұқсастық сандар теңдеуі. Қатты және қатысатын жүйелер үшін масса өтудің теңдеуі.

Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Негізгі өндірістік адсорбенттер, олардың құрылымы және қасиеттері. Адсорбция кезіндегі тепе-теңдік. Адсорбция изотермалары. Адсорбцияның материалдық балансы. Адсорбцияның тепе-теңдік және тепе-теңсіздігінің динамикасы. Адсорберлерді есептеу. Десорбция, оны жүргізудің және сепетеудің әдістері. Мерзімді және үздіксіз әрекетті адсорбция процесінің схемалары.

Иондық алмасу. Иондық алмасу кезіндегі тепе-теңдік. Иондық алмасудың динамикасы. Ионалмасу аппараттарын есептеу. Адсорберлердің және ионалмастырғыштардың конструкциялары. Қозғалыссыз, жалған сұйылған және нығыздалған түйіршікті материалдың қозғалмалы қабатты аппараттары.

Әдебиет [2], 221 –250 б.; [4], 563 – 519 б.; [8], 335 - 363 б.; [11], 271 - 299 б.
Тақырып 12 Кептіру

Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы мәліметтер. Конвективті және контактты кептіру. Ылғалдың материалмен байланысының түрлері. Ылғал ауаның негізгі параметрлері. Ылғал ауа күйінің диаграммалары. Кептірудегі тепе-теңдік. Конвективті және контактты кептіргіштердің материалдық және жылу баланстары. Конвективті кептірудің варианттары. Кептіру процесінің кинетикасы. Кептіру процесіндегі жылу-масса тасымалдау.Кептірудің кинетикалық қисық сызықтары.Кептіру жылдамдықтарының тұрақты және төмендеу кезеңдері (периодтары). Мұндай шартты жағдайларда жылдамдықты есептеу әдістері. Кептіру процестерінің қарқындылығын арттыру тәсілдері.

Кептіргіштердің конструкциялары. Кептірілетін материалдың қозғалыссыз қабаты бар конвективті кептіргештер (камералы, ленталы және т.б.). Кептірілетін материал араластырылатын конвективті кептіргішүтер (барабанды және т.б.).

Кептірілетін материалдың жалған сұйылған қабатындағы конвективті кептіргіштер. Кептірілетін материалды пневматикалық жолмен тасымалдайтын конвективті кептіргіштер. Контактты кептіргіштер (кептіргіш шкафтары, білікшелі және т.б.).

Кептірудің арнайы түрлері: радиациялы, сублимациялық, жоғарғы жиілікті (диэлектрикті) кептіргіштер.

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 583 – 631 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.


Тақырып 13 Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау

Жалпы түсінік. Іс жүзінде қолданылуы туралы жалпы мәліметтер. Еру. Еру кезіндегі тепе-теңдік шарттары. Еру кинетикасының теңдеуі. Толық еру уақытын анықтау.

Ерітілген затты экстракциялау. Процестің кинетикасы. Қатты затты экстракциялау. Процестің кинетикасы. Еру және экстракциялау әдістері.Тұйықталған мерзімді процестер; бір бағыттас және қарама-қарсы бағытты процестер; қозғалыссыз қабаттағы процесс. Осы процестер үшін керекті аппараттар (араластырушы-тұндырғыш, карусельді және т.б.).

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 583 – 631 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.


7. Зертханалық сабақтардың мазмұны



Тақырып атауы

Зертханалық жұмыс атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

4

5

4

Суалту процестері мен аппараттары

1) Жылуалмастырғыш аппараттарды есептеу және таңдау
2)Көпкорпусты суалту аппараттарын есептеу және таңдау


Жылуалмастырғыш аппараттарды есептеу әдістемесін үйрену

Көпкорпусты суалту аппараттарын есептеу әдістемесін үйрету



[5], 149 – 215 б.

[6], 44 – 85 б.

[5], 247 – 281 б.

[6], 164 – 189 б.



9

Сұйықтарды айдау

1)Абсорбция процесінің тепе-теңдік диаграммасын салу

2) Ректификация процесі үшін тепе-теңдік диаграммасын салу





Абсорбция процесінің тепе-теңдік диаграммасын әртүрлі процестер үшін құрастыру

Ректификация процесі үшін қысым тұрақты болғандағы тепе-теңдік диаграммаларын:

у – х координатала

рында және t – x,y координаталарында құрастыру




[5], 282 – 318 б.

[6], 190 – 225 б.


5], 319 – 360 б.

[6], 225 – 252 б.


13

Қатты дене – сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау

Экстракциялық аппараттарды есептеу


Экстракциялық аппараттарды есептеу ерекшеліктерін игеру


[5], 361-402 б.

[6], 253– 272 б.



14

Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы

Вакуум-кристаллизатор мысалында кристаллизациялау процесін есептеу


Вакуум-кристаллизатор мысалында кристаллизациялау процесін есептеуді орындау


[5], 247 – 281 б.

[6], 311– 318 б.




8. Тәжірибе сабақтарының мазмұны
Тәжірибелік сабақ 1.

Тақырып 3: Химиялық аппараттарға жылу жеткізу және жылуды алып кетудің өндірістік тәсілдері

Жоспар 1. Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің өндірістік тәсілдері

2. Химиялық аппараттардан жылуды алып кетудің өндірістік тәсілдері



Тапсырма: Химиялық аппаратардағы жылуды тасымалдау заңдылықтары, есептеулер

Ұсынылатын әдебиет: [3]. 125 – 136 б.


Тәжірибелік сабақ 2.

Тақырып 4: Суалту процестері мен аппараттары

Жоспар 1. Химиялық технологиядағы суалту процестерінің ролі

2. Суалту процестерін есептеу формулалары мен заңдылықтары

3. Суалту аппараттарының түрлері мен ерекшеліктері

Тапсырма: Суалту процестері мен аппараттарын есептеу, материалдық баланс құрастыру, конструктивтік есептеу орындау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 96 – 111 б.


Тәжірибелік сабақ 3.

Тақырып 5: Масса алмасу процестері және аппараттары

Жоспар 1. Химиялық технологиядағы масса алмасу процестері, олардың ролі

2. Масса алмасу процестерінің материалдық және жылу баланстары

3. Масса алмасу аппараттары, түрлері, конструкциялары

Тапсырма: Масса алмасу процестері мен аппараттарын есептеу, материалдық баланс құрастыру, конструктивтік есептеу орындау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 125 – 201 б.


Тәжірибелік сабақ 4.

Тақырып 6: Фазалар арасындағы еркін шекаралары (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) бар жүйелердегі масса алмасудың негіздері

Жоспар 1. Газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық жүйелерде масса алмасу ерекшеліктері

2. Фаза аралық бет арқылы масса алмасу процесінің орындалу ерекшеліктері

Тапсырма: Фаза аралық бет арқылы масса алмасу процесін және аппараттарды есептеу

Ұсынылатын әдебиет: [7]. 93 – 122 б.


Тәжірибелік сабақ 5.

Тақырып 7: Конвекция және масса беру

Жоспар 1. Конвекция құбылысы жайлы жалпы түсінік

2. Конвекциялық масса алмасу процесінің ерекшеліктері

3. Масса беру құбылысы

Тапсырма: Конвекция және масса беру құбылыстарын есептеу ерекшеліктері, есептеулер орындау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 203 – 222 б.
Тәжірибелік сабақ 6.

Тақырып 8: Абсорбция

Жоспар 1. Абсорбция кезіндегі тепе-теңдік

2. Абсорбция процесінің материалдық және жылу баланстары

3. Абсорбция жылдамдығы

4. Абсорберлердің есептеуі



Тапсырма: Абсорбция процесін есептеу, абсорберлердің конструктивтік есептеулерін орындау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 223 – 239 б.


Тәжірибелік сабақ 7.

Тақырып 9: Сұйықтарды айдау

Жоспар 1. Екі фазалы жүйе сұйық-бу сипаттамасы

2. Қарапайым айдау, қолданылатын құрылғылар

3. Ректификация, қолданылатын қондыры сипаттамасы

Тапсырма: у-х диаграммада жұмыс сызықтарын салу, флегмалық санды анықтау, материалдық және жылу баланстарын құрастыру, колоннаның жұмыс биіктігін анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 241 – 257 б.


Тәжірибелік сабақ 8.

Тақырып 10: Сұйықтық экстракция

Жоспар 1. Сұйық-сұйық жүйедегі тепе-теңдікті анықтау.

2. Экстракциялық аппараттарды есептеу



Тапсырма: Экстакциялық аппараттардың құрылысы

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 258 – 271 б.


Тәжірибелік сабақ 9.

Тақырып 11: Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Адсорбция

Жоспар 1. Адсорбция кезіндегі тепе-теңдік

2. Адсорбция процесінің жылдамдығын анықтау



Тапсырма: Адсорберлердің есептеулерін орындау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 273 – 292 б.


Тәжірибелік сабақ 10.

Тақырып 12: Кептіру

Жоспар 1. Ылғалды ауаның негізгі параметрлерін анықтау

2. Ылғалды ауаның І-х диаграммасын құрастыру, онымен жұмыс істеу

3. Кептірудің материалдық және жылу баланстары

Тапсырма: Кептріуге жұмсалатын ауа мен жылу шығынын анықтау

Ұсынылатын әдебиет: [5]. 294 – 310 б.


8. Өздік жұмыстардың тапсырмалары

Тақырып 1 Кіріспе. Жылу тасымалдаудың түрлері, олардың сипаттамасы

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Химиялық технологияның процестерінің негізгі түрлері қандай?

2) Үздіксіз және мерзімді әрекетті процестердің айырмашылығы қандай?

3) Стационарлы (тұрақталған) және стационарлы емес (тұрақталмаған) жылу тасымалдау процестерінің айырмашылығы неде?

4) Температуралы өріс, изотермиялық бет, температуралық градиент дегеніміз не?

5) Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

2. Реферат: Химиялық технология процестері мен аппараттарының халық шаруашылығы және экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы

Әдебиет [1], 25 - 39 б.; [2], 23 - 75 б.; [4], 260 - 309 б.; [8], 209 - 284 б.
Тақырып 2 Конвекция, жылу беру және жылуөткізгіштік

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Конвекция денімізі не?

2) Жылулы шекаралық қабат дегеніміз не?

3) Турбулентті жылу өткізгіштік және температура өткізгіштік коэффициенттері дегеніміз не?

4) Жылу тасымалдау факторларына қандай факторлар жатады?

5) Жылу беру қалай орындалады?

6) Жылу берудің қандай түрлері бар?

7) Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

8) Жылу тасымалдағыштардың міндеті қандай?

9) Өнеркәсіптік жағдайларда небары жиі қолданылатын жылытқыш агенттер қандай? Оларға қандай талаптар қойылады?

10) Жылу алмасу процестері кезінде жылудың жоғалуларын болдырмау әдістері қандай?

11) Жылу оқшаулағыштарға қойылатын негізгі талаптар қандай?

12) Жылу алмасу процестерінң қозғаушы күші не?

2. Презентация: Конвекция, жылу беру және жылуөткізгіштік

Әдебиет [1], 25 - 39 б.; [2], 23 - 75 б.; [4], 260 - 309 б.; [8], 209 - 284 б.


Тақырып 3 Химиялық аппараттарға жылу жеткізу және жылуды алып кетудің өндірістік тәсілдері

1. Қарастырылатын сұрақтар:

1) Химиялық аппараттарға жылу жеткізудің қандлай өндірістік тәсілдері бар?

2) Жылу жеткізу әдістері қалай жіктеледі?

3) Жылу тасымалдағыштарға қандай талаптар қойылады?

4) Қандай жылу тасымалдағыштар химиялық технология өндірістерінде қолданылады?

5) Жоғары температуралы органикалық жылу тасымалдағыштардың буларымен ысыту қандай жағдайларда қолданылады?

6) Оттық газдармен ысытуды қандай процестерде қолданады, неліктен?

7) Электр тогын жылытқыш агент ретінде қандай жағдайларда қоладанады?

8) Химиялық аппараттардан жылу алып кетудің қандай өндірістік тәсілдері бар?

9) Салқындатқыш агенттер ретінде қандай заттар қолданылады және олардың қолдану жағдайлары қандай?

10) Жылу алмастырғыш аппараттар қалай жіктеледі?

2. Реферат: Жылу алмастырғаш аппараттар: қаптама құбырлы жылу алмастырғыштар

Әдебиет [1], 25 - 39 б.; [2], 23 - 75 б.; [4], 310 - 345 б.; [8], 209 - 284 б.


Тақырып 4 Суалту процестері мен аппараттары

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Буландыру дегеніміз не және оның қолданылу салалары қандай?

2) Буландыруды жүргізудің қандай әдістері бар?

3) Біркорпусты буландыру қондырғыларының қандай ерекшеліктері бар?

4) Көпкорпусты буландыру қондырғыларының қандай ерекшеліктері бар?

5) Буландыру аппараттары қалай жіктеледі?

6) Буландыру аппараттарының негізгі конструкциялық ерекшеліктері қандай?



2. Реферат: Көпкорпусты буландыру аппараттары

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 347 - 381 б.; [8], 293 - 321 б.


Тақырып 5 Масса алмасу процестері және аппараттары

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Масса алмасу процестеріне қандай процестер жатады?

2) Масса алмасу процестерінің қозғаушы күші не?

3) Масса алмасу процестерінің химиялық технологиядағы маңызы қандай?

4) Масса алмасу процестерінің қандай түрлері бар?

5) Масса алмасу процестерінің экологиялық проблемаларды шешудегі маңызы қандай?

2. Презентация: Масса алмасу процестерінің негізгі аппараттары

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 347 - 381 б.; [10], 301 - 353 б.


Тақырып 6 Фазалар арасындағы еркін шекаралы (газ, бу-сұйық, сұйық-сұйық) жүйелердегі масса алмасудың негіздері

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Фаза аралық қабат дегеніміз не?

2) Екі компонентті жүйе қандай қасиеттерге ие болады?

3) Масса алмасу процестерінің өту бағыты қандай факторлармен анықталады?

4) Фазалық тепе-теңдік дегеніміз не?

5) Молекулярлық және конвективті масса тасымалдау қалай орындалады?

6) Масса алмасу процестерінің қозғаушы күші қандай?.



2. Презентация: Молекулярлық және конвективті масса тасымалдау

Әдебиет [1], 45 - 83 б.; [2], 82 – 100 б.; [4], 382 - 430 б.; [10], 301 - 353 б.


Тақырып 7 Конвекция және масса беру

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Турбулентті ағында концентрациялар қалай таралады?

2) Гидродинамикалық және диффузиялық шекаралық қабаттар дегеніміз не?

3) Турбуленттік диффузия дегеніміз не?

4) Масса өту процестерінің орташа қозғаушы күшіне ағындардың гидродинамикалық құрылымының әсері қандай?

5) Фазалары үздіксіз жанасатын (насадкалы, қабықшалы) масса алмасу аппараттарының жұмыстық биіктігі дегеніміз не?

6) Масса өтудің көлемдік коэффициенттерінің мәні неде?

7) Тасымалдау бірлігінің саны деген түсінік нені білдіреді?

8) Концентрациялардың өзгеруінің теориялық сатысы (теориялық табақша) дегеніміз не?

9) Колоннаның пайдалы әсер коэффициенті дегеніміз не? Оның тәжірибелік мәні қандай?

10) Табақшалы аппараттардың тамшыларды ұшырып әкетуінің процеске тигізетін әсері қандай?

11) Колонналардағы (насадкалы, қабықшалы, табақшалы) гидродинамикалық режимдер қандай болады?

12) Масса алмасу аппараттарының диаметрінің жұмыс тіимділігіне тигізетін әсері қандай?

2. Реферат: Конвекция және масса беру құбылыстары

Әдебиет [2], 112 – 146 б.; [4], 382 - 430 б.; [10], 301 - 353 б.


Тақырып 8 Абсорбция

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Абсорбция процесінің химиялық технологиядағы маңызы қандай?

2) Қандай технологиялық процестер абсорбцияны қолданумен орындалады?



3) Абсорбциядағы тепе-теңдік қандай заңдарға негізделген?

4) Абсорбцияның қандай түрлері белгілі?

5) Десорбция процесінің тәжірибелік мәні қандай?

6) Абсорберлердің қандай конструкциялары бар?

7) Колоннадағы насадканың ролі қандай?

8) Қандай насадкалар небары тиімді?

9) Табақшалы абсорберлердің қандай түрлері бар?

10) Табақшалардың конструкциялары қандай?

2. Реферат: Абсорберлер, түрлері, конструкциялары, міндеттері

Әдебиет [2], 148 –169 б.; [4], 434 - 470 б.; [10], 355 - 377 б.; [11], 225 - 267 б.


Тақырып 9 Сұйықтарды айдау

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Фйдау дегеніміз не?

2) Айдаудың қандай түрлері бар?



3) Бу-сұйық жүйесіндегі тепе-теңдік қандай заңмен сипатталады?

4) Ректификация процесінің мәні неде?

5) Ректификация колоннасының нығайту (жоғарғы) және тауысу (төменгі) бөліктерінің міндеті қандай?

6) Ректификациялық аппараттардың конструкцияларының ерекшеліктері қандай?

7) Экстрактивтік және азеотроптық ректификация процестері қандай ерекшеліктерге ие?

8) Экстрактивтік және азеотроптық ректификация қондырғыларының қандай ерекшеліктері бар?

2. Презентация: Ректификация процесі

Әдебиет [2], 148 –169 б.; [4], 471 – 519 б.; [8], 335 - 363 б.; [11], 271 - 299 б.


Тақырып 10 Сұйықтық экстракция

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Сұйықтық экстракция дегеніміз не?

2) Экстрагентті регенерациялау процесі қалай іске асырылады? Бұл не үшін қажет?

3) Экстракцияның қандай түрлері белгілі?

4) Экстракторлардың қандай конструкциялары белгілі?

5) Әртүрлі типті экстракторлардың қолдану аймақтары қандай?

2. Презентация: Экстракция процесі.

Әдебиет [2], 173 –209 б.; [4], 520 – 562 б.; [8], 366 - 392 б.; [11], 302 - 320 б.
Тақырып 11 Қатты дене және сұйық (газ немесе бу) арасындағы масса алмасу. Адсорбция

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Қатты фазалы жүйелердегі масса өтудің ерекшеліктері қандай?

2) Сыртқы фазадағы масса тасымалдау қалай орындалады?

3) Қатты фазадағы масса тасымалдау қалай орындалады?

4) Кеуекті денелердің негізгі сипаттамаларына қандай шамалар жатады?

5) Кеуекті денелердегі масса тасымалдаудың қарапайым процестерінің негізгі түрлері қандай?

6) Адсорбция процесі тәжірибеде қайда қолданылады?

7) Негізгі өндірістік адсорбенттерге қандай заттар жатады?

8) Адсорбция кезіндегі тепе-теңдіктің орнауы үшін қандай жағдайлар қажет болады?

9) Иондық алмасудың орындалуына қажетті жағдайлар қандай?

10) Адсорберлердің және ионалмастырғыштардың конструкцияларының қандай ерекшеліктері бар?

2. Реферат: Десорбция процесі. Десорберлер конструкциясы

Әдебиет [2], 221 –250 б.; [4], 563 – 519 б.; [8], 335 - 363 б.; [11], 271 - 299 б.


Тақырып 12 Кептіру

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Конвективті және контактты кептіру процестері қалай орындалады?

2) Ылғалдың материалмен байланысының түрлері қандай?

3) Ылғал ауаның негізгі параметрлері қандай?

4) Ылғал ауа күйінің диаграммалары қандай мәліметтер береді?

5) Конвективті кептірудің қандай варианттары бар?

6) Кептірудің кинетикалық қисық сызықтары қандай мәліметтер береді?

7) Кептіру процестерінің қарқындылығын қалай арттыруға болады?

8) Кептірнгіштердің қандай конструкциялары белгілі?

9) Радиациялы кептіру дегеніміз не?

10) Сублимациялық кептіру дегеніміз не?

11) Жоғарғы жиілікті (диэлектрикті) кептіру қалай орындалады?

2. Презентация: Кептіру. Кептіргіштер конструкциялары

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 583 – 631 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.
Тақырып 13 Қатты дене-сұйық жүйесіндегі еру және экстракциялау

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Еру процесінің технологиядағы орны қандай?

2) Еру кезіндегі тепе-теңдік шарттары қандай?

3) Толық еру уақыты дегеніміз не және оны қалай анықтауға болады?

4) Ерітілген затты экстракциялау қалай орындалады?

5) Қатты затты экстракциялау қалай орындалады?

6) Еру және экстракциялаудың қандай әдістері бар?

7) Еру және экстракциялауды жүргізу үшін қандай аппараттар қолданылады?

2. Реферат: Экстракциялау процесі

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 583 – 631 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.


Тақырып 14 Ерітінділер мен балқымалардың кристалдануы

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Кристалдануды жүргізудің қандай әдістері белгілі?

2) Кристалдардың пайда болу және өсу жылдамдықтарын анықтау қалай орындалады?

3) Қоспаларды ажыратуда қандай әдістер қолданылады?

4) Крсисталлизаторлардың құрылысы қандай?

5) Кристалдау әдістері бойынша кристаллизаторлардың қандай түрлері бар?

2. Презентация: Кристалдану процестері және аппараттары

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 632 – 645 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.
Тақырып 15 Мембраналы процестер

1. Қарастырылатын сұрақтар:



1) Мембраналы процестерге қандай процестер жатады?

2) Мембраналардың қандай түрлері бар?

3) Мембраналы процестердің механизмінің негіздері қандай?

4) Концентрациялық поляризация құбылысы дегеніміз не?

5) Мембараналарды регенерациялау қалай орындалады?

6) Мебараналы аппараттардың конструкцияларының ерекшеліктері қандай?

7) Химиялық технологияның қазіргі кездегі мәселелері қандай?

2. Презентация: Мембраналы процестер

Әдебиет [2], 252 –273 б.; [4], 646 – 678 б.; [8], 365 - 388 б.; [11], 301 - 324 б.
9. СОӨЖ кеңестерінің кестесі (СОӨЖ СӨЖ-дің 25%-н құрайды)

СОӨЖ-ның жаңа оқу семестріндегі кестесі бойынша





Сабақ түрі

дүйсенбі

сейсенбі

сәрсенбі

бейсенбі

жұма

сенбі

1.

Оқу бағдарламасының небары күрделі сұрақтары бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





2.

Үй тапсырмаларын орындау бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





3.

СӨЖ сұрақтары бойынша кеңестер


9.20-10.10










10:25-11:15





5.

Барлық басқа сұрақтар бойынша кеңестер

9.20-10.10










10:25-11:15






10. Студенттердің білімдерін бақылау кестесі

Дәрістерге және тәжірибелерге (семинар, зертхана, жеке, студиялық) қатынасу 0-100 баллға бағаланады



Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі




Жұмыстар түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты және мазмұны


Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

2

3

4

5

6

7

1

Реферат

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

4 апта

қорғау

4-ші апта

2

Презентация

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

2 апта

қорғау

6-шы апта

3

Аралық бақылау

Оқытылған тақырыптар бойынша




1 апта

тестілеу

8-ші апта

4

Реферат

Тақырып жоспар бойынша анықталады

[2], [3]

4апта

қорғау

12-ші апта

5

Презентация

Тақырып жоспар бойынша анықталады




2 апта

қорғау

14-ші апта

6

Аралық бақылау

Оқытылған тақырыптар бойынша




1апта

тестілеу

15-ші апта


11. Студенттердің білімдерін бағалау критерийлері

Пән бойынша алынатын баға ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау бағаларынан тұрады.

Ағымдағы үлгерім (АҮ) 100 балдық шкала бойынша анықталады. АҮ бағасы келесі жұмыстар үшін алынған балдардың жиынтығы болады:

- сабаққа дайындалу, топта белсенді жұмыс істеу және сабақтардағы бақылау шараларына қатысу;

- зертханалық және өздік жұмыстарын мезгілінде, сапалы орындау және қорғау;

- сабақтарға әрдайым қатынасу.

Аралық бақылау (АБ) бағасы да 100 балдық шкала бойынша анықталады.

АҮ және АБ нәтижелері бойынша студентің пән бойынша рейтингі (Р1 және Р2) анықталады

Р1(2) = АҮ1(2) * 0,5 + РК1(2) * 0,5

Студенттің семестрдегі пән бойынша рұқсат рейтингінің бағасы тең болады

РД = (Р1 + Р2)/2

Қорытынды баға (РР) және (ҚБ) бағаларының, олардың салмақтық үлестерін есепке алумен(СҮРР и СҮҚБ), қосындысы ретінде анықталады

Қ = РР*СҮРР + ҚБ*СҮҚБ

Рұқсат рейтингі (РР) мен қорытынды бақылаудың салмақтық үлестері сәйкесінше 0,6 және 0,4 болады.

Пән бойынша қорытынды баға рұқсат рейтингі және қорытынды бақылау бойынша студент оң баға алғанда ғана есептеледі. Қорытынды бақылауға себепсіз келмеу «қанағаттанғысыз» бағасына сай болады. Емтиханның және аралық аттестациялаудың нәтижелері студентке сол күні немесе жазбаша емтихан түстен кейін өткізілсе келесі күні хабарланады.

Студенттердің «Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәні бойынша оқу жетістіктері, немесе олардың білімдері, икемділіктері, дағдылары және компетенциялары сандық эквивалентке және дәстүрлі бағалар шкаласына адекватты болатын көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша баға

Балдардың сандық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша бағасы

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз


12 Оқытушының талаптары, саясат және шаралар

«Химиялық өндірістердің негізгі процестері және аппараттары» пәнін оқып игеруде келесі ережелерді сақтауларыныңды сұраймын:

1. Сабаққа кешікпеу.

2. Сабақта ұялы тефонды қолданбау.

3. Сабақтарды себепсіз босатпау, ауырған жағдайда міндетті түрде медициналық анықтама әкелу.

4. Барлық сабақтарға міндетті түрде қатысу.

5. Оқу процесінің күнтізбелік жоспарына сай барлық бақылауларды тапсыру.

6. Қатыспаған тәжірибелік сабақтарды оқытушының тағайындаған уақытында қайта орындау.

7. Кафедраның аудиториялық, материалдық қорына ұқсан келтірмеу.

8. ЖОО жарғысын қатал ұстану.

9. Оқытушы және курстастарына шыдамды, ашық, тілектесті және шын көңілмен қарау.

10. Сабақ кезінде оқытушымен қабаттасып сөйлемеу, басқа кісімен басқа тақырыпқа сөйлеспеу. Екінші рет ескертпе жасалғаннан кейін студент аудиториядан шығарылады.

Егер тапсырмалар дәлелді себептер бойынша мезгілінен кейін тапсырылатын болса, онда ешбір жазалау шаралары қолданылмайды.

Егер сіз дәлелді себептер бойынша бақылау шарасына қатынаса алмасаңыз, онда бұл шараны оқытушының тағайындаған уақытында орындауға болады (АБ және ҚБ деканаттың рұқсаты боыйнша тапсырылады), өйтпеген жағдайда сіз «0» балл аласыз.

Тапсырмаларды белгіленген мерзімдерде тапсыру қажет. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихандық сессияның басталуына үш күн қалғанда. Барлық тапсырмаларды орындамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабағы бойынша тақырыптарды қайталау және өткен материалдарды машықтау міндетті болып табылады. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестілердің көмегімен немесе жазбаша жұмыстарды орындаумен бақыланады. Студенттерді тестілеу алдын ала жариялаусыз орындалуы мүмкін.

Сіздің міндетіңіз сабаққа дайындалып келу. Қолдағы бар әдебиеттерді қолданыңыз, сондықтан кітапханадан оқулықтарды мерзімінде алыңыз.

Орындалған жұмыстарды көшіріп алуға, әдебиеттік мәліметтерді талдаусыз қолдануға қатаң тыйым салынады.


13. Әдебиеттер тізімі
Негізгі әдебиет:

1 Ахбердиев Ә., Молдабеков Ш. М. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 1-ші бөлім. Алматы, 1993, РБК, 302 б.

2 Ахбердиев Ә. С. Химиялық технологияның негізгі процестері және аппараттары, 2-ші бөлім, Алматы, 1994, РБК, 183 б.

3 Павлов К. Ф., Романков П. Г.,Носков А. А. Химиялық технологияның процестері және аппараттары пәнінің мысалдары мен есептері (біпініші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, тоғызыншы, оныншы тарауларының қазақ тіліндегі аудармалары). Шымкент, 1992-2000 ж.ж.

4 Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии, 9-е изд., М., Химия, 1973, 750 с.

5 Павлов К. Ф., Романков П. Г.,Носков А. А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии, Л., Химия, 1987, 576 с.

6 Основные процессы и аппараты химической технологии (пособие по проектированию). Под ред. Ю.И.Дытренского, М., Химия, 1991, 496 с.

7 Руководство к практическим занятиям в лаборатории процессов и аппаратов химической технологи, под ред. Романкова П.Г., 5 изд.., Л. Химия, 1979, 256 с.


Қосымша әдебиет:

8 Плановский А.Н., Николаев П.И. Процессы и аппараты химической и нефтехимической технологии, 3 изд. М. : Химия, 1987, 540 с.

9 Гельперин Н.И. Основные процессы и аппараты химической технологии. М., 1981, 812 с.

10 Анштейн В.Г., Захаров М.К., Носов Г.А. и др. Общий курс процессов и аппаратов химческой технологии. Книга 1. М., Химия, 1999, 888



11 Анштейн В.Г., Захаров М.К.,Носов Г.А. и др. Общий курс процессов и аппаратов химческой технологии.Книга 2. М., Химия, 1999, 872 с.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет