Пән бағдарламасының титулдық парағы (syllabus)


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



бет2/2
Дата22.06.2017
өлшемі321,24 Kb.
#19516
1   2

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі



С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Электрэнергетика кафедрасы


ПӘН БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Дәстүрлі емес және жандандырылған энергия көздері пәні бойынша

5В071800-Электрэнергетика мамандығының студенттеріне арналған

Павлодар, 2013ж.




Пән бағдарламасын бекіту парағы (Syllabus)





Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.4/19





БЕКІТЕМІН

Факультет деканы

___________ Кислов А.П.

2013 ж. «___»___________

Құрастырушы: ______________ аға оқытушы Сейтказин С.Б.

Пән бағдарламасы (Syllabus)
NVIE 1302 Дәстүрлі емес және жандандырылған энергия көздері пәні бойынша
5В071800 – Электрэнергетика мамандығының күндізгі нысанда оқитын студенттеріне арналған
Бағдарлама 20__ж. «___» _________ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленген
Кафедра отырысында ұсынылған 2013ж. «___»____________, хаттама №___

Кафедра меңгерушісі______________Марковский В.П. 2013 ж. «____»________


Энергетика факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданған

20__ж. «____»_____________, хаттама №____


ОӘК төрағасы _______________Талипов О.М. 2013 ж. «____»________

1. Оқу пәнінің паспорты
Пәннің атауы Дәстүрлі емес және жандандырылған энергия көздері

Пән ЖОО компоненті



Кредиттер саны және оқып-үйрену мерзімі

Барлығы – 3 кредит

Курс: ОКБ базасында 1

Семестр: 2

Барлық аудиторлық сабақтар – 45 сағат

Дәрістер – 30 сағат

Практикалық сабақтар – 15 сағат

СӨЖ – 90 сағат

Оның ішінде СОӨЖ – 22,5 сағат

Жалпы еңбек көлемділігі - 135 сағат



Бақылау түрі

Қорытынды бақылау түрі Емтихан – 2 семестр


Пререквезиттер

Пәнді оқып-үйрену кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:

- Электртехниканың теориялық негіздері;

- Электрмеханика және электртехникалық жабдықтар;

- Физика,

- Химия.
Постреквизиттер

Бұл пәнді оқып-үйренуде студенттердің алған білімдері дипломдық жобалауда, курстық жұмыстарда, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткізу үшін қолданылатын болады.

2. Оқытушы туралы мәліметтер және байланыс ақпараты

Сейтказин Серик Балтабекович, аға оқытушы

«Электрэнергетика» кафедрасы, аудитория А-223

телефон: 67-36-26.



3. Құрал, мақсаты мен міндеттері

Пәннің құралы:

Пән энергияны сақтаудың заманауи технологияларының негіздерін, дәстүрлі емес энергетиканы қолдануды дамытуды оқып-үйренуге арналған.



Пәнді оқыту мақсаты:

Пәнді оқыту мақсаты студенттердің жандандырылған немесе дәстүрлі емес энергия көздері базасында электр және жылу энергиясын өндіру технологиясымен танысу болып табылады.



Пәнді оқыту міндеттері:

Пәнді оқыту міндеттері болып Жабдықтардың құрылысы мен жұмыс принциптері туралы мықты білім алу. Электр станцияларындағы коммутациялық аппараттарды пайдалану бойынша практикалық жұмысқа дайындау.



4 Білімге, икемді болуға, дағды-машықтарға және компетенцияларға талап.

Бұл пәнді оқып-үйрену нәтижесінде студенттердің түсініктері болу керек:

- энергияны сақтаудың заманға сай технологиялары туралы;

- энергияны сақтау облысындағы есептеу әдістері туралы;

- жандандырылған көздердің және олардың экологиясының технико-экономикалық көрсеткіштері туралы;

білу керек:

- энергияның жандандырылған көздерінің базасындағы энергияны өндіру технологиясын;

- Қазақстанның дәстүрлі емес энергиясын дамыту бағдарламасын;

икемді болу керек:

- энергияның дәстүрлі емес көздері жүйесінің ортасында жұмыс істеуде;

- ғылым мен техниканың заманға сай жетістіктерін қолдануды;

- энергияны түрлендірудің негізгі құрылғысының құрылымдық орындауларында бағдарлауда;



практикалық дағды-машықтарға ие болу керек:

- энергияны сақтаудың заманға сай технологияларын есептеу сұрақтарында;



компетентті болу керек:

- энергияның дәстүрлі емес жандандырылған көздерін түрлендірудің заманға сай технологиялары сұрақтарында.


5 Пәнді оқып-үйренудің тематикалық жоспары

1 Тақырып. Электр энергиясын алудың заманауи тәсілдері.

Курстың мазмұны мен есептері. Игеру мерзімдері бойынша экономикалық қолжетімді ресурстардың категориялары. Альтернативті көздердің қолдану қажеттігін анықтайтын негізгі аспектілер.

2 Тақырып. Дәстүрлі жаңартылған энергия көздері.

Энергияны сақтаудың технологиясының мәселелері. Энергияны сақтаудың экономикалық көрсеткіштерінің бағаларының принциптері.

3 Тақырып. Дәстүрлі емес жаңартылған энергия көздері.



Гидро электр станциялардың гидротехникалық сұлбалары. ГЭС басты ғимаратының жинағы. ГЭС электр энергиясын өндірудің технологиялық процесстері. ГЭС негізгі түрлері және олардың айрықша белгілері.

4 Тақырып. Дәстүрлі емес жаңартылмаған энергия көздері.

Магнитогидродинамикалық электр станцияларының басты ғимараттарын жинақтау. Дәстүрлі емес көздердің қоршаған ортаға әсері. Термоэлектрлік генератор жұмысының сұлбасы. Термоэмиссиялық түрлендіргіштерді қолдану аймағы және жұмыс істеу принципі. Термодинамикалық цикл сұлбасы.

5 Тақырып. Энергияны аккумулирлеу.

Бугидротермалды су аймағы. Жылутасығыштың негізгі температурасы. Энергетика үшін аса бағалы сулар.Геотермалды энергия. Негізгі сипаттамалар. Основные типы Геотермалды энергияның негізгі түрлері (ГеоЖЭ). ГеоЖЭ құрылысының қиындығы.

6 Тақырып. Дәстүрлі емес энергия көздерінің экологиясы (ДЭК)

ДЭК экологияға әсері. ДЭК қоршаған ортаға кері әсерін азайту бойынша негізгі бағыттар. Альтернативті энергия көздерін қолдануды бағалау.

7 Тақырып. Электр энергиясын жеткізу құралы.



Энергияны жеткізудің жаңа тәсілдерін дамыту болашағы. Энергияны жеткізу тәсілдерінің сипаттамасы. СВН желілері. Энергияны жеткізу құралының кемшіліктері, жетістіктері. Энергияны жеткізудің жаңа тәсілдерін дамытудағы қажеттіліктер.

Сабақ түрлері бойынша академиялық сағаттарды тарату

р/с

Тақырып атаулары

Сабақ түрлері бойынша аудиторлық сағаттар саны

СӨЖ

дәрістер

практи-калық (семинарлық)

Зертханалық, студия-лық, жеке

Барлығы


Оның ішінде СОӨЖ



1 Тақырып. Электр энергиясын алудың заманауи тәсілдері

6

-

-

10

4



2 Тақырып. Дәстүрлі жандандырылған энергия көздері

6

5

-

11

-



3 Тақырып. Дәстүрлі емес жаңартылған энергия көздері

6

10

-

16

-



4 Тақырып. Дәстүрлі емес жандандырылған энергия көздері

4

-

-

18

14



5 Тақырып. Энергияны аккумулирлеу

2

-

-

2

-



6 Тақырып. Дәстүрлі емес энергия көздерінің экологиясы (ДЭК)

2

-

-

2

2,5



7 Тақырып. Электр энергиясын жеткізу құралы

4

-

-

6

2



Жеке тапсырма (реферат)

3-

-

-

25

-




Барлығы: 135 сағат (3 кредит)

30

15

-

90

22,5

6. Дәрістік сабақтардың мазмұны


1 тақырып. Электр энергиясын алудың заманауи тәсілдері.

Жоспар:

1. Дәстүрлі энергияны қолданудың заманауи жағдайы.

2. Негізгі түсінік және анықтаулар. (энергетикалық ресурстар, жандандырылған көздер және т.б.).

3. Энергияны үнемдеу саясаты.



Әдебиет:

  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

2 тақырып. Дәстүрлі жандандырылған энергия көздері.

Жоспар:

1. Энергияны сақтау технологиясын сақтаудың туындауы және қазіргі мәселелері.

2. Энергияны сақтаудың тиімділігін анықтаудың шарттары.

3. Энергияны сақтаудың экономикалық көрсеткіштерін бағалау сынамалары.



Әдебиет:

  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

3 тақырып. Дәстүрлі емес жаңартылған энергия көздері.

Жоспар:

1. Гидравликалық станциялар мен сипаттамалары.

2. Суэнергетикалық реттеу түрлері, оның ГЭС жұмысына әсері.

3. Қоршаған ортаға ГЭС ықпалы, ГЭС негізгі техникалық көрсеткіштері.



Әдебиет:

  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

4 тақырып. Дәстүрлі емес жандандырылмаған энергия көздері. Технико-экономикалық көрсеткіштер.

Жоспар:

1. Жел энергетикасы. Жел қозғалтқыштарының жұмысы.

2. Гелиоэнергетика.

3. Геотермалды энергетика. ГеоЖЭС негізгі сұлбалары.

4. Биологиялық энергетика. Биомассадан электр энергиясын алу.


  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

  2. Сибикин Ю.Д., Сибикин Н.Ю., нетрадиционные возобновляемые источники электрической энергии. Учебное пособие М.: 2008ж.

5 тақырып. Жүйелерді аккумулирлеу.

Жоспар:

1. Аккумулирлеудің негізгі түрлері.

2. Гидроаккумулирлеуші электр станциялардың жұмыс сұлбалары.

3. Энергия жүйедегі ГОЭС рөлі.



  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

6 тақырып. Дәстүрлі емес энергия көздерінің экологиясы.

Жоспар:

1. Электр энергиясын берудің дәстүрлі емес тәсілдері туралы жалпы мәлімет және олардың қоршаған ортаға ықпалы.

2. Айнымалы токтың газды электрберіліс желілері.

3. Берілістің криогенді желілері.

4. Аса жоғаы жиіліктегі энергия берілістері.

Әдебиет:


  1. Дукенбаев К.Д. Қазақстан Энергетикасы, Алматы, 2003 ж.

7 тақырып. Электр энергиясын беру құралы.

Жоспар:

1. Энергияны берудің замауи тәсілдері.

2. Энергияны берудің дәстүрлі емес тәсілдері.

7. Практикалық (семинарлық, зертханалық, студиялық, жеке) сабақтың мазмұны, олардың сағаттағы көлемі


7.1 Практикалық сабақтар

2 Тақырып. Энергияның дәстүрлі жандандырылған көздері (5 сағат).

Жоспар:

1. ГЭС ағынының есебі.

2. Энергия жүйедегі ГЭС рөлі.

3 Тақырып. Дәстүрлі емес жандандырылған энергия көздері (10 сағат).

Жоспар:

1. Желдің энергетикалық сипаттамаларын есептеу.

2. Күн қондырғысын пайдалану жүйелерін таңдау.

3. Геотермалды энергетиканың мәселелері және дамуы

4. Геотермалды қондырғыларды пайдалану жүйелерін таңдау.
8. Өздік жұмыс тапсырмалары.

Реферат тақырыптары:

1 Тақырып. Қазақстан Респуликасының дәстүрлі емес энергетикасы.

2 Тақырып. Геотермалды энергетика әлемдегі ең үлкен энергетикалық қор ретінде.

3 Тақырып. Күн энергиясын аккумулирлеу мәселелері. Күн энергиясының экологиялық аспектілері.

4 Тақырып. Жел энергетикасы. Жел энергетикасының экологиялық аспектілері. Жел энергия кешендерін жобалау және пайдалану ерекшеліктері.

9. Курстық жобалар (жұмыс) және т.б. ұсынылатын тақырыптары.


Қарастырылмаған
10. СОӨЖ кеңес беру кестесі (СОӨЖ СӨЖ 25% құрайды)

Барлық сұрақтар бойынша кеңес беру ағымдағы семестрдегі СОӨЖ кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.


11. Оқушылардың білімін тексеру кестесі

Дәріске, практикалық, зертханалық сабақтарға қатысу 0 - ден 100 баллға дейін бағаланады.



«Дәстүрлі емес және жандандырылған энергия көздері» пәні бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесі



Жұмыс түрлері

Тапсырманың тақырыбы, мақсаты мен мазмұны

Ұсынылатын әдебиет

Орындау ұзақтығы

Бақылау түрі

Тапсыру мерзімі

1

Конспект

Энергияны сақтау технологияларының мәселелерінің туындауы және болуы.

[1,2]

1 апта

-

2-ші апта

2

Конспект

Энергияны сақтау тиімділігінің негізгі факторлары .

[1,2]

-

-

3 – ші апта

3

Реферат

Қазақстандағы дәстүрлі емес энергетиканы дамыту бағдарламасы.

1

-

-

4 – ші апта

4

Межелік бақылау

Тақырып 1,2,3

-

-

Білімді тестілік тексеру

8 – ші апта

5

Конспект

Жел энергетикасының негізгі техникалық және экономикалық көрсеткіштері

-

1 апта

-

9 – ші апта

6

Конспект

Күн энергетикасының негізгі техникалық және экономикалық көрсеткіштері

-

1 апта

-

10 – ші апта

7

Реферат

Қоршаған ортаға дәстүрлі емес энергетиканың әсері

-

-




12 – ші апта

8

Межелік бақылау

Тақырып 4,5,6.

-

-

Білімді тестілік бақылау

15 – ші апта


12. Оқушылардың білімін бағалау сынамалары


Пәнді оқып-үйрену барлық өткен материалдарды қамтитын, тестілеу түріндегі емтиханмен аяқталады. Емтиханға жіберу үшін міндетті шарт болып бағдарламадағы барлық қарастырылған тапсырмаларды орындау табылады.

Жіберу рейтингісі ағымдық сабақтардағы орындалған барлық тапсырмалардың орта арифметикалығынан шығарылады (дәрістерге қатысу, үй тапсырмалары, ОӨЖ бойынша тапсырмалар, практика және басқа тапсырмалары, межелік бақылау).

Пән бойынша қорытынды бақылауға жұмыс оқу бағдарламасының барлық талаптарын орындаған (барлық зертханалық жұмыстарды орындаған және өткізген , ОӨЖ бойынша жұмыстар мен тапсырмаларды орындаған), курстық жұмысты қорғаудан оң баға алған және жіберу рейтингісінен 50 балладан кем емес алған студенттер жіберіледі.

Студенттердің оқу жетістіктерінің деңгейі қорытынды бақылау ҚБ (бұл жағдайда – емтихан және курстық жұмыс) және ЖР алған бағалармен, олардың салмақтық үлесін (ЖР және ҚБ) есепке ала отырып, қорытынды бағамен анықталады.

Салмақтық үлес жыл сайын университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі және 2013-2014 оқу жылына 0,6 және 0,4 құрайды.

Қ = ЖР*0,6 + ҚБ*0,4

Пән бойынша қорытынды баға есептелінеді, егер оқушы қорытынды бақылаудан, сондай-ақ жіберу рейтингісінен оң бағалар алған болса.

Белгісіз себептермен қорытынды бақылауға келмейтін болса, баға «қанағаттанарлықсыз» деп танылады. Пән бойынша емтихан мен аралық аттестаттау нәтижелері студентке сол куні немесе жазбаша емтихан күннің екінші жартысында өткізілген болса, келесі күні жеткізіледі.

Оқушының қорытынды бағасы межелік бақылау (рейтингте) мен қорытынды емтиханда 0 ден 100% пайызбен бағаланады.

Межелік бақылау бағасы межелік бақылау бағасы мен ағымдық бағалардан құралады.

Оқу жетістіктері бағаның сандық эквиваленті пен дәстүрлі шкаласында көпбалды әріптік жүйе бойынша бағаланады:



Әріптік жүйе бойынша баға

Баллдардың Сандық эквиваленті

Пайыздық құрамы

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

A

4,0

95-100

Өте жақсы

A-

3,67

90-94

B+

3,33

85-89

Жақсы

B

3,0

80-84

B-

2,67

75-79

C+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

C

2,0

65-69

C-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

13. Оқытушының талаптары, саясаты мен процедурасы

Оқушылардың барлық аудиториялық сабақтарға кешігусіз қатысуы міндетті болып табылады.

Сабақты босатқан жағдайда деканаттың бекіткен тәртібімен қайта оқытылады. Ең көп дегенде екі реет сабақты босатуға жол беріледі. Екі рет сабаққа кешігу бір рет сабақты босатуға теңестіріледі. Екі реттен көп сабақты босатқан болса оқытушы сұрақты әкімшілік шешуге дейін студентті сабаққа кіргізбеуге құқығы бар.

Дәріске осы курстың студенті болып танылмайтын, басқа адамның қатысуына жол берілмейді.

Жұмыстарды белгіленген мерзімде тапсыру керек. Барлық тапсырмаларды тапсырудың соңғы мерзімі – емтихан басталуына 3 күн бұрын. Барлық тапсырмаларды тапсырмаған, және курстық жұмысты қорғамаған студенттер емтиханға жіберілмейді.

Әрбір оқу сабақтары бойынша өткен материалдарды және тақырыптарды қайталау міндетті. Оқу сабақтарын игеру дәрежесі тесттермен немесе жазба жұмыстармен тексеріледі. Тестілеу студенттерге ескертілусіз өткізілуі мүмкін.



Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өздік жұмыстарын ОӨЖ) орындау кезінде келесі төрт негізгі функцияларды ескеру қажет.

Бірінші функция – оқу пәні бойынша қойылғані сабақтар кезеңінде студенттердің оқытушыдан ақпараттарын белсенді қабылдауды жүзеге асыруды болжамдайды.

Екінші функция студенттер өз бетімен, оқытушының ұсынысы негізінде оқу-әдістемелік құралдарды, әдебиет көздерін оқып-үйренуді, үй тапсырмаларын, бақылау және курстық жұмыстарды және т.с.с. орындауды болжамдайды. Бұл кезеңде студенттерден өз бетімен ұйымдастыру, жұмыс әдістерін білу талап етіледі.

Үшінші функция студенттердің басқа оқу әрекеттерін орындауларда, оқу материалдарын игеру мен түсінудегі қиыншылық себептерін анықтауларда, өзінің шешімін таппаған сұрақтарын жүйелендіру мен талдаудан тұрады. Студенттер оқытушыға жауабын таппаған қиын сұрақтарды қояды (оларды ранжирлейді, тәртіпке келтіреді, рәсімдейді), осы сұрақтарға өз жауаптарын құрады..

Төртінші функция студенттердің қажетті кеңестер, анықтаулармен оқытушыға назар аударуынан тұрады.

14. Әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Дукенбаев К.Д., Нуркен Е.И. Энергетика Казахстана. – Алматы. - 2001.

  2. Тепловые электрические станции: учебник для вузов. /В.Д. Буров, Е.В. Дорохов, Д.П. Елизаров и др.; под ред. В.М. Лавыгина, А.С. Седлова, СВ. Цанева. — 3-е изд., стереот. — М.: Издательский дом МЭИ. - 2009. - 466 с.

  3. Быстрицкий Г.Ф. Основы энергетики. – М.: Кнорус. - 2011.

Қосымша:

  1. Сафарбак А.М. Становление и развитие энергетики Павлодарской области.: - Павлодар. - ЭХО. - 2003.

  2. Кангожин Б., Жармагамбетова Н. Основы электропроизводств. – Астана: ФОЛИАНТ. - 2010.

  3. Дукенбаев К.Д. Энергетика Казахстана. - Алматы. - 2002.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет