Пән: Биология, Бөлім: I тарау. Жасушасыз тіршілік құрылымы. Вирустар
1.Жасуша ішінде өмір сүретін паразит:
A.Вирус
B.Хлорококк
C.Спора
D.Микроағза
E.Бактерия
Вирус – жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалық зат. Ол бактериядан кіші. Вирус – латынша «у» деген сөз. Алғаш рет темекі теңбілі вирусын 1892 ж орыс биологы Д. И. Ивановский ашты. Вирус х100000 есе үлкейтетін микроскопта ғана көрінеді. Вирусты өсімдікке де, жануарға да жатқызуға болмайды.
2.Вирусты ашқан ғалым:
A.Луй Пастер
B.М.В.Бейерник
C.А.В.Левенгук
D.Ж.Б.Ламарк
E.Д.И. Ивановский
Вирус терминін 1899 ж ботаник М.В. Бейерник ғылымға енгізді. Вирус екі түрлі нуклеин қышқылынан, сыртында нәруызды қабығы бар ағзалық заттардан құралады. Оның пішіні – шар, сопақ, таяқша, жіп тәрізді. Вирустың өлшемі 2 – 5·10-7 см.
3..Вирус көбейе алады:
A.Микробта
B.Жасушада
C.Өсімдік, жануар, адам ағзасында
D.Шаң-тозаңда
E.Топырақта
Өсімдік, жануар, адам ағзасында ғана вирус көбейе алады. Кейбіреуі бактерия жасушасын ерітіп жібереді. Вирустар тек тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Вируста жасушадан тысқары жерде зат алмасу жүрмейді. Ол нуклеин қышқылын тірі жасушаларға енгізіп, оны өзінің көбеюіне пайдаланады. Соның нәтижесінде 30 минутта 1 жасушадан жүздеген жаңа вирустар пайда болады. Пайда болған жаңа вирустың бөлшектері келесі жасушаны зақымдайды. Вирус жасуша ішінде ғана әрекет ететін паразит болып табылады. Ол кез келген тірі ағзалар тобын зақымдайды.
4.Бактерия жасушасына енетін вирус:
A.Бактериофаг
B.Бактериоз
C.Шешек
D.Микроиза
E.Гоммоз
Бактерия жасушасына енетін вирус бактериофаг деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталған.
5.Ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті:
A.Бактериоз
B.Иммунитет
C.Бактериофаг
D.Гоммоз
E.Шешек
Иммунитет – ағзаның ауру қоздырғыштарын қабылдамайтын қасиеті. Аур туғызатын вирустар. Вирус ағзаның жасушаларына еніп, тіршілігін бұзады, ауру тудырады. Олар: тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық, ИТИС (иммунитет тапшылығын иемденген синдром). Бұл ауруларды емдеу өте қиын. Вирустарға антибиотик дәрілер әсер етпейді. Көбіне ағзаның иммунитет жүйесі ғана ауру туғызатын вирустардың шамадан тыс көбейіп кетуін тежейді.
6.Ең алғаш темекі теңбілі вирусын тапқан ғалым:
A.М.В Бейерник
B.А. Левенгук
C.Луи Пастер
D.Р. Кох
E.Д.И Ивановский
Вирустар – жасушасы жоқ өте ұсақ ағзалық зат. Ол бактериялардан кіші. Вирустар – латынша у деген сөз. Алғаш рет темекі теңбілі вирусын 1892 жылы орыс ғалымы биологы Д.И. Ивановский ашты.
7.Вирустар терминін 1899 жылы енгізген ғалым:
A.Луи Пастер
B.Д.И Ивановский
C.Р. Кох
D.А. Левенгук
E.М.В Бейерник
Вирусты өсімдікке де жануарға да жатқызуға болмайды. Вирустар терминін 1899 жылы ботаник М. В Бейерник ғылымға енгізді. Вирустар х 100000 есе үлкейтіп микроскопта ғана көреді.
8..Бактериофаг ол:
A.Архенобактериялардың бір түрі
B.Бактерия жасушасына енетін вирус
C.Цианобактериялардың клетка қабықшасының атауы
D.Вирус қабықшасын зақымдайтын бактерия
E.Паразит клетка қабықшасы
Вирустар тірі жасушада ғана тіршілік етеді. Бактерия жасушасына енетін вирус бактериофаг деп аталады. Зерттеу нәтижесінде өсімдікте 400 және жануарда 500 вирус түрлері тіршілік ететіні анықталады.
9.Вирус арқылы таралатын ауруға жатпайды:
A.Сары ауру
B.Шешек
C.Қызылша
D.Тұмау
E.Альбинизм
Ауру туғызатын вирустар ағзаның жасушаларына еніп тіршілігі бұзылады, ауру тудырады. Олар тұмау, балалардың сал ауруы, қызылша, сары ауру, шешек, ұшық.
10.Вирустың пішіні:
A.Дөңгелек, таяқша, шар
B.Сопақ, шар тәрізді
C.шар, сопақ, таяқша, жіп тәрізді
D.Жіп тәрізді
E.Шар таяқша
Вирустардың пішіні – шар, таяқша, жіп тәрізді. Вирустар екі түрлі нуклеин қышқылдарынан, сыртында нәруыздың қабығы бар ағзалық заттардан құралады.
Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Саңырауқұлақтар
1.Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылымды:
A.Биология
B.Микология
C.Зоология
D.Валеология
E.Гельминтология
Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылымды микология (грекше «микос» – саңырауқұлақ) дейді. Саңырауқұлақтардың өсімді денесі түссіз әрі тарамдалған жіңішке жіпшелерден түзілген жіпшумақтан тұрады. Жіпшелері ұшынан өседі және жан-жағына жайылып тарамдала береді. Құрылысы қарапайым саңырауқұлақтардың (мукор) жіпшелері перделермен бөлінбей, тарамдалып өседі. Саңырауқұлақтардың басым көпшілігінің жіпшелері перделермен бөлінген көпжасушалы болып келеді. Олар жіпшелері арқылы ағзалық және бейағзалық заттарды сіңіріп, қоректенеді. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың жіпшелері топырақ астында 10–12 см тереңдікте болады.
2.Шаң түріндегі спора:
A.Спорангий
B.Конидий
C.Зооспора
D.Спора
E.Сахарный гриб
Жыныссыз көбею кезінде зооспора, спора, конидий арқылы өтеді. Конидий – грекше «кония – шаң + ейдос – түрінде», яғни шаң түріндегі спора. Зооспорада (қозғалғыш споралар) талшықтар болады. Ол спора сияқты арнайы орында дамиды. Әсіресе саңырауқұлақтардың суда тіршілік ететін түрлері қозғалғыш споралар арқылы көбейеді.
3.Споралар түзілетін орын:
A.Зооспора
B.Спорангий
C.Спора
D.Сахарный гриб
E.Конидий
Спора – саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымды жасуша. Споралар түзілетін орын спорангий деп аталады. Қолайлы жағдайда споралардан жіпшелер шығады. Конидий де спораның бір түрі. Конидийлер арнайы жіпшелерінің бөлінуінен пайда болады. Бұл жіпшелерден түзілетін болғандықтан, сыртта дамитын споралар болып есептеледі.
4.«Ашытқы» саңырауқұлағының ғылыми аты:
A.«Қант саңырауқұлағы» (сахарный гриб)
B.«Улы саңырауқ» деп аталады
C.«Көк саңырауқ»
D.«Зең саңырауқұлағы»
E.«Қышқыл саңырауқұлағы»
Ашытқы саңырауқұлағының жасушасында нәруыз, май, дәрумендер жеткілікті. Сондықтан шиқан, теріскен, безеу, бөрткен секілді тері ауруларын емдеу үшін одан дәрі жасайды. «Ашытқы» деген ат тез ашытатын қасиетіне қарай қойылған. Ғылыми аты «қант саңырауқұлағы» (сахарный гриб) деп аталады. Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы өте қарапайым: бір жасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Жасушасының пішіні дөңгелек немесе сәл сопақша. Сыртында қабықша, ішінде цитоплазма, бір ядро және вакуолі бар. Бір жасушадан тұрса да, көпжасушалылар сияқты тыныс алады, қоректенеді, өседі, көбейеді, зат алмасады.
5.Саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымды жасуша:
A.Гликоген
B.Цианобактериялар
C.Конидий
D.Гормогониялар
E.Спора
Спора - саңырауқұлақтардың таралуын қамтамасыз ететін арнайы құрылымдық жасуша. Споралар түзілетін орнынды спорагний деп атайды. Қолайлы жағдайда споралардан жіпшелер шығады.
6.Ашытқы саңырауқұлағының құрылысы :
A.Бір жасушалы жіпшелері болмайды
B.Жасушасы болмайды
C.Бір жасушалы жіпшелері болады
D.Көп жасушалы
E.Екі түріде кездеседі
Ашытқы саңырауқұлағы құрылысы өте қарапайы: бір жасушадан тұрады, жіпшелері болмайды. Жасушаның пішіні дөңгелек немес сәл сопақша. Сыртында қабықша, ішінде цитоплазма, бір ядро және вакуолі бар.
7.Ашытқы саңырауқұлағын қолданбайтын өнеркәсіпті анықтаңыз:
A.Шарап өнеркәсібі
B.Сыра өнеркәсібі
C.Нан өнеркәсібі
D.Мақта өнеркәсібі
E.Сүт өнеркәсібі
Ашытқы саңырауқұлағын қымыз, сыра, нан, шарап өнеркәсіптерінде кеңінен пайдаланады. Қоректік ортада қант көп болса, қантты спиртпен көмірқышқыл газына айналдырып, дереу ашыту әрекетін тудырады.
8.Шиқан, теріскен, безеу, бөрткен секілді тері ауруларын емдеу үшін дәрі жасауға қолданылатын саңырауқұлақ:
A.Ашытқы саңырауқұлағы
B.Зең саңырауқұлағы
C.Түлкіжем
D.Ақ саңырауқұлақ
E.Мукор саңырауқұлағы
Ашытқы саңырауқұлағының жсушасында нәруыз, май, дәрумендер жеткілікті. Сондықтан шиқан, теріскен, безеу, бөрткен секілді тері ауруларын емдеу үшін одан дәрі жасайды.
9.Жіпшелері үзіліп, әрқайсысынан жіпшумақта бүршіктер пайда болуы саңырауқұлақ көбеюінің қай түріне тән?
A.Өсімді
B.Конидий арқылы көбеюде
C.Жыныссыз, өсімді
D.Жынысты
E.Жыныссыз
Саңырауқұлақтар өсімді, жыныссыз, жынысты жолмен көбейеді. Өсімді көбейгенде жіпшелері үзіліп, әрқайсысынан жіпшумақта бүршіктер пайда болады, яғни бүршіктенеді.
10.Төмендегілердің қайсысы саңырауқұлақтардың жануарларға тән белгісіне жатады?
A.Бір орыннан қозғалмайды
B.Дайын заттармен қоректенеді
C.Тарамдалады
D.Қанша тіршілік етсе, сонша өседі
E.Жасушасында қалың қабықшасы болады
Саңырауқұлақтың өсімдікке де, жануарға да тән белгілері бар. Өсімдік сияқты бір орыннан қозғалмайды, тарамдалады. Ал жануарларға тән белгісі – ағзалық затты өз жасушасында түзе алмайтындықтан, дайын заттармен қоректенуі.
Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Зең саңырауқұлақтары
1.Микроскоппен көруге болатын саңырауқұлақ:
A.Түлкіжем
B.Еменқұлақ
C.Діңқұлақ
D.Зең саңырауқұлақтары
E.Улы саңырауқұлақтары
Зең саңырауқұлақтарын да ашытқы саңырауқұлақтары сияқты микроскоппен көруге болады. Олар күнделікті тұрмысымызда көп кездеседі. Біз зең саңырауқұлақтарының ішінен ақ зең немесе мукор саңырауқұлағы табиғатта өсімдік қалдықтарының, шірінділерінің арасында, көңнің құрамында кездеседі. Үйде ұннан жасалған тағамдардың, нанның беті екі-үш тәулік жабық қалдырылса, үлпілдек мақта тәрізді мукор саңырауқұлағының жіпшумағы пайда болады. Бұл түссіз жіпшумақ – өсіп кеткен бір ғана жасуша. Сондықтан мукор төменгі сатыдағы саңырауқұлаққа жатады. Хлорофилі болмағандықтан, ағзалық зат түзе алмайды.
2.Зең саңырауқұлақтарына жатады:
A.Пеницилл мен аспергилл
B.Еменқұлақ
C.Зең саңырауқұлақтары
D.Діңқұлақ
E.Ақ зең немесе мукор
Пеницилл мен аспергилл де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Бұлар да өсімдіктердің жерге түсіп қалған жемістері мен тұқымдарын, түрлі тағамдарды бүлдіріп, көгертеді.
3.Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры:
A.Қара жасыл түсті
B.Көкшіл жасыл түсті
C.Сарғыш жасыл түсті
D.Қоңыр жасыл түсті
E.Қызыл жасыл түсті
Пеницилдің жіпшумақтарының шоғыры – көкшіл-жасыл түсті, ал аспергилдің жіпшумақтарының шоғыры сарғыш жасыл түсті болады. Бұларды микроскоппен қарасақ, жасушалары перделермен бөлінген түссіз жіпшелері анық көрінеді.
4.Пеницилдің споралары:
A.Көп жасушалы, жасыл түсті
B.Майда жасыл түсті
C.Қызыл түсті майда
D.Майда, көп жасушалы
E.Көп жасушалы жасыл түсті
Пеницилдің споралары майда, көп жасушалы, саусақ тәрізді тармақталған жіпшелердің ұшындағы жасушалардан бөлініп жетіледі. Аспергилдің споралары ұшы кеңейген біржасушалы жіпшенің төбесіндегі жасушалардан бөлініп дамиды.
5.Лимон қышқылы алынатын саңырауқұлақ:
A.Ақ зең немесе мукор
B.Діңқұлақ
C.Аспергил
D.Еменқұлақ
E.Пеницилл мен аспергилл
Аспергилдің бір түрінен дүкенде сатылатын лимон қышқылы алынады. Жоғарыда көрсетілген қасиеттері арқылы пеницилл мен аспергилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ айрықша зиянды ағзалардың өсуін тежейді. Зең саңырауқұлақтарының зияны да бар. Олар картоп, жеміс, дәнді дақылдарды шірітеді.
6.Табиғатта өсімдік қалдықтарының, шірінділерінің арасында, көңнің құрамында кездесетін саңырауқұлақтар?
A.Еменқұлақ
B.Зең саңырауқұлақтар
C.Терекқұлақ
D.Ақ саңырауқұлақтар
E.Қайыңқұлақ
Зең саңырауқұлақтар табиғатта өсімдік қалдықтарының, шірінділерінің арасында, көңнің құрамында кездеседі. Зең саңырауқұлақтарын да ашытқы саңырауқұлақтары сияқты микроскоппен көруге болады.
7.Өлі ағзалық заттармен қоректенетін зең саңырауқұлақтар?
A.Қалпақшалы саңырауқұлақтар
B.Қатпарлы саңырауқұлақ
C.Мукор саңырауқұлағы
D.Пеницилл және аспергилл
E.Еменқұлақ пен Терекқұлақ
Пеницилл мен аспергилл де зең саңырауқұлақтарына жатады. Олар өлі ағзалық заттармен қоректенеді. Олар өсімдіктердің жерге түсіп қалған жемістері мен тұқымдарын, түрлі тағамдарды бүлдіріп, көгертеді.
8.Өкпенің қабынуы, ревматизм, дифтерия, скарлатина ауруларды емдеуге пайдаланылатын саңырауқұлақ түрі?
A.Аспергилл
B.Ақ саңырауқұлақ
C.Қозықұйрық
D.Пеницилл
E.Көңқұлақ
Пеницилдің 2 түрінен пеницилин дәрісін алады. Оны өкпенің қабынуы, ревматизм (құздама), дифтерия (күл ауруы), скарлатина, басқа да ауруларды емдеуге пайдаланады. Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады.
9.Мукор қай пигменттің болмауынан ағзалық зат түзе алмайды?
A.Лейкопласт
B.Хлорофилл
C.Хромопласт
D.Каратиноидтар
E.Меланин
Мукор төменгі сатыдағы саңырауқұлаққа жатады. Хлорофилі болмағандықтан, ағзалық зат түзе алмайды. Олар дайын ағзалық заттарды өздері өсіп тұрған ортадан сіңіріп, қоректенеді.
10.Пеницилл мен аспергиллдің ерекшеліктері?
A.Қолайсыз жағдайдан қорғанатын қабықшасы бар
B.Табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтап, зиянды ағзалардың өсуін тежейді
C.Ағзалық заттар түзе алмайды
D.Зиянды ағзалардың өсуін белсендіреді
E.Ауа мен жылу мөлшерін қалыпты жағдайда ұстайды
Пенициллин іріңдеген ауруларды тез жазады. Аспергилден лимон қышқылы алынады. Пенициллин мен аспергилл табиғатта болатын тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Айырықша зиянды ағзалардың өсуін тежейді.
Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Қалпақшалы саңырауқұлақтар
1.Саңырауқұлақтар жақсы өседі:
A.Далалы жерде
B.Тасты, құмды жерде
C.Ауа райы ылғалды және жылы болса
D.Ауа райы құрғақ ыстық болса
E.Құмды далада
Саңырауқұлақтар ауа райы ылғалды және жылы болса, жақсы өседі. Күннің жарығын керек етпейді. Өйткені оларда хлорофилл болмайды. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен қоректенеді. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады.
2.Қалпақшасының астында майда шұрықтары бар саңырауқұлақтар:
A.Қозықұйрық деп аталады
B.Түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады
C.Қатпарлы саңырауқұлақ деп аталады
D.Ақ саңырауқұлақ деп аталады
E.Тыржыңқұлақ деп аталады
Түтікшелі саңырауқұлақтардың қалпақшасының астында майда шұрықтар болады. Ол шұрықтар жіңішке түтікшелермен байланысты. Мұндай саңырауқұлақтар түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады.
3.Қалпақшасының астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы саңырауқұлақтар:
A.Ақ саңырауқұлақ деп аталады
B.Қозықұйрық деп аталады
C.Қатпарлы саңырауқұлақтар деп аталады
D.Түтікшелі саңырауқұлақтар деп аталады
E.Тыржыңқұлақ деп аталады
Арышқұлақ, түлкіжем, қозықұйық саңырауқұлақтарының қалпақшасының астыңғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы екенін көреміз. Мұндай саңырауқұлақтарды қатпарлы саңырауқұлақтар деп атайды. Жемісті денесі жаңбырдан соң 10-12 күнде жетіледі. Қорек заттардың біразын жіпшелер арқылы ормандағы қарашірікке бай топырақтан сорады. Біразын өзі өсіп тұрған ағаштың тамырынан алады.
4.Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбесіп түзеді:
A.Симбиоз (селбесу)
B.Ауатамыр
C.Тыныс алу
D.Микориза
E.Мимикария
Мысалы, ақ саңырауқұлақ тек қайың, қарағай, шырша маңында өссе, көктерек саңырауқұлағы көктеректің түбінде, арышқұлақтар қарағай мен шырша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық емес, көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар ағаштардың тамырымен селбесіп, микориза (грекше: «микос» – саңырауқұлақ, «ризос» – тамыр) түзеді. Саңырауқұлақтың жіпшелері ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Тіпті тамырдың ішіне енеді, топырақтан су мен минералды заттарды сорады. Ол ағаштың тамырына өтіп, ағаш арқылы фотосинтез процесіне қатысады.
5.Екі ағзаның пайдалы селбесуін:
A.Белдеуше сақина
B.Микориза
C.Симбиоз (селбесу)
D.Ауатамыр
E.Мимикария
Ағаштан саңырауқұлақ өзінің тіршілік етуіне қажетті ағзалық заттар алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін симбиоз (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады.
6.Қалпақшалы саңырауқұлақтар көбейеді:
A.Тамыр арқылы
B.Сабақ арқылы
C.Ауатамыр арқылы
D.Спора арқылы
E.Жынысты көбейеді
Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшасының астында пісіп жетіледі. Олар ауа толқыны, жел арқылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтың споралары суыққа, құрғақшылыққа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі.
7.Қалпақшалы саңырауқұлақтардың денесі:
A.Жіпшумақ қалпақтан
B.Түбіртектен
C.Жіпше мен жіпше
D.Белдеуше сақинадан
E.Қалпақтан және түбіртектен
Қалпақшалы саңырауқұлақтар денесі қалпақтан және түбіртектен тұрады. Оны жемісті денесі дейді. Қалпақшасының диаметрі 0,2-0,5 сантиметрден 75 сантиметрге дейін жетеді.
8.Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне - бірі тығыз ұйыса орналасқан ....... тұрады.
A.Түбіртектерден
B.Қалпақтан
C.Жіпшумақтан
D.Қабықшадан
E.Түбіртекпен жіпшеден
Жіпшесінің жасушалары 2 ядролы болады. Жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу қажет. Сондықтан жіпшесі топырақта терең енбей 6-12см тереңдікке ғана таралады. Саңырауқұлақтың жемісі денесі біріне-бірі
тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтан тұрады.
9.Қатпарлы саңырауқұлақтарға жатады:
A.Ақсаңырауқұлақ, Қайыңқұлақ
B.Көңқұлақ, тыржыңқұлақ
C.Терекқұлақ, түлкіжем
D.Қайыңқұлақ, еменқұлақ
E.Қозықұйрық, түлкіжем, арышқұлақ
Қозықұйрық, түлкіжем, арышқұлақ саңырауқұлақтарының қалпақшасының астынғы беттері түбіртектен шоқталып тараған қатпарларға толы екенін білеміз. Мұндай саңырауқұлақтарды қатпарлы саңырауқұлақтар деп атайды.
10.Екі ағзаның пайдалы селбесуін айтады:
A.Спора
B.Конидий
C.Cимбиоз
D.Микориза
E.Спорангий
Ағаштың саңырауқұлақ өзінің тіршілік етуіне қажетті ағзалық заттар алады. Осындай екі ағзаның пайдалы селбесуін симбиоз деп атаймыз.Тамырында микоризасы жоқ ағаштар өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымдалады.
Пән: Биология, Бөлім: II тарау. Жеуге жарамды және улы саңырауқұлақтар
1.«Өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады:
A.Саңырауқұлақтарды
B.Алмұртты
C.Картопты
D.Бананды
E.Сәбізді
Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды «өсімдік еті» деген атпен бағалы тағамдардың қатарына қосады. Оның құрамындағы 10–20% құрғақ затының 2–4%-ы нәруыз, 1%-ы май болады. Құрамында қантты заттары да кездеседі. Бұл заттар саңырауқұлақтың дәмін жақсарта түседі. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарды улы саңырауқұлақтардан ажырата білу керек. Жауынды жыл мезгілдерінде саңырауқұлақтардың қандай түрін болса да кездестіруге болады.
2.Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда топталып өсетін саңырауқұлақтар:
A.Кәдімгі түлкіжем
B.Жалған түлкіжем
C.Ақ саңырауқұлақтар
D.Түлкіжем, қозықұйрық
E.Майқұлақ, ойысқұлақ
Ерте көктемде (наурыз, сәуір айларында) Қазақстанда ақ саңырауқұлақтар топталып өседі. Бұл саңырауқұлақ тіпті шөл және шөлейтті жерлерде де кездеседі. Оның дөңес қалпақшасы, мықты түбіртегі болады және қалпақшасының астында түтікшелері бар. Бұл саңырауқұлақты ормандағы қайыңның, шыршаның, еменнің түбінде өсетін ақ саңырауқұлақтар мен шатастыруға болмайды.
3.Жеуге жарайтын саңырауқұлақтар:
A.Ақ саңырауқұлақтар
B.Сұр және қызыл шыбынжұты
C.Көңілкеш (веселка)
D.Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық
E.Жалған түлкіжем
Арышқұлақтар – қарағайлы, шыршалы орманда, көктерек саңырауқұлағы көктерек түбінде өседі. Майқұлақ, ойысқұлақ, түлкіжем, қозықұйрық саңырауқұлақтары да жеуге жарайды.
4.Жеуге жарамайтын өте улы саңырауқұлақ:
A.Ақ саңырауқұлақ
B.Көңілкеш (веселка)
C.Майқұлақ
D.Ойысқұлақ
E.Қозықұйрық
Жеуге жарамайтын жалған түлкіжем кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас. Жалған түлкіжемнің қалпағының үстіңгі беті тегіс, қызғылт сары түсті. Кәдімгі түлкіжем қалпағының шеті желбіреген, үстіңгі беті ақшыл сарғылт түсті. Қалпақшасын бөліп қарағанда, ақ шырын бөлінеді. Улы саңырауқұлақтар – боз арамқұлақ, сырттай қарағанда, қозықұйрыққа ұқсас. Сұр және қызыл шыбынжұты, көңілкеш (веселка) саңырауқұлақтары – өте улы.
5.Арықтардың шірігі мол жағасында өсетін саңырауқұлақтар:
A.Түлкіжем
B.Көң саңырауқұлағы
C.Қозықұйрық
D.Майқұлақ
E.Көңілкеш (веселка)
Арықтардың шірігі мол жағасында көң саңырауқұлағы өседі. Түбіртегі – жіңішке, ұзын. Қалпақшасы – жұқа, төбесі үшкірленіп келеді. Бұл саңырауқұлақтың қалпақшасының астында жетілген споралары қара түсті сұйық затпен бірге шашылады. Спорасын сол сұйық затпен қоректенген бунақденелілер таратады.
6.Улы саңырауқұлаққа жатады:
A.Жалған түбіртек
B.Майқұлақ
C.Түлкіжем
D.Қозықұйрық
E.Ойысқұлақ
Улы саңырауқұлақтар жеуге жарамсыз саңырауқұлақтарға жатады. Улы саңырауқұлақтарға жатады Жалған түбіртек, көңілкеш, сұр және қызыл шыбынжұт.
7.Қарағайлы, шыршалы орманда кездеседі:
A.Арышқұлақтар
B.Көң саңырауқұлағы
C.Көктерек
D.Жалған түбіртек
E.Қозықұйрық
Бұл саңырақұлақтарды ормандағы қайыңның, шыршаның еменнің түбінде өсетін ақ саңырауқұлақтармен шатастыруға болмайды. Арышқұлақтар қарағайлы шыршалы орманда, ал көктерек саңырауқұлағы көктерек түбінде өсіп жетіледі.
8.Қазақстанда сазды тақыр жерінде өсетін саңырауқұлақ түрі:
A.Сұр шыбынжұт
B.Майқұлақ
C.Қозықұйрық
D.Жалған түбіртек
E.Көңілкеш
Қазақстаның сазды,тақыр жерлерінде өсетін де түрлері бар қозықұйрықтың. Жеуге жарайтын саңырауқұлақтарға жатады.
9.Жеуге жарамайтын түлкіжеммен жалған түлкіжемді қалай ажыратамыз:
A.Қалпағы мен түсі арқылы
B.Түбіртегі арқылы
C.Түбіртек жіпшесі арқылы
D.Түсі мен сақинасы арқылы
E.Белдеуше сақинасы арқылы
Жеуге жарамайтын жалған түлкіжеммен кәдімгі түлкіжемге өте ұқсас келеді. Жалған түлкіжемнің қалпағының үстінгі беті тегіс, қызғылт сары түсті болады. Кәдімгі түлкіжем қалпағының шеті желбіргенен, үстінгі беті ақшыл сарғылт түсті.
10.Улы боз арамқұлақ саңырауқұлағы сырттай қарағанда ұқсас:
A.Көңқұлаққа
B.Түлкіжемге
C.Ақ саңырауқұлаққа
D.Ойысқұлаққа
E.Қозықұйрыққа
Улы саңырауқұлақтар боз арамқұлақ сырттай қарағанда қозықұйрыққа ұқсас. Бірақ оның қозықұйрықтан айырмашылығы боз арамқұлақ қалпақшасының астыңғы жағы ақшыл жасыл түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |