Пән бойынша бағдарламасының


Тақырып – Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар



бет18/27
Дата07.02.2022
өлшемі367 Kb.
#83389
түріБағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
5.1 Тақырып – Трассаны жүргізген кездегі геодезиялық жұмыстар
Жоспаар
1 Трассаны нивелирлеу.
2 Трассаны техикалық нивелирлеудің журналын өңдеу.
3 Нүктенің биіктігін анықтау.
4 Трасса профильін құру.
Құрылыстарды жобалау, салу және қолдану үшін мәліметтерді жинау және зерттеу процессііздену деп аталады.
Трасса дегеніміз – жобалайтын сызықтық құрылыстың осі, ол картаға, планға, фотопланға координаталармен түсіріледі және жердің бетінде бекітіледі.
Яғни, жерде белгіленген және картада салынған жобаланатын сызқтық құрылыстың осі – трасса.
Трассаның элементтері: план және профиль.
Трассаның негізгі нүктелері: трассаның басы, соңы және бұрылыс бұрыштың төбесі.
Трассаның жобалау кезінде қолданылатын карталардың масштабтары: М1: 10 000-М1: 25 000.
Трассада пикетаж жасау – трассаны пикетке бөлу. Пикеттік нүктелердің аралығы – 100 м.
Трассаның бойындағы жұмыстар пикетаж журналында көрсетіледі.
Шеңберлі қисықтың элементтері трассаның бұрылыс бұрышымен θ және қисықтық радиусы R арқылы анықталады.
Шеңберлі қисықтың элементтері: қисық, тангенс, домер, биссектриса.



Шеңберлі қисықтың негізгі нүктелері: басы, ортасы, соңы.


Трассаның бұрылыс төбесінен (БТ) қисықтың ортасына (ҚО) дейінгі арақашықтықты биссектриса деп атайды (Б).
Қисықтың басынан қисықтың соңына дейінгі арақашықтықты қисық деп атайды (Қ).
Қисықтың басынан немесе қисықтың соңынан бұрылыс төбесіне дейінгі жанаманың ұзындығы тангенс деп аталады.
Қисық пен жанаманың ұзындығының арасындағы айырымы домер деп аталады.
Ұсынылатын әдебиет: [1, 149-154 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет