Пән бойынша дәріс материалдары


-дәріс Міндеттемелер есебі



бет21/29
Дата05.09.2022
өлшемі346 Kb.
#148731
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Байланысты:
Лекции БУиА каз

11-дәріс
Міндеттемелер есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қатыстырылған капиталды да қолданылады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Қазіргі танда қаржының жетіспеушілігінен банктер , банктен тыс мекемелерден , шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын андандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі.Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндетемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.


Банк және банктен тыс мекемелер несиелерінің есебі. Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие – бір кәсіпорынның екінші кәсіпорынға сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінгі қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі – ұйымға ақша түрінде өндірісін ұлғайтуға, ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және кәсіпорынның банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісімшарттарды негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін объекті, несие беру шарты мен тәртібі, оның қамтамасыз ету түрі, пайыздық өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Несиенің объективті қажеттілігі – бұл, кәсіпорынның өндірістік және сауда айналымы капиталының заңдылықтарына негізделеді. Банк несиесі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі бекітетін «қысқа және ұзақ мерзімді несие беру ережелеріне» сай жүргізіледі. Несие алу үшін кәсіпорындар банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалатын мақсаты мен бағытын, қайтарылу мерзімін, несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес-жоспар табыс етуі керек.
Кәсіпорын банк мекемесінен несие алған уақытында:
Д-т: «Ақшалар» немесе «Жабдықтаушы мердігерлермен есеп айырысу» және тағы да басқа шоттар,
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал бұл алынған несие қайтарылған уақытта :
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Осы алынған несие үшін есептелген пайыз сомасында:
Д-т: «Сыйақы түріндегі шығын» шоты,
К-т: «Төленетін сыйақы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Кәсіпорын бұ лміндеттемені төлеген уақытында:
Д-т: «Төленетін сыйақы» шоты,
К-т: «Ақшалар» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Еліміздің экономикалық жағдайын көтеру үшін сырттан инвестиция тартып, әр түрлі дүние жүзіндегі ірі банктерден де несие алынады. Шетелдік банктерден немесе басқалардан шетелдік валюта түрінде несие алған ұйымның бухгалтериясында:
Д-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі,
К-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты түрінде бухгалтерлік жазуы жазылады.
Ал ұйым бұл несиені қайтарған уақытында:
Д-т: «Банк мекемесінің қарызы» шоты,
К-т: «Ел ішіндегі валюталық шоттардағы ақшалар» немесе «Шетелдердегі валюталық шоттардағы ақшалар» шоттарының тиістісі түрінде бухгалтерлік жазу жазылады. Бұл міндеттеммелер есебі «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шот негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтары ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет