Пән: Биология Пән мұғалімі: Отарова А.Ж. Сынып: 7 Сабақ: 28 Күні: 18.12.2014ж
|
Сабақтың
тақырыбы:
|
Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі. Крест өрмекшісі (немесе кезкелген басқа өрмекші). Сыртқы құрылысы. Тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез –құлығы.
|
Сілтеме:
|
Биология 7 сыныпқа арналған оқулық, Электронды оқулық, Ғаламтордан алынған материалдар.
|
Жалпы мақсаты:
|
Өрмекшітәрізділердің жалпы сипаттамасы және көптүрлілігі, крест өрмекшісінің сыртқы құрылысы, тіршілік ортасы, тіршілік ету дағдысы және мінез –құлығы жөнінде толық мәлімет қалыптастырады.
|
Оқу нәтижелері:
|
Оқушылар білуге тиіс:
- Кластың жалпы сипаттамасын;
- Олардың көптүрлілігін ;
- Сыртқы құрылысын ;
- Тіршілік ортасын;
- Мінез-құлығын;
|
Дереккөздер:
|
Мұғалімге арналған нұсқаулық.
Биология. Жалпы білім беретін мектептің 7 сыныбына арналған оқулық./Қ.Қайым, Р.Сәтімбеков, Ә.Әметов, Ж.Қожантаева.Алматы «Атамұра», 2012/
Биология жұмыс дәптері.
Биология оқыту әдістемесі.
|
Сабақтың кезеңдері
|
Блум таксономиясы
|
Модуль
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушылардың іс-әрекеті
|
Уақыты
|
І. Қызығушылықты ояту.
|
Білу.
Түсіну
|
СТО
ТжДБо
ОЖТ
|
1.Амандасу. Оқушыларға бүгінгі сабаққа тілек айту.
2. Топтарға бөлу.
Түрлі түсті қағаздарды таратып, өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды да, сол сұрақтың жауаптары арқылы топтарға бөліп, әр оқушының топтағы міндеттерімен таныстырады.
Сары түс - спикер
Жасыл түс - тайм спикер
Көк түс - топ басшысы
Тоқ сары түс- бағалаушы
Қызыл түс - дизайнер
Бағалаушыға бағалау парағы беріледі. (қосымша 3)
3.Сергіту сәті. Жұмыс күніне серпіліс жасату, жаңалыққа құмарлығын арттыру, оқушыларды ынтымақтастыққа, бірігіп жұмыс істеуге жұмылдыру мақсатында «Санамақ» ойынын ойнатады.
4.Тақырыпқа шығу:
Бейнебаяннан «Арахна жайындағы аңызды» қояды. (қосымша 1)
Бұл аңыз не жайында?
Қандай жәндік туралы айтылады?
5. «Мақсат тұрағы». Әр оқушы алдарыңыздағы көліктеріңізге бүгінгі сабаққа мақсат жазасыздар да, тұраққа орналастырасыздар
6.Мәтінмен жұмыс. Топ басшылары ортаға шығып өздеріңізге ұнаған суретті таңдап алыңыздар.Суреттегі тапсырма бойынша мәтінмен және қосымша мәліметтермен танысасыздар.
Мәтінмен «инсерт» әдісі бойынша жекелейоқып,жұпта, топта ойларыңды ортаға ұсынасыздар.
ЖИГСО әдісі бойынша басқа топтарға қонаққа барады.
7.Бағыт беру /тапсырма бойынша/ Топта постермен жұмыс.
8.Формативті бағалау.
|
1.Оқушылар амандасады.
2.Түрлі түсті қағаздарды таңдап алады да өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді. Жауаптар бойынша үш топқа бөлініп, әр оқушы топтағы міндеттерімен танысады.
Әр оқушы өз міндеттеріне байланысты төс белгілерін тағып алады.Бағалаушы бағалау парағымен танысады.
3.Оқушылар орындарынан тұрып, «Санамақ» ойынын ойнайды.
4.Оқушылар аңызды тыңдап сабақтың тақырыбына шығады.Дәптерлеріне сабақтың тақырыбын жазып алады.
5 Әр оқушы алдындағы көлігіне бүгінгі сабаққа мақсат жазады да, тұраққа орналастырады.
6 Топ басшылары ортаға шығып өздеріне ұнаған суретті таңдап алады..Суреттегі тапсырма бойынша мәтінмен және қосымша мәліметтермен танысады.
Мәтінмен «инсерт» әдісі бойынша жекелейоқып, жұпта, топта ойларын ортаға ұсынады.
Ақпаратпен танысып, тақырып бойынша меңгерген тақырыптарын бір-бірімен талқылап, өз ойларын айтады, ортаға салады.
7.Топ спикерлері постерлерін қорғайды.
8.Топтар бір-бірін формативті бағалайды.
|
1 мин
3 мин
2 мин
3 мин
2 мин
7 мин
5 мин
6 мин
1 мин
|
ІІ. Мағынаны ажырату
|
Қолдану.
Талдау
|
ТжДБо
ОЖТ
|
1.« Крестиктер мен нөлдіктер, зеттер» ойыны
Тақырып бойынша әр топқа үш сұрақтан тоғыз сұрақ қойылады.
1.Өрмекшілердің денесі қандай бөліктерден тұрады?
2. Өрмекшілердің неше жұп аяқтары бар және қандай?
3. Өрмекшітәрізділердің зәр шығару мүшесі не?
4. Өрмекшітәрізділердің зәр шығару мүшесі не?
5. Өрмекшітәрізділердің қан айналым жүйесі қандай?
6. Өрмекшілер өрмекауды қалай тоқиды?
7. Өрмекшілердің қоректенуінің ерекшелігі неде?
8. Өрмекшілер қалай көбейеді?
9. Өрмекшілердің дәм сезу және иіс сезу мүшелері не?
2. «Кім тапқыр» ойыны. Интербелсенді тақтада 1-5-ке дейінгі сандар беріледі. Сол сандарға байланысты бейне сұрақтарды ұсынады. (қосымша 2)
|
1. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
2. Бейне сұрақтарға топпен ойланып жауап береді.
|
5 мин
3 мин
|
ІІІ. Ой-толғаныс
|
Жинақтау,
Бағалау
|
ОЖЕСОжО
СТО
ОүБжОБ
|
1. Қорытындылау. Мақсатына жеткен оқушылар «Мақсат тұрағындағы » көліктерін алуын ұсынады.
Сонымен, Алдарыңа қойған мақсаттарыңа жеттіңіздер ме?
2.Бағалау. Мұғалім оқушылардың бағалары бойынша пікірлерін тыңдайды.
3. Бүгінгі сабақтағы көңіл күйлеріңізді «От шашумен» білдірулерін сұрайды. Оқушыларға сабаққа қатысқаны үшін алғыс айтады.
|
1.Мақсатына жеткен оқушылар «Мақсат тұрағындағы» көліктерін алады.
Алдарына қойған мақсатқа жеткені, жетпегені жайлы жауап береді.
2. Бағалаушысы мүшелерін бағалап, топ мүшелерінің сабаққа қатысуы бойынша пікірін айтады.
3.Оқушылар бүгінгі сабақтағы көңіл күйлерін «От шашумен» білдіреді.
|
3 мин
2 мин
1 мин
|
|
Үй жұмысы
|
|
Интернет желісінен немесе қосымша әдебиеттерден осы тақырыпқа байланысты қызықты мәліметтер дайындау.
|
Күнделіктеріне бағаларын қойғызып, үй тапсырмасын жазады.
|
1 мин
|
(қосымша 1) Арахна жайындағы аңыз. (Бейнебаян)
Баяғы өткен заманда грек елінде Арахна атты қарапайым қыз өмір сүріпті. Оның әдемі өрнек салып мата және кілем тоқу өнеріне ешкім де тең келмепті, сонысымен әлемге әйгілі болыпты.
Өзінің шеберлігіне масаттанған Арахна Афина атты құдайды өрнек салып кілем тоқудан сайысуға шақырады. Менің өнеріме тең келетін жерде де, көкте де ешкім жоқ, бұл өмірде тек бірақ шебер бар ол – Арахна! дейді.
Афина Арахнамен сайысуға келіседі. Афина ерекше әдемі нәзік мата тоқиды. Матада Құдайлардың айтқанын орындамағандары үшін жазаға тартылған адамдардың бейнесін бейнелейді.
Ал Арахна өте әдемі орамал тоқиды. Ол орамалға Құдайлардың суретін бейнелейді. Афина оны ұнатпай орамалды жыртып тастап, оның шеберлігін мойындамай Арахнаны жазалайды.Қарғыс атсын сені, ғұмыр бойы өрмек тоқып өт,
Адамдар өмір бойы соңыңа түсіп қуатын, ұсқынсыз Арахна бол.Бәрі сеннен қорқып, сені мыжып өлтіріп, өрмегіңді үзетін болады.Ал өзіңнің мақтан тұтатын шеберлігің өзіңмен мәңгілік қалсын:Өмірің бұрышта отырып өрмек тоқумен өтеді деген екен.
(қосымша 2) «Кім тапқыр» ойыны
1.Бейне сұрақ.1883 жылы алапат жарылыс Жер планетасын дүр сілкіндірді. Ява мен Суматра арасындағы кішкене арал Кракатау аспанға ұшты. Үштен екі бөлігін толқын шайды. Жан түршігерлік апат болды. Бұл апаттан соң Кракатау аралында тіршілік иесі қалмады. Бірақ жарты жылдан кейін Кракатаудан биолог Котто ең алғаш тірі ағза тапты...
Сұрақ: Бұл қандай ағза? және Плутонның жағып жіберген жерінде ең алғаш болып қоныстануға қандай ағза батылдық танытты және ол ағза аралға қалай жетті.
Жауабы: Қарапайым өрмекші. Аралға қалай жетті? Өрмегіне оралып, желмен ұшып келді.
2. Бейне сұрақ.Егер де өрмекшінің өрмегіне кішкентай шыбын түссе ол сезбейді, ал
мөлшері жағынан үлкендеу шыбын түссе ол оны бірден сезіп, жемтігіне
келеді. Не себепті деп ойлайсыздар балалар?
Жауабы:Олардың аяғында ерекше сезу мүшелері болады және өрмектің тербеліс күшін хабаршы жіп арқылы сезеді. Кішкентай шыбын қонғанда тербеліс күші болмайды.
3. Бейне сұрақ.Сіздердің алдарыңызға қара жәшік беріледі.Осы қара жәшіктің ішіндегі
затты алып, ұстап көріңіздер.
Сұрақ: Осы жіппен өрмекшінің арасында байланыс бар ма? Болса қандай?
Жауабы: Өрмекшілердің ең басты ерекшелігі-өрмек жібегін өндіруге қабілеттілігі.Өрмек ,өрмек бездеріненбөлінетін, жіңішке жіпше. Ол созылуға қабілетті, ауада тез қататын сұйық түзіліс. Осы капрон жіпті өрмектен дайындайды.
4 Бейне сұрақ..Өрмекшілер өте қомағай жәндіктер: бір өзінің салмағына тең қорек жейді. Олардың негізгі қорегі шыбын. Орманда әрбір гектарда 5000 - ға жуық өрмекші өмір сүреді. Егер әр өрмекші күніне екі шыбынан қорек етсе, онда күніне қанша шыбын жойылады? Қане, есептеп көрейік. Сонда олар қанша пайда келтіретінін ойланып көрдіңдер ме?
Шешуі: 5000 х 2 = 10 000 шыбын.
Ғалымдар шыбынның денесінен 26 млн микробтар тапқан, ол микробтар адамдадар туберкулез, сібір жарасы, іш сүзек, дизентерия ауруларын тудырады. Осы шыбындармен қоректеніп, өрмекшілер пайда келтіреді.
(қосымша 3)
Бағалау парағы
Сынып: _____ Тақырыбы: __________________________ Күні:____________
Топ жұмысының бағалау критерийлері
|
Қойылатын балл
|
Оқушының аты
|
|
|
|
|
|
|
|
І.Мәтінмен
жұмыс(постер)
|
1. Мазмұнын ашу
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
2. Безендірілуі
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
3. Ойларын нақты жеткізу
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
4. Сөйлеу мәдениеттілігі
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
5. Уақыт мерзімін сақтау
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы ұпай саны
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІ.«Крестиктер- нөлдіктер-зеттер» ойыны.
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
ІІІ.«Кім тапқыр» ойыны.
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
Жалпы ұпай саны
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бағалау критерийі:
«5» - 13-11 ұпай
«4» - 10-7 ұпай
«3» - 6-3 ұпай
«2» - 2- 0 ұпай
Достарыңызбен бөлісу: |