Геодезияда қолданылатың жүйелер
1 Географиялық координата жүйесі
Географиялық координаталар ендік пен бойлықтан тұрады.
1.1 Географиялық бойлық (λ) – берілген нүкте арқылы өтетін меридиан мен бастапқы меридиан жазықтықтары арасындағы бұрыш.
Лондон қаласының түбіндегі Гринвич абсерваториясын басып өтетін меридиан, халықаралық келісім бойынша шартты түрде бастапқы меридиан ретінде қабылданған. Екі нүктенің бойлықтарының әр түрлілігінің айырмашылығын уақыт бойынша көрсетуге болады. Әр 150 бойлық бойынша уақыттың 1сағатына сәйкес келеді.
Бір меридиан бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей бойлық болады.
1.2 Географиялық ендік (φ) – бұл берілген нүктедегі тік сызықпен экватор жазықтығының арасындағы бұрыш. Ендік меридиан доғасы бойынша экватордан солтүстікке немесе оңтүстікке қарай есептелінеді.
Біздің еліміз түгелдей солтүстік жарты шарда, яғни солтүстікке қарай орналасқан. Сондықтан оның кез келген нүктенің ендігі солтүстік ендік деп есептелінеді.
Бір параллель бойында жатқан барлық нүктелерде бірдей ендік болады.
2 Тік бұрышты координата жүйесі
Нүктенін жазықтықтағы орның өзара перпендикуляр сызықтармен перпендикуляр көмегімен табуға болады. Бұл перпендикулар осы нүктеден сызықтарға түсірілген. Ноль нүктесі сызықтардың қиылысу нүктесі - координата басы деп аталады. Ал тік сызықтар координата өстері деп аталады. хх – абцисса өсі, yy – ордината өсі. Координата остері жазықтықты төрт бөлікке бөледі. Геодезияда бөліктерді санау бағыты бойынша жүргізіледі.
3 Гаусс–Крюгердің зоналық координата жүйесі
Гринвич меридианнан бастап жер эллипсоиды 60 бойлықпен алынған меридиан сызығымен 60 зонаға бөлінеді. Орта меридиан әр зонада өстік деп аталады. Өстік меридиан мен экватор сызығы бірге координата жүйесін құрастырады. Өстік меридианға және экватор сызығына параллель сызықтар километрлік тор д.а.
Солтүстік жарты шарда барлық абсциссалар – оң, ал оңтүстік жарты шарда – теріс. Өстік меридианнан шығысқа қарай орналасқан барлық ординаталар – оң таңбамен, ал батысқа қарай теріс таңбамен саналады.
4 Полярлық координата жүйесі
Полярлық координаталар жүйесінде кез-келген А нүктенің жазықтықтағы орның радиу с вектор (r) арқылы анықтайды. r нол нүктеден шығады. Нол – полюс ж/е β бұрышы ох полярлық остен r-ға дейін сағат бағыты бойынша есептеледі. Полярлық өстің жаз-ғы орның бейтарап таңдауға болады. Кей кездерде оны меридиан бағытымен байланыстырады. Меридиан нөль полюс арқылы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |